Жарық нұрдың сәулесі

Жамhұр – ишан кім болған?

Жамhұр – ишан бүкіл әлемге жақсылық нұрын шашқан, асыл текті пайғамбарымыз Мұхаммедтен тараған, сыр бойына мұсылман дінін ең алғашқы таратқан Әбдіжәлел Баптың (Қорасан ата) ұрпағы Сырқожаның баласы. Кезінде Меккеге екі рет барып қажы атанған. Арабстанның патшасының қабылдауында болып, онымен арабша сөйлесіп қолынан сый құрмет алған, өте діндар, меіт ашып бала оқытқан Сыр бойының асыл – задасы еді. Меккеге екі рет барғанында да шайтанға тас атар алдындағы рәсімдер орындалатын тұстардағы апаттан жұртшылықты Жамhұрдың зікірі аман сақтап қалғандығын онымен бірге барғандар уақытында жыр етіп айтып отыратын болған.

Сонымен көптен күткен ас беру рәсімі де басталып кетті. Той иесі қожа молдаларды арнайы бөліп алып, өткен ата-бабаларына арнап қатым-құран шығартады. Өзгенттен келгендерден Шәмші қары, Әбдрахман, Төлеген молдалармен Әбусейіт, Сейпіназар, Жапар мақсұмдар бар ықыластарын сала шын пейілдерімен бұл рәсімді адал атқарады. Көкпардың он екі салымының жетеуі Өзгенттен барғандардың үлесіне тиіп, бәйгеден Қансейіттің шұбары бас жүлдені алады. Палуандар сайысында Кенженің Әшімі сол елдің түйе палуаны атанған Оспанды жығып, бәйгеге ат мініп, түйе жетектеді. Тоқ бәйгемен құнан және тай жарыстарында да өзгенттіктер сол беделге ие болады. Жиналған халық бұны ишан атаның шарапаты десті. Сөз сайысында ұлағатты сөз айтып, әргі-бергіден сыр шертуден де ишанмен барғандардың мәртебесі үстем болады. Апта аралатып, ірілі-уақытысы бар 650 бас малды алдарына салып Жамhұр бастаған топ елге оралады. Келісімен ишанның тапсырмасымен бұл малдар жоқ – жұқана мен кедей-кепшікке таратылып беріледі.

Міне, осындай елге қадыр-қасиеті артқан, Сарыарқа  мен Жайыққа, Сыр бойына даңқы кеткен Жамhұр ишан кім? Ол 1863 жылы Өзгент ауылында дүниеге келген. Туған жеріміздің төл перзенті, Ислам шариаттарын жетік білген, мешіт ұстап, діни дәріс берген. Бірақ абзал азамат – Жамhұр ата тағдыры Совет өкіметі орнағаннан кейін тәлкекке айналды. 1928 жылдан бастап бір емес үш рет тұтқындалды. Алғашқы екі ретінде 1928 және 1932 жылдары он жылдан кесіліп түрмеге жабылады. Бірақ, түрме күзеті қанша мықты және қатал болғанымен оның есіктері ол сыртқа шығар кезде қайта – қайта ашылып қала берген. Түрме бастығын екі рет етпетінен құлатып жер жастандыра жаздаған. Оның кереметінен қорыққан олар Жамhұрды екі ретінде де мерзімінен бұрын тұтқыннан босатып жібереді. Елге оралғаннан кейін ағайын туғандары мен жанашырлары Өзбекстанға барып бой тасалаңыз, сізді бәрібір құтқармайды дегендеріне «бір Алланың маңдайға жазғанын қайда барсам да көруге тиістімін, одан қашып құтыла алмайсың» деп ешқайда брмайды. Содан 1937 жылы 12 тамызда үшінші рет тұтқындалып, Шымкент қаласындағы түрмеге жабылады. Сол жылы 19 қарашада Оңтүстік Қазақстан облыстық НКВД басқармасы (тройка) үштігінің қаулысымен ату жазасына кесіліп, он күн өткеннен кейін 29-қарашада, 75 жасқа қараған шағында атылады. Отбасы, бала-шағасы аңырап, ботадай боздап артында қала берді. Мұрағат құжаттарындағы деректерде Жамhұр ишанға жергілікті халық арасында панисламистік жұмыс жүргізді. Арабстан, Түрік, Өзбек, Түркімен, Тәжік және Қытайдағы дін басыларымен байланыс орнатты, бұрын қиратылған мешіттерді қайта қалпына келтіруге күш салды, қазақтарды жаппай Ауғаныстанға көшуді ұйымдастырды, Жапон империализмінің агенті болды, Совет өкіметін құлату үшін диверсиялық жұмыстар жүргізді, тағы басқа да жалған айыптар тағылған Жамhұр ишан алғашқы екі рет тұтқындалғанда жазасын Сібір түрмелерінде өтеді.

Жамhұр Сырқожаұлы көзі ашық әулие еді. Ұзын бойлы, ірі денелі, кескін келбеті адам қызығарлықтай кішіпейіл, қолынан келсе адамға жақсылық жасаудан басқа мақсаты жоқ, кем-кетік пен жоқ-жұқаға қамқоршы еді. Өте дәулетті, әсіресе түйе малын көп тұтынған. Баласы Шерен ақын жырлағандай «Жамhұрдың болған екен тоқсан нары, жүндері жібек шашқан меруерт бәрі» деген өлең жолдарын соған сүйеніп айтылса керек.

Жамһұр ишан төрт ағайынды болды. Ағасы Жакудадан өрбіген Әбіші Өзгентке болыс болғанардың бірі, інісі Қалақұлдан өрбіген Низан ақын Ташкент атырабына белгілі болды. Оның баласы Мырзақожа Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданында қазір әкім болып жұмыс істейді. Жәненқожасы ғалым. Үлкен баласы Шараптан өрбіген Әбибіләсі Қазақстанның қаржы министрлігінде қызмет атқарған.

Иә, Жәмһұр Сырқожаұлы Сталиндік зұлмат құрбаны болды. Оның жазықсыз жазаланып, жалған жазаның құрбаны болғанын, ел алдында өз ары мен абыройының алдында бейкүнәлігі анықталып, ол тарих бетіне де түсті. Отызыншы, қырқыншы және елуінші жылдарда жазықсыз репрессия құрбаны болғандардың азаматтығын қалпына келтіру туралы СССР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығына лайық Сырқожаұлы Жамһұрге бұрынғы тағылған айып негізсіз деп табылып, ол толық ақталды.

Қазір ел жұрты, ағайын туғаны оның атын еске алып тағзым етуде. Шымкенттен топырағы Өзгент ауылына әкелініп Жәмһұр ишанға күмбез тұрғызылды. Жақында бала-шағасы, ағайын-туыстары Жамһұр ишан ақсақалды еске алып, Өзгентте ас берді. Балалары Шериздан мен Аққали, немерелері Дәметкен, Ұлмекен, Асқарлар бұл астың негізгі ұйытьқылары болды. Ас беру кезінде Төлегенұлы Берден, Шоманұлы Дәумен қажылар немересі Дәметкен, баласы Шериздан және Әбділдә қария ата туралы құнды-құнды естеліктер айтты. Асқа Өзбекстаннан, Қазақстанның Шымкент, Қызылорда, Жетісай қалалары мен Қазығұрттан және Жаңақорған өңірінен көп халық қатысып, Ата әруағына құран бағыштады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button