Шәмші мағзым

Шәмші мағзым

Бірқатар зиялыларымызды Кеңес өкіметін құлату үшін шетелдік контрреволюциялық топтар және ішкі жаулармен байланыс жасаған деп айыптайды. Осындай топтардың қатарына жатқызылған аяулы азаматтардың бірі Ремет ишанның баласы Шәмші мағзым еді. Ол Өзгент аймағының «Сортөбе» аулында 1868 жылы беделді ишанның отбасында дүниеге келген. Облысқа беделді қайраткер, ауданда ұзақ жылдар басшы жұмыста болған Мұсаханов Зұлпыхар ағамыз өткенді еске алған бір сәтінде былай деген еді: 1929-1930 жылдардың бірінде әкеміз екеуміз қазіргі «Жаңаарық»  ауылының қасындағы Шөкей тамынан Жаңақорғанға келдік. Ол кезде мен колхозда тәрбиеші болып жұмыс істеймін.

Жұмысымызды бітіргеннен кейін ауылға қайтпақшы болып тұрғанымызда әкем маған атын ұстатып, темір жол бекетінің күн батыс жағындағы бір есіктен ішке кірді де біраз аялдады, шыққаннан кейін бұл жерде Жамhұр ишан мен Шамші мағзым қамауда жатыр, екеуін де дінбасылары деп айыптап қамауға алған, солармен бірге бесін оқып шықтым, -деді. Сізді оларға қалай кіргізді дегенімде  олардың есігі құлыптанбайды, қалаған уақытта далаға шығып, дәретін алып, намаздарын оқиды. Есігіне құлып салғанымен ол ашылып қала берген. Сонда да болса олар ешқайда кетіп қалмайды. Көрмейсің бе, олар жатқан үйді күндіз ешкім күзетпейді. Осы әңгімені қожакенттік ардагер Бейбітов Зәкірден де естігенім бар. Шәмші мағзым алғашында 1929 жылы ұсталып, бір-екі жыл Қызылорданың түрмесінде жатқан жерінен Есенов Жорабек (Есенов Шаhмрданның әкесі) босатып, «Енді ауылға барғаннан кейін басқа жаққа барып бой тасалаңыз, Сізді бәрібір қайтадан тұтқындайды» деп қайтарады. Содан кейін Самархандағы ағайындарына кетіп, бала-шағасын соңынан алдырады. Сонда жүріп төлқұжат алады. Бірақ, төлқұжат алады. Бірақ, төлқұжат алуға жіберген адамы әкесінің атын арғы аталарының атымен жаздырып, Бабажанов Шәмші аталып кеткен. Сондықтан «Боздақтар – Аза» естелік кітабында да солай аталған.

Шәмші мағзымды Өзбекстанда жүргенінде 1933 жылы Тәжікстандағы мүридтеры шақыртып, Душанбеде тұрғанында елде өзімен қатар өскен тыңшы Сарсенбай молданың көрсетуімен қайтадан тұтқындалады. Сондағы Шәмші мағзымға тағылған негізгі айып «Жаңақорған мен Түркістаннан Өзбекстанға қоныс аударушылардың жетекшілерінің бірі, көшпенділерді Қазақстаннан Орта Азияға өткізіп тұратын жолбастаушы, олардың барып тоқтайтын жерлерін өз қалауынша белгілеп беріп отырған контрреволюциялық орталықпен – Ибадуллаев Сәруар ишанмен, тұрғындарды Ауғаныстанға көшіруді ұйымдастырған» делінген. Ол өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамаған. Сонда да 9 куәнің берген жауаптарымен айыптап, РСФСР ҚК 58 бабымен ОГПУ үштігінің шешіміне лайық соттан ату жазасына укім шығарған. Бірақ ОГПУ коллегиясының 1934 жылғы 26 ақпандағы қаулысымен Шәмші мағзымды ату жазасы 10 жыл еңбекпен түзеу жазасына өзгертілген. Ал, «Боздақтар – Аза» естелік кітабының 209 бетінде Реметов «Шәмші ишан 1933 жылы Тәжікстан НКВД – сі арқылы СССР шекарасынан Ауғаныстанға жасырын өтпекші болған тұста ең жоғарғы ату жазасына сотталған, үкім орындалған» деп жазады.  Онысы әрине дұрыс емес. Дұрысында Ташкент қаласының лагерлерінде жазасын өтеп жүріп, 1938 жылы қайтыс болып, Жалағаш лагерінде жерленген, қазір мазары сонда.

Шәмші мағзымнан Әбусейіт және Әсет мағзымдар туылған, бұлар да ірі дін адамдары болған. Қызы Мүтәрәм қазір Өзгент ауылында тұрады, дасы 91-де, Шәмшиев Әбусейітте 1938 жылы 28-мамырда тұтқындалып, жазықсыз жазаланды. Оған «Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы контрреволюциялық – панисламдық ұйымға қатысып, Кеңес өкіметін құлату мақсатымен Қазақстанда діни жолмен байлар өкіметін орнатпақ болған, 1929-1930ж.ж. Созақтағы қарулы көтеріліске қатысып, Жаңақорғанға қарайтын 16 ауылдың байлары мен молдаларын ұйымдастырып жаңа өкіметке қарсы шыққан, контрреволюциялық «Ислам» ұйымына жаңадан мүшелер тартқан, колхозшылардың бетін Кеңес өкіметінен аудару үшін «Әуелі қиямет» деген кітап жазып таратқан, жұртшылықтың Тәжікстан мен Өзбекстанға жаппай қоныс аударуын ұйымдастырды» деген жалған айып тағылған. Сөйтіп, 1938 жылы 15-16 қазанда РСФСР ҚК 10 тармағымен 10 жыл бас бостандық еркінен айыруға Қ.К. 58 бабының 2,11 тармақтарын қолданып, жазаның ең ауыры – атуға бұйырған. Дегенмен бұл іс 1939 жылы 14 ақпандағы СССР Жоғарғы сотының қылмыстық істер коллегиясының ұйғаруымен ату жазасын 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын өтегеннен кейін 5 жыл саяси құқығынан айыру жазасына ауыстырған. Мал-мүлкі конфискеленген.

Республика Бас Прокуратурасы бөлім бастығының 1997 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысымен Әбусейіт мағзым толық ақталған. Ол тұтқында жүріп Қарағанды лагерінде дүниеден өткен Әбусейіт мағзымнан (әрі құранды жатқа айтатын қарсы болған) Айнақожа (Аза-да Шусан деп жазылған), Зият, Сараш атты 3 ұл, Мүтсиәм деген қызы қалды. Жұбайы Зүлhая анамыз 70-ші жылдары қайтыс болды. Қазір тек Зияты бар. Шәмші мағзымда баласы Әбусейіт қары да әуелі туған ауылында өз әкелерінен сабақ алып, соңынан «Қарнақ» медресесін, ақырында Бұхарадағы «Көкілташ» медресесін тәмәмдаған, Шәмші мағзым Бұхарадан оралғаннан кейін бұрынғы ата-бабаларынан келе жатқан Сортөбедегі мешіт, медресені жаңартып қайта салдырады.

Медресе жанынан 14 бала жататын үжіре (жатақхана) ашып, медресеге ұстаздыққа сол кездің ең білімдар кісілері – Әділхан, Бегімбет дамыллаларды, Шәрайхун және Жамур молдаларды тағайындап, оларды өз есебінен қаржыландырып тұрған. Солардан дәріс алған Әбдірәсіл мақсұмдар мен Қызылорда және Жезқазғандық Әйжігіт дамылла, Мұхамедия (министр Әлихан Бәйменовтың әкесі), Ахмедия, Өзгенттік Төлеген, Әшім, Мәметөк молдалар да мешіт-медресе ұстаған белгілі дін басылары болды. Қазіргі кезде Жетісайда тұратын жасы сексеннен асқан Шайхыдын дамылла бұлар туралы ұзақ әңгімелейді. 90-шы жылдардан кейінгі қайта жаңғыру заманында Кеңестік дәуірде қирап кеткен Шәмші мағзымның мешіті Төлеген ұлы Берден қажының басшылығымен Өзгентте қайта тұрғызылып, пайдалануға берілді.

Шәмші мағзымның әуелі пір тұтқандары Бұхарадағы әмір патшаның пірі Үсейін қалпе. Самархандық Шайхы ишан және Меккеден келген Әбділәни (лахаб аты Ақишан) болған. Осылардың барлық сынынан өтіп, кейін ірі діни тұлғаға айналады.

Шәмші мағзымды шиелілік Найман, Қыпшақ, Арғын, Тарақтылар пір (ұстаз) тұтқан. Уақытша бой тасалау үшін Самарханға кетерінде Қызылқұмда тұратын 18 ауыл Алаша-Жаппас руларының зиялылары көмектесіп, шығарып салған. Шиелінің «Төңкеріс» ауылында тұратын Найманнан шыққан атақты бидің баласы Бегайдар мырзаның айтуынша әкесі жыл сайын 10-15 түйе айдатып, мағзымға сыбаға жіберіп тұратын болған. «Құттықожа» ауылының тұрғыны Ерахан қария Шәмшінің арғы атасы мырзақожа ишан туралы, ол кісінің көріпкелдігі, адам ағзасындағы кеселді емдеу қасиеттері жайлы әңгімелей келіп, үлкен атамыз бір туысқанның баласының денесіне шыққан жарасын емдеуге жәрдем сұрай келгенінде ишан қорасындағы ылғи ақбоз аттарын баптап жүрген үстінен шығады. Келген жолаушының арызына онша мән бермей назар аудара қоймайды. Сонда келген кісі «Қожаның қожасы кетіп, ылғи шөжесі қалған екен» деп ренжіп кетіп бара жатқанынан қайтарып, келген шаруасын сұрап білгеннен кейін, ауылыңа қайта бер деп ақыл береді. Ол үйіне келгеннен кейін таң ата үрген иттің дауысынан оянса босағада өліп жатқан итті көреді. Сол ит баланың денесіндегі жараны жалап, бала кеселінен айыққан екен. Міне, содан бері 5-6 ұрпақ жаңарсада біздер сол әулетке мұрт (сеніміне кіру) болып едік дейді. Қыраштық  Нәлібай бай өсіп-өнген елге қадірлі, өте дәулетті кісі болған. Ағайындары қанша айтса да қожа, молдаға бас имей, маған пір болатын кісі өзі үйге келеді деп жорамалдайды екен. Бірде Нәлібайдың үйіне Теріскейдегі мұрттарынан оралған Шәмші мағзым қасындағы 10-15 адамымен өзі келіп мейман болады. Бай содан бастап мағзымға қол беріп, менің пірім келді деп мойынсұнған және осыдан бастап Нәлібай конфискеге дейін әр оразада малымның зекеті деп 20-25 жылқы жіберіп тұрған көрінеді.

Шәмші мағзым да, баласы Әбусейіт те көзі ашық әулие еді. Ұзын бойлы, ірі денелі, насаты, кескін-келбеттері адам қызығарлықтай, кішіпейіл, қолдарынан келсе адамға жақсылық жасаудан басқа мақсаты жоқ, кем-кетік пен жоқ-жұқаға қамқоршы еді. Өте дәулетті, малды болатын. Олар ел аралап, ишандық қып мал жинамайтын. Бірақ тұс-тұстан ағылып келіп жатқан мал-мүліктің есебі болмайтын. Күндіз-түні қазан асылып, ауыл аймақ ішіп жеп, кенеліп жататын.

Шәмші мағзымнан тараған ұрпақтар қазір 60-қа тарта жан басын құрайды. Әбусейіттің Айна қожасынан өрбіген Зәйнідін, Сара, Пахмадін және Нәрилер бір бір отбасы, немере сүйіп отыр. Зәйнідін, Пахмадін ауданға, ауылға, ағайынға қадірлі, белгілі азамат болып өсті. Ауданның экономикалық, әлеуметтік, саяси өміріне белсене араласып, аброй биігінен көрінуде. Зәйнідін қазір «Шапағат» қазынашылық кәсіпорынның директоры. Пахмадін журналистика саласында еңбек етіп, аудандық баспахананы басқарып отыр. Сара ұлағатты отбасының қазығы, перзенттері Бақыт, Молдахмет, Мәдіхандар ағайын-туғанға қадір-қасиеті артқан жігіттер. Бақыт – ғылым канддаты. Қожа Ахмет Иассауи атындағы Түркістан қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі. Сондағы жоғары және орта оқу орындарында ағайындардың балаларының оқып-білім алуына үлкен қамқорлық жасап келеді.

Зобалаң зардабы

Еліміз егемендік – тәуелсіздік алғаннан кейін тарих пердесін  айқара ашып, тоталитарлық зобалаң кезеңдегі шаш ал десе бас алған зорлықөзомбылық пен асыра сілтеушілік оқиғаларын тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, бүкпесіз, ашықтанөашық толыққанды мағынада айтуымызға мүмкіндік туды. Мұның өзі қателіктерді қайталамас үшін қажет болды. Жариялылық кезеңіне дейін бұйрықшыл, әміршілөәкімшіл бюрократтық жүйе мен тәртіп, зұлмат науқаны, 20-жылдардың аяғы мен 30-40 жылдардағы репрессия құрбандары жөніндегі шындық нақты айтылмады. Осы жылдары қауіпсіздік органдарының қолымен мыңдаған адам, ең алдымен қазақтың зиялы азаматтары жазықсыз қуғынөсүргінге ұшырады. Зұлмат жылдарында өз ауданымыздан да қанша боздақтар репрессия құрбаны болды. 2000 жылдың басында ғана Алматыдағы «Атамұра» полиграфия комбинатының баспасынан шыққан «Боздақтар – Аза» естелігінің бірінші кітабында 300-ден астам Жаңақорғандықтардың есімдері аталған. Бұлар тек 1930-1949 жылдың құрбандары ғана. Ал, 1939 жылға дейінгі байларды тәркілеу кезінде репрессияға Ұшырағандардың Ұлы Отан соғысы кезінде еріксіз тұтқын болған жауынгерлердің, діни наным-сенімі үшін тұтқындалған қожа, молдалар мен ишандардың, сондай-ақ, 1950 жылдарда жазықсыз жазаланғандардың қиянатқа душар болғандықтары туралы материалдар жоқтың қасы. Ауданымыздағы бұрынғы «Қандыарал» (Қожамберді) колхозының мүшесі Мылтықбаев Қалкөздің жау қолында еріксіз тұтқында болғаны үшін, әйелі Мылтықбаева Түймекүлді НКВД мәжілісінің ерекше қаулысымен Павлодар облысына 5 жылға жер аударған. Сонымен қатар «Екпінді» колхозының тұрғыны, азаматша Сатыбалдиева Алтыншашты күйеуі Құдайбергенов Сұлтан неміс тұтқынында болып, жазаланғаны үшін 1945 жылы Қармақшы ауданына жер аударған.

Бірқатар зиялыларымызды Кеңес өкіметін құлату үшін шетелдік контрреволюциялық топтар және ішкі жаулармен байланыс жасаған деп айыптады. Осындай топтардың қатарына жатқызылған аяулы азаматтардың бірі Ремет ишанның баласы Шәмші Мағзым еді. Ол өзгент аймағының «Сортөбе»    аулында 1868 жылы беделді ишанның отбасында дүниеге келген. Облысқа беделді қайраткер, ауданда ұзақ жылдар басшы жұмыста болған Мұсаханов Зұлпыхар ағамыз өткенді еске алған бір сәтінде былай деген еді: 1929-1930 жылдардың бірінде әкеміз екеуміз қазіргі «Жаңаарық» ауылының қасындағы Шөкей тамынан Жаңақорғанға келдік. Ол кезде мен колхозда тәрбиеші болып жұмыс істеймін.

Жұмысымызды бітіргеннен кейін ауылға қайтпақшы болып тұрғанымызда әкем маған атын ұстатып, темір жол бекетінің күн батыс жағындағы бір есіктен ішке кірді де біраз аялдады. Шықаннан кейін бұл жерде Жамhүр ишан мен Шәмші мағзым қамауда жатыр, екеуін де дінбасылары деп айыптап қамауға алған, солармен бірге бесін оқып шықтым, – деді. Сізді оларға қалай кіргізді дегенімде олардың есігі құлыптанбайды, қалған уақытта далаға шығып, дәретін алып, намаздарын оқиды. Есігіне құлып салғанымен ол ашылып қала берген. Сонда да болса олар ешқайда кетіп қалмайды. Көрмейсің бе, олар жатқан үйді күндіз ешкім күзетпейді. Осы әңгімені қожакенттік ардагер Бейбітов Зәкірден де естігенім бар. Шәмші мағзым алғашында 1929 жылы ұсталып, бір-екі жыл Қызылорданың түрмесінде жатқан жерінен Есенов Жорабек (Есенов Шаhмарданның әкесі) босатып, «Енді ауылға барғаннан кейін басқа жаққа барып бой тасалаңыз, Сізді бәрібір қайтадан тұтқындайды» деп қайтарады. Содан кейін Самархандағы ағайындарына кетіп, бала-шағасын соңынан алдырады. Сонда жүріп төлқұжат алады. Бірақ, төлқұжат алуға жіберген аджамы әкесінің атын арғы аталарының атымен жаздырып, Бабажанов Шәмші аталып кеткен. Сондықтан «Боздақтар – Аза» естелік кітабында да солай аталған.

Шәмші мағзымды Өзбекстанда жүргенінде 1933 жылы Тәжікстандағы мұридтері  шақыртып, Душанбеде тұрғанында елде өзімен қатар өскен тыңшы Сарсенбай молданың көрсетуімен қайтадан тұтқындалады. Сондағы Шәмші мағзымға тағылған негізгі айып «Жаңақорған мен Түркістаннан Өзбекстанға қоныс аударушылардың жетекшілерінің бірі, көшпенділерді Қазақстаннан Орта Азияға өткізіп тұратын жолбастаушы, олардың барып тоқтайтын жерлерін өз қалауынша белгілеп беріп отырған контрреволюциялық орталықпен – Ибадуллаев Сәруар ишанмен, оның жергілікті филиалдарымен жеке байланыс орнатқан, тұрғындарды Ауғаныстанға көшіруді ұйымдастырған» делінген. Ол өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамаған. Сонда да 9 куәнің берген жауаптарымен айыптап, РСФСР ҚК 58 бабымен ОГПУ үштігінің шешіміне лайық соттап ату жазасына үкім шығарған. Бірақ ОГПУ коллегиясының 1934 жылғы 26 ақпандағы қаулысымен Шәмші мағзымды ату жазасы 10жыл еңбекпен түзеу жазасына өзгертілген. Ал, «Боздақтар – Аза» естелік кітабының 209 бетінде Реметов «Шәмші ишан 1933 жылы Тәжікстан НКВД –сі арқылы СССР шекарасынан Ауғаныстанға жасырын өтпекші болған тұста ең жоғарғы ату жазасына сотталған, үкім орындалған» деп жазады. Онысы әрине дұрыс емес. Дұрысында Ташкент қаласының лагерлерінде жазасын өтеп жүріп, 1938 жылы қайтыс болып, Жалағаш лагерінде жерленген, қазір мазары сонда.

Шәмші мағзымнан Әбусеіт және Әсет мағзымдар туылған, бұлар да ірі дін адамдары болған. Қызы Мүкәрәм қазір Өзгент ауылында тұрады, жасы 91-де, Шәмшиев Әбусейітте 1938 жылы 28-мамырда тұтқындалып, жазықсыз жазаланды. Оған «Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы контрреволюциялық – панисламдық ұйымға қатысып, Кеңес өкіметін құлату мақсатымен Қазақстанда діни жолмен байлар өкіметін орнатпақ болған, 1929-1930ж.ж. Созақтағы қарулы көтеріліске қатысып, Жаңақорғанға қарайтын 16 ауылдың байлары мен молдаларын ұйымдастырып жаңа өкіметке қарсы шыққан, контрреволюциялық «Ислам» ұйымына жаңадан мүшелер тартқан, колхозшылардың бетін Кеңес өкіметінен аудару үшін «Әуелі қиямет» деген кітап жазып таратқан, жұртшылықтың Тәжікстан мен Өзбекстанға жаппай қоныс аударуын ұйымдастырды» деген жалған айып тағылған.

Сөйтіп, 1938 жылы 15-16 қазанда РСФСР ҚК 10 тармағымен 10 жыл бас бостандық еркінен айыруға Қ.К. 58 бабының 2,11 тармақтарын қолданып, жазаның ең ауыры – атуға бұйырған. Дегенмен бұл іс 1939 жылы 14 ақпандағы СССР Жоғарғы сотының қылмыстық істер коллегиясының ұйғаруымен ату жазасын 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын өтегенне кейін 5 жыл саяси құқығынан айыру жазасына ауыстырған. Мал-мүлкі конфискеленген.

Республика Бас Прокуратурасы бөлім бастығының 1997 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысымен Әбусейіт мағзым толық ақталған. Ол тұтқында жүріп Қарағанды лагерінде дүниеден өткен Әбусейіт мағзымнан (әрі құранды жатқа айтатын қары болған) Айнақожа (Аза-да Шусан деп жазылған), Зият, Сараш атты 3 ұл, Мүтсәм деген қызы қалды, жұбайы Зүлhая анамыз 70-ші жылдары қайтыс болды. Қазір тек Зияты бар. Шәмші мағзымда баласы Әбусейіт қары да әуелі туған ауылында өз әкелерінен сабақ алып, соңынан «Қарнақ» медресесін, ақырында Бұхарадағы «Көкілташ» медресесін тәмамдаған, Шәмші мағзым Бұхарадан оралғаннан кейін бұрынғы ата-бабаларынан келе жатқан Сортөбедегі мешіт, медресені жаңартып қайта салдырады.

Медресе жанынан 14 бала жататын үжіре (жатақхана) ашып, медресеге ұстаздыққа сол кездің ең білімдар кісілері – Әділхан, Бегімбет дамыллаларды, Шәрайхун және Жамур молдаларды тағайындап, оларды өз есебінен қаржыландырып тұрған. Солардан дәріс алған Әбдірәсіл мақсұмдар мен Қызылорда және Жезқазғандық Әйжігіт дамылла, Мұхамедия (министр Әлихан Бәйменовтың әкесі), Ахмедия, Өзгенттік Төлеген, Әшім, Мәметөк молдалар да мешітөмедресе ұстаған белгілі дін басылары болды. Қазіргі кезде Жетісайда тұратын жасы сексеннен асқан Шайхыдан дамылла бұлар туралы ұзақ әңгімелейді. 90-шы жылдардан кейінгі қайта жаңғырту заманында Кеңестік дәуірде қирап кеткен Шәмші мағзымның мешіті Төлеген ұлы Берден қажының басшылығымен Өзгентте қайта тұрғызылып, пайдалануға берілді.

Шәмші мағзымның әуелі пір тұтқандары Бұхарадағы әмір патшаның пірі Үсейін қалпе. Самархандық Шайхы ишан және Меккеден келген Әбділәни (лахаб аты Ақишан) болған. Осылардың барлық сынынан өтіп, кейін ірі діни тұлғаға айналады.

Шәмші мағзымды шиелілік Найман, Қыпшақ, Арғын, Тарақтылар пір (ұстаз) тұтқан. Уақытша бой тасалау үшін Самарханға кетерінде Қызылқұмда тұратын 18 ауыл Алаша-Жаппас руларының зиялылары көмектесіп, шығарып салған. Шиелінің «Төңкеріс» ауылында тұратын Найманнан шыққан атақты бидің баласы Бегайдар мырзаның айтуынша әкесі жыл сайын 10-15 түйе айдатып, мағзымға сыбаға жіберіп тұратын болған. «Құттықожа» ауылының тұрғыны Ерахан қария Шәмшінің арғы атасы мырзақожа ишан туралы, ол кісінің көріпкелдігі, адам ағзасындағы кеселді емдеу қасиеттері жайлы әңгімелей келіп, үлкен атамыз бір туысқанының баласының денесіне шыққан жарасын емдеуге жәрдем сұрай келгенінде ишан қорасындағы ылғи ақбоз аттарын баптап жүрген үстінен шығады. Келген жолаушының арызына онша мән бермей назар аудара қоймайды. Сонда келген кісі «Кожаның қожасы кетіп, ылғи шөжесі қалған екен» деп ренжіп кетіп бара жатқанынан қайтарып, келген шаруасын сұрап білгеннен кейін, ауылыңа қайта бер деп ақыл береді. Ол үйіне келгеннен кейін таң ата үрген иттің дауысынан оянса босағада өліп жатқан итті көреді. Сол ит баланың денесіндегі жараны жалап, бала кеселінен айыққан екен. Міне, содан бері 5-6 ұрпақ жаңарсада біздер сол әулетке мұрт (сеніміне кіру) болып едік дейді. Қыраштық Нәлібай бай өсіп-өнген елге қадірлі, өте дәулетті кісі болған. Ағайындары қанша айтса да қожа, молдаға бас имей, маған пір болатын кісі өзі үйге келеді деп жорамалдайды екен. Бірде Нәлібайдың үйіне Теріскейдегі мұрттарынан оралған Шәмші мағзым қасындағы 10-15 адамымен өзі келіп мейман болады. Бай содан бастап мағзымға қол беріп, менің пірім келді деп мойынсұнған және осыдан бастап Нәлібай конфискеге дейін әр оразада малымның зекеті деп 20-25 жылқы жіберіп тұрған көрінеді.

Әбусейіт мағзым болса құранды жатқа білетін қары еді. Жүйкесі әбден тозып, елермелеп, психикалық ауруға  шалдыққан және бала көтермеген әйелдерді емдеп, әрдайым емі шипалы болып, елдің, ағайынның құрметіне бөленген. Екінші баласы Әсет мағзым да дін жолын берік ұстаған, ата даңқын қадірлеп, оған кір келтірмей сақтай білген. Ол қамалмаса да қуғын-сүргінге ұшырап, қанша тәшпіш көрсе де қиянатқа мойымай көтере білген, ұрпақ тәрбиесін жалғастырған абзал азамат. 1977 жылы дүниеден өткен. Қоңыраттың қараша руы ол кісіні қатты қадірлеп, қастерлейтін еді. Шәмші мағзымның қызы Мүкәрім апай 90-нан асса да әкесі және өзі туралы айтылған мына жолдарды үнемі еске алып отырады.

Қара мойын ақ ерке Тоймандікі,

Көтен-мойын жиылып сойғандыкі.

Қызым бар деп мақтанба ай-ау мағзым,

Үйіңдегі сары қыз қожаңдікі.

Меккеге 2 рет қажылыққа барып, Арабстан билеушілерімен арабша сөйлесіп, олардың қолынан сый-құрмет алған, 1928 жылдан бастап үш рет тұтқындалып, ақырында 1937 жылы 29 қарашада Шымкент түрмесінде «Халық жауы» болып атылған. Сырғожа ұлы Жамhұр ишан да осы әулетке тәбия. Сырғожа да Шәмші мағзымның әкесі Ремет ишан да Мырзағожадан тараған. Әбдіжәлел бап (Хорасан ата) ұрпақтары.

Жамhұр ишан түрмеде жатып Шәмші мағзымға хат жазып, басына түскен ауртпалықты былайша жеткізеді.

hұрметлі  дұғай сәлем жаздым елге,

Жатырмын шыға алмайтын қиын жерде.

Тұз, нәсіп енді қайдан бұйырады,

Секілді болып тұрмын аққан селге.

Тағы да екі-үш жыл бар деп қалса,

Сүйеніп күн көремін енді кімге.

Төрт болып екі көзі балалардың,

Жәудіреп көріне ме сағынғанда,

Төсекте ұйқым келіп жата алмаймын.

Қадірі еске түсіп аға-жеңге,

Отырып күні-түні аh ұрамын.

Шомылған бәйге атындай қара терге,

Жалғызым, мәhірбаным Шәмші жаным,

Көрісер күн бар ма екен енді бізге.

Міне, осындай елге қадір-қасиеті артқан, Теріскей мен Күнгейге Ақмешіт пен Түркістанға, бүкіл Өзбекстан мен Тәжікстанға даңқы кеткен. Өзгент топырағының төл перзенті, Ислам шариаттарын жетік білген, мешіт ұстап, діни дәріс берген Ремет ұлы Шәмші мағзым мен оның баласы Әбусейіттің (әкелі балалы қос арыс) тағдыры да Кеңес өкіметі орнағаннан кейін тәлкекке айналды. Қамауға алынып, ақыр соңында елге оралмастан түрме қабырғасында көз жұмды.

Кейінгі жылдары дүниеден өткен Махмұт мағзым «Мен Шәмші мағзыммен түрмеде біраз жыл бірге болдым. Түрмеде жатса да ол кісіге келетін адамның  легі күні-түні таусылмаушы еді. Түрме басшылары қанша рет сіз боссыз, түрмеден шығыңыз десе де, шыққанда қайда барам, бәрібір елге барған соң қайтып ұсталамын, одан да осы жерде жата бергенім дұрыс деп көнбей қойды» деп отыратын.

Шәмші мағзым да, баласы Әбусейіт те көзі ашық әулие еді. Ұзын бойлы, ірі денелі, насаты, кескін-келбеттері адам қызығарлықтай, кішіпейіл, қолдарынан келсе адамға жақсылық жасаудан басқа мақсаты жоқ, кем-кетік пен жоқ-жоқаға қамқоршы еді. Өте дәулетті, малды болатын. Олар ел аралап, ишандық қып мал жинамайтын. Бірақ тұс-тұстан ағылып келіп жатқан мал-мүліктің есебі болмайтын. Күндіз-түні қазан асылып, ауыл аймақ ішіп жеп, кенеліп жататын.

Шәмші мағзымнан тараған ұрпақтар қазір 60-қа тарта жан басын құрайды. Әбусейіттің Айна қожасынан өрбіген Зәйніден, Сара, Пахмадін және Нәрилер бір бір отбасы, немере сүйіп отыр. Зәйнідін, Пахмадін ауданға, ауылға, ағайынға қадірлі, белгілі азамат болып өсті. Ауданның экономикалық, әлеуметтік, саяси өміріне белсене араласып, аброй биігінен көрінуде. Зәйнідін қазір «Шапағат» қазынашылық кәсіпорынның директоры. Пахмадін журналистика саласында еңбек етіп, аудандық баспахананы басқарып отыр. Сара ұлағатты отбасының қазығы, перзенттері Бақыт, Молдахмет, Мәдіхандар ағайын-туғанға қадір-қасиеті артқан жігіттер. Бақыт – ғылым кандидаты. Қожа Ахмет Иассауи атындағы Түркістан қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі. Әсет мағзымнан өрбіген Әнуар мен Әлеухан ата-бабалар салған жолды берік ұстанып, жас ұрпақты имандылық жолына баулуда. Зәйнідіннің жұбайы Ақнұр қарындасымыз «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп бұрынғы даналарымыз айтқандай отбасының құтты қазығы, ұйтқысы десек артық айтқандық емес, қайта жарасып тұр. Ұл-қыздары бі-бір шаңырақ иесі.

Бір данышпан кісі «Досың кім? Соны айт. Сонда мен сенің кім екеніңді айтамын» деген екен. Шәмші мағзымнан тараған ұрпақтар дос болуға да, басыңа іс түскенде сені желеп-жебеп, сүйемелдеуге де, әрдайым қолдап, қолтығыңнан демеуге де жарайтындығына күмән келтіруге болмайды. Өйткені бұл атадан қалған мұра, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді, Шәмші ата салған ізгі, қасиетті жол.

Шәмші мағзым да, Әбусейіт қары да сталиндік зұлмат құрбаны болды. Олардың жазықсыз жазаланып, жалған жаланың құрбаны болғанын, ел алдында, өз абройларының алдында бейкүнәлігі анықталып, ол тарих бетіне де түсті. 1930-шы, 40-шы, 50-ші жылдардығы жазықсыз зұлмат құрбаны болғандардың азаматтығын қалпына келтіру туралы СССР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 16 қаңтардағы жарлығына лайық және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы бөлім бастығының 1997 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен бұларға тағылған айып негізсіз деп табылып, толық ақталды. Ел-жұрттың, ағайын-туғанның сендердің аттарыңды ешуақытта ескерусіз қалдырмайды. Ұрпақтарың әруақтарыңа үзбей Құран бағыштап тұр.

Қорыта келгенде, қиянаттың құрбаны болған боздақтарымыздың аттарын мәңгілік есте қалдырарлықтай шаралар белгіленсе, Өзгенттегі жаңадан салынған мешітке Шәмші мағзымның есімі берілсе құба-құп болар еді демекпіз.

 

 

Сондай-ақ, оқыңыз

  Мұқаң мен Бәукең

Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл  Қазақ руханиятының нартұлғаларының қатар жүріп, қадірін білген кездерінен қалған сырды …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған