Майлықожа

Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Терме.

2e2843e2ade511d88df42c8a44a73c77_XLӨлеңмен берсем ыбырат,

Өзімнің қазақ халқыма

О да менің жемісім-деп жырлаған Майлықожа Сұлтанқожаұлы 1835 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Қожатоғай деген жерде дүниеге келген. Ақынның атын шығарған өнер түрі – терме. Назиралық түрде айтылатын терме жүйесі негізінен Сыр бойында дамыған деп айтатын болсақ, оны дамытушының бірі де бірегейі – Майлықожа ақын. Ақын өзінің өмірлік іс-әрекетінінің түпкі қазығын исламнан, исламдық дүние танымнан алады. Оқырманның жүрегіне ғибрат сәулесін құятын терең ойлы терме, арнаулардан тұратын жаңа кітап жарық көрді. Кітапқа 2005 жылы Әсілхан Оспанұлы бастырған нұсқасынан, 2010 жылғы жинақ пен Сейіт-омар Саттарұлы жинаған нұсқаларынан және Жүсіпқожа Қалқожаұлының қолжазбасынан таңдап алынған.

Жалпы Майлықожа ақынның еңбектері қоғамды бірлікке шақыруға, ауызбіршілікті сақтауға, өзінің ары мен намысы үшін жауапты болуға, керек жерінде қорғай және қорғана беруге үндейді. Ең бастысы, қандай жағдай болмасын адалдық келбетті, имани негізді жоғалтпауға, кейінгі буынға өнегелі жол қалдыруды насихаттайды. Кітапқа енген Майлықожа жырларымен танысып шыққан оқырман осыған толық көз жеткізеді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған