Басқы бет / Ғақлиат / Замандар үндестігі

Замандар үндестігі

«Насихат әңгіме әрдайым заманында мекенінде белгіленбеген жалпылма суретте болғаны дұрыс. Себебі күнә жасалмаған заман, күнә істелмеген мекен болмаған. Нәтижесінде діндәр күнә жайында әңгіме айтып, сол күнәні істеген адамның кім екенін айтпаса, оның әңгімесі кез келген  заманмен кез келген мекенді білдіреді. Бұл пайғамбарымыздың барлық қателік жасаушыларға көрсеткен жолы».  Хадис

  «Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Х.з. Әлиге: «Сенің дәнекеріңмен бір адамның мұсылман болуы, сен үшін дүниеден және дүниедегі барлық нәрседен де қайырлы болады».   Хадис

    Әрбір қоғам Алланың қалауымен, өркендеуіне не өмір сақынасынан кетуіне мүмкіндіктерді өздері іске асырған амалдарымен себепкер болады. Кешегі біздің барлық саналы өмірімізді өткізген кеңестік үкіметтің ұстаған ұстанымы мен көтерген ұранында адамзаттың мүддесіне кереқар келетін үрдіс жоқ деседе болады. Себебі ұраны: «Бәрі адам үшін, адамның игілігі үшін» болды. Осы бағытта жұмыстар атқарылды. Бірақ, осы алдына бағдаршам ғып қойған мақсаттың, өмір жүзінде іске асыруда істелінген іс шараның барлығы бір «көсемнің» шешімі мен күш қолданылып атқарылды. Бұданда сорақысы адамның діни сеніміне селкеу түсіріп, «дін апиын», осы өмірден басқа тіршілік жоқ, Алланың барлығын, бірлігін, оның елшісін, Алланың кәләмін, өлгеннен соң қайта тірілу сияқты діннің негізгі сенімдерін теріске шығарды. Алланың ақ жолын ұстағандарды қуғындап, жазалады. Аллаһ адамды жердегі өкілі етіп жаратып, адал мен харамның, жақсының және жаманның ара жігін ажыратып білгізіп, сауап пен күнәні ажырататындай ақыл ес сана берді. Адамгершілік қағидаларын сақтап, дұрыс амалды іске асырушылардың екі өмірде марапатталатындығын, теріс қылықтарынан сұралып жауапкершілікке тартылатындығын пайғамбарлар жіберіп, пенделеріне жүйелі түрде үйретті. Бұл адам баласын өзінің басқан әрбір қадамына, іске асырыратын амалына жауапкешілікпен қарауды, күнәлі қадамнан бас тартып, сауапты іс шараларды ғана орындауға міндеттеді. Алайда дінсіз қоғамның идеологиясы пенденің ол дүниеге деген сенімін жоққа шығару мен бүгінгі күнменен ғана өмір сүріп, істеген теріс қылықтары осы өмірде әшкереленіп жауапқа тартылмаса, Аллаһ жоқ деумен, оның алдында ешқандай жауапкершілікте болмайындығын адам санасына сіңірді. Адамның он саусағы бірдей еместігіндей, ойлаған ойды жүзеге асырушылардың сана сезімі мен ақыл-парасатының деңгейі де әр түрлі. Біреуі, дұрыс бағыттағы амалдың дәл айтылған сәтте атқарылуы қоғамның негізі, халықтың сол мезгілдегі түсінік-түйсігін,талап тілегін, әлеуметтік ақуалын қанағаттандырама, әлде бір сәт уақыт оздырып, кешеуілдетіп, халықтың санасына орындалуға тиісті шараның тиімдімділігн сіңіріп, атқарылса деген дұрыс шешімді басшылыққа алса. Енді біреулері, «айтылды бітті, кестім үзілді» ұстаныммен көпшіліктің еркін ескермей, қорқыту-үркіту мен іске асырды. Күш  араласқан жерде зорлық пен зомбылықтан айналып өте алмайтындықтан бұл «жақсы бастама» санада халыққа қарсы бағытталған шара болып қалыптасты. Бұның мысалы: Негізгі идеясы социалистік (бәрі адам үшін), кеңестік қоғамның негізгі даму бағытын оның мүшелерінің ақыл кеңесінің негізінде іске асыру), барлық  адам, атқарған қызметі, меңгерген біліміне қарамай тең құқылы мемлекет құрылды. Келесі кезекте тең құқылы пенделер, меншіктің көлемі жағынан да бір деңгейде болу керек деген түсінік қалыптастырып, бай мен кедейдің әлеуметтік жағдайын теңестіру науқаны жүргізілді. Бұндағы алғы шарт, өндірілген мүлік оны өндіруге жұмсалған еңбектің көлеміне тікелей тәуелді, ал еңбектің негізгі иесі, қайнар көзі қарапайым халық. Кім өнім өндіруге тер төксе мүліктің негізгі иесі де сол. Осы идеяның негізінде, қолда бар байлықты, байлардан тартып алып, жан басына бөлу үрдісі іске асырылды. Кешегі үстем таптың, «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болған, «дуалы ауыз» аталғандардың ел арасындағы беделінен айрылуы іштей қан жылатса, қолындағы байлығынан айрылуы оданда үлен соққы болды. Бұл, құқықтық, мүліктік артықшылықтан бірдей айыру оның бұрынғы иелерінің қолына қару алып, жаңа құрлымға қарсы шығуына әкелді. Қарулы қақтығыс адам шығынсыз болмайтыны белгілі, бұл теке тіресте қақтығыстың шығуына себепкерлермен қоса, қосақ арасында кеткендер де көп болды. Кешегі сіңірі шыққан кедей, байлықтың дәмін татпаған, бүгін иелігіне жанын қинамай азына аулақ мал-мүлік тигеннен кейін, мүлікті таусылмастай көріп, оңды-солды жұмсап, не болмаса өз дәрежесінде күтім жасамай шығынға ұшыратып, малдан айрылды. Осы сәтте «кедейдің жаны, байдың малы тәтті» мақалы ойға оралады. Мүлікті халыққа жаппай таратудан қоғамға да, оның мүшелеріне де, ойлағандай пайда келіп, елдің әл ауқаты жақсармайтынын түсінген билік, өздері үлестірген байлықты (малды) қайтадан жинап, жекелеген адамдардың меншігіне емес, өнім өндіруді қосылып, бірігіп, атқаратын ұжымдық шаруашылықтың меншігіне «халық шаруашылығы» атымен топтас-тырды.Ұжымдық шаруашылық құру  негізінен дұрыс бағыт. Қандайда болсын үлкен істі атқаруға, қанша жан жақты болсада жекелеген отбасының ақыл ойы жеткенімен, мүмкіндігі, күш-қуаты жете бермейді. Сондықтан да ұжым болып бірігу өмірдің пенденің алдына қойған талабы. Бұл талап ерте ме кеш пе орын-далуы міндет. Онсыз алға басып, халықтың сұранысын орындау мүмкін емес. Міне осы өміршең өзгерісті нақтылы іс жүзіне асырғанда ел арасында түсіндіру жұмысы жүрмегендікттен, ұжымға мүшелікке кіру еркімен жүргізілмегендіктен көптеген қателіктер жіберілді. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген мағынада ұран тасталып, ақыры 1932 жылғы ашаршылықа ұласты. Бұлармен қоса үгіт, насиқатқа, идеологияға қатты көңіл аударылғанымен, уағыз оның тыңдаушының санасына жетіп, толық сендіретіндей дәрежеге жете алмады. Яғни, ел басқарғандар, заң талаптарының өз деңгейінде орындалуын іске асырушылар мен оны қадағалау жүктелген лауазым иелері, пара алуға, кісі ақысына қиянат жасауға, ортақ мүлікті өзінің   не басқаның пайдасына пайдалануына жол бермеуге жауапты бола тұра, заң  бұзушылыққа өздері барды, не жағдай жасады. Алайда олар ел алдында заң талаптарын орындау әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігін уағыздап, мәжіліс аяқталысымен қылмысты істерін жалғастыруды әдетке айналдырды. Халықты ізгі амалдарға тәрбиелеудегі атқарылған іс шара  діттеген мақсатқа жеткізетіндей дәрежеге көтерілмеді. Жас буынды адамгершілікке, теріс қылықтан қашық болуға тәрбиелейтін отбасы мен ұстаздар, теріс амалдарды істеуден қашық болыңдар дей тұра өздері істеме дегендерін шәкірттерінің, ұрпақтарының алдында ашықтан-ашық іске асырды. Арақ ішпе, темекі тартпа, ұрлық жасама, өтірік айтпа  дей тұра, аталған адами қасиетке жат қылықтарды өздері істеді. Көп жағдайда адам құқығы өз деңгейінде қорғалынбады, бұның ақыры халықтың наразылығына әкелді. Мемлекет құрушы ұлттар арасында аз ұлтардың тең құқылығы заңмен қорғалса да іс жүзінде теңсіздікке жол беріліп, аз ұлтың өкілдеріне жасырын сенімсіздікпен қарады. Аз ұлттан шыққан басшының оң қолы болып мемлекеттің негізін құрушы орыс ұлтының азаматтары мен азаматшалары жұмыс атқарып, барлық істің шешілуі солардың емеуріні айналасында болды. Аз ұлтан шыққан қызметкер басшы лауазымын атқарғанымен, арнайы қызметі оның  қоластындағы лауазым болса да, орыс текті қызметкерге жалтақтап, қаймығумен болды. Бұл жағдай мемлекет құрамындағы басқа ұлт өкілдерінің өкпе араздығына әкелді. Сөзбен істің қабыспауынан алға қойылған мақсаттың іске асу деңгейін төмендетуге әкелді. Аллааның ақ жолынан алшақтап, пенденің тіршілігінде істеген жақсы амалдары үшін марапатталып, теріс істеріне Аллаһтың алдында таңда мақшар күні есеп беретіндігі жоққа шығарылыуы, сөзбен істің алшақтығы, жалаң саясат, жауапкерсіздікке, өз құлқынан басқаны ойламайтын ұрпақты өсірді. Осындай іштен жеген жегі, сырттың көмегімен бір сәтте темір құрсау мен қоршалынған алынбас қамал саналған мемлекетті, түбі шіріген ағаштың өздігінен құлауы іспеттес құлатты.

     Асқан ойшыл Ханафи масқабының негізін салушы Абу Ханифаның мына бір ұлағаты ойға оралады. Абу Ханифаға, жұма уағызынан кейін бір құл келіп «Ұстаз сізден кішігірім бір өтінішім бар. Келесі жұмада құл азат етудің пайдасы, сауабы жайлы уағыз айтсаңыз» деп өтінеді. Мүмкін қожайынның көңілі жібіп өзін азат етер деп үміттенгеннен шығар. Абу Ханифа «Мақұл сенің дегенің болсын» деп келісімін бергеннен тек үшінші жұмада ғана   құлды азат ету және оның мән маңызы мен артықшылығы туралы тартымды да әсерлі уағыз айтады. Жұма хұфтасынан соң әлгі құлдың қожайыны келіп «Ұстаз куә болыңыз Аллаһ разылығы үшін құлымды азат еттім» дейді. Әбу Ханифа: «Аллаһ сізден разы  болсын,  ізгі амалыңызды сауаптан жазсын» деп бата береді. Бостандық алған құл имам Ағзамға келіп рахметін айтып, таңданыспен:«Ұстаз бір сұрағым бар, үш апта бұрын айтқан өтінішімді неге бүгін ғана орындадыңыз» деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: «Ол күні құл сатып алып, азат етуге жететін ақшам жоқ еді. Сол үшін екі апта бойы жұмыс істеп ақша жинадым. Базардан құл сатып алып оны азат еттім. Содан рухани жеңілдік пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл амалды өзім істемей тұрып басқаға айтсам, ешқендай әсері болмас еді» депті.

     Ал қазіргі кездегі адам тәрбие ісімен айналысатындардың әдеті, іске асыруға болмайтан амалдарды өздері елге уағыздаудан бұрында, кейінде жасай жүріп, ұялмай, қызармай, аузы-мұрны қисаймай, ел алдына шығып өзінің іс әрекетіне кере қайша өнеге-мән айтуды әдетке айналдырған. Әлбетте бұл іспеттес тәлім тәрбие көпшілікті жақсы істерге жетелеудің орнына, жамандыққа итермелейді. Өмірде адамның айқанын емес, атқарған амалын басшылыққа алу дұрыс деген түсінік қалыптасқан. Дінсіз күнәкәр билеуші, суға кетіп бара жатқан кісі іспеттес, сол сәтте есі жоғалтқандықтан көмекке келген адамның жүзу мүшелеріне жабысып, құтқарушыны өзімен бірге тұңғиыққа әкететіні іспеттес, күнәкәрлар да Аллаға шын берілігін тақуа жандарды жолдан тайдырып, өз қатарын көбейтуге құмар. Бұл тәрбиесіз нәпсі иелерінің, қатарымдағылардың бәрі тек қана мен сияқты не менен бір саты төмен болсын деген, қызғаншақтық, көре алмаушылығынан туындайтын сезім. Нәпсісін тәрбиелей алмаған ақылдың әлсіздігі. Осындай тақуаларды тура жолдан тайдыруды мақсат еткен күнәкәр басшылар әр заманда кездескен. Осының бір айғағы ретінде бірінен бірінің әдәуір уақыт айырмасына қарамай уақиғалары өте ұқсас болған екі жағдайды жамағат назарына ұсынып,  шарасыз жағдайдайға тап болған діндәр мен тақуаның зорлықшыл күнәкәрдің әрекетіне байланысты істеген іс амалдарының негізін жамағатқа ұсынудың артықшылығы жоқ па деген ниетпен  ойымды  қағаз бетіне түсірдім.

    Өткен заманда өмір сүрген дінсіз патша, діндар тақуаларды қонаққа шақырып, хараммен оның ішінде доңыздың етімен сыйлап, харамды жемеген адамның басын алуды әдетке айналдырған. Сол патшамен қатар өмір сүрген, елінің шынайы құрметіне бөленген тақуаны патша қонаққа шақырыпты. Қонағын хараммен сыйлап, оны жемегеннің басын алатынын білетін, тақуаны сыйлайтын патшаның асбасшысы тақуаға: «Сіз маған ешкінің етін әкеліп беріңіз, доңыздың етінің орнына соны пісіріп апарайын, әйтпесе доңыздың етін жемегеніңіз үшін патша сіздің басыңызды алады ғой» дейді. Тақуа, келіскендеріндей ешкі сойып етін патшаның қызметкеріне апарып береді. Патша тақуаны қонаққа шақырып, ет тартқанда қызметкері өзі айтқандай тақуаға ешкінің етін тартады. Бірақ тақуа ешкінің етінде жемейді. Қызметшінің: «Менің ешкінің етін пісіріп әкеліп бергеніме сенбедіңіз бе? Анығында сізге әкелінген ет халал ешкінің еті еді ғой, енді сіздің басыңызды алдырады ғой» дегене,тақуа «Әкелген ет ешкінің халал еті екенін де, сенің алдамағандығыңды да білдім. Бірақ ұрпағым, менің адал ешкінің етін жегенімді білмей, пәленше тақуа шейхте доңыздың етін жеді ғой, бізге де доңыздың етін жеуге болады ғой деген қате сенім қалыптаса ма деген қауіптен жемедім» депті. Міне ұрпағының болашағына аса зор жауапкершілікпен қарайтын бабаларымыздың мәртігі қандай жоғары, ұрпағы үшін жанында құрбан еткен. Бұл тақуаның өмір сүрген кезінде Аллаһтан ислам діні әлі келмеген де болар. Анығын Аллаһ біледі.

     Осыған ұқсас, кешегі құдайсыздар қоғамында өмір сүрген діндәрдің басына түскен жағдайда да еске алуға тұрарлық па деймін. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының бас кезінде, ауданындық мешіттің имамын мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері  жұмыс орнына шақырып: «арақ арам ба, адал ма» деп сұрапты. Ол заманда Қауіпсіздік комитеті шақырды десе-ақ шақырылған адамның зәресі қалмайтын. Себебі комитеттің қызметкерлеріне, жақтырмағандарына жоқтан барды кінәғып тағып, әсіресе «халық жауы» деген жаламен, соттату түкке тұрғысыз шаруа болатын. Олардың алдына барғандардың барлығы, үйіме қайтамын ба, әлде қолыма кісен салып түрмеге отырғыза ма деген үрейден, қашан боссың деп босатып, кеңседен ұзағанша арыла алмайтын. Имам, комитеттің жұмыскерінің сұрағына: «арақ адал» депті. Комитеттің қызметкері: «егер арақ арам болмаса іш» дегеніне, арақ құйылған ыдыстың ішіне, саусағын батырып жалапты деген кәуесет жерлестерінің арасында кеңінен тарады. Анығын Алла біледі Имамның осы амалы кейін әсіресе діннен хабары жоқ, жиырмасыншы жылдардан кейін өмір есігін ашқандардың арасында: «Имам пәленше айтты, арақ адал» деген түсініктің орнығуына себепші болып, арақ ішу кінә емес деген сенімді қалыптастырды. Кеңес үкіметі орнағанға дейін және бастапқы кезеңінде туған, діни сауаттылар, оның ішінде әкем арақ ішкендерге: «Шырақтарым, арақ харам, оны ішу үлкен күнә, ал оны адал деген адам діннен шығады. Себебі Алланың харам еткенін адал деу, Алланың айтқанын теріске шығару күпірлікке, діннен шығуға әкеледі, ішшеңде адал деме» дегенін талай естідім. Кейіндеу бірге өсіп, біте қайнаған досыма, «Арам  арақты ішуді неге қоймайсын» дегенімде «сен не білесін, арақты ауданның имамы пәленше-екең адал деп, араққа саусағын батырып арақ жұққан саусағын жалаған» деді. Мен «ол кісі қауіпсіздік комитетінің жұмыскерлерінің қаһарынан қорыққаннан айтса айтқан шығар. Не болмаса  оның басқа біз түсінбеген мән мағынасы бар болуы мүмкін. Мысалы: «Сенің күнделікті ішіп жейтін астарың су, сүт, айран, нан мен ет, құрт-ірімшік пен май таза тағамдар емес пе, осылардан қортылып тәнге сіңбегені артыңнан нәжәс болып сыртқа шығады. Адал заттан шыққанның бәрі адал болса соны неге жемейсін». Арақ, таза тағам бидайдан жасалды дегенді желеу қылып оны «адал» деу ешқандай ақылға сыймайды дегеніме сөз қайтара алмай тосылды. Әрине менің айтқан теңеуім тым анайылау болар, бірақ сол мезетте басқаша сыпайы сөзбен түсіндіргенге тоқтайтындай сыңайы жоқ еді, және басқаша ғылыми жолмен түсіндіруге білім деңгейім де жетіңкіремейтін.    Кейін  мешіттің имамдарымен халал-харам жөнінде сұбхаттасқанда, Имам «арақты адал» деген сөз ел арасында айтылады, бұл сөздің айтылған айтылмағанының анығын Алла біледі дегеніме: «Ол діндәр өте білімді адам екен, білімі Оған, құдайсыздардың қиянатынан қорған болған. Исламнің алғашқы тарала бастаған кезін есіңізге түсіріңізші. Дінді қабылдап Алланың ақ жолына түскендерді, мүшіріктер, аталары ұстанған пұтқа табынушылыққа, күпірлік дінге қайтарып, тура жолдан тайдыруға қандайда бір тәсілдерді қолданып, көнбегендерін жазаның нетүрлі ауыр түрлерімен азаптап, тіпті өлтіруге дейін барды.

     Мысалы: Осындай зорлық пен зұлымдықтың құрбаны болғандардың алдынғыларының бірі Аммар ибн Ясирдің жан ұясы еді. Құрайыш мүшіріктері Аммардің әке-шешесін ыстық құмның үстіне жалаңаш жатқызып, діннен бастартқызып, «Менің құдайым Лат, Манат, Узза» деп айтқызу үшін азаптап, жәбірлейді. Алайда жүрегінде иманы берік Аммардың анасы Сумәйя мен әкесі Ясир: «Аллаһтан басқа  тәңір жоқ», деп ақ жолдан таймаған соң оларды жауыздықпен шахит еткенін көрген Аммар, олардың дегенін айтып, жанын аман сақтап қалған. Сахаба Аммар, құтылысымен Пайғамбарға (с.ғ.с.) келеді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Аммар неге келдің?»-дегеніне, Ол:«Уа Алла елшісі! Мен құрыдым, біттім, Аллаһ мені кешірмейді» деп басынан өткізген жағдайды айтып береді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Сен сол сөздерді айтқанда шын жүрегіңмен айтың ба, әлде жүрегіңде иманың берік пе еді?» дегеніне, Аммар «Ол кезде менің жүрегім иманға берік еді, бірақ мен жанымды құтқару үшін олардың айтқанын істедім» деді. Осы уақиғадан соң Аллаһ Тағала мына аятты түсірді де, Аммардың кәпір болмағанын, мумин екендігін білдірді «Жүрегі иманмен орныққаннан кейін, зорлық көрген  адамнан басқа жандар, Аллаһқа қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы және оларға зор азап бар». (Нақыл 16с. 106а.) Осы аят түскенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей Аммар! Алла Тағала сенің жағдайыңа байланысты уахи түсірді. Егер олар қайта айтуды талап етсе, қайта айт» деді. Сахаба Зүбәйір ибн Әуімді, немере ағасы шиден жасалған төсенішке орап сыртынан от қойғаннан Зүбәйір ибн Әуімнің денесі жартылай күйсе де, алғашқы азаншы сахаба Біләлға көрсеткен азаптарыда жан төзерлік емес еді. Бірақ, олардың кейбірі адам төзгісіз жазадан шейіт болса, көпшілігі азапқа, төзіп, шыдап, исламның шапағатты шуағынан айнымай имандарын берік сақтады. Діндегі осы жеңілдіктерді білген даналарымыз «Қылыш үстінде серт жоқ» деп түйіндеген. Алланың кәләмі мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін жақсы білген діндардың құдайсыздардың азабынан құтылу мақсатында, жүрегінде Мұхаммед сүресінің: «Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгрмейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді арақтан өзендер және балдан өзендер бар» деген 15 аяты мен Саффат сүресінің:«Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды» делінген 47 аятының мағнасы тұрғандықтан, жаннаттағы өзеннен ағатын «арақты» халал деген.           Бұл халал арағы, КГБнің қызметкерлерінің сұрағандағы «арақтан» сапасымен де, ішкен пенденің ағзасына теріс әсерінің жоқтығымен, бірінен бірі бөлек заттар, аттарының бірдейлігі болмаса. КГБ-ның жұмыскерлері сұраған «арақ» адамды мас қылып, есінен айырып неше түрлі қылмысқа жетелеуші болса, жаннатта ағатын өзеннің «арағы» ішкендерді есінен айырмайды, күнәға итермелемейтін тәтті сусын. Ал араққа тиген саусағын жалауына келсек, арақтың негізі «спирт», ашық ауада тез буланатынын білгендіктен, саусағын асықпай ауызға апарып тілін, саусаққа жұққан спирт буланғаннан соң, саусақта қалған таза судың жұғынына ғана тілін тигізген де арамға жақындамаған. Діндарларға қалай «кінә табамыз» деп, екі алақанына түкірініп жүрген құдайсыздардың азабы мен жазасынан қорыққанынан жанын қайда  қойарын білмей жүрген дін ғылымының білгірлері уақытында айтылған сөзінің астарын жалпы халыққа түсіндіруден жасқанған болуы керек. Міні, білім діндәрді құдайсыздардың азабынан құтқарса, діни сауатсыздарды, «арақ адал» сөзінің негізгі мәнін түсінбеуінен арақ ішуді күнә емес деген түсінікті қалыптастырып, былайда арақты жек көрмейтіндердің араққа аранының ашылуына түсуіне әкелген-ді. Біз кейінгі заманның пенделері уақытында діндар, тақуалардың басынан нендей зұламаттардың өткенін ойша көзалдымызда елестетіп, олардың кебін елестете де алмай, дінддар тақуалардың қай амалы дұрыс қай амалы бұрыс деген сұрақпен айналыспай, солардың тура жолында болуға тырыссақ нұр үстіне нұр болар еді. Осы орайда, екі тату көршінің бірі екіншісіне «бақшаңды суарып болған соң, арықтағы суды менің бақшама бұра салшы, бақшамды суарайын» дегеніне, көршісі «харам бұрмаймын» депті. Неге деген көршісінің сұрағына Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Алла Тағала лағнат етсін, суы өзгенің егінін суарған адамды» деген  хадисін келтіреді. Бұл хадисті түсібеген көршісі ғалымға келіп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) неге:«Алла Тағала лағнат етсін, суы өзгенің егінін суарған адамды» деген деп сұраса, ғалым күліп «хадистің бақша суаратын суға қатысы жоқ. Хадисте, ері қайтыс болған не айрылысқан жүкті әйел, баласын дүниге әкелмей тұрып тұрмысқа шығуына тыйым салынғандықтан, жүкті кезінде тұрмысқа шыққандағы жағдайы туралы айтылған. Бұл жерде егін сөзін Пайғамбарымыз бала ұғымында пайдаланып жамағатқа мәдени түрде жеткізген деп түсіндіргеннен кейін ғана хадистің мағынасына түсінген. Осыған орай дін білімін терең меңгермеген жамағат, оқыған бірлі жарым аяттары мен хадистерінің, білім иелерінің  сөзінің негізіне түсінбей, сөзбе-сөз түсінігіне сүйеніп, амал жасау қателікке ұрындыратынын есте сақтағаны ләзім. Өткенді еске алудағы мақсат, бірден Аллаһтың аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистеріне сәйкеспейтін әрбір амал, ол мемлекет көлемінде ме, әлде жеке пенденің ісі ме, бәрі бір баянды болмайтындығына, ниетімізбен амалымыздың Алланың ырзалығына лайық болуына бауырларымыздың назарын аудару. Бірінен бірін пәлен ғасыр уақыт бөліп тұрған уақиғалар өзінің мазмұны жағынан өте сәйкестігі мен жоғарыда келтірілген адамдардың ең ардақтысы, пайғамбарлардың сардары, Аллаһтың сүйікті құлы әрі елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммеді Мұстапа (с.ғ.с) хадистері мен істеген іс әрекеттерінің қанша уақыт өтседе өзінің маңызын жоғалтпай, мүмүндер үшін бағдар шамдай тура жолды көрсетушісі екенінің бір көрінісі екенін жамағаттың есіне салу.

Ауданбайқажы АХМЕТЖАНҰЛЫ

Сондай-ақ, оқыңыз

ХАРАМНАН ҚАШЫҚ БОЛАЙЫҚ

Бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим. «Мәйда» с. 3-а: «Бүгін діндеріңді және нығметімді толықтырдым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым», …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған