Басқы бет / Кітапхана / Ертіс өңірі қожаларының шежіресі

Ертіс өңірі қожаларының шежіресі

ca332973fc363da77aefed58534dcd5c_XL«Адам баласының таным-түсінігі неғұрлым жетіліп, молая түскен сайын, өзінен  бұрынғы ұрпақтар жасаған рухани және материалдық мұраларды зерттеп білуге деген қажеттілігі де соғұрлым арта түсері хақ. Сол арқылы халқымыздың  бастан  өткерген қым-қиғаш, қиын-қыстау кезеңін, тар жол тайғақ кешуі мол тарихи тағдырын жан-тәнімен түсінетін болады. Түсініп қана қоймайды, мақтан етеді, ардақтап құрмет тұтады.

Кез келген мәдениеттің басында дін тұрады, бұл мәселе «кітаби исламда» ғұлама, сопылық, басшылық, ешан, пір жолдары және халық арасында  ислам мәдениеті мен ислам қағидаларын түсіндірумен бірге имамдық жолмен  ислам  талаптарынан шығармай реттеп отырған. Сол себепті қазақ мәдениетінің бір ұшы қожалардың қолында болды. Қазақ қоғамындағы  қожарлардың алатын орнын 1680 жылғы Тәуке ханның әр елге қожа тағайындау туралы жарлығынан кейін арта түсті. Бірақ, одан кейінгі кезеңдерде қоғамдағы саясаттың өзгеруіне байланысты қожалар мекендеген елінің руларына сіңісіп кетіп, өз тектерін сол рулардың атымен атуға мәжбүр болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, кезінде Жандарбек ата айтқандай, «қожалардың өзін-өзі қожамыз деп айтатын, бірін-бірі іздейтін күні»  туған шығар, оның дәлелі осы ұсынылып отырған  кітап»-дейді  «Ертіс  өңірі қожаларының шежіресі» кітабының  Алғыс сөзін  жазған, Екібастұз қаласы қажылар қауымдастығының  төрағасы  Совет қажы Жангелдіұлы. 

Сейіт Омар Саттарұлының «Ертіс өңірі қожаларының  шежіресі» кітабы «қожалар, әулиелер кімдер, имандылық деген не сияқты сұрақтарға жауап іздейді.  Сонымен қатар, Ертіс өңіріне келіп халықтың  руханиятына қызмет еткен қожалардың ұрпақтары туралы мәлімет береді.

Сондай-ақ, оқыңыз

Зар заман сарындары

ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ең көрнекті  өкілдерінің бірі Шортанбай мұрасы күні бүгінге дейін жұртшылыққа жаңсақ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған