Бір суреттің сыры

Аллаға ризамын

Мен, Сұлтанғазин Сапарғазы Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылында тұрамын. Әкемнің айтуы бойынша, жазып берген шежіреге сүйене отырып, өзімнің Қажы Мәді қожа ұрпағы екенімді ес білгеннен кейін танып-білдім. Сонау 1890 жылдары Балқаш өңіріндегі Іленің төменгі сағасында мекендеген ең бай Майасарұлы Ойшы деген кісі болған екен. Ол оншақты адамды атқа қондырып, қыруар малды алдына салып айдатып Түркістанға жібереді. Ондағы мақсаты Түркістан аумағындағы ғұламаларды шақыртып үлкен ас беріп, діни білімді адам болса жанұясымен көшіріп алып келіп, Жетісу өңіріне мешіт-медресе ашып халықты сауаттандыруға бел буса керек. Сонда ағайындардың таңдауы менің аталарыма түсіпті. Мұстафа баласы Әбдіхаюм үш мәрте қажылыққа барған білімді адам болған көрінеді. Інісі Әбдікәрім ол да білімді мешіт ұстаған жан екен. Ал үшінші атамыз асқан өнер иесі болыпты. Күйші, домбырашы, гармонда ойнапты. Осы үш атамды ойшы адамдары өздерімен бірге көшіріп әукетіпті.

Сол кеткеннен мол кетіпті. Тек 1926 жылы аталарымыз туыстарына бір-ақ рет барған екен. Ағайынның амандығын үш-төрт жылда барып тұрған Махмұд ишаннан хабардар болып тұрыпты. 1928-ші жылдары басталған аласпыраннан кейін туған елден мүлдем ажырап қалған. Аталарымыз қуғын-сүргінге ұшырап, нәубет жылдары дүниеден озған көрінеді. Сонымен біздер, еш туыссыз өстік. Ізденіс-сұраныстың арқасында 1976 жылы әкемнің туған нағашысы Айқожа ишан ұрпағы Іскендір мағзұм баласы Әбдіқаппар атам табылды. 2005 жылы әкемнің  ет жақындары Шымкент, Жетісайдан табылып мен олармен қауыштым. Аллаға ризамын!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button