Майлықожа мен молда

Қазақтың ақиық ақыны Майлықожа Арқа жеріне атақты Байдалы бидің ұлы көңілі жақын досы Балабидің үйіне қыдырыстап барады. Есімі үш жүзге танымал Майлықожа ақын келген Бала би кішігірім той жасайды. Оған Алтай-Қарпықтың игі жақсылар жиналады. Майлықожа содан үш күн бойы халыққа арнаған жыр, толғауларын төгілтеді. Еліне қайтар уақытта Бала Би оған өзінің бүкіл Арқаға танымал тұлпары – Бозжорғасын тарту етеді. Сонда ауыл молдасы Дөң мұрынның ішіне қызғаныш туып: «Қайдағы қаңғыған қожаға атақты жорғаны тарту еткені не қылғаны»,- деп күңкілдейді. Молданың мұнысын жиналған біраз адамдар қолдап шу ете қалады. Мұның барлығында есітіп, Майлықожа айтқан екен,

Сендерде шынжыр қатар орын барма,

Қожада Қорасаннан зорың барма.

Патшаға сбор бермес, қызмет қылмас

Елу үй дуана қожалар бар Орынборда.

Арғы атам Әзіреті Әли шери  құда,

Нәсапта соған барар жолың барма.

Бергі атам жұртқа мәлім Әбду Жалил бап,

Белгілі сендерде сондай қорым барма.

Атақты шын әулиені кемсітем деп,

Жоқ болып,түсіп кетпеңдер ойымдарға.

Құдыққа құл құтырса салар қармақ,

Білмедім маңдайларыңда сорың барма.

Арқада Сайдағым өткен Сұлтан болып,

Хан Кенеге бір табан жақын болып.

Қадірлеп қалың қазақ құрмет етер.

Не десе де айтқан сөзі мақұл болып.

Исламның Шариғатын жария қылып,

Ташкенде Мәделім тұр әмір болып.

Алдында небір билер аузын ашпас,

Айтқаны барлық жұртқа мақұл болып.

Кісілікте, имандылық та Қорасанда,

Сендер мұны біле алмайсың қапы болып.

Қой сойып, қол қусырып тіленбесеңдер,

Аз уақытта кетерсіңдер кәпір болып.

Ел ішіндегі игі жақсылар ақыннан бір тентек үшін кешірім сұрап, шапан жауып жолға шығарып салған екен.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Шұғай халфе Кенебайұлы

Құранымыз–коммунистік устав, ұранамыз–коммунизм болған кешегі бір парықсыздау заманда қай жақсының қадіріне жете алдық. Басқасын былай …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған