Бір суреттің сыры

 «Қазақ әулие»

Тәжікстан Республикасы астанасы Душанбеден жүз шақырым жерде орналасқан Қорған­тө­бе­ қаласынан  аса қашық емес жерде Ба­­­тыр­абад деген елді мекеннің қо­ры­мында «Қазақ әулиенің» зираты бар. Мұн­да Аққожа ишанның неме­ресі Әл­мұ­хаммед қажы Мамыр­айым­шайх­ұлы жерленген. 29 жасында қажы­лыққа барған қасиетті әулеттің ұрпағы, отызыншы жылдары қожа-молдаларды қуған кезде елден асып кеткен екен. Аңыздың айтуынша, Қажы үрім-бұтағымен Ауғанстан асып бара жатып, намазын қаза ет­пей, бір тө­беде кідіреді. Көшті озды­рып жі­беріп, Аср намазын оқып болып, көшті қуып жетеді. Ар­тына қарап алаңдаған баласына «Мен өл­генде намаз оқыған төбеге қойың­дар» дейді. «Ауған асып бара жатып, ненің төбесі?» деп баласы мән бер­мейді. Шекараға жете бере, көш алда­рынан тосып тұрған қызылдарға ұры­нады. Қызылдар бұларды кәрі-жасына қарамай байлап-матап, бар малын тартып алып, Қорғантөбеге алып келеді. Содан көп ұзамай Әл­мұ­хаммед қажы дүниеден өтеді. Қария­лар жи­налып, баласынан «не өсиет етті?» деп сұрайды. Қым-қуыт­та қарттың сөзін ұмытқан бала­сы үндемейді. Сонда қариялар «әкең­нің аяғына жат, бір белгісін берер» дейді. Бала­сының көзі ілініп кеткен екен, бір төбенің басында екі ақбоз үй тігі­ліпті дейді. Біріне әкесі, біріне анасы кіріп барады екен. Ұйқысынан оянған баласы атты ерттеп мініп, ай жарығымен төбеге келіп орнын белгілеп, әкесін жерлейді.

Бүгінде жергілікті халық «Қазақ әулие» деп атап, ба­сы­на зиярат ететін орынға айнал­ды­рыпты.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған