Басқы бет / Ғақлиат / Жақсыға тыңдат сөзіңді

Жақсыға тыңдат сөзіңді

«Ақындық – мәртебе, Уақыт пен мансап таңдамайды, шын ақын халқының ары мен ожданы»

Қазақ ақындарының ішінде дінді, шариғатты, ар мен ұятты, сабыр мен намысты, адал мен арамды жырламағаны жоқ. «Жүйрікте де жүйрік бар, қазанаты бір бөлек, Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» деп айтқандай ақынның да ақыны бар. Ақын елдің ары мен намысын қорғайды, мәртебесін жырлайды. Ғасырлардан өтіп жеткен майталман бір басқа. Сондай майталманның бірегейі Түркі халқының жарық жұлдызы Әлішер Науаи. Туғанына 500-жылдан асса да халықтың аузынан түспейді. Демек халық  үшін сөз айтқан, пенделік пен кемел пенделіктің арасын ажыратып айтқан. Ождансызды өңменінен өткізе айтқан, ожданы барға жеткізе айтқан сөз ұстасы болған соң елдің есінен шықпай келе жатыр. Қазақ халқында соңғы 19-20-ғасырда өткен екі ақын Әлішер Науаиді өзіне ұстаз тұта сөз айтады. Бұлар 1835-жылы өмірге келіп, 1898-жылы өмірден озған Майлықожа Сұлтанқожа ұлы мен 1845-жылы өмірге келіп, 1904-жылы өмірден озған Абай (Ибрагим) Құнанбаев.

Майлықожа:

Сарттан өткен Науаи

Тілдің кәусар  гүлі еді,

Парсыда өткен Фирдоуси

Заманында дүр еді.

Нұсқа ғып айтсам кейінге,

Ақынның солар пірі еді.

Қай қазақта ақын боп

Өткендерден ірі еді?

Майлы ақынның өзіне,

Ыбырат бере сөзіне,

Тірі болса осылар,

Болар еді-ау тірегі-деп егер сол  шайырлардың тұсында  өмір сүрген  болса Майлықожаның  жазған өлеңдеріне өз бағасын бере еді-ау, сөзін сөйлер еді-ау деп  армандайды.

Абай:

Физули, Шәмси, Сайхали,

Науаи, Сағди, Фирдауси,

Хожа Хафиз-бу һаммаси,

Мәдәд бер я шағри фәрияд-деп жеті ақынды көрсетіп медет тілесе солардың ішінде Майлықожа айтқан Науаи мен Фирдауси бар. Демек екі ақын да жоғарыдағы ұлы ақындардың еңбектерінен хабардар. Қазақ даласының екі шетінде екі түрлі әлеуметтік жағдайда өмір сүрген Майлықожа мен Абайдың арман мақсаттары бір арнаға құя ма, жоқ па?

Әлішер Науаи өмірінің көп уақытын патша сарайындағы қызметкер болып өткізген жан. Қарны ашып тамақ жемеген, киімі жыртылып киім кимеген, шама-шарқынша өз дәуірінде биліктің бір шетін ұстап, хандық алдында  өз айтқанын өткізіп отырған жан.

Ал Абай жеті атасынан бері  аузынан уызы арылмаған Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай болып келетін әулеттің перзенті. Өз заманында бұл да билікке қолы жеткен, азды-көпті билік айтқан жан.

Майлықожа кедей шаруаның баласы, аз ата қожалардың әулеті. Тым жастайынан жетімдік көріп, өскенімен өз талантының арқасында елге елеулі болған жан.

Майлықожа Абайдан 10-жас үлкен, Әлішер Науаи Майлықожадан 400-жыл үлкен бұл бір, екіншіден бұл үш тұлға үш түрлі жағдайда өмір сүрген, үш түрлі таптың адамы.

Біз алдымызға осы үш ақынның шығармашылық дүние танымына өз шама-шарқымызша шолу жасауды мақсат етіп қойдық. Майлықожаның туғанына 175-жыл өткенде барып азда болса 2010-жылы 9-шы желтоқсанда мемлекеттік деңгейде Астана қаласында ҚР Президентінің мәдениет орталығында аталып өтті. Абай қазақ үшін барлық уақытта Абай. Майлықожа ел алдына тым кеш шыққандықтан, біз алдымызға Майлықожа термелеріндегі үгіт-насихат сөздерді келтіріп, оған Әлішер Науаи қалай қарайтынын айтып Абайдың көз қарасы мен түйіндеп отыруды мақсат тұттық. Келіңіздер, бір қарап шығайық.

Майлықожа:

Әуелі сөзім бісіміллә,

Бісіміллә демей іс қылма.

Абай:

Әуелі аят, хадис сөздің басы,

Қосарлы бәйіт мысал келді арасы.

Қыйсынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы

Барлық жақсы деген кітап, осы Ұлықтың атымен ашылуы, әр бір жақсы сөз осы Ұлықтың зікірімен басталуы керек. Ақыретте мәртебе берілген заттар сол Ұлыны мәртебелеу мен мәртебеге жетер. Шахуат (ләпсі) әуресі мен жүрген жандар ол Ұлық заттың рахметіне көзін тігумен болар. Осы Ұлық зат мәртебе қауымы мен шаухат қаумының арасын бөліп қойған қорған бар. Бұл қорғанның есігі бар. Есіктен ішке кірсең рахмет, мәртебесі бар, тыста қалсаң азап бар. Біз, «момын мұсылмандар» осы  Ұлық заттың қаһары мен азабынан қорқып тағадат ибадат, яғни үміт етеміз. Сол себептен әр бір істі Алланың атымен бастаймыз, үмітіміз Ұлық Алла бізді үмітсіз етпес. (Имам Ғазали)

«Мүлік егесі бір Алла, Дүниенің пәндә ышқында»  Алла тағала бүкіл барлықтың (мавжудат) иесі. Алла тағала барлық әлемді алты күнде жаратты дегенде біз өзіміз өмір сүріп отырған шартты уақытты айта алмаймыз. «Раббыларың өлшеміндегі бір күн сендердің есептеулерің бойынша мың жылға тең» (Хаж сүресі-47-аят.) Басқа бір аятта «Періштелер мен Жәбірейіл, Оның «Алланың» ғарышына елу мың жылға тең бір күнде көтеріледі. (аль-Мааридж-сүресі,4-аят) демек бір күн (бол) мен екінші күннің (бол)  арасында қаншалықты уақыт өткендігі бір Аллаға ғана аян нәрсе. Осыншалықты күрделі әлемді жаратқан Ұлы Құдірет сол жаратылғанның, барлық, мүліктің иесі.Сондай күрделі әлемде өмір сүре  отырып сол әлемнің иесін мойындамай тұрып, сол жаратқан дүниені жиюға бар күш-қайратын, ақыл мен зейінін қойған адамға қайран қаласың. Бұл жайында Әлішер Науаи былай дейді;

Сусағанға бір жутым су өмірден артық,

Дүниеқорға дүние-мал бәрінен артық. Бар ынта-жігерін байлыққа байлаған тілек ең жаман ниет болса, дүниеқорға малдан безу өлгенен де жаман. Шөлдегеннің бар арманы бір жұтым су болса, дүниеқордың арманы мал жинау ғана. Барлық дүниенің иесі бар екені оның кәперіне де кірмейді.

Ұлы Абайдың:

Жамандық, жақсылық пен оған бір бәс,

Дін ісін, Құдай ісін айыра алмас.

Арын сатып, ант ұрып іздегені-

Бір семіз ат, аяғы бір аяқ ас.  Бұл Абайды қоршаған ортаның адамы. Жамандық пен жақсылықтың арасы оның кәперіне кірмейді. Жақын маңда кәсіп жоқ, кәсіп жоқ болған соң, құлдық пен табылған астан басқа нәсіп жоқ. Кәсіп іздейін, басқаша күн кешейін, дін тұтынайын, құдайға бас иейін деген ниет-тілек жоқ. Дін мен Құдай олардың кәперінде жоқ. Көзін, арын сатып бір аяқ аспен елін сатып бір ат тапса болғаны.

Жалғаншы бекер дүниеден

Жаныңа зиян іс қылма.

Бір кісі Хасан Басриға «Маған насихат етіңіз»деді. Сонда Хасан Басри «Алланың әмірін әззіз деп біл, Алла сені әзіз етеді»-деді. Яғни Алла тағала бенделеріне тек ізгі амал етуді ғана бұйырады. «Пәруардігеріңіз бенделеріне зұлымдық етуші емес».  (Фуссилат-сүресі,46-аят). «Күмансыз, Алла біреуге зәредей зұлымдық қылмайды». (Нисо-сүресі,40-аят)

Бұл айтылғандардың барлығы шындық. Себебі бенде қандай амал істесе, өзі үшін істейді. Әрбір жан иесі (пенде) өзі істеген амалы мен тозаққа, болмаса жаннатқа лайық болады. Хақ жолдан ауытқыса Алла олардың көңілін ізгіліктен аударады. Егер олар өз ниеттерін ізгілікке аударса, Алла оларды тұра жолға салып қояды. «Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла оларды өзгертпейді». (Рағт сүресі,11-аят) Яғни әр бір жауыздық амал етуші ең алдымен өзіне жауыздық етіп отыр. Бес күндік дүниеде өз жаныңа қас қылма демекші Майлықожа.

Әлішер Науаи:

«Жаннатқа кірмес сірә еш бір бақыл,

Қандай үлкен қылықтан болсада,біл.

Дозаққа түспес сірә еш бір сақы,

Хабашилық болсада қара тән, құл». Қандай дәрежеде болса да, бақыл адам жаннатқа кірмейді. Сақы қандай дәрежеде болса да тозаққа түспейді. Яғни жақсы амалды бенде ұлық Алланың үкімі деп біліп істейді. Жаман пейілді бенде өз қарнын тойғызу үшін бар ақылы мен білімін жұмсап дүние жияды. Сақы өз жанын сақтау үшін, бақыл өз тәнін сақтау үшін амал қылады.

Бұл жерде ұлы Абай;

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым,ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз-деп исламдық дүние көзқараспен далалық, түркілік, қазақылық көзқарастың арасын біріктіріп, жымдастырып жібереді. Яғни, жақсылықта өзің үшін, жамандықта өзің үшін. Кемел бенделік игілікте, төмен бенделік зұлымдықта. Қалауың білсін. Исламдық пәлсапада бенде бенденің айнасы,бір бенденіңбасындағы жаман амалды көрсең нәфратлану, жирікену, қашу керек, жақсылық көрсең ғибратлану, үлгі алу, игі іс әрекет ету мен ізгілер мәртебесіне ұмтылу керек.

«Осы елде бозбала жоқ сөз ұғарлық,

Үзілмес үмітпенен бос қуардық.

Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп,

Жүрмесін деп, азғана сөз шығардық»-деп таусылады. Асыл жерде қалмайды, сен тыңда мейлің, тыңдама мейлің, бірақ ақын өз мойнындағы азаматтық, қариялық, ақсақалдық міндетін өтеп кетті. Осы өлеңін жазып болып ақын терең бір күрсініп, Ақшоқының басына қарап екі қолын артына ұстап жайымен шығып бара жатқандай елестейді.

Өлең мен берсем ыбырат,

Өзімнің қазақ халқыма,

Олда менің жемісім –деп Майлықожа текке айтып отырған жоқ. Халыққа керегі білім; Арғысы түркі,берісі қазақ арасында Түркістан мүлкінің  Шайх ул-Машайхы құл қожа Ахмед Иасауий жолға қойған үш түрлі ілім сатысы бар. Сол үш жолдың біріншісі Илмул Якин-яғни адал мен арамның арасын үйретіп, маған бір азамат келіп былай жүрсең Рахмет аласың, былай жүрсең нәлет аласың деп үйретті, мен Рахмет жолын қаладым дейтін түсінік. Екінші жол Айнул Якин яғни мен өзім сол жолмен жүре бастадым деген түсінік, Алланың рахметіне қарай қадам басу.

Алланың жазба әмірінен

Рақат жазын қыс қылма. Бұл Майлықожаның өзін қоршаған, өзі  секілді жай қарапайым халайыққа айтып отырған насихат, үлгі, өнеге жолы. Пенделік болмыс малға, дүние зерге, арқыраған қызметке қарамайды. Пенденің пендеге еткен ықласы мен кішіпейіл, қайырымды, қанағатты, сабырлы болмысы мен бағаланады. Яғни, қарапайым халайықтың түсінуіне оңай, тілге жеңіл, жүрек ұғымына жылы, жайдары ислам. Алланың әмірінен жазбау ең бірінші Аллаға серік қоспау, күман келтірмеу, тұрған жайын, түрі-түсін іздемеу. Адал еткенін адал деп, арам еткенін арам деп білу. Иман тұрағында айнымай, жылжымай, өзгермей нық тұру. Алланың бұйырған тағадат ибадатын бұлжытпай орындау. Яғни Алла тағала адам баласын  дүниеге ізгілік жасау үшін келтірген. Бұлардың барлығы ақылы толық адамдар үшін. Соны мен қатар Адамда ләпсі де бар, бұл адамды бақылау үшін адамға жіберілген бір сынақ. Кемел ақыл иесі ләпсі әуресі мен бенделік дәреженің арасын өзі ажыратып алса, сол жолда бейнет көрсе Алланың құзырындағы «Рахат жазына» қар жаумайтын, суық болмайтын, тоңбайтын жайға, рахмет дариясына қол жеткізеді.

Пейішті көңілің сағынса

Рақатқа жаның бағынса

Таһадатты болғын ышқында

Бұл жайындаАбу Хурайра (Алла одан разы болсын) рауаят қылады.  Расулуллох (С.Ә.У.) бұйырды «Жаннат қаумына бір дауыс келер -«Ей! Жаннат қауымы! Саулық-саламаттық Сіздер үшін, мәңгілік кесел болмайсыздар! Жасамақ Сіздер үшін, мәңгіліксіздер, өлмейсіздер! Жастық сіздер үшін, мәңгі жас қаласыздар, еш қашан қартаймайсыздар! Рахаттанбақ Сіздер үшін,мәңгілік қайғы- уайым шекпейсіздер!» Істеген (жақсы) амалдарыңыздың себебі мен Сіздерге мирас етіп берілген жаннат міне осы» деген хабар келер. Ағраф сүресі-43-ші аят.

Тәуба қылсаң сап қылар

Таудай кінәң мүшкілда-Білмек керек, егер «қабыл»-және қабыл ету сөзінің мағнасын пайымдасақ, әр қандай таза тәубенің қабыл екеніне күманың қалмайды.Құран нұрларынан қуат алып, әлемді пайым, ақыл көзімен көрушілер бұл жайды көріп отырады. Әр қандай таза көңіл Алланың алдында мәртебелі. Ақыретте Аллаға жақын болу дәрежесі мен мақталғандар.Көңіл асылтегінде  сап таза,еш қандай күна, кемшіліксіз жаратылған, есейе келе өскен ортасы, алған тәрбиесі, істеген амалына қарай, зұлмат, зұлымдық күйесі көңіл саламаттығын кеміріп қарайтады.Тәубе етушілер өкініш отына күналардың қарсы келе алмасын, өкініш нұры күналарды түп тамыры мен жоқ ете аларын біледі. Денедегі кір сабынның,түн қараңғылығы күн шапағына қарсы келе алмасыңдай, күнәлар, зұлматы сауапты амалдар нұрына шыдас бере алмайды. «Шын мәнінде оны (ләпсіні) тазалаған кісі мәртебе алады». (аш-Шамс сүресі, 9-аят). Нұр мен зұлмат бір-біріне қарама қайшы екі түрлі амал болғандығы үшін олардың арасын қажетті бір амалдар ажыратып тұрады.Демек амалда өзара бір-біріне қарсы болғандығы үшін нұр мен зұлматтың бірлесуі ықтымалдан тым алыс.(Имам Абу Хамид Ғазали «Тәубе кітабы»)

Бұл Майлы ақынның шығармашылығындағы басты ұстаным.

Қыл көпірден өткенше,

Уақытыңды күліп қош қылма, яғни, сенің алдыңда «қыл көпір» сұрақ беретін уақыт, сұраққа алатын бекет бар. Сол бекеттен өтпей, босқа дарақыланба, әлі күліп қош болатын уақыт болған жоқ. Уақыт деген өлшеулі, әр сәтті жақсылық, ізгілік, игілік етуге жұмса.

Қайырлы бол көршіңе,

Жыландай шағып ысқырма, яғни, сен көршіңе қайырымды болсаң, ол арғы көршісіне жақсы болса, оңы мен солың ізгі  ниетті адамдармен қоршалған болса, түпкі игілік осы емес пе?  Көрші мен көршінің, мемлекет пен мемлекеттің, ұлт пен ұлттың татулығы – бейбітшіліктің бастауы, алғышарты.

Байқап басқын ізіңді

Жамандармен іс қылма,

Құрбы-құрдас досыңды

Бәлеге басын дұш қылма, яғни, өзіңді өктем тұтып, соңыннан ерген, қасыңда жүрген дос-жарандарың ды бәле-қазаға тап қылма.Әрбір басқан қадам өлшеулі, аңдулы болсын. Өзіңді қадағалай алсаң ғана өзгеге ақылшы бола аласың. Ақылдың әрекеті иманға байланғанда ғана, иманың берік, тұтас,толық болғанда ғана пенделік өмірдің кемел тұрады.

Шариғат жолын берік тұтсаң

Тайдырмас отқа табанды.

Алла тағала дос тұтар

Аллалы, момын адамды.

Әрбір ізгі амалдың өтеуі – рахмет. Қара ниеттің өтеуі – нағлет, жаза. Жазаның ауыры – соңғы сәттегі жаза, яғни енді қайтып амал етуге, қатені жуып, күнәні азайтуға уақыттың қалмаған кезіндегі аласұру. Бұл қасірет шариғаттың жолын берік тұтынбағаннан болып тұр. Саған жол көрсетілген, білмедім деп жалтара алмайсың, не істесең де өзіңнің нәкәстігіңнен. Алла тағала тек адал, момын пендесін ғана сүйеді.

Әуелгі парыз бұл болар

Алланы бір деп білмегің.

Кәлима айтсаң шындықпен

Ақ дініңе кіргейсің.

Арабы аят-хадисті

Ғалымдардан естісең

Құлаққа құйған нұр дейсің.

Алланы бір, одан өзге құдірет жоқ деп, тек Аллаға ғана құлшылық етемін десең шын көңілмен кәлима айт. Бұл жерде өтірік өтпейді, ішің де, сыртың да Аллаға аян. Өйткені, сені жаратқан сол құдірет, оған сенің зәрердей де беймәлім жайың жоқ. Ал, Алланың жолын тек Құранның аяттарынан және Алланың Расулының (с.ә.у.) хадистерінен ғана табасың. Бұл үшін осы ғылымнан хабары бар адамдармен ғана дос болмақ керек.

Ауам болып мән айтсаң,

Ашылып қалар жыртығың.

Алымға көңіл имесең

Мұсылман емес бір түгің, – деп, ақын ислам иман жолын тек алым-ғалым-валий оқымысты кісілерден үйренуге шақыра отырып, әрбір пендеге өз болмысын, өз қадір-қасиетін иеленер жолды көрсетеді. Ақын бенденің өмір жолы тұрмыстық әр бір әрекетін тәптіштеп қадағалап айтады.

«Қулап қалмас демеңіз,

Құмнан қазған қудықты,

Жаңбырдың суы езілсе,

Түбіне тартар жулықты.

Нақтыңды берме несиеге,

Түскенше қолға ілікті,

Өз қолыңнан кеткен соң,

Кісінің ісі кілітті -Өз қолыңдағы жетістіктің кілтін біреуге беріп қойып, пұшайман болып жүрме десе,бір жерде;

Махалың қайтқан шағыңда,

Шақырмаса құрмет қып,

Қыдырып барма есікке.

Танысың берген аз олжа,

Қосылмайды несіпке -деп кісінің өз беделін қалай құрметтеу керек екенін еске салады.

Қорқақтан қойсаң қарауыл,

Жау көрмей шабар аттандап – деп шекараны кімге тапсыру керек екенін айта отырып;

Жарамды ұлдың белгісі

Жастықтың тұзын ақтамақ – деп ел үшін тұылған жан елінің тұзын ақтауы керек екенін есіне салып қана қоймай,қайрапта отырады.

Жақсыға тыңдат сөзіңді,

Жаманға айтып қор қылма – деп елге насихат айтудың да жүйесі барын, өзі келіп сұрама босқа айтқан сөзді тыңдай қояр құлақтың жоқ екенін  айтады;

бұл Абайдың;

Жалын мен оттан жаралған,

Сөзді ұғатын қайсың бар-деп бар өмірлік жүйені өлең мен жеткізгені мен сөзге құлақ асқан жанды көрмей;

Есіл сөзім қор болды-ау,

Тобықтының езіне – деп өкінетін тұсы. Абай қаншама жақсы сөз айтқаны мен оны тыңдап, өмірлік әрекет жолында осылай етейін деген ешкімде болмады. Тіпті Абай былай деп айтып отыр, осы әдетімізді қойсақ қайтеді деген де еш кім ойламады. Есесіне Құнанбайдың орыс баласы былай деп айтады екен деп келемеж еткендері көп болған.

Жаман менен жақсының,

Арасында білгенге,

Аспан мен жерше парқы бар-деп Майлықожа дос таңдаудың, мынау жақсы деп біреуге құлай берілудің қаншалықты қиындығын айтса Абай:

Бет алды жанға бой салма,

Қорлық жүрмес сақтыққа.

Елу бесте біз дағы,

Сенісер адам таптықпа?-деп кез келген сен жақсысың деген жыртақайға еріп жүрме, елу беске келгенше сенімді адам таппадық деп күңіренеді.Сақтық естіліктің белгісі.Сақ болған адам қорлықтан аман болады демекші. Абайдай айтқанына ер тұратын, айдауына ел жүретін адамға дос табылмауы мүмкін емес. Бірақ қоршаған жанның көбі қорадағы қой мен өрістегі жылқының, шенеуіктері ел ішіндегі Абайдың беделінің досы.Міне осыны көріп-біліп отырған ақын:

Ермен шықты ит қылып,

Арпа шашқан егінге-деп таусыла айтады. Қаншама ел аралап айтқан сөз, ұзақ түндердегі кітап оқып, жақсы мен жаманды, қайырлы мен зайырлы, зұлым мен зұлматтың арасын талқылаған кеңестер бір сайлаудың дүбірі шыққанда естен шыққанын көргендегі  ұлы ақынның көңіл күйін білдірсе керек.

Ал Майлықожаның жайы басқа.Өз қолында айтарлықтай ел басқаратын тетік болмаған соң,енді қолдан келері жақсы сөзін өз халқынан аямай жақсы мен жаманның арасын ажыратып берсемде жетпей ме деген көз қарас.

Өлеңмен берсем ыбырат-

Өзімнің қазақ халқыма

О да менің жемісім. Ақынның одан басқа қолынан келері де жоқ. Жалпы адамзат тарихында қолына қылыш ұстап, айқайлап жауға тиіп, қолы босаған сәтте тәтті жырын төгіп жүрген дауылпаз ақын көп болмасада ел арасында кездеседі. Бірақ олар көп емес. Ақындардың дені ел арсында халықтың көңіл күйін көтеру арқылы ел ішіндегі саясатқа араласып отырған. Халықтың, ел мен ұлттың жоғын жоқтап,барын-бардай, жоғын-жоқтай айта алған ақын өз халқының ары мен ұяты саналған. Ақынның бар бақыты да осы, соры да осы. Тегінде өз ойындағысын айтуы керек болған жерде жасырмай айтқан ақын бақытты. Бірақ өз ойынан арыны көрмейтін тоғышарға ақын айтқан ақиқат жеке басына үкім шығарғанмен бірдей. Міне Абайды таяққа жыққан осы топастық, Майлықожаның жалғыз атын ұрлап кетіп жаяу қалдырып бір мұқатқысы келгенде осы топастық.Б ірақ бұл амал керісінше болып, талай жаяу қалған ақындардың өктем үні Жаяу Мусаның аузынан от боп шығып тиген жерін шарпып өтті.

Бақылға берген, бақ дәулет

Итке теңге таққандай-деп Майлықожа қорасында малы болғаны мен қолында қайыры жоқтың малын иттің мойнындағы мошақтай көреді.

Қайырлы сақы қарамас

Өзінің артық –кеміне-қайыр қыламын дегенге  ықлас малдың аз көбінде емес, көңілдің ізігілігінде-көңілдің ізгілігі бенденің иманының кемелдігінде.

Есі жарым баланы

Жарамас тысқа мақтамақ-Ер басқа, есер басқа. Халық арасында «мақтау жеткізеді, шағым өлтіреді» деген мақал бар. Шын мәнінде ақыл есі бүтін, ел үшін қызмет етуге арзыйтын болса,ерін реті келген жерінде мақтап марапаттап отырғанға не жетсін. «Мақтауға тұрар ерің болса сен мақта, мақтауыңа тұрар ол» деп арда қазақ бекерге айтпаған. Ал өзі есі жарым бала болса, оны жаттың көзінше мақтап жынын қоздырсаң, бір ауз сөзге арзымайтын жерде отқа түсіп өле салады.Онанда сорақысы ел көзінше бір оспадарсыз іс қылып,болмаса сөз айтып ел бетіне өшпестей таңба салады.Сондықтан өз ішіңдегі есі шала балаңды жат көзден өзің қорғасаң абыройың сақтаулы болады.

Шала жүйрік ат бітсе

Басыңа бейнет таптамақ. Қазақ үшін Майлықожа дәуірінде аттың орны өзгеше болды. Жақсы аттың құны ердің құнымен бірдей жүрді. Ер қанаты ат-болып ел қорғауда аттың бейнеті,қызметі ер жігітпен тең дәрежеде болды десең шындықтан алыс кетпейсің. Қазақ ақындарының аттың кереметін,сынын, жырламағаны жоқ.  Қазақтың бір басын құрайтын жері аспен той,аспен тойда бәйгеге жүздеп ат қосылған, бәйге үшінші,  төртінші кей жағдайда жетінші атқа дейін ғана берілген. Демек қазақ осы алғашқы үш атты ғана шын жүйрік деп еңбегін бағалап, қалғаны шала жүйрік қатарына қосылған. Бырақ шын бапкердің қолына түссе осы шала жүйріктен таптап алған шын жүйріктер аз болған жоқ. Демек қазаққа шын жүйрікті таңдап алу ең бірінші кезекте тұрған мәселе болған. Қай жерде қажеттілік болса сол жерде ғылым дамиды, қазақ арасындағы бапкерлік ғылымы жүздеген жылдарда осылай жолға қойылған жүйе.

Қас жүйрікке жолықсаң

Жолда қалмас күй таңдап-Ал қашсаң қутылған, қусаң жеткен қас жүйріктің жайы басқа.Қазақ тарихында ғана емес, жалпы адам зат тарихында аттың атқарған қызметі өлшеусіз. Адамзат тарихын,адамдық жүйенің даму сатысын-19- ғасырда өмір өмір сүрген татар ғалымы Хасан ата Абуший үш жүйеге бөледі.

1)-Вахшият-жабайы дәуір,бұл кезең адамзаттың үңгірде өмір сүріп, қолына түскенімен қоректеніп өмір кешкен дәуірі.

2)-бадауият-бұл адамзаттың қолға малды үйрете бастап, мал өнімдерін, мал дың күшін пайдаланған дәуірі.

3)-маданият-бұл адамзаттың қол еңбегімен жүйелі тұрде айналысып, жазу сызуды жүйеге келтіру, ғылыми тұрғыда ой еңбегі мен айналысып, жер асты байлықтарын пайдалануға жеткен кезең. Жалпы адамзат тарихындағы барлық жүйелі-жүйесіз соғыс, көш-қоң, сауда саттық, ел аралық қарым қатынастың барлығыда атпен шешілген.

Бұл айтылған үш жүйе милиондаған жылдарға созылып, атқа деген қажеттілік әлі қалмай келеді. Майлықожаның өмір сүрген дәуірі қазақтың атқа түгелдей тәуелді кезеңі. Ат қазаққа өмір мен тең дүние.

Тіпті Абайдың өзі де;

Аяңы тымақты алшы кигізгендей,

Кісіні бұлбұл қағып жүргізгендей.

Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,

Ыза қылдың қолыма бір тигізбей-деп арман қылған шын жүйрік.

Жаман қоңсың қонақ пен

Қосыла жаулар қапталдап-Қазақ о басынан қонақ жай халық, жалпы көшпенділерге тән бул қасиет соңғы дәуірге дейін қазақта айрықша ауызға алынып әсіресе батыс жаһанкездері қазақтың қонақ жайлығын аузының суы қурып жазды.Бырақ қазақ арасында қонақ пен қосыла жүретін кезбелер болған. «Бір кісі қысқы соғымға бесті өгіз сойған екен, таңдап сойған соң семіз болған. Қоңсысы дембіл,  дембіл ет асқан уақтында шақырусыз келіп, соғымды мақтап, ет жеп кетіп жүреді екен. Бір күні әлгі үйге бір дуалы ауыз кісі қонақ болып келеді.Үй иесі «айналайын дуалы ауыз едің ғой осылайда-осылай» бізді амалдап мына көршіден құтқар дейді.Айтып болмай көрші де жетеді.Әңгіме дүкен құурып отырып ет желінеді, көрші әдетінше соғымды мақтауды ұмытпайды. Ас иесі қонаққа ас қайырыңыз деп қолын жағанда;

Пәленше сойған бесті өгіз,

Арық емес сеп-семіз.

Ұяттан кісі өлмейді,

Күнде келіп ет жеңіз – деген екен». Қанша жерден көрші, ағайын болғаны мен қыдырмашты ел жақтырмаған. Ақын елдің құлағы мен көзі ғана емес ары мен намысы да болып келген,ел ішіндегі оғаш қылықты дер кезінде сынап мінеп отыру тек ақындар мен шешендердің ғана үлесі. Бүл жай Абайдың көз қарасында тіпті күрделене түседі.

Әсем салдық өлгенше кім қыларлық,

Оғанда мезгіл болар тоқталарлық.

Ұрлық қылар,тентіреп тамақ асырар,

Болмаған соң жұмыс қып мал табарлық.

Кез келген қаңғы бас сандалып қанша жүрген мен ең соңғы нүктесі өз үйі, ақын «Оғанда мезгіл болар тоқталарлық» деп қаңғыбастың үйіне келген мезгілін айтып отыр.Жұмыс істеп табыс таппаған соң үйіне бос, құры келеді.Бірақ үйі де бос.Ол өткен күніде бос келген. Міне, Абай мен Майлықожаның өмір сүрген дәуіріндегі елдің бір күйзелген шағы осы жұмысы жоқтық, қаңғыбастық  болған.

Қарауыл қойсаң қорқақты

Жау көрмей қашар аттандап-қайсы бір ел болмасын ең бір қасиетті жері сол елдің шекарасы. Шекараны қорғайтын ерді, табанды, жүректі, ақылды және ең күрделісі иманды ерден таңдап қойған мақұл. Шекараға қойған адамың қорқақ, пайымсыз болса еліңнің басынан айқай кетпейді Ал шекараға қойған адамың дүниеқор болса онан өткен қасірет болмайды. Елмен елдің, мемлекет пен мемлекеттің арсында тұрған қарауылға қояр талап сол елдің көлеміндей, сол елде өмір сүрген халайықтың санындай болмағы керек.Біз бұл азаматтарды шекарашы деп атаймыз. Шекарашы елдің қорғаны мен бірге сол елдің тағдыры да болып кетеді.

Бұл жайды Әлішер Науаи:

Намыссыз кісі ер санында емес,

Жансыз денені еш кім тірі демес-Рухы кеткен денені еш кім тірі деп айтпайтынындай, намыссыз кісіні мәрт деп айтпайды.

Ал Абай;

-Күшік ит бөрі алама жабылса да?,

Тәңрі сақтар табандап тап ұрса да.

Арсыз адам арсаңдап,арсылдайды,

Әр жерде ақ керегеге таңылсада-деп жерлей отырып, ар сақтауға, намыс үшін қайрат етуге үндейді.

Азығыңды азайтсаң,

Аптада ұн қыл батпандап.

Аузың асқа тез тиер,

Асығыс болып жатқанда-ақ-Әйелдің қасиеті адалдығы мен тазалығы, ердің қасиеті ақылы мен қайраты. Ерде қайрат болмаса елге тұтқа бола алмайды. Елге тұтқа болу үшін,үйің тыныш болу керек,  үйің тыныш болу үшін кебеже мен қап тоқ болуы керек. Қап тоқ болса, керек кезінде асың дайын, асың дайын болса жолыңнан кешікпейсің.

Диқан ақылын тыңдсаң,

Көп айдалған тапқа бақ-Қазақта «Шымшық сойса да қассап сойсын» деген мақал бар. Қайсы бір кәсіп-өнер болмасын әр саланың өз маманы бар.Маман бастап атқарған жұмыста берекеде, молшылықта, тұрақтылықта, қасиетте болады. Диқан еңбегінің жемісті болуын бір жыл ілгері дайындап, жерін айдап таптап, келер жылғы егін салар мезетті күтеді. Бұл адам баласына көсем боларлық жүйе.Сізде өміріңіз берекелі, балаларыңыздың тұрмысы мерекелі болуын көздесеңіз келер күнге дайындықты диқан мен қатар көріңіз.

Қатынның ақылын тыңдасаң,

Кебеже мен қапқа бақ. Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі, үй тіршілігін әйел билесе үйдің берекесі кіреді. Кебежеде киім-кешек тола болса, қапта ұн тола болса әйелге одан артық бақыт жоқ. Демек, қатынның ақылын алып алдымен кебеже мен қаптың жағдайын жасаған дұрыс.

Ынтымақ үлгі іздесең,

Кариясы басшы топқа бақ-Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын дейді-дана қазақ. Қай жерде ақылды қария бар болса сол жерде ынтымақ бар,қай жерде ынтымақ болса сол жерде бақ бар. Ел арасында мынадай бір әңгіме бар. «Бір кісінің үш ұлы бар екен, алғашқы екі ұлын үйледірген соң келіндер өз ара кердеңдеп үй ішін суық,салқын қабақ басады.Боларғада болмасқа да керілдескен келіндер үйдің берекесін алып,карияның басы шарадай болып жүргенде кіші ұлы үйленетін болады.Тәуекелге бел бұған отағасы үшінші ұлды үйлендіреді.Кіші келін есі барлық істеп екі абысынның арасында кей сөздерге мән бермей жүре береді. От ағасы бір күні жолаушылап келе жатып бір кария кісі мен сапарлас, жолдас болып қалады.Жол бойында сыр айтысып келіп келіндерге тоқтайды. Сонда әлгі кісі «сен үйіңе барған соң үш келініңді жыйып алып оларға не керек екенін сұрап ал мен олардың сұрағанын тауып берейін» дейді.Үйіне келіп келіндерін жиып алған от ағасы болған оқиғаны айтты, кәне не қалайсыңдар дегенде үлкені қора, қора мал сұрайық дейді, ортаншысы қап-қап ақша сурайық дейді. Кішісі «егер ол адам шын мәнінде біздің қалағанымызды беретін болса, онда ынтымақ сұрайық» дейді. Сол сәтте есікті ашып кіріп келген Қыдыр «шырағым сен ынтымақпен бірге Бақ пен Қыдырдыда қосып алдың ғой» деген екен дейді.Елдің де, жердіңде, ердің де, үйдіңде бақыты ынтымақта. «Кәрия қайта хат сонда», «Кәриясы бардың дариясы бар», жалпы қазақтың өмірінде карияның алатын орны ерекше. Ел бірлігі, ағайын ынтымағы, кәрияның жол басшылығы мен жүзеге асып келген.Кім қысылса кәрияға барып ақыл кеңес сұраған. Ел арасында қазан табақ сылдырласа кәрияны араға салып, екі жағын ырза қылып кәрия шешкен.

Абай;

Біреуден біреу артылса,

Өнер өлшеніп тартылса.

Оқыған, білген білген-ақ,

Надан, надан-ақ сан қылса-

Өнер мен ілімді бағалайтын кез келсе,жай жерде кім-кімнен артылар екені белгілі болып шығады.Сан қылған мен оқығанның аты оқыған, надан надан. Бұл жерде алтын шапан, төбеге қойған асыл тас жәрдем бермейді. Соңғы мәреге жеткенде алтын емес, ақыл мен білім ғана пайда береді.Тегінде қазақ надан деп сауаты жоқ,жазу сызуды білмей тін адамды емес,кеудесінде сәулесі жоқ, оқығанынан мән шығармайтын,өз басынан артылмайтын, айналасы мен жұмысы жоқ дүмбілезді айтқан.

Адамдықтың белгісі

Әуелі әдеп сақтамақ. Исламдық пәлсапа,балаға ілімнен бұрын әдеп үйретпек керек деп айтады.Әдепсіз үйреткен білім адамды жарға жығады.Оғаш қылықты адамды әдепсіз дейді. Әдеп барлық жақсылық, игілік, қайрымдылықтың бастауы, көңлінде игілігі болмаған адамнан ізгілік күтуге болмайды,ол ессіздік. Әдепсіз ілім еш кімге пайда бермейді. Барлық адамзатқа керек нәрсенің әдебі бар, адамшылықтың әдебі – ар мен намысты сақтау, азаматтықтың әдебі  – елге қорған болу, білімнің әдебі – биязы болу, кісіліктің әдебі – сақылық. Әдепсіз жігіт мақтаншақ, әдепсіз қыз күлегеш, әдепсіз кария боқтампаз, әдепсіз қатын шайпы ауыз. Ал жібектей есілген қайран жақсы, ел арманы осы ғой. Қазақ «иесін сыйлағанның итіне сүйек сал» дейді.Не деген әдептілік, кішіпейілділік. Әдепті болсаң ғана қара басың сыйлы.

Әлішер Науаи:

«Әдеп жасы кішілерді, жасы үлкендердің ізгі дуасына жеткізеді». Сенің сыйлы болғаның бір қауым елдің абройы. Қауым қарындасың бар, ағайын жек-жатың бар бір адамның жақсы аты осынша халайыққа мәртебе болады.

Жолмен жүрсең жаңылмас

Әруаққа теріс аттамақ

Аттамақ түгіл әруақты

Дұрыс емес боқтамақ – Қазақ үшін әруақтың орны бөлек, әруақ менің әкем мен шешем, менің атам, бабам, бес атадан асқан соң ол адам көпке ортақ, яғни бір қауым елдің ортақ атасы болып көлеңкесін кеңейте түседі.Әруақты сыйлаған адам сол өткен әзіздің ұрпағында, ағайын, қарындасында сыйламағы керек.Сен қаншалықты көпті сыйласаң көпте сені соншалықты сыйлайды. Өзің ешкімді сыйламай, сенде еш кімге сыйлы бола алмайсың. Қазақтың «әруақ, құдайға серікпіз» демегі осы.

Батырлыққа жатпайды

Жау көрмей мылтық оқтамақ. Мұны қазақ дөң айбат, күпілдек, мақтаншақ деп айыптайды.

Әділдікке жатпайды

Жақыным деп ақтамақ  -«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»дейді қазақ мақалы.Билікте бұрмалау тоқтамаса елде әдлетсіздік, ұры, қары, зорлық,  зомбылық тоқтамайды. «Ет бұзылса тұз себесің, тұз бұзылса не себесің» тұзды елден аулаққа алып барып көмесің. Әділдік қыла алмаған  би де сол тұз секілді,  елден аластауға лайықты. Қайсы бір қауым өз ішіндегі әділетсіздікті ел болып жоюға қолы жетсе,сол қауым өсіп өркендеуге лайықты.

Бул жайды Әлішер Науаи былай жырлайды;

Әділдік ет, ол халықтың өмірі болған,

Хош адам сол, әділдік көңлінде болған.

Билік басы әділдік, тыныштық, етсе,

Бұл екеуі бір жүрсе өмірлі болған – әлемнің тыныш тығы әділдікте. Әділдік, адамдар арасына сүйіспеншілік, өзара сыйластық алып келсе, әділетсіздік зорлық-зомбылық, жер бетіне соғыс, қан төгіс алып келеді. Әділетсіздіктің басы «мынау менің адамым еді, мен тұрғанда бұл сөзден жеңілмеуі керек» деп өктемдік ету мен. «Мен тұрғанда қорықпа, қандай қылмыс  қылсаңда ақтап алуға шамам келеді» деген кеудем соқтықтан шығады. Яғни бидің туысқаны, сыбайласы болған ұры, парақор жазаланбай қоғам түзу жолға түспейді. Ал Абай дана:

Ендігі жұрттың сөзі ұрлық-қарлық,

Сапалы жан көрмедім сөзді ұғарлық.

Осы күні, осы елде дәнеме жоқ,

Мейір қанып мәз болып қуанарлық-деп елдің жатқа қарап қалған кезіндегі күйгелек, төменшік, бейшара кезінде өмір сүріп отырғанын айтады.

Кісілікке жатпайды

Кінәсін көрмей біреудің

Сырттан сілтеп даттамақ. Исламдық дүние танымда адамдар арасындағы ең ауыр күна біреудің сыртынан айтқан өсек. Алланың расулы (С.А.У.)«біреудің сыртынан өсек айту сол адамның етін жеген мен бірдей»деген. Мұсылманға  Мұсылманның қаны, малы және намысы арам яғни мұсылман үшін мусылманның қанын төгу болмаса малын тартып алу арам болғанындай,оның намысына тиюде арам.Себебі ғайбат-өсек намысты ішіне алады, өсекке ілінген адамның жаны күйеді. Және бір жайда Алланың елшісі (С.А.У.);Ғайбаттан тыйылыңыз, Ғайбат шын мәнінде зинадан да жаман, зина қылған кісі соңынан тәубе қылса Алла тәубесін қабыл қылуы мүмкін. Ал ғайбат етілген кісі, ғайбат қылған кісіні кешірмесе Алла да кешірмейді. (Абу Хомид Ғаззолий).

Жарамды ұлдың белгісі

Жастықтың тұзын ақтамақ. Елдің елдігініңде ажарын кіргізетін жастық, ердің ерлігін паш ететін мезгілде жастық. Ел үшін еңбек еткен жас,сол елдің тұтқасы.Мықты қарт мықты жастан шығады, сол үшін жастықтың өзін қарттыққа дайындық деп қараған адам жастықтың тұзын ақтауға ұмтылады.

Әлішер Науаи:

Йгитликта йиғ илимниг мағзини,

Қарилиқ чоғи харж қилғил ани-Жас шағында ілім қазыналарын жый. Қартайғаныңда оны сарып қыл.Жас кезіңдегі жыйған ілімің қартайған шағыңда еліңнің игілігі,өзіңнің мәртебең, еріңнің құралы болсын деп отыр.

Өзіңе сыймай шыққан сыр

Біреуге қиын тоқтамақ. Сыр сақтай білу бір елдің абройын сақтау мен бірдей дүние.Ауыл арасындағы мыс-мыстан бастап, халық арасындағы бетін жасырып устайтын жасырын сыр ауыздан шықса тоқтамайды.Ел арасындағы «Отыз тістен шыққан сөз,отыз ру елге тарайды»деген сөз осыдан қалған.

Әлішер Науаи;

Розни асра,чунки фош этдинг,

Яна пинхон булурни қилма хавос-

яғни-сырды мықты сақта,айтып қойған соң оның жасырын болуын күтпе-дейді.Бүгінгі абайсызда айтылған сыр ертең өзіңе қару болып тиуі бек мүмкін.

Тас атқанға ас бермек

Жарамас кінә сақтамақ. «Тас пен ұрғанды, аспен ұр»-дейді халық даналығы.

Әлішер Науаи:

Иззат топмас ким қаноатсиз улур,

Хар кимса хасуд булса,рохатсиз булур.

Қанағатсыз кісі құрмет таппайды, кекшілдің тыныштығы болмайды -дейді. Қанағатты қатты ұстамаған көңілде тоқтам болмайды, анаған да, мынаған да ауытқып кете береді.Көңілінде тоқтамы жоқ адам сабырсыз болады, сабыр мен ойланып іс қылмаған адам кекшіл болады. Кекшіл адам анаған бір сөз айтуым керек ,ананың бетін қайтаруым керек, анау меннен жоғары отырды, анаған менен бұрын сәлем берді деу мен күндіз түні тыныш отыра алмайды. Демек бұл адамда береке жоқ.

Абай:

Досыңа достық-қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Асығыс түбі-өкініш,

Ойланып алмақ сабыр сол. Досқа достық қайтару адамдық қарыз, адамдық мәртебе, досқа арамдық надандық. Ал дұшпанға әділдік бұл ұлы дәреже. Біреу саған надандық пен қастық етсе, сен оған адамдық ет, бәлкім райынан қайтар, адамдық дәреже табар. Пәлен жерде пәлен шенің бір ауыз сөзі артық кетіп еді деп қойныңа тас салып, бәле ойлап кіна сақтама.Сонда ел боласың, ағайын алалығынан құтыласың.

Бір адам пайғамбарымыздан (С.А.У.);«Көркем мінезді» сұрады, Алланың Расулы; (Ей Мұхаммад) «мейрімді бол, жақсылыққа үнде және жауыздардан аулақ бол» аятын оқыды(4-сүре,145-аят) «Көркем мінез сені мен қарындастық қатынастарын үзгендерге кеңірақ және рахымды қайрымды, сеннен жақсылықты аяғандарға жақсылық қылуыңды, саған зұлымдық еткендерді кешіруің» деді.

Бірақ, бұл сөздің бірағы бар, шын мәнінде жаман болса онда сөз басқа, ағайын алалығы басқа,

Жаманның сөзін көтерсең

“Бір қорқытып алдым” деп

Артыңнан қалмас жалпаңдап-дейді Майлықожа яғни дым сезбес надан басқа,саналы түрде, әдейі сөзді бұзып отырған залым,міне осы жаман шын жаман.Ал бір ауыз сөзін көп ішінде өткізіп алып соңыңнан қалмайтын ақ торғай деген болады.Бұл бір ауыз зеку ден, жекіруден қалмай жайына кететін жасық емес,емініп соңыңнан қалмас жабысқақ.

Жаман адам зорлықшыл,

Жақын жерге тыртаңдап-«Қазақта ауыл тентегі» деген теңеу бар, бұл азамат ел іші, оның ішінде ағайын арасында дәуім-ақ. Ал шетке шықса одан момын, одан бейшара адам жоқ. Ағайынға зорлықшыл адам, мұсылман емес деп есептейді Әлішер Науаи:

Ким мусулмонлиғ айласа дауға,

Чин эмас гар фидо қилур жонлар.

Ул мусулмондурки,солимдур,

Тилию илгидадин мусулмонлар-Кім мусылмандықты мақсат етіп,сол жолда жанын пида қылсада мусылман емес.Қолы мен тілінен мұсылмандарға азар бермеген кісі ғана шын мұсылман. Яғни зорлықшыл дегеніміздің өзі қолы мен тілін тыя алмаған адам.Өзінен нашарға, әлі жеткен жанға қолын жұмсаған, әлі жетпеген жанға тілін жұмсаған ,өз қолынан ештеңе келмейтін жан.

Бұл жайды Абай;

Жасы кіші үлкеннен ұялмай жұр,

Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.

Сәлем борыш, сөз құлық болғанан соң,

Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр

-деп бір қарағанда мүлде басқа нәрсені айтып отырғандай болады. Бірақ  үңіліп қараған жанға үш ақында бір жайды, сол дәуірдегі ел ішіндегі, елге қорған болар деген жастың басындағы күйкі тірлікті, бой күйездікті, пасық, өсекші, ел ішінде қадырсыз жастықты айтып отыр.

Аруанадан туған нар,

Жүк көтерер талтаңдап. «Ауырлықты нар көтереді» бұл қадым заманнан ел ішінде қағида болған заңдылық. Адамзаттың нары, ел үшін белі қайысқан азамат. Ел үшін қабырғасы қайысып, отанның жел жағында жүрген адамды қазақ нар дейді.

Әлішер Науаи:

Викор гавхорию хилм мағдани булакур,

Десангки,қилғай итоат сенга гадо ва шох.

Бул шева тоғда зохирдурки,даврондин,

Қачонки тафриқа етти,улусқа булди панах

-Үлкендер мен кішілердің құрметін істеуді қаласаң, кішіпейілдік пен азаматтық кені бол. Бұл әдетті таудан үйрен, әлде қалай көңілсіз жай болса тау халыққа пана болады. Яғни таудың ығы малға да жанға да пана, ала-құла, мынау адам, мынау мал деп бөлмейді. Жақсының жайы да осы, сасқанға сабыр, қашқанға таса, қысылғанға ақыл. Ер азамат таудай маңғаз, кең, алып, ұлық бола тұрып еш кімге міндеті жоқ болсын-демек ші.

Абай:

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шафқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға. Елдің жүгін көтеру үшін ақыл мен қайрат қатар келуі керек. Біреуі басым болса, сол жаққа қарай жүк ауады. Екі жақты теңгеріп ұстау үшін кемел бенделік, суық ақыл, ыстық жүрек болса демекші.Әділет пен шапағат кемел пенденің ғана қолында. Нарлық халықтың арманы. Нар болу керек деп жастарды қайрау, сол жаққа қарай жол көрсету халыққа жаны ашығанның ісі. Ақын қай кезде халықтың қамын жесе, ақындық мәртебеге жетіседі. Ең әуелі әділеттік қылу қиын, арлы адам әдлетсіздік қылмайды. Ал кез келген әділетсіздіктің артында бір арсыз тұрады. Ол сөзге тұрмайтын, арам мен адалды ажыратпайтын, обал-сауапты білмейтін болған соң арсыз. Бұл адамды жеңу қиынның қиыны. Шапағат дегеніміз жақсылық қылу, біреуді бәледен, қиындықтан құтқару. Шапағат қылу үшін Абай айтқан ақыл, қайрат, әділдік үшеуі бір адамның басынан табылса, шапағатқа қосылып төртеулеп алып шығады.

Малға кедей бес күндік,

Иманға кедей жаманды-Қазақ біреуді ұнатса иман жүзді екен деп мақтайды. Біреуді жек көрсе иманыз деп даттайды. Тегінде барлық адамзаттың арасын иманды,имансыз деп ажыратса болады.Иман барлық адамға тиесілі болмағы керек. Дініне, ұлтына, нәсіліне қарап адамдарды бір біріне туыстық қатынастарын білсе, имансыз, иманды екеніне қарап адамдығын ажырату керек секілді.Адам ата жаратылғалы мал мен иман бір жерде тұрған емес.Майлықожа малым жоқ деп емес иманым жоқ деп уайым жеу керек дейді.

Әлішер Науаи:

Иман топқон кишига Хақ рахматидин,

Ғам йуқ шайтон васвасау захматидин-яғни

-Хақ рахметінен иман тапқан кісіге,

Шайтан залал жеткізбес,болмас оның ісі де,-деп иман тапқан адам дүниелік ғам қайғыдан құтылады, иманы берік адамды шайтан жолдан аздыра алмайды дейді.

Абай:

Дүниеге ынтық мақшарға амалсыздың,

Иманын түгел деуге аузым бармас-деп мал дүние талабы мен иман талабының бір көңілге сыймайтынын айтады.

Мұхаммад (С.А.У.) «Кім иманға кірді қауіптан құтылды, кім жаннатқа кірді қауіптан құтылды» деп иман Алланың рахметінің яғни жаннаттың кілті екенін айтады.

Әлішер Навуаи:

Инсоният боғининг дилписанроқ шажари хам эхсондур ва адамийлик гулининг аржумандроқ хавхари хам эхсондур. Яғни адамшылық бағының көркем сыпатыда қайрымдылық, бенделік гүлінің жұпары да қайрымдылық.

Уч қисм ила ийманға бино фахм айла,

Аввалғисини анинг хаё фахм айла,

Икинчисини дағи вафо фахм айла,

Учинчини билмасаң,сахо фахм айла-иман мекенін үш қабат деп түсін, бірінші қабат – ұят, екінші қабат – опа, үшінші қабат – сақылық. Уятың болса иманға опа қылғаның.Иманға опа қылсаң уәдеңді сақылық яғни қайрымдылықпен бекіт демекші ұлы шайыр.

Әлішер Науаи:

Ер кісіге сәндену не мақсат,

Гаухарға тозаңнан келмейді апат—егер кеудең гаухар болса әр қандай нашар киімде оны жасырып қала алмайды.Ал кеудең жаман пейілге толы болса қандай сәнді киімде сені гаухар ете алмайды.

Майлықожа ақын ел үшін тұған жастарға;

Адамда бес қысым бар – кәрім, сақы,

Бақылдықтың болмайды жанға нәпі,

Онан соңғы біреуін мүпсін дейді

Бесіншінің болады ләйін аты.

 

Адамның ең артығы болар кәрім,

Қайырға тапқанының берер бәрін,

Әр не түссе қайырға үлестіріп,

Аямай береді екен  дүние малын.

 

Сақылар өзі де ішер, халыққа берер,

Киім киіп, ат мініп рахат көрер,

Кәрім менен сақыға жан жетпейді,

Осыны шамаң келсе қылғын өнер-деп кемел бенделік дәреженің қайрымдылықта екенін айтады.Тағадат ибадаты мен хаққа жаққан,яғни Алланың үкімінен шықпаған,қаншалықты бар-бай болсада асып тасымаған,кез келген адамға жәрдем беруге дайын,қолынан келмесе тілі мен жәрдем еткен.Біреудің көңліне тиіп,бетін қайырмаған,Халайыққа істеген қайрымдылығын бұл менің бенделік міндетім деп білген жанды кемел бенде, кәрім деп айтсақ керек. Сақылық деп қолында барын аямаған және қолында барының рахатын көріп, жақсы атқа мініп,жақсы киініп,қолайлы тіршілік кешкен адамды айтады. Хикаят «Ақырдың күнінде, барлық адамзат бір жерге жиналған кезде бір топ қауым орнынан тұрып жаннаттың есігіне барады екен. Ау Сіздер қайда барасыздар десе біз жаннатқа барамыз дер.Сіздердің жаннатқа баратындай қандай амалдарыңыз бар дер.Біз Алла жолына дүние сарып етіп сақылық істегенбіз дер. Сіздер бул амалды кімнен үйрендіңіз дер.Біз бұл амалды ғалымнан үйрендік дер.Олай болса Сіздер өз устаздарыңыздан бурын жаннатқа кіруге уялмайсыздарма дер. Сонда ғалым орнынан тұрып менің алаңсыз ғылым үйренуіме осы сақының дүниесі себеп болып еді,сондықтан сақы бірінші жаннатқа кіруге лайық дер.Сонда бір хабар келер; Е-періштелер екеуін бірге кіргізіңдер жаннатқа деген.Бұл жерде сақы ілім үйреушіге жәрдем еткен, ілім үйренуші сақыға жаннаттың кілтінің қай жерде тұрғанын көрсетті.

Сақыны мақтар кітапта,

Санасыз дейді сараңды-деп қолындағы барын өзіде ішпей-жемей,өзгеге де бермей өткендер көп,бул қауымды ақын санасыз дардың қатарына жатқызады.Сақылық қайрымдылық пен бірге пәркездік,таза тәбеттілік те болып шығады. Біздің оңтүстікте  ілгері «жақсы ат баққан,сақылыққа жатады»деген мәтел болатуғын.Қазақ арасында; «Жол үстінде не сақы отырады,не бақыл отырады» деген мақалда бар. Ұзақ жолдың үстіне үй салып отырған адамның үйінен қонақ үзілмесі аян.Құдайы қонаққа жай беріп, жағдайын жасаған адам жақсы адам болып санатқа кірсе;

Бақыл ішер тапқанын қылмас қайыр,

Тапқырлығы пейілінің болар зайыр,

Бақылдар қайырлы іске қадам баспас,

Жаман-жақсы кісінің парқын айыр- келген қонақты қабылдамағаны мен қоймай артынан әр түрлі сөз айтып,өсекке шатса тіпті қолындағы барын міндет етіп ел арасын бузарларда бақыл болып шығады.Өзі пайдаланбай,елге бермей жыйған дәулеттің;

Бақылға берген, бақ дәулет

Итке теңге таққандай-деп иесіне пайдасы жоқ екенін айтады.

Мүпсін жинар дүниені- жемес, кимес,

Ат мініп, ас ішуін лайық көрмес,

Мал қанша біткен сайын меһнат артып,

Өз басына зәредей пайда тимес-Мал таппай тұрып ақыл тап дегенде атам қазақ осындай жағдайда айтса керек.Бұл қазақтың өмірі бейнет пен өтеді.

Ләйіннің алқымынан өз асы өтпес,

Халық оның дүниесінен үміт етпес,

Тапқан малы арамға сарып болады,

Өз малына өзінің қолы жетпес-бұл адам ел іші де ағайында қолын бір сілтеп, әй соны қойшы деп атаған жан.Елге де араласпайды,қайырда сауапта істемейді. Яғни өмір бойы мал жыйып,өз асына өзінің қолы жетпеген адам. Ақыр соңында мал кім көрінгенге бұйырып өзі өмірден бейшара қалде өтеді. Бір –екі аптада елдіңде есінен шығады.

Майлықожа;

Байекең малдың қамын ойлай кетті,

Еркіне қара суық қоймай кетті.

Құдайым дозаққа сап жылытпаса,

Отына бұл дүниенің тоймай кетті-деп  қойын бағып суыққа ұшып кеткен байға жоқтау жазып берген.

Майлы ел ішіндегі іске татыр жігіт пен өз басы мен әуре жігіттің ара жігін ажыратып былай дейді;

«Жаман тұған жігіттің мыяты көп

Жақсы тұған жігіттің мыйы ашып жүр»дегендегі ақынның айтайын дегені есі бар жігіт ел қамын ойлауы керек дегенді айтпақшы.Жаман тұған есі толық емес,ішкен жегеніне мәз жыртақай,елдік,бенделік пен жұмысы жоқ. Жақсы тұған төңеректе болып жатқан жақсы жаманға сын көзімен қарай алатын,түбі елге қайсы амалдың құт,қайсы амалдың жұт боларын көре білеті жігіт. Бұл Абайдың да бір өмірлік арман, мақсаты болған көз қарасы екені баршаға мәлім.Мен Мұхтар Әуезовтың тектік шежіресін зерттеп Шыңғыстау,  Абай еліне барғаымда, бір әңгіменің үстінде бір жігіт,аға осы Абай мен Майлықожаның бір-бірінен қандай үлкенді-кішілі дәрежесі бар деген. Арамызда отырған жасы жетпістен асқан аға тұрып, «қарағым-ай бұл екеуін бір-бірі мен салыстыруға келмейді ғой.Абай Шыңғыстың тауы,Майлықожа Қазығұрттың тауы,екеуі қазақ даласының екі шетінде тұрған жоқпа. Әлгі бір ақынның;

«Ақ жаңбырлар мүжіген тау секілді,

Мен өлемін өзімнің биігімде»- дегені осы емеспе деген еді.

Бұл екі алыптың дәуірі бір, елінің көрген құқайы бір. Майлы қожа Қоқанның билігінің соңын көрді. Оңтүстікке Кенесарының билігі жеткен жоқ. Қазақ хандығы құлап ел жақсысы дегендер бес-он үйден қазақты бөліп алып бет беті мен түйе айдап кеткен заманда Қазақ хандығының Оңтүстігін Қоқан басып қалды. Ел болып қарсы тұрғанда Қоқанның тым қырып кетердей қауқары жоқ еді.  Бірақ ел ішінен бас көтеріп ел үшін,қалын қазақ үшін еш кім шықпады.Сыр бойынан Жанғожа батыр, Тұрсынбай датқа бастаған қауым, Сырдың жоғарғы ағысы Шымкент маңынан Мәделіқожа, Мусабек, Байбақ, Рысқулбек.Тараз Мерке өңірінен Байтерек, Байзақ,С ыпатай, Жетісудан Сұраншы, Саурық Қоқанға қарсы болғаны мен өз ауылдарынан қуып тастаудан асқан жоқ. Яғни ел болып қарсы тұра алмады.Сондықтан Майлы қожа елдің басына түскен зауалды елдің өз пейлі-құнынан көреді. «Қоқанда» құры қоқаңдағаны болмаса ел іргесін бекітуге әрекет еткен жоқ.Қолына түскенін алып қашып елден аулаққа барып жеуге дағдыланған қорқау қасқыр секілді күн кешті.Соның арқасында Ресей бодандығы келгенде елден де жерден де айрылып өзінің ай далада қалғанын көрді.Құдиар хан елден қашып, Арабстанға, одан өтіп Индияға барып әлемнен өтті.

Ел ағаларының бас бірлігінің жоқтығынан әр өлкенің игі жақсылары бенде болып Петрборға барды, барғанда-да жылап еңіреп, өз еркінсіз барды. Бырақ  басқа елден қыянда жүргенде-де алауыздығын қоя алмады. Ақ падшаның алдында елдің арман мүддесін ашық айтып падшаның уәдесін алған молда Қошықтың айдынының асқанын көріп ел жақсылары іш тарлық етті:

«Қазақтың ауызының алалығы,

Ақсатты сол секілді арыстанын»-деп бекерге айтып отырған жоқ. Молда Қошыққа Ақ падшаның бұйрығы мен алтындатқан шапан жапқан.Ордадан шыққан соң ел жақсылары бұл шапаннан теберік алайық деп,әлгі шапанды бір бурдадан кесіп алып кеткен.Ондағы мақсат молда Қошық елге барған соң ақ падшадан алғаным деп ел көзіне осы шапанды киіп шықса бізден артық көрінеді деген арам пейіл еді деп айтушы еді.

«Біріңді Қазақ бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос»-Абай осылай тұжырымдайды.Абай мен Майлықожа бір-біріне қарама қайшы екі таптың адамдары. Абай жеті атасынан аузынан уызы арылмаған, «шынжыр балақ,шубар төс» әулеттен. Қолында айтарлықтай билігі бар.Біреуге  жалтаңдамайды, алдына салған малы бар. Малы болған соң аймағында қоңсы отырған елі бар.Салмақ салсада ел арасында өз айтқанын өткізе алады. Бырақ,тек ел арасында ғана. Ал ел арасы дегеніміз ат жетер жер.Арғы жақта өз айтқанынан басқаны мойындамайтын және бір алпауыт отыр. Бұл қазақтың ең қатерлі ауыруы.

Ең соңында Абай;

«Моласындай бақсының,

Жалғыз қалдым тап шыным» деп таусылады.

Майлықожаның жайы басқа, жастай әкеден жетім қалып, шешесін асырау үшін інісі Есехан екеуі ауылдың жекеменшік падасын бағып жан сақтаған. Екеу араға барса жалтаң көз, жасқаншақ,тартыншақ болып өскен. Табиғаттың берген мол талантының арқасында, өз ерік күшінің есебінен ержеткен адам. Бір жағынан жастай көрген қорлыққа мынау неге мынадай деп жауап іздеумен болған. Майлықожаның бар қайғы қасыреті  ел бірлігінің жоқтығы  ілімге талаптың жоқтығынан деп біледі;

Талап, ілім болмаса

Сөз жүйесін табар ма?-деп Майлықожа айтылған  сөздің мәніне түсінү үшінде талап пен ілім керегін айта келіп;

Жақсыға тыңдат сөзіңді,

Жаманға айтып қор қылма-деп елге насихат айтудың да жүйесі барын,өзі келіп сурамаса босқа айтқан сөзді тыңдай қояр қулақтың жоқ екенін  айтады;

бұл Абайдың;

Жалын мен оттан жаралған,

Сөзді ұғатын қайсың бар-деп бар өмірлік жүйені өлең мен жеткізгені мен сөзге қулақ асқан жанды көрмей;

Есіл сөзім қор болды-ау,

Тобықтының езіне-деп өкінетін тұсы.Абай қаншама жақсы сөз айтқаны мен оны тыңдап, өмірлік әрекет жолында осылай етейін деген ешкімде болмады. Тіпті Абай былай деп айтып отыр,осы әдетімізді қойсақ қайтеді деген де еш кім ойламады.Есесіне Құнанбайдың орыс баласы былай деп айтады екен деп келеке еткендерде болған.

Жаман менен жақсының

Арасында білгенге

Аспан мен жерше парқы бар-деп Майлықожа дос таңдаудың,мынау жақсы деп біреуге қулай берілудің қаншалықты қыйындығын айтса Абай-

Бет алды жанға бой салма,

Қорлық жүрмес сақтыққа.

Елу бесте біз дағы,

Сенісер адам таптықпа?-деп кез келген сен жақсысың деген жыртақайға еріп жүрме,елу беске келгенше сенімді адам таппадық деп күңренеді.Сақтық естіліктің белгісі.Сақ болған адам қорлықтан аман болады демекші. Абайдай айтқанына ер тұратын,айдауына ел жүретін адамға дос табылмауы мүмкін емес. Бырақ қоршаған жанның көбі қорадағы қой мен өрістегі жылқының, шенеуіктері ел ішіндегі Абайдың беделінің досы.

Майлықожа;

Басыңнан дәулет кеткен соң

Нәмәрт дос келмес қасыңа деп-асың-ауқатың барда қасыңнан  шықпаған дос,дос емес, басыңа қыйыншылық түскенде қасыңнан табылған дос,шын дос десе;

Алишер Навоий ;

Қардашинг эмас улки,қуюб баш санга,

Давлат чоғи қилғай узни қулдош санга.

Ким қилди қаттиғликта вафо фаш санга,

Ул булди хақиқат ичра қардош санга-Дәулетің барында басын иіп,өзін саған жақын

етіп көрсеткен кісі дос емес, басыңа бір қыйыншылық іс түскенде сені қолдаған кісі шын дос.Екі ақынның өмір сүрген уақыты 400-жылдан артық болсада, бенде мәртебесі өзгермеген.

Міне осыны көріп-біліп отырған Абай ақын;

Ермен шықты ит қылып,

Арпа  шашқан егінге-деп таусыла айтады. Қаншама ел аралап айтқан сөз, узақ түндердегі кітап оқып,жақсы мен жаманды,қайырлы мен зайырлы, зұлым мен зұлматтың арасын талқылаған кеңестер бір сайлаудың дүбірі шыққанда естен шыққанын көргендегі  ұлы ақынның көңіл күйін білдірсе керек.

Ал Майлықожаның жайы басқа.Өз қолында айтарлықтай ел басқаратын тетік болмаған соң,енді қолдан келері жақсы сөзін өз халқынан аянбай жақсы мен жаманның арасын ажыратып берсемде жетпейме деген көз қарас;

Өлеңмен берсем ыбырат-

Өзімнің қазақ халқыма

О да менің жемісім-ақынның одан басқа қолынан келері де жоқ. Жалпы адамзат тарихында қолына қылыш устап,айқайлап жауға тиіп,қолы босаған сәтте тәтті жырын төгіп жүрген даулпаз ақын көп болмасада ел арасында кездеседі.Бырақ олар көп емес.Ақындардың дені ел арсында халықтың көңіл күйін көтеру,той жыйында термелеп насихат айту арқылы халықты бас бірлік ке, шариғат жолына, адамдық пейілге шақырған.

Шын жүректен шыққан сөз

Тасқа таңба басқандай-халық үшін жан тәнімен беріліп айтқан сөздің мәні мағнасы халыққа ұғымды,өмірге пайдалы болса тасқа басқан таңбадай көкірекке берік орнайды.

Бағзы бір мәнзүр мақал бар

Түсінген ләззат тапқандай-халық ауыз әдебиетіндегі атадан балаға ауысып келе жатқан асыл тастай мақалдың мәні өмірлік жол нұсқа болардай,ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келеді.

Сейітомар Саттарұлы

Сондай-ақ, оқыңыз

Дінаралық татулық

Адамзаттың мамыражай тыныштықта бақытты өмір сүруіне дүние молшылығы, отбасындағы татулық және ұлтаралық жарастықпен бірге, дінаралық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған