Басқы бет / Жарық нұрдың сәулесі / Хорасан Ата – Абд ул-Жалил Баб

Хорасан Ата – Абд ул-Жалил Баб

Міне, жарық сәулені іздеп, Илохий әлемді түсінуге талпынған, сол нұрдан сәлде болса несібе алып, халайыққа жол басшы болған жандарды «уали – валий – көпше түрін – әулиелер» деп атаймыз. Құран ілімдегі Илохий нұрды өз сол Илохий нұрдан бір титтей де болса үлесі бар жан ғана көре алады. Яғни, Алланың ілімінің халыққа таратушы, халайыққа жәрдем қолын созып Илохий нұрға жетелеуші әулиенің Орта Азия түркілер арасындағы бірі және бірегейі – Хорасан Ата, Абд ул-Жалил баб.

«Дос» мағынасын білдіретін «Валий» сөзінің көпше түрі «әулиелер» – Құран Кәрімде екі түрлі мағынада келеді». 1) Амалдарын Алла тағала көріп тұратын және оны ләпсі әуресіне бола тастап кетпейтін кісі сыпатында. «Ол жақсы бенделерге дос болар» (Ағроф-7-196) аяты осы мағынада айтылған. 2) Аллаға ибадат пен тағатпен араға бір сөз, болмаса бір бөтен амал кіргізілмеген кісі деп түсіну керек. Бір кісінің әулиелік болуы үшін осы айтылған екі сыпатты орнына келтіру керек. Бұл дәрежеге ие болған әулие бенделік міндеттерін ең тиянақты орындайтын, Алладан қорқатын, сол себептен Аллаға дос болған, Алла тағала осы қасиет теріне қарай оны аман-есен және қиын жағдайда өз панасында сақтайтын зат деп түсінеміз. Нәбиді – Мағсум, валий, әулиені – Махфуз дейді. Яғни, Илохий қамқорлық астында. Құран Кәрімде айтылған «Ва хатамун Набийн» аятына қарап, пайғамбарлардың бір-бірінен жоғары дәрежесі болатындығы секілді, әулилер арасында да дәрежерлер бар. Хаким Термизидің айтуынша «Әулилердің ең жоғары дәрежесі «Хатамул Әулие» Бұл арада Сырдың жоғары және төменгі ағысындағы әулиелердің Хатомул әулиесі – Хорасан Ата. Олай деп айтуымызға бірден бір себеп бүкіл Түркі халқының шайхтарының ұлығы Мо шайхы Құл Қожа Ахмет Иасауийдің өзі:

Бабам Хорасан келдім арасан.

Зиярат етейін деп ісімді сұрасан,

Мүшкіл ісімді қылғайсын ансан

Рахым ете көр бабам Хорасан.

Сексен шайхыны жаныңда көрдім,

Тоқсан машайхны артында көрдім.

Қағба махалаңды алдыңда көрдім

Рахым ете гөр бабам Хорасан

Султан Хусайынның ұлы болармын.

Алла тағаланың құлы болармын.

Шашым, сақалымды шыпта қылармын.

Рахым етегөр бабам Хорасан

Әлінің әулеті Шері Құдасан

Келген бәлені дәпі қыларсан

Құл Қожа Ахметке жар боларсын.

Рахым ете гөр бабам Хорасан

-деп жәрдем сұрған, алдына келіп бас игендігінен ықпал-беделінің жоғары болғанымен қатар. «Сексен Шайхыны жанында көрдім»-дегені Құл қожа Ахмет Иасауий Хорасан Атадан дерлік 300 жылға жуық кейін өмір сүргенімен, «Батыний» көзімен Хорасан атаны мәслихат үстінде көргені деп түсіну керек. Бұл жөнінде 1226 жылы дүниеден өткен Ұлы ғалым Фаридиддін Аттар былай деп жазады: «Құран Кәрім және пайғамбардың Хадисінен кейін Машайх Киром (ұлы Шайхтар) және әулиелер-Изом (ұлы әулиелер) Хазыреттерінің сөздерімен діл ілімінің ақысы бар. Кәсіби емес, яғни бір жерден үйреніп болған емес, Рабысының сыйы, аламан өткеннен үйренген емес, әкеден мирас емес. Күдіксіз Алланың тағдырына берген үлесі»-дейді.

Дүниелік әміршілердің сарайлары-сәулетті жайлары тұр. Бірақ ол жерде еріккен турист болмаса, жалпы қыйналған жан өмірінде бармайды. Әулиелердің басына мақбара, тұрбат, сағана, мазарларға жаны қийналып, тарығып жүдеген жандар қаптап жатады. «Әулиелік беделде түрлі тұрақ басқыштар бар. Себебі олардың біреуі нубуббат (пайғамбар) дәрежесінің ширегіне жетер, біреулері жартысына, біреулері жартысынан көбірегіне жетер. Ақырына ешкім жетпес. Бұл дәрежелер жоғарылап барып, әулие сондай бір дәрежеге жетер оның нувваттан алатын несібесі басқа барлық әулиелер алатын несібеден көбірек болар. Сондықтан Хотам ул-әулие барлық әулиелердің ең ұлығы болар. Себебі Хазыреті Мұхаммед Мұстафа салаллоху-уассалам басқа пайғамбардың ұлығы еді, және нәбилік, пайғамбарлық ол затпен бітті, мөрленді.

Егер біреу: Әулиенің Нәбиліктен несібесі қандай болады?-деп сұраса айтамыз; Хазыреті пайғамбар (с.ә.у) айтар:Үнем қорлық, дүние шашпау, жақсы мінез, көркем пейіл пайғамбарлықтың 24 бөлігінің бір бөлігі деп айтты. Хазыреті пайғамбар (с.ә.у) айтар; «жақсы түс пайғамбарлықтың 46 бөлігінің бір бөлігі. Себебі: Алланың расулы (с.ә.у) пайғамбарлық міндетін өтеген 23 жылдың 6 айында Илохий Әмірлер Уахиді – түс арқылы қабыл еткен 6 ай 23 жылдың 46 дан бір бөлігі. (Хаким Термизи) Тоқсан шайхты артында көрдім демегі Хорасан атаның соңында, сонша оқымысты елге ілім тарататын, халайыққа имам болған адамдар қалғандығы. Сөз басындағы «Бабам Хорасан келдім арасан»-демегі Хорасан атаның емші болғандығы, халық арасында емге шипалық зат, құбылысты арасан деп атайды. Көптеген аңыз әңгіме, айтты-айттыларда Хорасан баба сол дәуірдегі адамзаттың ең бір қатерлі жауы Қорасан (Шешек) обасына қарсы ем қолданғаның айтады. Ал, халық айтса қалып айтпайды.

Имам Термизи: пайғамбарларды бір бірінен артық дәрежесі сияқты, әулиелердің де дәрежесі бар. Сол себепті Әулиелердің ең ұлығы Хотамул Әулие оның үстіне Әулиелік байрағын қолына ұстаған Хатамул Әулие Мұхаммедтің (с.ә.у) басқа пайғамбарларды шапағат ету секілді, басқа әулиелерді шапағат ету құқығына ие. Сол сәтте нәбилер оның алдында, әулиелер арқасында болады. (Усман Турар).

Мінекей, Құл қожа Ахмет Иасауийдің «Рахым ете көр бабам Хорасан» демегінің сыры осы жерде, яғни Хатам ул-Әулие өзінен басқа әулиелерге шапағат етуі құқығына ие дейді. Хорасан бабаға бізден сегіз ғасыр шоқы тұр. Имам Термизи: Мұхаммед (с.ә.у) тұралық аяғын басқа пайғамбарларға қарағанда ілгері басқан. Ол басқа пайғамбарлардың Хотамы. Оның опатынан соң умматынан 40 кісі оның орнына тұрады. Жер сол әзіздердің қасиеттерімен тұрады. Олар Расулдың үйінің жандары. Насап жолымен емес, зікір жолымен оның перзенттері. Расулох тұрғызған зікір үйіне сыйынған әрбір кісі сол үйдің мүшесі. Бұл 40 кісіден біреуі опат болса, оның орның умматынан біреуі болады. Бұлардың саны таусылап батар шағы келгенде Аллах бір әулие жібереді. Оны саралап оны өзіне жақын еткен болады. Әулиеге берген дәрежені оған береді. Оған Хатам ул-әулие (валиғат мөрі) беріледі. Міне осы уәли әулие қияметке дейін басқа әулиелерге қуаты болады. Мұхаммедтің (с.ә.у) нувват пайғамбарлық Сыдыққа болғанындай оның әулиелік сыдыққы (шыңы) бар. Оған шайтан ілесе алмайды, ләпсі оны әулиеліктен айнытып, ойын-сауыққа жетелей алмас. Мұхаммед (с.ә.у) барлық пайғамбарлардың Саиды болғаныңдай Хатам ул-әулиеде әулиелердің Саиды және олардың жол басшысы.

Термизи бастаған бұл түсінікті бара-бара кең жайылып ибн-Арабидің қолымен және де тәртіптірек қалге келтіреді. Ол жайында төмендегі Мұхаммед (с.ә.у) пайғамбардан қалған хадисті дәлел ретінде келтіреді: «Әуелгі пайғамбарлар қарағанда ақуалым ауыспаған ұқсайды. Адам (ә.с) бір үй құрыпты, ең жоғарысында бір қыш сыйатын жайды қалдырып бітіріпті. Үйді сыртынан көргендер «Кәнекей мына жерге бір қыш қойылса»-дейді. Сол қыш менмін, мен Хотамул Набиймін. Ибн Араби бұл жайды түс арқылы бір алтын, бір күміс қыш есебінде көрген. Күміс қыш Хатам ул-Әулиенің сырт көрінісі, алтын қыш оның жан дүниесі, діл, түсінік, ишаратты айтқан соң былай деген: бар Хатам ул-Әулие ілім мағрифатын алатын мекен, Пайғамбарларға уақи жеткізетін періштелер де Хабарды сол мінберден алады. Валий-әулие сол жолды дамытушы, елге халайыққа жайып, ізгі амалдарға умматты бойсұндырушы.

Осы жерде нақтылап Абд ул-Жалил баб жайында сөз айтылып, сол ұлық заттың жайы сөз болы отырғандықтан біз біраз кейінге шегініп, тарих жайын баяндайтын қолжазба, атадан-балаға өтіп сандық түбінде құпия да берік сақталған шежірелерге, ел арасында ауыз әдебиетіне бет бұруға мәжбүрміз.

Хорасан ата, Абд ул-Жалил баб, Ысқақ баб жайын осы күні көп айтып жазып жүр. Сол қолда бар жәдігерліктің ішінде жоғарыдағы екі Әзізге тікелей ұрпағы Сафи Ад-дин Урунк Қойлақиден қалған шежіре бар. Осы жәдігерлер бойынша Абд ул-Жалил баб Орта Азияға хижраттың 150 жылы келді дейді. Бұл шамамен 772-774 жылдар. Және Араб елінде белгілі дәрежеде қолында билігі бар адамның ислам ашу үшін мүлде бейтаныс жер, бейтаныс халық, өзің түсінбейтін тілі бар елге келуінің өзі бір керемет, екінің бірі бұл жолға шыға қоймайды.

Жалпы адамзат тарихында жаулап алушылар өте көп болды, барлық жаулап алған еліне ізгілік қызмет етіп сол халықтың Аллаға сүйікті болуын тілеп, жат жерде қалуға екінің бірі көне бермейді. Көнер еді, Салулы төсек, салулы жай, сапырулы қымыз болса, ал біз әңгімелеп отырған әзіздер қолында айтарлықтай билік болсада пақыр дәрежесінде күн кешіп, өмірін тек Алла жолына, Алланың расулының айтқан өсиет-насихаттарын орындауға арнағаны белгілі. Сондықтан кей сәт осының өзі жүректің әмірімен, яғни жан әміріне тән әлемін-дүниесін өмірлік қажеттілікті ақыреттік жетістікке айырбастап өмір кешкені көрінеді. Ал бұл әулиеліктің дәл өзі.

Әулие өзінің әулие екендігін білу-білмеуі тұрғысында түрлі пікірлер бар. Кейбір оқымыстар «өз дәрежесіне масайып кетпеуі» үшін, әулие екенін білуі керек емес дейді. Кей оқымыстылар жағдайына көңілі тоқ болса, Аллаға шүкір етіп, тағадат-ибадатын, қызметін жәнеде көбейтіп-көркемдеуге ұмтылады. Сол себепті өзінің әулие екенін білуі мүмкін тіпті керек те деген. Себебі аш шараий-мубашара (Сүйіншіленген сахабалар) өздерінің қал-жағдайын білу залал емес, бәлкім пайдасы да болған. Оларды Аллаға бұрындағыдан да жақын қылған.

Уастидің айтуынша Әулиенің төрт сыпат-аламаты бар.

1.Өзімен Пәруардігердің арасындағы сырды сақтайды.

2.Кереметін жасырады, қошеметке жол бермейді.

3.Алланың жаратқан махлуқтарынан келген зәбір-зұлымға сабырлы болады, ешкімге салмақ болмайды.

4.Алланың бенделерін олардың табиғатына-пейіл-бейімділігіне қарай басқарады.

Бұл жайлардың барлығы да Абд ул-Жалил бабқа берілген мінездеме секілді. Себебі Мысырдан шығып мыңдаған шақырым жерді басып, ондаған жылдар жан кештілікпен «Тоты құс» аралына жеткенше бұл әзіздердің басына не жағдайлар өтпеді? Қиын-кескі соғыста болды. Елден бірге шыққан жан-жолдас, қарындас, қол астындағы жауынгерлердің көз алдында өлімі, қаншама жан қиналысында ұлы құдіреттен сан рет қолдау-нұсқау көрген шығар. Бірақ мынау былай еді деп айтқан сөз жоқ.

Бүкіл Түркі әлеміне әйгілі Құл қожа Ахмет Иасауийдің өзінің Хорасан атаға барып зиярат еткенін жоғарыда айттық. Бірақ осы ұлық затта қарсы болмаған секілді. Себебі бір адам қарсы болса әлде қашан қиратып орның тегістеп жіберуі керек еді ғой.

Одан бергі және бір ойлануға жетелейтін жай, Орта Азияға Арабиядан келген ислам діні ешбір қарсылықсыз «ләппай-тақсырдан» орын ала қойған жоқ. Әйгілі біз айтып отырған Ысқақ баб пен Хорасан ата, Абд ул-Жалил бабтың жорығынан бұрын үш рет әскер кірген, бірақ Бұхара, Самарқанд, Ферғанадан бері аса алмайды. Себебі тарихтан белгілі «Сумбат маг» көтерілісі, ең жойқын қарсылық (Муқанна) – «Ақ киімділер» көтерілісі Бұхара маңынан басталып Орта Азияның көп жерін шарпып 24 жылға созылған. Әйгілі Құсам ибн Аббас жорығына қатысқандардың бір қауымын намаз үстінде тегіс бауыздапты деген де аңыз бар. Оншалықты қарсылық көрсеткен қауымнан ішегі қисық бір-екі адамның қалуы заңды деп есептейтін болсақ «Тоты құс» аралындағы қағбаны олар исламға қарсы қару етіп қолдануы керек еді. Жеткілікті дәлел, уәж болмаған секілді. «Әулиелердің уәлилігін жоққа шығару зұлымның көңілінде болады», демек сәлде болса бір ілінетін ілгіш тапса оған қатты жармасын Хорасан атаға залал келтіруге тырысар еді ғой.

Оған қосымша Абд ул-Жалил баб осы «Тоты құс» аралында Сары тонды Өтемістің қолынан қаза тапты деп отырмыз. Қолымыздағы бірден бір жәдігердің «Ысқақ бабтың» 14-ші ұрпағы Сары ад-дин Урунк Қойлақы жазып қалдырған шежіре. Осы шежіре неге Сары тонды Өтеміс деп атайды. Тон деген біздің ұғымыздағы қой терісінен тігілген киім ғана емес, сырт киімдердің бәрі тон деп атайды. Іштен киетін киімді ғана өз атауымен «Іш тон» деп атаған осы күнгі «ыштан» сөзі содан шықты. Мақсатқа қайттық осы Сары тонды деген атау исламға қарсы ұйымдастырған бір қауымның көрінісі. Себебі жоғарыдағы «Ақ киімділер» одан соң «Сары шалмалылар» көтерілісі Ирандағы Хорасанда «Қызыл-қастылар» көтерілісі деген өте көп болған. Демек Сары-тонды Өтеміс бір адамның аты емес, Сары түсті сырт киім киіп қарсылыққа шыққан қауым, өз каумын басқалар мен шатастырып алмаудың қамы. Өтеміс сол қауымның қол басшысы. Міне осы Сары тонды Өтеміс Абд ул-Жалил бабтың ажалына жетті. Бірақ елге ислам берік орнап қалды. Сол бір қауымның, яғни жергілікті халықтан ислам қағидаларын білетін ешкім болмады деу ақылға сыймайды. Ал ислам қағидасындағы ең күрделі жай – серік қосу осы жерден пышақ ұрса, қағбаны салдың деп қарсы шықса енді бой көтеріп келе жатқан исламға қауып болар еді. Олда жоқ демек бас бұрғызбас дәлелдің болғандығы.

Абд ул-Жалил бабтың өмір сүрген дәуірі қаймағы бұзылмаған исламның дәуірі, бұл кезеңде тағадат ибадатпен көптеген керемет көрсеткен әулиелердің көп кезі. Біздің қолымыздағы кейбір деректерде бұл ұлық зат сегізінші ғасырдың екінші жартысында шайт болды дейді. Бұл әйгілі Мансур Холаж, Жунайд Бағдади, Баязит Бистоми секілді ғалымдардан сәл ілгері, Хасан Басри, Увайс Карани секілді әулиелерден сәл кейін уақыт. Бұл дәуірде ілім кереметін көрсеткендер өте көп болды. Оған келсе тарих сол дәуірден қалған кітаптар куә.

«Тоты құс» аралындағы қағбаның сұлбасы-суреті, көшірмесі оған ешқандай күман болмауы керек. Бірақ осы жердегі халық қағба деген осындай, бару шарт, көру шарт дегенді ұйып тыңдаған. Қарсылық болған жағдайда 12 ғасыр өмір сүрмеген болар еді.

Қазіргі Хорасан атаның сағанасының солтүстік батыс жағын қараңыз кемінде 1га жер 5-10 метр төмен түскен, бұл өздігінен бұлай болған жоқ. Хорасан атаның сағанасы қам қыш болмаса лайдан ондаған рет салынды, сол ондаған рет көтерілген жайға лай қыш осы жерден алынған деген сөз. Қағбаның сұлбасында батыс жағында дәл солай қолдан ойпаң болған жер бар. Абайлап байқаған адамға бәрі де көрініп тұр. Сонымен «Тоты құс» аралындағы қағбаның сұлбасы, көрініс көшірмесі (өзі емес) деп осы уақытқа дейін қабылданып келеген. Бізде өзіміз бас иіп пірімізден мойындап отырған ұлы баб Абд ул-Жалил бабтың көзі тірісінде салынған нәрсеге бүгінгі күннің мінберінен қазы болмай-ақ қоялық. Себебі біз бұл жайды тіпті білмейміз. Жаны қиналып, тарығып, аш-жалаңаш болып екі алақаның көкке жайып көзінен жас тарлап отырған жаның жайын дәл сондай күйге түспеген жан екі-дүниеде де біле алмайды.

Мужизамен керемет арасында мынандай парық бар: Мужиза пайғамбарларда көрініс беретін, жүзеге асатын қасиет. Пайғамбарлар мужизасын көрсетуі шарт. Себебі осы жолмен өздерін пайғамбар екенің дәлелдейді. Сол себепті осы кітаптың басында Адам атадан Алланың соңғы расулы Мұхаммед салло әлейкі уасаламға дейінгі пайғамбарлардың мужизалық қаситерін, адам баласының өсіп-өнуі үшін істеген амал-әрекеттеріне шолу жасалынды. Пайғамбар Алланың берген дәрежесі мужизасын жасырса Алла құдіретіне шектеу жасаған болады. Ал әулие кереметің бұл құптарлыұ жай. Сес қайтару үшін кереметін көрсетсе болады. Пайғамбарлар мужизасының мужиза екенің біледі, әулие сол сәттегі өзінде пайда болған кереметтің анық керемет екенің болмаса «истидрош» елес екенің біле алмай қалуы мүмкін. Демек, Мужиза егесінің Ұлық шариғат үкімінде болғандай, керемет егесі де пайғамбардың шариғаттына бойсыну керек.

Керемет екі түрлі болады: бірінші кавний (көріністі әрекетті) кереметі, су үстінде жүру, ауада ұшу, бір сәтте ұзақ өлкелерге бару, ташти мекен (бір сәтте бірнеше жерде көріну) секілді кереметтер.

Екінші ақиқат кереметі: ғылыми мағынасы керемет. Бұл ілімді, ғылым және көпшілікке қасиетті, кереметте осы. Муридтердің, осы жолда жүргендердің жағдайын, ынта-жігерін, көз-қараасын халыққа көпшілік пайдасы амал әрекеттерге қарату. Ғылым кереметі арқылы өзіне және көпшілікке зиянды іс-әрекеттермен әдеп ғұрыптарды жоқ ету, яғни Сахл ибн Абдуллах Тустарий айтқандай кереметтердің ең ұлығы жаман әдеттердің болмағанда біреуін өзгерту.

Жоғарыда Хорасан атаға зиярат етіп келіп мұңын шаққандарға еш қандайда әмір нұсқау берілмеген, әлде қалай түс, әрекетегі ишарат, яғни Хорасан ата өзі келіп мен Хорасан ата Абд ул-Жалил баб едім деп көкірек қақпайды. Келген адам өз жолымен әжетінен ғана шипа тауып, қажетті өтелгендер өз беттерімен мәртебеге жеткендері болып, кемістері толып қайта берген. Нағыз кереметтің өзі де осы, яғни ниет ақтығы, амалдардың толықтығы, шын жылауға Алла тағала қай жерде болсада өзі жәрдем береді, ал әулие осы екі араға куә, себепкер, яғни халайықтың бір белгілі жерде өз әжетін сұрайтын мекен тұрағы бар. Илохий нұр қасиетті адамның жатқан жерінің маңайына түсіп тұрады деп есептейді ғалымдар.

Қожа Алауиддин Аттар айтар. Хазіреті Ахметжан Мақтум айтар еді: «Қай жерде әулиенің қабыры болса Алла тағала оның құрметі үшін сол жайға беркет береді».

Ислам ғұламалары, сопылар мына жайларға айрықша мән берген.

Кереметті жасыру. Кемел бенде кереметімен кемел бола алмайды. Аллаға бенделік ету мен мәртебеге жетеді. Шын сопылар өздерінде бір керемет пайда болғанда, бұны бір сынақ деп есептеп тағадат-ибадатқа бұрынғыданда көп көңіл бөлген. Мовлана Абдрахман Жамші: «Пайғамбарларға мужизаны халыққа жария ету қандай парыз болса, әулиелерге кереметін жасыру соншалықты парыз»,-дейді. Сол себептен сопылар кереметті әшкере етпеуге көп көңіл бөлген. Керемет көрсету «Хайзи рижол» еркектер хайзы деп есептеген. Ешбір әулие өзінің кереметін көрсетіп әулие екенің дәлелдей алмайды. Ол бұндай істеуге ерікті емес. Бірақ дүние алу, мал жинау үшін емес, Халайықты Аллаға мойынсұндырыға, тура жолға бастау үшін, әр жаққа лағып кетпесін деп көпшіліктің басын қосып отырса залалы жоқ.

Керемет әулиенің мәртебесі болмауы керек. Ең керегі күнелтуде таза-адал болу, негізгі кереметте осы. Абд Али Журжони: «Күнелтуде адал-бол, керемет иесі болма, себебі ләпсін кереметті қалап отыр. Сол үшін керемет көрсетіп көрсетіп тұр. Бірақ сенен адалдықты талап етіп отыр».

Керемет әулиенің мақсатқа жетуі (дидар талбы) жолында бір перде болуы мүмкін. Кей біреулер өз бойларынан бір керемет байқаса оны бір ұлы жетістік санап алданып қалып негізгі өз міндеттінен ауып кетуі мүмкін. Нәтижеде әсіл мақсатқа жету жолда қалуы мүмкін. Керемет мәселесі тарихат көз қарасында өте нәзік мәселе. Себебі, біреулер өзіндегі кереметті дүние әуресі үшін пайдаланады. Кейбір Муридтер, Шайхтарының жай бір әрекетінде керемет деп халайыққа өсіріп жеткізеді. Нәтижеде керемет деп жүріп Илохий мақсаттан алыстап кетуде түк емес. Көп жайда керемет мәселесін ашып айтуға осы жайлар тосын болады.

Ал енді кереметті ерік күші мықты, айтқан уәдеде берік, жан көз қарасынан қарасаңыз Алла разылығы үшін елінен, жерінен, ағайын-туған, отан, тұрақ мекенді тәрк етіп, көз көрмеген, құлақ естімеген, тіліде, түріде, әдеп-ғұрпы жат өлкеге қарай өлімді белге байлап шығу ұлы керемет. Жат жерлер, ажам елдеріне Ислам таратуды Алланың расулы момын мұсылмандарға парыз етіп қойғанан бастап жат жерлерге келіп дін үшін шахид болғандар қанша болғаның бір Алла өзі біледі. Ал сол әзіздердің ішінде ел жадында қалып, халық әжетін сұрап күндіз-түні сабылатын әзіздер саусақпен санар ғана, Абд ул-Жалил баб, Хорасан ата, сондай қасиетті жандардың біреуі емес бірегейі дейтініміз де сондықтан.

Осы кітаптың басында 1310 жылы Хорезмде жазылған ескі түркі-шағатай тілінде жазылған «Кисаси Рабғузи», «Әнбиелер қисаси» кітабынан келтірілген пайғамбарлар қысасындағы әрбір керемет мужиза, тек өте керек болған, тіпті, өмір мен өлім таласы болған шақта, Алланың ұлық дәрежесіне көлеңке түсер сәтте ғана болғаның көреміз. Әрбір аяттың белгілі бір амал әрекеттің адам баласының бенделік мәртебесін сақтап болмаса, санған ғасырды түйреп өтіп, қиям қияметке дейін жететін амалды іске асыру кезінде іске асқан.

Пайғамбарлар адамзатқа жіберілген болғандықтан ол еткен амалдардың да ауқымы кең болуы заңды. Әулие сол пайғамбарлардың ілімін, салған жолын ілгері жүргізуші болғандықтан қай жағдайда да болмасын пайғамбар салған жолмен ғана жүреді. Ислам нұры тоқтаған сәттен бастап, әлемге сол нұрдың сәулесі түсіп тұр. Аңғарып қараған адам ақыл, парасат тезіне салып байқаса жүрер жолын ол табары анық. Ал есіл-дерті ләпсі әуресінде болып кеткен көр көкірекке күн де түндей бірдей қараңғы. Сол себепті, әулие басына келіп малын сойып, ақшасын шашып, ақысын бердім ғой, маған неге тілегімді бермейді деген тоғышар тілекпен, Алла тағала өз кереметімен бізге жіберген осы ұлық затына «өзің рахым ете гөр, осы ұлық заттың құрметі үшін мен ғарыптің тілегін бере гөр» деген тілек арасындағы діл безерлігі мен діл мұқтаждығының арасын білмей жүрміз.

Ислам әлемінде Хазіреті Әлінің Хасан атты ұлынан 1079 дылы дүниеге келген Расул Ағзам деген атпен белгілі Абдул қодр Гилоний атты бір ұлық зат болған. «Моноқобий Кодрия» атты кітапта айтады: «Нақыл етулеріне қарағанда: Хазіреті шайх Мухаммад ибн Абдуллах ал Сухровардиндің ата-анасы Раусул Ағзамның алдына келіп перзентерінің жоқ екенің арыз етеді. Хазіреті Илохий дәргейіне арыз етеді. Илохий дәргейінен хабар келеді: «Бұл бейшараға перзент көру жазылған емес». Хазіреті Раусыл Ағзам Илохий дәргейіне үш рет арыз етеді. Нәтиже болмаған соң, Алланың расулы сыйға берген «қырқа» шекпенін иығынан шешіп алып, менің қалаған өтінішім қабыл болмаса мен бұл қырқаны несіне киіп жүрмін деп лақтырады. Сол сәтте Хазіреті Әлінің панасы саллоху әлейкі-уасалам әзір болады. Ол зат қырқаны мубарак қолдарымен жерден көтеріп алып Расул Ағзамға кигізіп, әмір етті:«Ей, перзентім Алланың дәрегейі шексіз»-деді. Расул Ағзам Хазіреті арыз етті: «Ей, расуллах, осы сәтке дейін мен жалғыз едім. Хазіретім сізде құтты қадам қойдыңыз. Үмітім бар бұл бейшараның арызы орындалар»,-деді. Сол сәтте ғайыптан дауыс естілді: «Бұл екі досымның тілегімен мына бендеме ұл перзент берілді». 60-61 беттер. (Ғайыптар қиялынан жанған шырақтар 84 бет).

Алла жолында бар өмірін сарып етіп Алланың достығын таңдап сондай бір бенделер бар. Ол Алланың досы болып қана қоймай Алланың еркесі де. Әулиелік мақам, дәрежеге жету үшін сансыз амал тағадат-ибадат етіп жетер, көптеген қалқа, қақпалардан өтер, қаншама биіктікке шығып, қанша бау бақшаны аралауға тура келеді. Сондықтан әулиелік мақамын жан көзбен көру мүмкін емес, яғни әулиелік дәрежені әулиелік несібесі бар жандар ғана байқар, бағалар.

Әулие Абу Бакр Қатоний айтар еді: «Бір күні бір пір жайнамазын иығына салып менің жаныма келді, сәлем берді де:

-Е, Шайх! Неге Ибрахим мақамына келмейсің? Ол жерде бір пір келген, хадис айтады. Тыңдағандардың жаны рахат табар-деді. Мен одан:

-Ол пір хадисті кімнен есітіп айтады екен-дедім.

-Абдуллах ибн Абу Хурайра, ибн Аббастан есіткен, олар Хазіреті пайғамбардан (с.ә.у) есіткен. Мен: «бұл хадистерді ұстазсыз да есітермін» дедім.

-Бұл өзгеше бір қуат қой, сен бұны қалай есітесін?-деді.

-Дәлелің бар ма?-деді.

-Дәлелім сол, сен Қызыр пайғамбарсың, – дедім.

Сол сәтте Қызыр айтты:

-Дүниедегі Алланың барлық уалилерін білемін деп ойлаушы едім. Бірақ Абу Бакр Каттоний мені білді, мен оны білмедім. Бұл нақылдан мәлім болғаны, Алланың сондай бір Уәли-әулиелері бар олар Қызырды білер, Қызыр оларды білмес екен. Ал және бір топ уәли-уәлилер бар, Қызыр да әулиелер білмес. Тек Алла тағаладан басқа ешкім оларды білмес, себебі ол Алланың хас бендесі, Алладан басқа ешбір бенде олардан хабардар бола алмас. Ал кейбір әулиелер бар, өз жайын өзі де білмес, тек Алла білер. (Тазкират ул-Авлие Ф.Аттор. Ташкент. әулиелер кітабы 127-бет).

Демек әулиелік халды білмек ансан емес, барлық кімнің кім екенін қалқысыз біледі. Осы күні ел арасында әр түрлі әңгіме әулиелік және әулие жайын оңды-солды айтылып, басып жүр. Алдағы өткен Абу Бакр жайынан білгеніміз мынау анандай деуге ешкімнің хақысы жоқ. Олай болған жағдайда біреуге Алланың берген мәртебесі, дәрежесін қызған болармыз-дағы, сол заттың әулиелік мәртебеге жеткен бейнетін, ниетін Аллаға берілген шексіз махаббатына сенбеген болып шығуымызға да жол ашылатын секілді. Алла игілігінің шегі жоқ, олай болса қай дәрежеде бендеге тілегін берері өзіне ғана аян, ал әулиелер пайғамбарлар жолын, ілімін ілгері жүргізіп пайғамбардың аяғы жетпеген жерге жетіп Илохий ілімді жайып ондаған ғасыр бойы халық басына үйіп отырған жайға біз неге сенбеуіміз, иланбауымыз керек.

Жақия ибн Муаз атты әулие айтар: «Сен Хақты қаншалықты сүйсең, халық сені соншалықты сүйер. Сен халықтан қаншалықты қорықсан, халық сенен соншалықты қорқар. Айыпты күна әрекеттен соң адам Алладан ұялса, Алла да одан ұялар. Қиямет күні Алланың ұялуы (карам) жарылқау, бенденің ұялуы шаттық болар.

Үш қасиет әулие сипатынан: әрбір әрекетте Аллаға сүйенбек, Алладан басқасынан қажет сұрмау, қанағат етпек. Өзінде осы үш қасиет болған кісі салих кісі. Өзінен жоғары тұрғандарға ыбырат құрмет көзімен қарағай, оларға қастық етпегей. Өзінен төмен тұрғандарға, кембағалдарға мейірім көзімен қарағай, кемсіту көзімен қарамас. Мұсылман қатын-қыздарға саясат (оларды сақтау) көзімен қарасын, шахват-еркектің көзімен қарамасын. Демек әулие дегеніміз – Хақтың бұйрығын бұлжылтпай орындайтын, әрбір қимыл әрекетте, әрбір жалт еткен көріністен Хақтың кереметің көретін жан. Хаққа сүйікті болу үшін халыққа сүйкімді болу керек. Халыққа сүйкімді болу үшін көпшілікке қызмет ету керек.

Біз қасиетін халайыққа паш етеміз деп отырған Хорасан ата Абд ул-Жалил баб өз қасиетімен осы айттылған барлық жақсы қасиетерді меңгеріп дүниеден өткен. Біздің бүгін айтып отырғанымызды Хорасан ата өз қадыр-қасиетімен 12 ғасыр бойы жазып халықтың сана-сезімінен берік орын алған. Міне осы жайдан келіп:«Мордани Худо набошанд, Лекин зи Худо жудо нобошанд» деген (С.Олим.Нақшбан во Новаий 14 бет) нақыл – парсы-иран халқында берік орнаған.

Соңғы кезде «Алладан басқадан жәрдем сұраған дұрыс емес» деген сөз қапталып жүр. Шындығында, Алладан басқа бәле-қазаға жәрдем беретін ешкім жоқ. Барлық нәрсе Алланың қалауымен амалға асады. Әлемнен өткен адамның рухы қалай ғана жәрдем бере алады? Бір қарағанда тура айтылған сөз, бірақ Тасаввуф, ғылмий Ислам көз-қарасында Кемел бенденің өтініші Алланың алдында тез қабыл болады деген қағида бар. Яғни, кемел бенделер рухынан медеткерлік күтіледі. Сол себептен «Ұлық әулиелер рухы қолдасын» деген тілектің түбірінде осы сенім-наным жатады. Әулиеге ұлық мақам, дәрежені берсе Алла берді. Ол ұлық заттың тірісінде алдына барып ақыл кеңес сұраған, ауырған-сырқаған кезде барып дем салдырған, ем-дом алған жандар, әулие дүниеден өткен соң қайда барарын білмей абырып қалады. Міне осы сәтте қабырына барып зарын айту, мұңын шағу басталады. Өз кезегінде қабыр басында ұлық әулие құрметіне Алла құзырынан түскен нұр берекет бар. Жаны қиналып келеген жан сол нұр сәулесінен бахар алып жан күйзелісін жеңетін күш қайрат табады. Шын көңілмен жылап-еңіреп барған мәзлүмге (бейшара) әулиенің көзі түссе, Алла алдында ол бейшараға жәрдем сұрау даусыз, себебі, Алла тағала соңғы Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа Саллоху әлейкі-уасалламға «Сен тіле, мен берейін. Сен шапағат қыл, мен жарылқайын» дейді. Алланың расулы бенде. Тағдыр-демі таусылған күні дүниеден өтері даусыз. Ал ислам діні қиям-қияметке дейін баратын дін екені белгілі, олай болса өзі дүниеден өткен соң бір мың бес мың он мың жылдан соң дүниеге келіп өмір сүрген момын-мұсылманды қалай шапағат етуі керек. Міне, мәселенің бір беті ашылатын жер осы. Ұлық Абайдың:

Өлсе өлер табиғат адам өлмес,

Бірақ ол қайтып келіп өмір сүрмес.

Мені мен-менікінің ажырауын,

Өлді деп үкім қыпты өңкей білмес-деді.

Осы жай, яғни топырақтан жаратылған тән, менің қолым менің аяғым, менің кеудем, өледі. Мен өлмеске жол жоқ. Рух мәңгілік, дүниеден жаратылғанда бар болған рух, сап, таза күшіінде ана құрсағындағы денеге кіріп, қозғалыс әрекетке кіргізеді. Дүние жүзінде барлық жан-жануар ауа болмаса бір сәт өмір сүре алмайды, ал ана құрсағындағы шикі өкпе төрт-бес ай қимылдап тіршілік белгісін білдіріп тұрады. Демек, енді ешкімге жәрдем беруге қауқарсыз дегеніміз негізсіз. Ол рас, ол сіз жылап еңіреп барған жан қолымен сіздің маңдайыңыздан сипамайды. Бірақ ишарат, елес, түс арқылы жол көрсетеді. Шын мәнінде сізге жәрдем керек болса Алла құзырына мінажат етіп жәрдем сұрайды. Сол себепті Құл қожа Ахмет Иасауий:

Мен Дәптер сани жаздым сізге жәдігер.

Аруағымнан медет тілеп оның зінхар.

Дуа қылай, уасил қылсын Хақ паруардыгер.

Рахман ием, рахым тілеп келдім мен-а», деп мен осы «Дәптер сани» кітабын сіздерге жазып қалдырдым. Менің аруағымнан медет тілеп, яғни, менің жазғанымды нағыз шындық деп қабылдап, осы кітапта жазылған мән-мағынаға бет бұрып амал етсеңдер, Сендердің жайларыңды Алладан сұрайын, менің тілегімді Алла тағала сіздерге уаси, куә, кепіл етсін, Рахман ием, өзіңе мойынсұнған құлдарыңды жарылқай гөр деп отыр.

Бұл дегеніміз, Алладан бенденің күнасын кешіруін, қайыр садақа, тағадат-ибадатын қабылдау, сұрау. Ұлы Шайх өзінің мәнгілік емес екенің білумен қатар, Алла жолындағы айтылған уағыз, насихаттың, өзі қалдырған «Дәптер сани» хикмет кітабының мәңгілік екенін, Рух дидары арқылы осы кітапқа бет бұрған, осы жолға мойынсұнған жанға жақсылықты Алладан тілейтінің осыдан сегіз ғасыр бұрын мирас етіп қалдырыпты, бұл Рухтың мәңгілік екенің дәлелі емес пе?!

Ұлық әулиелер кітабына кірген Шайх Мағруф Кархи айтар: «Жомарттықтың үш белгісі бар: күдіксіз опа, сұраусыз жәрдем, міндетсіз қайырым. Ал мына үш белгі әулиелік белгісі.

1.Барлық пейілі, қыялы, пікірі тек Аллада болса.

2.Әрбір атқарған жұмысын Алла үшін істесе.

3.Көңілін шаттығы, қарар табуы-толық тасуы тек Алла ишаратымен болса. Яғни, әулиелік дәрежеге бенде ең әуелі жомартық арқылы жетеді екен. Күдіксіз опа ету дегенде бір рет Шахадат қалимасын айтып, Алланы бір деп оның пайғамбар Мұхаммед (с.ә.у)ді расул деп мойындаған сөзден таймай өз ләбізі – уәдесіне ешбір күдік-сенімсіздік араластырмай опа ету табандылықты, туралықты талап етеді. Сұраусыз жәрдем, бір пақырдың қиналған жайын көріп, ол келіп сенен жәрдем сұрамай тұрып, яғни төменшіктеп жолы болмай тұрған жанға әжетсіздігін айтқызбай жәрдем ету мықтылық. Міндетсіз қайырым жасау, адам баласының басынан әр түрлі жайлар өтеді. Бір адам әлде қалай қиналған-қысылған кезінде еткен жақсылығын міндет етпеу, соңынан қайтарым күтіп көзді сүзіп отырмау ақыл-есі дұрыс, рухы мықты жаның қолынан келетін жай. Өз кезегінде осы жомарттық жайларды игерген, рухын пәк сақтап, көңіл қалауын тұрақтандырған жан әулиелік маңайға қарап өте алады. Себебі ол жомарттық дәрежесінде барлық жақсы іс-өнеге, амалдарды Алла разылығы үшін ғана істеп, ешкімнен қайырым-қайтарым күтпей ұлы тәуекел жолына түскен жан.

Бір әулиеден нақыл етті. Олар айтар еді: «Мен Ахмед Хадайраяны көрдім, бір алтындаған арбаға мініп ауада қалқып бара жатқан екен.

-Мұншалықты мәртебе, дайындықпен қай жаққа барасың?

-Пәленше деген әзіздің зияратына бара жатырмын.

-Сенің осыншалықты мәртебең, әзіздігін бар екен, неге ол саған зияратқа келмейді?

-Мен бұл мәртебені сол әзізді зиярат етуге ниет етіп таптым, Егер ол менің зияратыма келсе, бұл мәртебенің барлығы соныкі болар еді-деген екен».

Бұл жерден көрніп тұрған жай зиярат етудің өзі мәртебе. Ал басыңызға бір мүшкіл іс түспей тұрып, көңіл қалауымен барып Алла разылығы үшін деп, себебі әулиелік дәрежені алла берді. Демек, әулиелік Алланың мәртебесі деп Алланың ұлық екеніне сеніп барып, барсаңыз әрине, Алла разылығы барлық дүние амалдарынан жоғары тұрады.

Осы біз айтып отырған әулиелердің көпшілігі Хорасан ата өмір сүрген дәуірде, болмаса бірер ғасыр ары-бері өмір сүрген адамдар. Ал ол дәуір исламның әлі былғанып, болған халықтың «Өтемістік» көзқарасқа ұрынбаған кезі еді. Сол себепті, көңіл таза халайықтың Хақ разылығын алуы да тез-әрі жеңіл еді.

796-861 жылдар көлемінде өмір сүрген әйгілі әулие Зүнүн Исридің шәкірті Абдуллах Ат-Тустарий айтар: «Тәубе бір кісіге лайық болмас тілсіз болмағанша, тілсіз бола алмас хилуетке кірмегенше, хилуетке кіре алмас адал жемегенше, адал тағам жеуге қол жетпес Хақтың ақысын ада етпегенше, Хақтың ақысын өтей алмас, абыройлы жерлерін бекітіп, етегін жапағанша, ол да лайық болмас Хақтан бір ишарат болмағанша.

Бес нәрсе адамның гаухары: 1.Кембағал (кедей) болса да өзін бай етіп көрсетуі. 2. Қарны аш болса да өзін тоқ көрсетуі. 3.Қайғылы кезінде, өзін шат етіп көрсетуі. 4. Дұшпанына қастық етуі. 5. Түні бойы намаз оқып, күндіз ораза тұтып өзін мықты етіп көрсетуі.

Екі жүзді адам адамдық – туралықтың исін білмейді. Әркім жаннатқа кірді, қауыптен құтылды. Және кімде-кім пайғамбар (с.ә.у) суннатына кірді, олда қауіптен құтылды. «Жәрдемшілердің ең ұлығы Алла, ұстаздардың ең ұлы Хазіреті Расул әлейкі-салам ғана және айтар: «Хақ тағала бенделеріне үш нидо қылар: 1:Ей, бендем! Ынсапқа келмейсін бе? Мен сені еске аламын, сен мені еске алмайсын ба? 2: Ей бендем! Мен сені қол астыма кел деп шақырамын. Сен мені қойып басқалардың қарамағына қашасын. 3:Ей, бендем! Мен сені бәлелерден құтқарамын. Сен өзің барып бәлеге ұрынасын». Хақ тағала марқамат етер: «мен халықты, маған зарып айтсын, айтпаса мен жаққа қарасын, қарамаса да, бәрібір даргайымнан қашпасын, даргайыма келмесе де, бәрібір менен қажетін сұрасын деп жараттым».

Алла тағала тәуекел еткенге үш асыл берер: Калифи ғайб, яғни ғайып әлемінен хабардар болар. Мушохада. Ләпсіні тұтқын етуге ұмтылу, денеге қиыншылықты лайық көріп, мағыналы өмір сүру үшін соғыс, ұрысқа кіріп жеңіп шығу. Міне, осындай қатты-қайырлы әрекеттен соң рухани көтерілу, шарықтау басталып, бенде ғайып перделерін бір-бірлеп үзе бастайды. Ақыр Хақ жамалының сурет бейнесін аңсау арқылы Илохий сырларды ашуға жетіседі. Демек Мушахада амалына түскен салих Мукашафа дәрежесіне көтеріліп хақиқат сырларынан хабар бере бастайды. Соңғысы, Курби Хақ, яғни, бар болмысымен Хақ зікірін айтып, өзі де сол зікірмен қосылып жоқ болады. Ол бендеде бұл дүниелік тек көрініс қана қалады.

Біздің жыл санауымызбен 875 жылы опат еткен Боязид Бистомидің үйінің алдына келіп бір оқымысты алаңдап жан-жағына қарап тұрады. Боязид ол адамды көріп «кімді іздеп тұрсың?» дейді. Келген кісі «Боязитті іздеймін» дейді. Сонда Боязид мен отыз жылдан бері Боязидті іздеп жүрмін таба алмадым» депті. Бұл сөз Зүнүн Мисриға жеткенде ол: Досым Боязидті және оның жамағатын Аллах жалла шанху Жарылқасын, Хақ жолында жоқ болып өзін түгетеді-деген екен.

Міне осы Мукашафа мақамына жеткен салих көптеген амалдарды жай адам түсіне алмайтын дәрежеге жеткізіп орындайды, болмаса кейбір сөздерді оғаш айтып көпшіліктен бөліне бастайды. Салихтың шарықтау шағы басталған кезде оның алдына екі жол айрығы анық болып жай адам секілді қалау қылмай, шартты түрде Рухани болмаса шайтани (дүние) жолдың біреуіне түсуі керек болады. Бенде дүние талабында болып мал-дүние талап етсе, шарықтау екпінінен ажырап екі ұдай күйге түсіп біраз жүріп, соңынан өз екпінің мүлде жояды, ел арасында күпі-сүпімен күн көреді.

Илохий жолды таңдаған салих өзін игере алмаса, өз халын қолдан шығарып алса, Мансур Холлаж секілді өз ажалына өзі себеп болып хол жайының отына шыдай алмай жанып кетеді. Майлықожа ақының:

Бұл дүние екі жол

Бірі оңда, бірі сол.

Бірін тапсаң, бірі жоқ

Дүние қысқа, ақырет мол-демегі осы.

Өзінің шарықтау шегіне шыдай алмаған Мансур мен «Хақпын-Анал Хақ» деп айтып жіберді. Халайық бұл сөзді есі ауысты-деп қабылдап кәпірге үкім беріп өлтіреді.

Сол дәуірдің Әулиесі Шиблий оны түсінде көріп сұрады:

-Саған соншалықты азап берген халыққа Хақ не істеді?

-Екі тайпасында рахмет етті. Бір бөлігі менің қолымды біліп, мейірі түсіп жылар еді. Сол үшін рахмет етті. Басқа бір бөлігі менің холымды білмес еді. Алланың есімін қорғап, Хақтың әмірін орындадық-деді, сол үшін рахмет етті. Құл қожа Ахмет Иасауий бұл жайды:

Білмеділер молдалар Анал Хақтың мағынасын

Қал қамауына, Хол ілімін Хақ көрмеді мінасіп-деп.

Бұл жайды ашық айдын етіп өз жайына қояды. Қал қаумы Ислам әмірін күнделікті орындалуы шарт болған амалдарын орындап жүрген бірақ сопылық ілім тасавуфке жете алмаған қауым. Бұл қауым ғылым-жолын түспеген соң Хол ілімінен хабары жоқ, түскені мол айрықта дүние әркімге нәсіп ете бермейді. Адамзаттың барлығы бірдей әулиелік дәрежеге жете беруі мүмкін емес, бұл Илохий құдіретің өз тандауы.

Міне, осы жерде, яғни Қал ілімі мен Хол ілімінің екі ажыраған жеріндегі бағыттың өзгеруі әулиелердің елден аулақ кетуіне бірден бір себеп. Хилует-жекелену әрбір әулиенің несібесі болмағанымен «Хатам ул-авлие» ұлық дәрежеге жеткен шағында көңіл толқымауы үшін, дүниеге ауынбау үшін, Хақ есімімен жеке қалу өз алдына бір несібе.

Сол себепті Хорасан атаның елден аулақ әйгілі Қызыл құмның жетіне барып жатуы, Ысқақ бабтың Қаратауға шығып кетуі, Қорқыттың Сырдың шағасында жалғыз қалуы, Баба-Түкті Шашты әзіздің теріскейге өтіп кетуі. Сол жерде өздеріне мәңгілік тұрақ тапқан, айнала келіп қойылып жатқандар сол әулиенің мазарынан шашырап тұрған нұрдан ғаламаты, Зохир көзімен ешкімде ол нұрды көрмейді, ішкі-түйсік-сезім арқылы әркімде көреді. Сол нұрға қарай ұмтылудың өзі бір бақыт, демек сол бенденің көкірек көзінде Илохий құдыретке деген махаббатың барлығы. Оған себеп әулие, Илохий нұрды иеленген Илохий құдыретке бой алдырған, Илохий зікірді аузынан тастамай Илохий нұрды иеленген жан. Бұл адам өзі дүниеден өткенімен, ғарыптық көрген көңілде осы нұрдың сәулесі жанады, енді ол бейшара ат арытып жер түбінен әулиеге өз мұңын шағып келіп отыр, сауаты бар, көкірегі ашық жан әулиенің басына келген соң: «Е, Алла осы әулиеге осы дәрежені сен бердің осы аймаққа осы әулиені сен жібердің, осы ұлық заттың құрметі үшін маған әжетімді бер» деп жалынады. Сауаты жоқ қара-дүрсін де тіке әулиенің өзіне келеді. Топырағын жалайды, дуалына бет сүйкейді, жылайды-еңірейді, ал зары бәрі бір ұлы құрметке Аллаға жетеді. Себебі: әулиеге о басында рух күйінде, мен сенімен біргемін деп берілген уәде бар. Уәде Құдайдың үйі, демек те осы шығар бәлкім.

Рауайат: Орта Азиядағы ірі дін өкілдерінің бірі Бахауддин Нақшбанидің алдына келіп Е, ешан мен пәлен деген адамды ертең түсте көруім керек болып тұр, алла разылығы үшін жәрдем бер дейді. Бахауиддин үйінен сыртқа шығып пәлен адам ертең түсте жетіп келсін деп үш рет айқайлайдыдағы өз ісі мен бола береді. Ертесіне түсте айтқан адам жетіп келіп, өзара шаруалары біткен соң. Әлгі шақырған адам «Сен үш күндік жерде тұрасың мен сені кеше шақырып бер деп әулиеге мұқтаж айттым. Әулие далаға шығып үш рет айқайлады. Сонда сен ол дауысты есіттің бе, және қалай жетіп келдің»,-дейді. Шақырылған адам: «Мен ешкімнің дауысын есіткенім жоқ, үш күн бұрын өзімнен-өзім қобалжын көңілім бейтыныш жолға шықтым, мұнда келіп сені көрдім»,-дейді.

Бұл жерде ілгері айтқанымыздай сауатсыз адам Бахауиддинге келіп өз әжетін айттып отыр. Аллаға барлық құбылыстар аян. Әлгі адам Алланың даусын келіп мұқтажын айтарын біліп, әулиенің құрметі үшін Алла тағала екінші адамды күн ілгері жолға шығарып жіберді. Яғни әулиеге дәрежені берген Алла, қорғайтын да Алла, сол себептен «әулиені қорғаудың қажеті жоқ, әулиені сыйлау керек». Ел бірлігі үшін, ұрпақ үшін құрметтеу керек. Бұл даусыз мәселе. Міне, осы жайлардың бәрінің басын қосқанда Алланың кәләміне уақыт жүрмейді және әулиелік дәрежеге уақыт жүрмейді. Яғни, бұл екі дәрежеде Илохий мәртебе, Алланың кәләмі Құран, қиям-қияметке дейін мәңгілік тұрады. Жоқ болып кету қауіппі жоқ, себебі әсіл нұсқа «мусқаб» сақталған, әулие-валий-уәли сол Құраннан ілім үйренген, Құранды әзіз тұтып үкімін орындаған пайғамбардың ісін ілгері алып барушылар болғандықтан бұл дәрежеде жойылып кетпейді.

Өз заманында Жунайд Бағдадидан «Заманының Сыдықы» деген баға алған Хотами Асом:

-Көркем жайларға қызыға берме жаннаттан артық көркем жай жоқ, Адам ата мен Хауа ана күнәні сол жайда істеді.

-Амалының көптігіне сеніп қалма, Иблистен артақ амал істейтін алмайсын, ол Иблис ақырында Малғұн болды.

-Ілім көптігіне көңілін өспесін, Балған ибн Боурдың ілімінен көп ілім жыйнай алмайсын, ол соңғы демін де дүниеден кәпір болып өтті-дейді екен. Көңілдің көк дененің өз жайына жіберуге болмайды. әулиеліктің бір тұтқасы ләпсі қалауына тосқауыл қою болса, екінші өз көңілін, қыял пікірін Алладан бір сәтте басқа жаққа шалғытпай ұстай білу. Міне осы жерде Зікірден артық құтқарушы жоқ. Алланы дос тұтқан көңілге екінші бір заттың келіп тұрақтауы мүмкін емес. Ұлы Абайдың:

Дүниеге дос, мақшарға амалсыздың,

Иманы кемел деуге аузым бармас-деуі осы жай. Яғни Аллаға қарап қадам баспай, бірақ Алланың рахметін басқалардан қызғанатында жандар бар. Сенің маған достығын Аллаға мойынсұнғандығңда шын ықласыңмен Аллаға көңіл қойған болсаң кез келген момын мұсылманға қас жау бола алмайсын, себебі біздің барып қосылатын жайымыз Илохий құдыретін алдында, ол жерге арыз шағым арқалап барып ешкімде жақсы жігіт атанбайды. Көңіл пәктігінен басқа ешнәрсе ол жаққа өтпейді. Халайықты сондай дәрежеге жеткізетін өз заманының оқымысты уәли-валий-әулиелері.

Қазақ арасында әр түрлі кереметтері кең тараған әулиенің бірі Иброхим Адхом:

«Әрбір адам үш пердені көңілінен шығармағанша оған дәулет есігі ашылмас, бірінші оған дүниенің барлығы берілсе де шаттанбау, шаттанса, менмендік пайда болады, менмендік ізгі тілектен махрум. Екінші дүниенің бар байлығын беріп қайтып алсада өкінбеу. Үшінші мақталған шағында есірмеу, жамандалған шағында қайғырмасын. Кімде кім әулиелік мәртебесіне жеткісі келсе, дүниемен ақыретке көңіл аудармасын, жалғыз Алаға көңілін берік етіп адал ас жесін»-дейді.

Иброхим Адхомнан: «Неге біздің дуаларымыз қабыл болмайды»?-деп сұрады. «Хақты біліп амалдарын орындамасаңыз. Пайғамбарды мойындап турып суннаттарын орындамасаңыз. Құран оқып амал қылмасаңыз. Құдретіңіздің несібесін теріп жеп шүкіршілік қылмасаңыз. Жаннаты біліп тұрып талап қылмасаңыз. Алланың үкімімен өлім бар деп әзірленбесеңіз. Ата-анаңыздың денесін өз қолыңызбен қойып тұрып ыбырат алмасаңыз. Бұндай ауыр кемшіліктермен қалай дуа тілек қабыл болсын»-дейді.

Басында тағдыр етіліп берілген мәртебе, дәреже Илохий құдырет арқылы қорғалған адамдар келеді, кетеді-дәуір өте береді. Әулие сол орында сол қадыр қасиетін жоғалтпай керісінше жақсылық үстінде жақсылық жамап, атақ даңқы асқақтай түседі. Күн өткен сайын жаңа адам келіп әулиелік керемет жаңа қырынан көріне береді.

Біз бұл жайларды жазып отырып, өз халқымыздың рухани кемелдену тарихында қоса жазып отырмыз. Хорасан ата Абд ул-Жалил баб дүниеден өткен кезеңдегі ғылым-білімді бір-біріне бетпе-бет қойып қоса алмаймыз. Қазіргі қауымдағы басына бір ауырмал дық түсіп қиналған адам болмаса, былайғы жұртты бұл жайды айтып түсіндіре алмайсын. Ол кездегі, яғни 12 ғасыр бұрын өткен жандардан айтты-айтты дегенен басқа ештеңе де жоқ. Ол рас ол кезеңде бұл жайлардың барлығы қағазға түсіп, кітап болып жазылып қалдырылды. Бірақ сан қыйлы заман толқынында, көптеген аласапыранда жағылып өртеліп кейбіреулерін кейін аламыз деп жерге көмді. Одан қалғаның әсіресе Европа сатып-ұрлап алып кетіп, оқып ұрымтал жерлерін өзімізді іштен іріту құрал етіп пайдаланды.

Бүгін келіп әулиеге, яғни халықтың өткеніне, тарихына, бір кездегі болмыс, шынайы өмір шындығы болған жайларға бізді қарсы қою әрекеті белең алып келеді. Біраз әрекет істелді де бірақ Илохий құдыреттің мейір-шапағаты түскен жайға халайық өз мұңын-мұқтажын айтып баруын тоқтатқан жоқ. Ол жерде Илохий құдырет нұрынан бір нұр бар.

Хорасан атаның 13 ұрпағы, сөз басында Ата бабасына мінажат етіп барып сыйынып жүрген, Түркі әлеміне айдан анық ислам нұрын төккен Құл қожа Ахмет Иасауий:

Иншаллах, дегенді Хақтан тілеп алармын

Шайтан шолпан шығарып, Хақ жолына салармын.

Медет қылса Мустафо күналарын тілермін

Арыслан бабам сөздерін есітіңіз тәбәрік-деп біздің алдыңғы айтқанымызды растап дәлелдеп отыр.

Бір күні Әзіреті Дәуіт пайғамбар Аллаға мінажат қылды.

-Я, Алла дүние-жүзіндегі барлық патшалардың қазынасы бар, өзіңнің қазынасы қайсы?-деді. Алла тағаладан ніда келді: -Иә, Дәуіт менің қазынам Аршадан ұлық, күрсіден кең, жаннаттан пәк, таза, барлық аспандардан да жарық, менің ол қазынамның күні бенделерінің шауқы-зауқы. Қазынамның айы – сұхбат. Менің бенделерімнің көңілі -жұлдыз. Қазынамның топырағы – ар-намыс, талап, айнымастық. Қорғаны – ықылас, сабыр, бірі ырза. Менің қазынамның төрт есігі бар, бірі – ілім, бірі – әдеп, бірі – сабыр, бірі – ырза. Ол қазыналарым маған назар қылар, мен үнемі оларға назар қыламын. Менің момын бенделерімнің көңілдері мен үшін сондай ұлық, әрі кең. Егер жетіқат жер жетіқат көк, аршы, күрсі ләукі кәләм, күллі жаратылған заттарды ол көңілге салса сиып кетеді». Көңіл шарықтауы дегенім, міне, осы. Бабарахым Машрап: «Екі жахан маған сияр, мен бір жаханға сыймаймын»-деуі де осы жай, яғни менің көңіл қалауым осы жаханды түгел аралап шығып Аршы, күрсі, лаупі, каломды шарлап ұлы құдыреттің әзіздігін біліп тұрғаны мен, өзім осы жалған дүниеге сыймай, мекен-тұрақ таба алмай жүрмін-дейді.

Бұл екі арадағы бетін ашып алатын және бір жай ол осы шарықтаудың мақсат мұраты. Көптеген ғалым, сопылар тек өз жайын күйіттеп өзінің кемелін ойласа, яғни ғылым теңізінен өтіп Илохий Мағрифатына қолы жетуімен шектеледі. Ал бір қауым оған разы емес, ғылым теңізіне сүңгіп – Мағрифат гаухарын қолына ұстаса, су бетіне шығып, сол гаухардың шұғыласын халайыққа шашып жол көрсеткісі бар.

Хақ ышқы солих ізденушіні Фаниға, соңынан бақиға алып барады. Бірақ бұл жерде екі жол бар, турасы екі түрлі жағдай бар. Бірі күйіп жанып әрекетте, рухани толқуларды кешіп айналаға мәлім болып көрініп бару. Екіншісі – оңашада, тыныш, ішкі дерт құдыретін жасыра білу, терең дарияның түбінде өмір сүру жайы. Бірінші жайдың азаматтары Боязит Бистоми, Мансур Холлаж, Абд Саийд Абылхайыр, Фаририддин Аттор, Жололиддин Руми, Шомс Табризий, Бабарахым Машраб, Қожа Ахмет Иасауий. Екінші жайдың қаумына Жунаид Бағдади, Нашибиддин Кубро, Сағди Шерозий, Бахауиддин Нақшбанидтарды кіргізу мүмкін. Боязит Бистомидан алдында сопылық, мухаббат жайында сөз айтқандар болған. Әсіресе Робия Адвияның Аллаға мінажаттары жүректі өртейді, және Илохий махаббат бұл әулие әйелдің намын аңызға айналдырды.

Ал Боязит Бистомидің қызметі сол, ол бұл көз қарасты сопылық жолымен байланыстырады. Оның айтуынша Вахдат және Фано сондай рухани кезде пайда болады.

Бұл жайды ол «сукро-мастық»(дионалық) деп атады. Оның айтуынша мас болмаған адам ғашық емес, ғашық Илохий шарап «Шарап антахурдан мас болған кісі. Ол өз жайын өзін түгел ұмытады. Сол сәттеәлде қалай бір түсіндіру болмас жай қабылет пайда болып, солих Илохий Мағрифатты сезе бастайды. Шайх Тустарий бұл жайды қуат шарықтауы арқылы былай түсіндіреді. «Курб (жақындық) мәртебесі асқан сайын Алла ұлықтығының әсерлері айқын бола бастайды және надандыққа қарама-қарсы болып ілім көбейтеді де иасаввуфтік Мағрифат арта бастайды, қайрат үстіне қайрат қосылып «Е-Раббым қайрат ағымындамын деген ніда көтеріледі.

Шын мәнінде Мағрифат қайраттың нәтижесі. Мағрифат ұлық Илохий әлемдерінің шексіздігі, жәрдемі, мұқтажсыздығы. Жаухарлар затын көңілімен сезіп, көңілімен танып білу- демек. Сонымен Мағрифат Рух жетістігі, Фақыр мен Фано да рухтың кемелдігі. Бірақ Жунаид Бағдади, Боязитті жөн санамай, «Сукро» жолы тек солихтың өзін ғана құтқарады. Сукроға кірген адамның өзгелерге жәрдемі тимейді. Себебі мақсат тек өзіңді ғана Мағрифатқа жеткізу емес, бәлкім осы Мағрифаттан басқаларды да медет алғызу дейді. (Н.Комилов. Аталған кітап).

Біздің қолымызда Хорасан атадан бізге жеткен әлде қалан ғылыми еңбек қолжазба жоқ. Бірақ Хорасан атаның салған жолымен жүрген, перзент болып есептелінетін Құл қожа Ахмет Иасауийдің еңбегінде жоғарыда айтылған жайлар айдан анық болып көрінеді:

«Махаббатың дариясына сүңгіп батып

Мағрифаттың гаухарыны алғым келер

Тариқаттың майданында көкке ұшып

Ол жаннаттың дарағына қонғым келер». Яғни, махаббат дариясына батудағы мақсат Мағрифат – Алланың кемел дәретін-гаухарын алу. Тариқат майданында көшуші биіктеп халайыққа қолдағы гаухардың сәулесін түсіріп өзім ғана емес, осы жолдағы Алладан үміті бар жандарға жүрер жолын көрсетіп жол сілтеу. Әулие – пайғамбардың салған жолын ілгері жүргізуші ал пайғамбардың міндеті халайыққа жан көрсету, ақыл айту, Алла әміріне мойынсұндыру.

Әулиенің міндеті: Бендеге Хақты сүйгізу, Хаққа бендені сүйгізу. Бендеге Хақты сүйгізу оңай секілді, әмір Мағруф, Нақи Мункар, Үгіт насихат арқылы бенде Алласын сүйіп тағадат ибадат етеді.

Ал Аллаға бенделерін сүйгізу үшін не істеу керек бұл жайға Шайх Румий Құран кәрімдегі «Аят (Ей-Мухаммед). Егер Алланы сүйсеңіз менің соңынан еріңіз. Сонда Алла сіздерді сүйеді және күналарыңызды жарылқайды» аятына сілтеме жасап былай дейді. «Муридтарды Аллаға сүйдіру үшін оларды Расулға ертемін, Хазыреті пайғамбарымыздың әзіз сүннаттарына мойынсұндырамын және осы жолмен оларды мақсатына жеткіземін» деген.

Демек Алла тағала бендесін сүйу үшін бендесін Алланың әмірін орындауы керек «Алланың әмірін халыққа жеткізген пайғамбар. Бұл күнде пайғамбар жоқ, бірақ Мухаммед Мустафа (с.ә.у) ның салған жолы ислам қағидалары бенделерге жол басшы болып қиям қияметке дейін барады. Ал осы жолды әзіз тұтып күнделікті тазалап, жаңартып, жетілдіріп отыру пайғамбардың ісін ілгері алып барушы оқымысты, Валий, Уәли, Әулиелерге жүктелген, тағдыр бұйрығымен бұл адамдар сол ауыр жүкті қай кезде өз мойына алғандарын білмей де қалады.

Бірақ мойынына алған соң сол жолдан кейін қайтпайды. Ал пайғамбардың ең бір асыл міндетін умматының жайы, умматың ақыретегі ахуалы болып өтті. Әулие пайғамбар жолынан жүрер болса уммат жайын, яғни момын мұсылман жайын ойламай тұра алмайды. Демек әулиелік халайықтың жағдайын ойлау, ауырына көмектесу.

Алланың расулының (с.ә.у) заманында өмір сүрген Увайс Карани деген әулие болған ол жайында расул акром; (с.ә.у) маған Ямманан Алланың ғашығының исі келеді-дейді екен.

Саңлақ, гузин сахабалар Расул акрам (с.ә.у) Увайстың қай жерде екенін сұрайды: Яман уалиатының Коран қыстағында.

-Я, расуллох. Увайс сізді көрген бе?деді. –Көрген, бірақ жай көзбен көрген жоқ.

-Бұл қандай ғашық еді, сізді келіп көрмеген.

-Екі себебі бар; біріншісі – хол жолынан, екіншісі-шариғат азаматтығы, яғни көзі көрмейтін анасы бар үйіне жалғыз қалдырып кете алмады. Шариғат әмірін орындады, ана қақысына бойсұнды-деді. Сахабалар: Біз оны көреміз бе?-деп сұрады. -Абур Бакр көрмейді, бірақ Омар мен Али көреді-деген.

Расул акрам (с.ә.у) ақырет сапарына жол жүруге дайындалып, Омар мен Алиге қасиетті киімдерін беріп, Увайс Кораниге алып барып беруді өсиет етті, Хазыреті Увайсиді көруді бұйырды. Денесін түк басқан, оң қолының саусағында бір теңгедей аппақ қалы бар. Менен сәлем айттыңыз. Менің киіммімді кисін, менің умматымды дуа қылсын-деді. Алланың расулының ақыретке сапарынан соң Омар мен Али Куфа қаласына келді. Омар: Иә, Нажид қаумы! Яман уалиатының Карн қыстағында осындай кісі бар ма?- деп сұрады. Біреу.

-Бір дәлбе, дуана, пақыр бар, түйе бағады, халыққа араласпайды, «Армна»деген жерде тұрады. Бұзылған жайларда жүреді. Дүние не шаттық, не қайғыны білмейді. Жұрт күлсе ол жылайды, жұрт жыласа ол күледі-деді. Әзіреті Омар сол сәтте, «оны көру керек» деді. Хазіреті Али екеуі Увайсидің зияратына барды, өзі намаз оқып отыр. Түйелерін Хақтың әмірімен бір періште бағып жүргенің көрді.

Ол намазын тауысқан соң Хазіреті Омар оның алдына барып ізетпен сәлем берді. Увайс Хазіретін сәлемін әлік алды. Омар ул-Фарух оның есімін сұрады. Ол.

-Абдуллах (яғни Алланың құлымын)-деді. Хазыреті омар Куллуна Абдуллох (яғни бәріміз Алланың құлымыз). Негізгі атың кім? дегенде, ол:Увайс-деді. Хазыреті Омардың талабымен оң қолының саусағындағы аппақ нұрды көрсетті. Хазыреті Омар: Е, Увайс! Пайғамбарлар ұлығы Мұхаммед Мұстафа салоллоху әлейкі-уасалам саған сәлем жолдады, умматымды дуа қылсын және шапағат етсін деп тапсырды-деді. Увайс жауап беріп: -Сенің дуа етуге хақын көбірек-деп мархабат етті.

Хазыреті Омар: -Мен дуа етемін, бірақ Хазыреті Расулымыз сізге өсиет етті және қасиетті мураққағаларын (киімдерін) жіберді. Алып кисін және умматымды дуа қылсын-деген өсиеттері бар-деген соң Увайс Хазыретің қасиетті киімдерін алып сүйіп, бетіне сүртті.

-Сіз осы жерде тұрыңыз, деп жандарынан ары кетті. Киімдерді жерге қойып, қасиетті жүзін топыраққа қойып, жалбарынып жылай бастады.

-Илохо! Мына киімдерді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ә.у) мен әлсіз бендені бедел тұтып, Омар ул-Фарух және Алии ул-Муртазадан беріп жіберіпті. Мұхаммедтің барлық умматын Мағрифат етпегенше кешірмегенше бұл киімдерді кимеймін. Сол сәтте ғайыптан дауыс келді. «Мынанша умматты саған бағыштадым, киімдерді кигін». «Е, Рабым! Барлығын бағыштамағанша кимеймін»-деп осы жалбарыну қайталанған сайын ғайыптан дауыс келер.

-Хазыреті Омар мен Хазыреті Али Увайстың қай жерге кеткенің көрелік деп іздеп осы халды көріп қалды.

-Ох! Неге келдіңдер, сабыр етпедіңдер ме? Раббыма жалбарынып Мұхаммед уматының барлығын жарылқағанша, кимеймін, Е, Рабб» деп отыр едім,- сабыр етпедіңіз-деді.

Хазыреті Увайс киімдерді киді, Алла тағала өз Карамымен Рабия және Мудар қауымының (ең бай өлке) қойларының жүнінің есебінше момын умматын жарылқады деді. (Фаридиддин Аттор. Тазкират ул-Авлие). Бұл 1220 жылдары жазылған кітап себебі Фаридиддин Аттор Хорезмде Монғол шапқыншыларымен соғысып қаза болған.

Бұл кітап Хорасан атадан 400 жылға жуық өткенді жазылса бізді 800 жылға жуық уақыт бөліп тұр.

Қалай болғанда да халықтың бірігуі үшін, елдің таза бенделік, адамдық дәрежеден ұзап кетпеуі үшін ұлық әулие-валийлердің, оқымысты ғалымдардың қайраты арқасында Ислам діні Орта Азияға келіп орнап, тұрақтап қалуына осы маңдағы халайықтың бір Аллаға ғана тағадат етіп, момын мұсылман қалбын сақтауына Хорасан ата, Исқақ баптар басында қандай қызмет етсе осы күнді де дәл сол баяғы алғаш келген қалбын бұзған жоқ.

Сейіт-Омар Саттарұлы

Сондай-ақ, оқыңыз

Он екі имам

ИМАМ ХАСАН ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан кейін төрт Халифа таққа отырды. Оның төртіншісі Хазірет …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған