Басқы бет / Сыр-сұхбат / «Қожалар шежіресіне» қосымша

«Қожалар шежіресіне» қосымша

«Кім өзін дәлелді шежіресіз біздің әулетке қосса және кім өзін себепсіз біздің әулеттен шығарса, оған Алланың қарғысы болсын» және «Менің әулетімнің әділдері мен қасиеттілерін Алла үшін сыйлаңдар, ақымақтарын мен үшін сыйлаңдар. Сейіттерді сыйлау ұлық ғибадат, оларға қарсылық ұлық күнә» Алланың соңғы және ұлық елшісі Мұхаммад Мұстафа (с. а. у.) хадисі.

«История Казахстана в Персидских источниках». Абд ал-Кадир Мұқаммад-Амин.Маждма ал-ансаб ва-л-ашджар – 2-том 242-243-беттер. Алматы «Дайк-пресс» 2005.Ибн Рушт (Аборэссе)

Біздің зерттеуіміз бойынша қожалардың әр атасы белгілі бір тарихи адамның ұрпағы болғандықтан сол атаның атымен аталады. Енді осы аталардың өз орнымен ұрпағын атап өтіп орнына қойсақ, мақсатқа жақындай түсеміз.

Осы жүйе бойынша қожаларды үш топқа бөлеміз:

1.Абу-Бакр әулеті-халифа Абу Бакр ас-Сыддық  (632-634) (Сыддықыйлар)

2. Омар әулеті – халифа Омар ибн Хаттаб ал-Фаруқ (634-644) (Умарилар)

3 . Али әулеті – халифа хазіреті Али ибн абу Талиб (656-661) (Алидилер)

Бүгінгі күні Қазақстанда Қожалар деп аталып жүрген әулеттер:

Бірінші: Алланың Расулының немере інісі Хазіреті Алидің екі ұлы, Хусейннің ұрпағы – Сейт қожалар.

Сайид ата әулеті -Қыдырқожа мен Шұбар атты Мәлім сейттер, Қаңлы сейттер.

Қыдырқожа – негізінен Оңтүстік Қазақстанда, аз әулет Қарағанды мен Теміртауды мекен еткен. Шұбар атты Мәлім сейттер Сырдың төменгі ағысы – Қызыл орда, Аралда арғы шеті Ақмола – Омск – Қарқаралы – Талдықорған – Жаркент – Сары бел арғы жағы Жарқожа әулеті Қытайда. Жаркент маңында Жәдігер әулеті, Андреевка, Үш Аралдағы қожалар Шұбар аттылар. Қаңлы сейттер негізінен Өзбекстанда, Шымкентте біраз үй бар.

Хазіреті Хасанның ұрпағы шарифтер, Ховандық қожалар Ташкент қаласында біраз үй бар.

Бұрханиддин қылыш әулеті-Ахмад Косани  (Мақтум Ағзам)  – Саблут қожалар – Тұрсынқожа, Ұланқожа, Жиенқожа, Қалдарқожа, Шәмшіқожа,

Қылышты қожалар,Тұрсынқожа әулетінен Назарқожа-Киік сауған қожалар мен Қоңырүйлі қожалар Ақтау, Маңғыстау, Атырауда, азда болса Ақтөбе мен Батыс Қазақстанда бар. Ұланқожа әулеті Әулие атадан бастап Шығыс Қазақстан, Балқаш маңы, Баршатас, Шұбар тау, Аягөз, Мақаншыға дейін алып жатыр

Жалалиддин ұрпағы Са-қожалар-Бұл әулет негізінен Жетісайда тұрады. Гидуандық қожалар – Оңтүстік Қазақстанда.   Жуйбарлық қожалар Сарыағаш ауданы көлемінде жасап жатыр.

Хазіреті Алидің Ханафия анамыздан туған ұлы, Мұхаммад Ханафия – ұрпағы Абд ул-Жалил баб, Исхақ баб, Абдрахим баб.

 Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.

Хорасан қожалар – Қызылорда, Шымкент, Түркістан маңында шоғырланған. Қазақстанда Кіші жүздің негізгі бөлігі Хорасан қожаларды пір тутынған.

Нияз қожа балалары – Қара баулық, Тіркіс, Мәшрап, Беглер болып төртке бөлінеді. Бұл әулет негізінен Сарыағаш маңында, Өзбекстанда Сексен ата маңында тұрып жатыр.

Мәді (Маһди) – Диуана қожа ұрпақтары

Қожжан қожа, Қылыш қожа, Пірзада қожа, Бақ-Мұхаммед қожа

Қожакәлен қожа, Заман қожа, Сүлеймен қожа, Қылует қожа, Нияз қожа, Болат қожа, Қажымұхаммед (Әжіқожа), Бақмұхаммед қожа, Сайдмұхаммед қожа (Ерсейітпембет). Астана, Ақмола облысы Баянауыл, Екібастұз,Ақ көл жайылма, Павлодар облысында тұрады.

2.Қылышқожа  – Медетқожа, Жиенқожа, Нұрымқожа, Қыдыр қожа, Ер Көшек қожа, Дәуіт қожа, Смайл Әздер, Жақып қожа, Әуезбек қожа, Бақмұхаммед қожа (Бабақожа).

3.Пірзадақожа – Олжабай қожа, Оспан қожа, Қожаһарер, Қожамұхаммед (Каметек), Уәлі қожа, Мамбет қожа, Кедей қожа. Қылышты қожалар мен Пірзада көбіне бірге жүреді.Арғын ішінде Бәсентин-атасының ата пірі болған Әжібайқожа әулеті Павлодар маңында. Мүткенов аулында.

4. Бақ-Мұхаммед қожа – Якубқұрбан қожа, Нұржан қожа, Ер Қалмұхаммед қожа (Жалаңаяқ Әздер әулие), Дербісәлі қожа.Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысында шоғырланған.Бірлі-екілі Имамдық жолымен Арғын Қыпшақ ішіне шыққан бар.

«Мәді(Маһди)-Диуана қожа»   қоғамдық қоры Қызылорда қаласы,  2015 жылғы 22 наурыз.

Исхақ баб-Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.

Ақ қорғандық қожалар- Үсен Шайық, Қарашайық, Оқшатайлық, Бұрхан Шайық, Ибрахим Қауғани аталар – 5 ата – негізінен Қызылорда облысында;

Бақшайыш қожадан – Кіші жүз ішінде Мүсірәлі әулеті бар.Қытайда – Сарғалтақ қожа әулетінен Жәміш бабаның Асқар, Запран әулеті тұрады.

Қытайдың Алтай бетіндегі Мүһаммад Момын әулетінің негізі әлі табылған жоқ.Түбі Әзілхан ешанға қарап ойысуы мүмкін. Зерттеу керек.

Абд Рахым Бабтың ұрпағы – Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Құланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.

Қарахандыққожалар өте қатты қысым көріп бытырап кеткен-арғы шеті Самарханд, Ташкент маңында, Қазақстанда Шымкент, Түркістан, Қызылорда маңында шоғырланған.

 Құланбастыққожалар – Өзбекстанда Сексен ата маңында,Шымкентке келіп орналасып қалғандары көбірек. Ақ көлдік және Зергер қожалар – Негізінен Сарыағашта, Шымкентте.

Екінші:  Әбу Бәкр Сыддықтың ұрпағы – Сунақ қожалар және Шәмші қожалар мен Қылауыз қожалар. Бұл әулет-Түркістан – Бабай-Шорнақ және Қызылорда облысында. Өзбекстанда көпшілік болып тұрады.

Үшінші: Хазіреті Омардың әулеті, Қырықсадақ қожалар, Шайхантауыр қожалар және Бабайлық (Шет) қожалар. Соңғы кезде Түлкібас ауданындағы Пістелі, Абай ауылдарында тұратын  Нақкөз деп аталатын қожа тобы өздерін Шайх Хованд Тахурдың әулеті деп атайды дейді.Әзірше байланыс жоқ.

Қырықсадақ қожалар – Жаңа қорғанда Шымкент, Бадам, Қызыл көпір, Өзбекстанда Бектемірде Қожа Махаласында тұрады.

Шайхантауырқожалар Жамбыл облысы Жуалы ауданы Тасбастау,Тәріқорған,маңына шоғырланған. Бегім шайх әулеті Ақ көл Жайылма маңында Тоқтылы ауылында тұрған. Нақты байланыс жоқ, ізіне түсе алмадым.

Өзбек тілді қожалар Сайрам, Шымкент, Қара бұлақ-Алишер Навоий-т.б. елді мекендерде тұрады.

Шежіреде толық зерттелмегені – Жаңақорғандағы Қылыштық ожалар,Оңтүстік қазақстандағы Қыдырқожа, Алтайдағы Түрікпен қожалар, Қызылордада Мағзаман қожа әулеті мен Батыс Қазақстандағы қожалар, Солтүстік Қазақстандағы қожалармен байланысқа шыға алмадық.

Айтпақшы, Шежіре шығысымен көп жерден қосылмай қалған қожалар және шежіреде кеткен қателіктер түгенделіп, кітапқа кірмей қалған әулеттер келіп қосылып жатыр.

Сондықтан өтініш – кімде қандай мәлімет болса, бізден кеткен қателік болса хабарласып анығын ашып айтсаңыздар, рахметтен басқа айтарымыз жоқ.

Кешегі зұлмат заманда өз тегін жасырып қалған азаматтар ел ішінде баршылық. Әсіресе Партия-совет қызметінде болғандар көбіне өз тегін айта алмады, мүмкін болса сол әзіздер тұралы хабар болса хабарласыңыздар.

Құрметпен Сейт-омар Саттарұлы

ШЕЖІРЕГЕ ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ МӘЛІМЕТТІ СЕЙІТ-ОМАР САТТАРҰЛЫМЕН ХАБАРЛАСЫП БІЛУГЕ БОЛАДЫ.

ТЕЛ.: 8-702-146-62-45

Сондай-ақ, оқыңыз

Әулет туралы әңгіме

Қалқаман. Ол Айымғазы шаңырағының ең кенжесі. Алла таңдайына жырдың балын тамызып, киелі сөздің көш керуенінде …

25 Пікір

  1. Шолпан

    Сəлеметсіз бе, Қырсадаққожамын. Қырсадаққожаларда өз ішінде атаға бөлінеді. Сол туралы ақпарат білгім келеді. Сарыағаш өңірінде тұрамыз.

  2. Амантай

    Мен сейіт қожа едім

  3. Сауле

    Салематсыз ба? Мен-Кылышты Кожанын кызымын. Тегим-Сейдахметова, негизи Кенес Укимети кезинде кате жазылган деген ойдамын. Менин ойымша, улы атамнын есими Сейит-Ахмет болган. Атам-Баттал Улы Отан согысында Тула каласында каза болган.Акем-Сейтбектти жас кезинде олтирип кеткен. Акеден уш бала калдык: еки кыз бала-Бибисара жане мен-Сауле, бир ер бала-Серикбай.

  4. Базар қожа туралы қандай мәліметтеріңіз бар?

  5. дархан

    Салеметсиздер! Мен Саякыптан тараган Дауит кожамын. Аягоз ониринин Акшаули деген елди мекенинен. Мумкиндик болса шежиренин толык нускасында барма соны билип беринизши. Нагашыларымыз Тас кожа.

  6. Саламатсызба! Менің атам Хисар кедей қожа, əкесі кедей қожа анасы мырза қожа болған. Сіз жазған шежіреден кедей қожаны көркп отырмын ал мырза қожа жаилы жазылмаған. Негізі кедей қожа мен мырза қожа бір туған деп естідім, сол жайлы тереңірек білсем деп едім.

    • Салематсызба Быздер Бабажаннан тараймыз онын акесы мырза кожа деды ал Актауда шежыре жазып журген ага сендер кедей кожалда тарайсындар деиды 87782488020

  7. Берекет Қожа

    Айгүл Уайсова ханым, мына жазбаларыңызда «Бақшайыш қожадан – Кіші жүз ішінде Мүсірәлі әулеті бар.»-деп жазыпсыздар, мен сол Мүсірәлі бабаның 10-шы ұрпағымын, біріншіден Мүсірәлі кіші жүз ішінде емес уақытысында Әз Тәуке Ханның кезінде, есімдері Алты Алашқа мәлім Үш Биіміздің қатысуымен Үш Жүздің Пірі сайланған, екіншіден Бақшайыш Қожа болек Мүсірәлі қожаның тегі болек, мен өз 7 атамды білемін және ата бабаларым өз 7 атасын шыққан тегін білген (өз қалауыммен жазылған емес, ата бабаларымнан қалған көне қол жазба мен дерек жәдігерлер). Мен бұл әңгімеммен ана Қожа мына Қожадан текті дегеннен аулақпын, өкінішке орай қазыр өздерін Өлкетанушы (қобісі) санап жүргендер басымдықты өз жақындықтарына бұрмалайды. Әшірбек ағамыздың осы бағытта ізденіс жұмыстарын жүргізіп жатқанынан хабардармыз, Еңбегіне жеміс тілейміз !

    • Саламатсыз ба! Сайттың мақсаты да осы əулеттердің тарих – дерегін жинақтап оны тануға мүмкіндік ашу. Бұл тек оқырмандарымызбен қатар зерттеуші ғалымдар мен шежіреші- өлкетанушылар үшін де маңызды деп есептейміз. Қолда бар деректеріңіздің ғылыми айналымға түсуін қаласаңыз жолдауыңызға болады. Мұндай мəліметтер еңбектерін насихаттап жүрген зерттеушілеріміз үшін тың дерек көзі болады деп ойлаймыз.

      • Берекет Қожа

        Үлкен рахмет, Сізге әулет үлкендеріммен ақылдасып көрейін. Егер келіссе қандай мекен жайға хабарласа аламыз !?

      • Берекет Қожа

        Үлкен рахмет, Сізге әулет үлкендеріммен ақылдасып көрейін. Егер келіссе қандай мекен жайға хабарласа аламыз, немесе тел. !?

    • Талғат

      Ассалаумагалейкум! Мен сопы қожа Мүсірәлі ұрпағымын. Берекет қожаның айтқанына қосыламын. Мүсірәлі қожа тарихы зерттеуді қажет етеді. Осы бағытта жұмыс жасап жатқан үлкендеріміз бар. Берекет қожа сізбен қалай хабарласуға болады. Екеуіміз туысқан екенбіз. Мүмкіндік болса мына телефонға хабарлассаңыз 87015663215.

  8. Құралай

    Тоқтар қожа туралы білсек дейміз, оның балалары Нұржігіт пен Байжігіт туралы

  9. Куанышбайхожа

    Құрметті Айгүл Уайсова ханым. Мен Бахшайс бабамнын шежіресіне қосымша болар деп әкемниің маған жазып берген Ата тегімди жазып отырмын. Мен 16-шы ұрпағымын Ба Камал Шайх 1.Бахшайс 2.Мауленберді Әзиз. 3.Аллаберді Әзиз ұлдары Рахимқұлы Әзиз інісі. Тікеш Шайх. Қалган бесеуі. Хийуада мархұм болған 4.Рахимкулы Әзиз. 5.Өтеш Әзиз. ұлдары Хазіреті Шайх Хожахан Әзиз Мырзахан Азиз Сайдхан Азиз 6 Хазірети Шайх Хожахан Әзиз 7. Шайх Аттар Шайх ұлдары Саламатбаба Нұрым Әзиз Темірхожа Әзиз 8. Нұрым Әзиз ұлдары Сарыхожа Әзиз Қосымхожа Әзиз Құтанхожа Әзиз. 9 Сарыхожа Әзиз 10. Абдіқадыр Әзиз ұлдары Мұстафа Әзиз АбдіГаббарӘзиз Рахметуллах Әзиз АбдіСаттарӘзиз. АбдиМаннафӘзиз АбдулФаттахӘзиз 11.МұстафаӘзиз 12. АбдиМаннафӘзиз 13.ФайзуллахожаӘзиз. ұлдары Марфетуллах Инаятуллах. Хидаятуллах Низаматдиин Фурханатдиин хажы 14.Хидаятуллах 15.Төрежанхожа ұлдары. Тажетдиинхожа. Жолдасбайхожа. Аминбайхожа. Қуанышбайхожа. Санадилхожа 16.Қуанышбайхожа. ұлдарым – Мирходжа Джамилхожа. Нурходжа. Байрамхожа. Сіздерге АЛЛА разы болсын: телефон- 8778 573 97 63. Қуанышбайхожа

  10. Құралай! Әркімнің өз шежересін білуге хақысы бар. Сенің айтып, іздеп отырғаныңа көп рахмет.Біз көпшілік қожалар кешегі «Қожа мен молданы,қойдай қу қамшы мен» деген саясаттың құрбаны болып кеттік. Енді ізденіп өз тегін тапқысы келетіндерге жол ашық. Бірақ ерінбейтін, жалықпайтын табанды,тұрақты,ожданды азаматтық керек. Бір ауыз сөз бен барлығы еш уақытта шешілмейді.
    Бір атаның баласын түгелдеп,анықтап алғанша бес алты жылға дейінде созылып кетеді. Бірақ түбінде шикілік болмаса барлығыда табылып жатыр.

  11. Қуанышбай-сен айтып отырған Тікеш шайх Мүсірәлі сопы әзіздің әкесі – Бақшайышқожаның ұрпағы. Ақтөбе маңында өмір сүрген Бақшайыш бабаның бір ұрпағы сол маңда қалған. Өскен-өнген,көбейген Қазақ халқының ішінде мыйдай араласын кеткен қожалар осы халық не көрсе барлығын бірге көрген. Мүсірәлі есейген шағында оқуға кетіп, Кіші жүздің ішіне сіңіп кеткен. Соңғы жылдары бул мәселе көп талқыланып ақыр соңында «Мүсірәлі сопы әзіз» атты кітап шықты.Соны мен бул мәселе шешілді деп отырмыз. Бырақ әр кімнің өз ойын, пікірін айтуға хақысы бар. Бірақ тарихқа, ата-текке,құжатқа теріс пікір айтуға еш кімнің ихақысы жоқ деп ойлаймын. Қожалардың қолында шежере, ата-тек тарихы бар. Кешегі аламан-тасырда көп дүнинені жоғалтып алдық.Жұрнағы қолда бар. Біз сол жүйемен жұмыс істеп келе жатырмыз. Саған ұрпақ атынан үлкен рахмет.Біздің қолымызда Тікеш шайхтың аты болғаны мен қай жерде болғаны жоқ еді. Жалпы Түркстаннан жоғары Ташкент маңына дейінгі жерде Тікеш шайықтың бір баласы ғана аталады. Жалпы БЬақшайыш әулеті қожалар ішінде ең көп тараған әулет болып саналады.

  12. Жұмағазы

    Саржанов Темірғазы деген ағамыз, өз естелігінде:»Кенесары ханның Сыздығының/Сыдық/ баласы Жүнісбекпен біздің атамыз Есенкелді төре бажа болған. Олар Шу өңірінің қожасының қызына үйленген » деп жазады. Әжеміздің есімі- Бәткен. Ол кісі, 1930 жылдары қайтыс болған. Бұл кісілер Кенесары заманында Ұлы тау мен Жыланшық өзені бойында көшіп,қонып жүрген. Білетіндер болса хабарласса дейміз? Жұмағазы. тел:87011339807.

  13. Болат Нұрқожаев Қызылорда Хорасан Ата көшесі

    Мырзастағы жыраулар мектебін ашушы,әйгілілі Нұртуған Кенжеғұлұлы ақынның ұстазы Сұлтан Рахымовпен менің атам Ералы қожаның арабша хат жазысуының аудармасы.Арал ауданы Ақшатау елді мекені.Хат 1932-35 жылдары жазылған.Ол кезде Сұлтан Рахымов қудалауда жүрген,Әкімұлы Ералы балық колхозының басқарма төрағасы болып жұмыс атқарған.Сұлтан Рахымов 1937 23 қарашада 69 жасында үштіктің қаулысымен атылып кеткен.Сөз тыңда ,Сұлтан аға сәлем хаттан,
    Мүддіғам кеуілін алмақ үлкен қарттан.
    Қатардан артық туған аға едің,
    Халыққа атың шығып,топтан озған.
    Халқыңа лауазымың болған мәшхір,
    Хан құсап ,келе жатқан түспей тақтан.
    Жаралып дүниеге келгеннен соң,
    Адамзат пайдаланбақ мәпағаттан.
    Ағаға іні сәлем беретұғын,
    Үлгі сол бұрынғыдан келе жатқан.
    Ініңнің біреуі едім сол сықылды,
    Секілді жақынырақ бөтен жақтан.
    Кешегі өткен айдың аяғында,
    Қайтыпсың көре алмадым,келіп сырттан.
    Алдырып аңдаусызда аяғымнан,
    Отырмын құтыла алмай мен ұяттан,
    Жұмысы үкіметтің мұрса бермей,
    Қолмды босатпады қаққан шоттан.
    Көпшілік қолым тимей,назар салман,
    Мен аға ,босамадым халайықтан.
    Мәнісін Нағыметтен естіген соң,
    Деп айттым,ай ақымақ,Құдай қаққан.
    Кеуіліңді қайтқан көлдей жабырқатқан,
    Қош келіп,босқа кетті дегеннен соң,
    Менің де кеуілімді жабырқатқан.
    Болған соң,ақылдан бос,кеуілі қош,
    Қай уақытта жұмысы бітпейт ақымақтан.
    Назарың төмен қарап кетті ғой деп,
    Қысылып інің қатты қайбырытқан.
    Сұраймын ұятымды кешіргей деп,
    Өткіздік бір жұмысты надандықтан.
    Хат жолдап соның үшін қалам ұстап,
    Қағазбен інің Сізді шақырытқан.
    Қолыңа үшбу хатым барған сағат,
    Қайтыңыз шай-су ішіп,біздің жақтан.
    Алдынан келініңнің қызмет көріп,
    Дұрыс қой дастарханнан тағам татқан.
    Айтысып бір-біріге рахмет,
    Деп едім көріп шықсын шаңырақтан.
    Ауылға аттанарсың сонан кейін,
    Жеңгейге апарарсың шәй мен қанттан.
    Осылай өтінішпен сәлем жазып,
    Бұл інің сөз аяғын тамамдатқан.

    Қожаға дұғай сәлем Пір баласы,
    Кетпегей пірдің бізге пад дұғасы.
    Қожаның ұсағынан сақтан деген,
    Оңдырмайт бола қалса зар наласы.
    Арғы атаң Әзиз,құл Сүлеймен,
    Ол қожаң Қорасандық Ақ Алласы.
    Бір бала сол әулетте келе қалса,
    Қазақтың жүгіруші еді хан,қарасы.
    Атамыз атаңызбен жаран екен,
    Мүритім-деп ,кеткен екен ықыласы.
    Ол күнде бір біріне қәдір қандай,
    Қайтпаған өлгенінше радасы.
    Өсиет әкем маған айтып еді,
    Қожаның мойыныңда деп,ақысы.
    Туғанда ауырулы көп болыппын,
    Ит тиме жас баланың қара құсы.
    Бір күні көзім тұтып,көрмей қалып,
    Ұқсаған сол мезгілде түннің іші.
    Баласы қолындағы ауырған соң,
    Болмай а ата-ананың көп қайғысы.
    Сол түнде ,ол қожаға ат шаптырып,
    Әкімді алып келді барған кісі.
    Ол келіп,бет алдыма бір дем салып,
    Бұл көздің жанған екен шамшырағы.
    Азырақ ұйықтап тұрып және айтыпты,
    Ұзақ деп бұл баланы өмір жасы.
    Сендерге бір жақсылық қыла алмадым,
    Ағаңның кеуліндегі мүддіғасы.
    Ол жерге себеппенен көрініп ем,
    Қартыңның өз басында жоқ жұмысы.
    Ағасы Қалампырдың қызын алған,
    Нағымет біздің үйдің тел құдасы.
    Қалампыр оған жағдай айтқан екен,
    Балдардың жыртылды деп жең –жағасы.
    Қолыма тауар келсе көрермін деп,
    Азырақ болған екен ішарасы.
    Тез барып,Нағыметтен алып кел деп,
    Мені де отырғызбады үйдің іші.
    Сол үшін атқа мініп барып едім,
    Дүкеннің толық екен іші ,тысы.
    Ішіне сәлем беріп кіріп едім,
    Қазақтың естіртмейді даң дамасы.
    Сәкіні балықшы алып қойған екен,
    Ол жайдың маған тиді бір қуысы.
    Сол жерде демімді алып,көп отырдым,
    Менімен еш адамның болмады ісі.
    Біреуі неғып жүрсің деп айтпады,
    Адамның болмаған соң құрбыласы.
    Көптен соң екеуіне назар салдым,
    Адамның ашылған соң шекарасы.
    Бетіне Нағыметтің көп қарадым,
    Ойында тұрғанды деп уағыдасы.
    Жол болсын ол да менен сұрамады,
    Одырдың бола берді шал жаласы.
    Болады құда –құлаң,тамыр тағы,
    Адамның жүргенінде кеміп пәсі.
    Деген бар халыққа жаққан ханға жақпайт,
    Жігітке қиын болды істің басы.
    Алаңдап жан жағыма қарап тұрсам,
    Мырзастан барған екен бір балықшы.
    Үш қалта Іскендірден сұрап алып,
    Сыймады қойынына ағаң қуанышы.
    Қай мезгіл болды екен деп тысқа шықсам,
    Өтіпті намаздігердің ол қазасы.
    Күн бата сол арадан атқа міндім,
    Бос жүріс болмаған соң,еш мазасы.
    Беймезгіл мекемеде қол жаймадым,
    Айтылмат Таманға да кеуіл қошы.
    Ел жата өлейін деп үйге келдім,
    Ауыздың қиын болды оразасы.
    Адамның жақсы білет неден пәсін,
    Жақсының көтер Алла мәртебесін.
    Қолынан келініңнің шәйін іш деп,
    Қайт депсің көріп біздің оттың басын.
    Оқ жонат ата көрген деген мақал,
    Сен кел деп,қарт ағаңды шакырғасын.
    Кәріге қарға адым жер мұң болады,
    Кеуілің ренжиді –аубармаған соң.
    Еңкеңдеп ел қыдыру ұят болат,
    Алпысты елу асып жасаған соң,
    Ол үйге еңбектесем де жету керек,
    Тәбәрік,пірдің көру босағасын.
    Бір күні сүйретіліп бара қалсам,
    Жұмыспен өзің үйде жоқ боласың.
    Уақытың түс пе,кеш пе,біле алмадым,
    Және де айтпаған соң ,күн шамасын.
    Келінді өмірімде көргенім жоқ,
    Сыйламайт кімде болса танымасын.
    Сен кетсең от басыңа баяндап қой,
    Ағаңның кемітпесін жары жасын.
    Азырақ бір жеріне тоқталамын,
    Жеңгейге шәй-су алып бар дегесін.
    Орынсыз нәпсі залым жетелейді,
    Еңбексіз пайдаланып дәндегенсін.
    Адамға ақымақ деп,халық күледі,
    Өзінің қисық ісін жөн дегенсін.
    Аш болып ,ашып жүрсе де бар денесін.
    Барсам да ,бармасам да Алла риза,
    Ағаңның көкке жеткіздің сен төбесін.
    Айтуға қайта-қайта неғыламын,
    Тоғарат осы арадан қарт кеңесін.
    Ағаның қолыма алдым бұл намасын,
    Ақтарған қияли сөздің қазынасын.
    Сайраған сахарада сандуғашым,
    Ол неге сөз таппасын сайрағансын.
    Сөз айтып арғы атамнан түрлі әңгіме,
    Шын жүйрік іздеп отыр өз жолдасын.
    О,дарих ол уақыт қандай әсем,
    Көк тепсең жайлаушы еді көл жағасын.
    Бар болса қайда жақсы қадыр тұтып,
    Дос болып іздейші еді ,ел ағасын.
    Салқында сарша тамыз сайран етіп,
    Шалқытып сахараның ой даласын.
    Салқын үй ,сапырулы қымыз даяр,
    Самал да,киіз,кілем жайылғасын.
    Самауырын қайнаулы шәй,қазанда ет,
    Күйзеліп неге керек табылғасын.
    Мал сойып ,үрмет қылып ,қызмет көріп,
    Ішіп ,жеп қайтушы еді сыбағасын.
    Бүгінде ол уақыттай кеуіл қайда,
    Қайтейін ,тапшы кеуіл тарылғасын.
    Құдаға,Нағыметтей жағдай айтып,
    Қалампыр айтқан болса арызасын.
    Сіз мында сол туралы кеп пе едің,
    Қалампыр қызметке бұйырғасын.
    Ол сіздің өкпелеуің тіптен дұрыс,
    Нағымет айтпаған соң арымасын.
    Ойлаймын ойсыздықпен білмеген деп,
    Болмаса ойламай ма қариясын.
    Ұятқа бәрімізде шерік болдық,
    Көп тұрып,дүкенінен құр қайтқасын.
    Сол үшін өз орнына қағаз жолдап,
    Ініңнің айтқан еді ,жәй шамасын.
    Айтыпсың күн мезгілін айтпадың деп,
    Айтып ем ғой,тез келсін деп хат алғансын.
    Өз жайың өзіңізге мағұлым ғой,
    Қай уақытта келу керек шақырғансын.
    Келінді өмірімде көрмедім деп,
    Несіне ол арадан айбынасың.
    Жаттық жоқ жақсыларда деген қайда,
    Ол неге өз адамын танымасын.
    Келінің тәуір болса жеңгедей деп,
    Бұрынғы айтқан жоқ па мақаласын.
    Үстіне жас адамның бару қиын,
    Деп соны былайынша ой қыласың.
    Дегенмен ағаң шыққан шаңырақ қой,
    Әрине көру керек қой ,босағасын.
    Ініңнің ордасына келгеннен соң,
    Жұмыстан қайдан білдің босамасын.
    Ол рас танымасын сыйламайды,
    Еш пікір кеуілінде болмағансын.
    Көнеден келе жатқан дуалы ер,
    Келінің көрсем дейді қайынағасын.
    Сіз келіп біздің үйге тізе бүксең,
    Үлкен қарт берер ме дейді ,патиясын.
    Шөліркеп жапан түзде отырғандай,
    Келіннің алақаны құр болмасын.
    Сол үшін дұғаңыздан дәметеміз,
    Бұл пікір шын айтылған бір сыр болсын.
    Ат мініп,шапан жауып киіп қайтпасаң да,
    Ініңнің ішіп жеп қайт ,бар жармасын.
    Келерсіз арғы күні түстен кейін,
    Үшбу хат қолыңызға барғаннан соң.
    Күн батып ,намазшамды қарлықтырып,
    Келіңіз сол шамада кеш батқансын.
    Бұл күнде адам жаман байқамасаң,
    Айтамын тек,өзіңе дос болғансын.
    Бетке кеп ақымақтар айта салат,
    Қайраты заты жұртқа тарағансын.
    Досың аз бұл заманда дұшпаның көп,
    Осы сыр бөтен жаққа шашылмасын.
    Күтеміз келгеніңді арғы күні,
    Күн кіріп ,ұясына басылғасын.
    Болса да,сыртта жұмыс үйде болам,
    Сіз бермен қаратқанда аттың басын.
    Жетуге ақшатауға ықыластанып,
    Жануар мінген атың қадамдасын.
    Салтанат шаттықпенен қауышқай деп,
    Осы жерден інің сөзін тамамдасын.

  14. сабылт кожа

    Ассаламуалейкум жамағат, мен өзим сұрагым келгені оз тегім жайлы ақпаратым жоқ. Баяғы кішкентай кезімнен әкем айтатын «сабылт қожа шахбузрук» дейтін және де аспанда ұшкан қожа дейтін. Енді сұрағым келгені, кім не біледі. Сабылт қожалар жайлы айта кетсеңіз. Алғысым шексіз!

  15. Жəнібек

    Бүгінде Мүсірəлі сопы əзиздің ата-тегіне қатысты əр түрлі ой-пікірлердің орын алуына байланысты, оның нақты нүктесі қойылмай тұр. Біреулер оны Бақшайыш қожа əулетінен таратып Тікеш шайхтан туғызса, келесі топ Əбубəкір Сыдықтың əулетінен шыққан деген тұжырымды негізге алады. Бұл екі əулетке жатқызбайтындар да бар. Сонда Мүсірəлі Жəдіктің, əлде Тікеш шайхтың ұлы ма деген заңды сұрақ туады? Қожалар шежіресін жинақтаумен айналысып жүрген Сейітомар ақсақал Мүсірəлі сопы əзіз кітабында пірді Тікеш шайхтан туғызса, Сансызбай Құрбан қожа ұлының мақаласында Əбубəкір Сыдықтан тарайды делінген. Ал осындағы пікір қалдырушы авторлардың бірі Берекет қожа өзінің Мүсірəлі əулетінен тарайтынын айта келе, Бақшайыш қожа əулетіне жатпайтынын алға тартады. Жалпы Əз Тəуке ханнан кейін ел тізгінін ұстаған Қайып хан Хұсырауұлымен бірге Мүсірəлі сопы əзиз Ресеймен арада хат жазысып, хат соңына өзінің жеке мөрін басқан. Бүгінде Ресей мұрағатындағы осы хаттың араб қарпімен жазылған түпнұсқасы табылып, хат соңына басылған мөрдегі жазу оқылар болса, Мүсірəлі пірдің əкесінің нақты есімі анықталар еді. Себебі, мұрағатта сақталған XVIII ғасырдағы тарихи тұлғалардың (хан, сұлтан, би, батыр, қожа) хат соңына басқан мөрлерінде міндетті түрде өзі мен əкесінің есімі, лауазымы жазылатын. Екіншіден, Мүсірəліні Бақшайыш қожа əулетінен тарайды дегенге иланғымыз келгенімен, орыс мұрағатына түскен осы əулет ұрпақтарының шежіресі Хорасан қожа əулетінен таратылған. Үшіншіден, Мүсірəлінің шөбересіне қатысты мұрағат дерегінде қазақ сұлтандары оны қарақалпақтан шыққан деп жазады. Сайып келгенде, мұның барлығы Мүсірəлі əулетінің шығу тегін ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып екенін айқындай түседі. Осы орайда көрнекті ғалым Досай Кенжетайдың қожалар əулетін ғылыми тұрғыдан зерттеу керек деген пікірі өте орынды. Төртіншіден, Мүсірəлі сопы əзіз Хорасан əулетіне жататын Мырза қожа əулетімен осы əулеттің жақындығы бар секілді. Əлі де анықтау қажет. Бесіншіден, Қызылорда облысына қарасты ауылдарда əлі күнге дейін ұрпақтарының қолында қолжазба күйінде сақталып келе жатқанымен толықтай тəржімаланып ғылыми айналымға түспеген шежірелердің бірнеше нұсқаларының бар екенін естиміз. Міне, осы шежірелерді кəсіби мамандар аударып, жарыққа шығарса қожалар əулетіндегі ақтаңдақ беттер анықтала түсер еді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған