Басқы бет / Кітапхана / Хазірет Әли

Хазірет Әли

hazret-ali-bookМ.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты  дайындаған бұл жинаққа Мұхаммед (а.с.а.) пайғамбардың сенімді серіктерінің бірі Қазірет Әлидің имандылық, Ислам діні жолындағы жорық жолдарын көркем бейнелейтін «Әзірет Әлидің соғысы», «Қисса Салсал», «Қисса Хазірет Әлидің сараң байды жолға салғаны», «Қисса Хазірет Әли разы Алла анһудің Шаһ Барбарға құл болып сатылғаны туралы», «Үшбу қисса Зеңгір жүһүд» т.б. дастандар енді. Жинақтағы дінидастандардың бір парасы Имам Әлидің Мұхаммед (а.с.а.) пайғамбармен достығын, оның Исламды орнықтыру мақсатындағы қилы-қилы күрестерін, ұлдары Хасен, Мұхаммед-Ханафия, Хұсейін мен өзге де ұрпақтарының ата дәстүрін жалғаушы, дін жолында бастарын өлімге тігуші қаһарман ретіндегі бейнесін сомдайды. Мысалы, «Әзірет Әлидің соғысы» дастанының негізгі идеясына адамға қайырымдылық көрсету, сый-сияпат жасау сияқты ізгі ниет түрткі болғанмен, шығарманың басты оқиғалары Әлидің дінсіздермен өткен бірнеше соғыстарын баяндайды. Мұхаммед (а.с.а.) пайғамбардың Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли сынды серіктеріне деген ілтипаты, ал олардың бір-біріне болған ықылас-ниеттері шығарманың кіріспесінен бастау алады. Жаны жомарт Сәдуақас есімді бір сахабабалаларын сүндетке отырғызып, Расул Алланы тойға шақырып келеді. Ол ризашылығын білдіріп, «ӘбубәкірСыдыққаайттың ба бұны!» – деген сауал қойып, сенімді серігіне жібереді. Өз кезегіндеӘбубәкір де, Омар да, Оспанда осы сұрақты қойып бірі-біріне сілтейді. Сәдуақас ең соңында Әлидің үйіне келіп, әңгіме арасында бұйымтайы есінен шығып кетеді. Кештеу естіген және тойға не сыйларын білмей қысылған Арысланды әйелі Пәтима құтқарып, сандықтасақтап келген “Ұжмақтан осы жерге келген» деген жазуы бар жауһарды береді. Бірақ оны алмаған Әли жорыққа аттанып, Әбулмұхсин, Қаққапатшалардың елін шабады. Көптеген қиыншылықтарды басынан өткеріп, жеңілген жауды Ислам дініне кіргізеді. Қолға түскен олжаны Сәдуақастың тойына сыйлайды. Бұл Әлидің досқа адалдық, қолы ашық – жомарттық,  дінге беріктік, жауға ымырасыздық, жауапкершілік қағидаларын бұлжытпай орындайтын қасиеттерін айғақтайды. «Қисса хазірет Әлиразы Алла анһудыңшаһ Барбарға құл болып сатылғаны туралы» дастанның оқиғалар желісінде бүкіл мұсылман елдеріне аңыз болып тараған Әлидің мейірімділік жолында құл болып сатылуғада, «Бозторғай» қиссасында мүсәпір адамды құлдықтан арашалап алу үшін балалары Хасен мен Хұсейінді кепілдікке беруге де  арланбайтын даралық мінез і сөз болады. Имам Әлиге қатысты дастандардың бір бөлігіоныңерлікке толы жорық жолдарын бейнелейді. Атап айтқанда, «Хазірет Әлидің Жанәділ шаһарында төбелескені», «Салсал» дастандарында Әлидің ерліктері мифтік, ертегілі ксипатта бейнеленеді. Алдыңғы туындыда Ахтам есімді сахаба өз жанынан достық пейілді жоғары қойып, Әлидің орнына құрбан болады. Жаудың Қабыл палуаны оның басын кесіп, патшасына сыйға тартады. Ал, «Салсал» дастанында Әлидің Ислам жолына бас тіккен бүкіл қаһармандық болмысы, досқа деген адалдығы, жауға ымырасыздығы, әскери істегі шеберлігі жан-жақты суреттеледі.  Әли бас кейіпкер болып табылатын діни дастандардың  сюжеттік желісіне көбіне VІІ-VІІІ ғасырлар шамасындағы мұсылмандардың Исламды тарату мақсатымен көпдінді ру-тайпалармен, елдермен жүргізген үлкенді-кішілі соғыстар, жорықтар, бейбіт келісімдер арқау болған. Алайда, жыршылар тарихи нақтылықтан көрі тақырыбына орай жүйелі түрде көне мифтік, қиял-ғажайып ертегілік, эпикалық сюжеттерді кіріктіріп, сол кезеңнің оқырмандарын, тыңдармандарын қызықтыруды мақсат тұтқан. Сол себептен де кейіпкерлер арасында Жәмшид, Рүстем, Асфандияр, Баһрам, Феридун т.б. біздің заманымызға дейінгі дәуірдің танымал тұлғаларды жиі ұшырасатыруға болады. Сондай-ақ Әлидің небір алып, құбыжық мақұлықтармен күресуі, Алланың пәрменімен көктен түскен самсам, қамқам, зұлпықаратты үш қылышының қасиеттері, қарсылас жауының жүрегін жаратын зордауысы, тұлпары Дүлділмен сөйлесуі, болмаса кейіпкерлердің сиқыршылығы, табиғаттың тылымсыз күшін пайдалануы, жұмбақ іс-әрекеттері т.б. шығармалардағы тарихи шындықты алшақтата түседі. Сондықтан дастандарда сөз болатын әскери жорықтар, оқиғаларМұхаммед (с.а.с.) пайғамбар өмірден өткеннен көп кейін өткендігін, немесе қиялдан туындағанын аңғару қиын емес.

Тоқтар ӘЛІБЕК, М.О.Әуезоватындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация  бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Казахи Таджикистана

АлбомНуралиНуралиев   АлбомНуралиев Долгое время проживая на территории Таджикистана представители казахской нации, как и другие …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған