Басқы бет / Ғақлиат / Сабыр жақсылыққа жетелейді

Сабыр жақсылыққа жетелейді

«Алла сабырлыларды жақсы көреді».   Әли Имран. С. 146 а.

«Сабыр – соққының алғаш тиген сәтінде».    Хадис

«Сабыр түбі – сары алтын, сарғайған жетер мұратқа». Мақал

Жаратушы жалғыз иеміз кәләмі Қасиетті Құран Кәрімде: «Әй мүміндер! Сабыр және намазбен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла Тағала сабыр етушілермен бірге»  (Бақара с. 153-а.), «Әй мүмін-дер! Әрбір нәрсеге сабырлы болыңдар» («Әли ғымран» с. 200-а.), «Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер, олар зиянға ұшырамай-ды». (Ғасыр с. 3-а.). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүміннің ісі қандай ғажап! Оның қай ісі  болмасын қайырлы. Алайда, бұл мұсылманның ғана маңдайы-на бұйырған. Ол жақсылыққа тап болса, бірден шүкіршілік етеді -бұл оған қайырлы. Егер ол қандай да бір қиындыққа тап болса, дереу са-бырлылық  танытады-бұл оған қайырлы», «Сабырдың уын жұтымдап ішіп, оны бойыңа сіңір. Егер сабыр сені өлтірсе, шейіт боласың, егер аман қалсаң, ұлық боп өмір сүресің», «Күштілік күресте анықталмайды. Нағыз күшті адам-ашуланған кезде ашуын жеңе білген адам»-деген. Х-з. Әли (р.а.): «Адам денесінде бастың орны  қандай болса, иман тұрғысынан алғанда сабырдың орны да дәл сон-дай». Аяттар мен хадистерде пендені бірнеше мәрте сабырлылыққа шақыруының өзі, бұл өмірдегі жалғыз саналы жаратылыс болған Адам үшін сабырдың қаншалықты маңызды қасиет екенін аңғартады. Сабырлылық танытудың ең жоғарғы үлгісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) болса, одан кейінгі орында сахабалар. Мүшірік немере ағасы аталары ұстанған пұтқа табынушылыққа, күпірлік дінге қайтару мақсатында, Зүбәйр ибн Әууәмді  шиден жасалған төсенішке орап өртеген. Дене-сін жартылай күйік шалса да, Зүбәйр ибн Әууәм мүшіріктердің тарттырған жан төзгісіз зұлымдығына шыдап, иманынан бас тартпа-ды. Осыған іспеттес азапты азаншы сахаба Біләлға да тарттырғаны-мен, оны да бір жалғыз Жаратушыға деген сенімінен айныта алмады.

Атақты ғалым Әбу Ханифа сауданы кәсіп еткен. Бірде танысы Әбу Ханифаға тауарға жіберген керуенді қарақшылар тонапты деген хабар жеткізеді. Әбу Ханифа аздан соң «Әлхамдулилләһ»- депті. Әлгі кісі біршама уақыттан кейін қайта келіп, «тоналған керуен сіздікі ем-ес, басқаныкі екен, керуеніңіз аман-есен, жолда»- дегенде, Әбу Хан-ифа алғашқыдай аз уақыттан соң тағы да «Әлхамдулиллаһ» дейді. Бұны көрген хабаршы Ғұламаның ісіне таңданып: «Сізге керуеніңіз тоналды дегенде, кейін керуеніңіздің амандығын естігенде де, аз ой-ланып «Әлхамдулиллаһ» дедіңіз. Сіздің жүзіңізден не реніш, не қуа-ныш байқалмады»- деп сұрапты. Сонда Әбу Ханифа: «Мен керуен то-налғанын естігенде жүрегімді тыңдадым. Ол жайсыз хабарға ренжі-ген кейіп танытпай, қалыпты ырғағынан ауытқымады. Ал жақсы ха-барды естігенде де қуанған сыңай танытпады. Жүрегімнің дүние қыз-ығына байланбағанына қуанып, Аллаһқа шүкіршілік жасадым» депті.

Дана халқымыз ұрпағына қалдырған мұраларының ең құндысы – мақалдары мен мәтелдерін Ислам қағидаларымен ұштастырған. «Саб-ырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа», «Не болса да-сабыр қыл» (Қожа Ахмет Иасауи), «Сабыр – ақылдың серігі» (Майлықожа Сұлтанқожаұлы), «Ауыр күн де өтеді-оған сабыр-шыдам қыл» (Махмұд Қашқари)- деп қандай бір қуанышқа кенеліп немесе қиын-дық кездессе де, бір Аллаға сиынып, сабырлы болуға үндеген. Қас-иетті Құран Кәрімнің аяттарымен, Хз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерімен жақсылыққа шақыруы, әлдебір амалдардан тыйуы, кейбір амалдарға ерекше ынталандыруында терең мағына бар. Бірақ, біз пенделер олардың анық мағынасын пайғамбарымыздың түсіндіргенінен өзгесінің мәнін түсіне бермейміз. Анығын Алла біледі. Қуанышқа немесе келе-ңсіз жағдайға тап болған адам сезімін ауыздықтау үшін өз ағзасына зиянды заттарды пайдаланады. Қуанса «қуанышымды жуамын» – деп, қайғырса, «қайғыны жеңілдетеміз»-деген сылтаумен ағзаға қатерлі әрекеттерге бой ұрады, арақ–шарап ішсе, темекі тартып, насыбай ата-ды. Осылайша, өз ағзасын өзі улап, кейінгі ұрпақтың алдында теріс өнеге көрсетеді. Ұлы Абай «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшы-лыққа жарамайтұғыны да бар» дегендей, ата–бабаларымыздан қалған құндылықтарды құрметтей отырып, олардың арасында бірен-саран болса да теріс тәрбиелік әсер беретіндері де баршылық екенін ұмыт-пауымыз ләзім. Мысалы, «Алтын көрсе періште жолдан таяды», «Жарлы болсаң, арлы болма», «Ұйықтаған ұйқы алар, ұйқтамаған жылқы алар», «насыбай ашу басар атқаныңда» деген сияқты мақалдарды тікелей мағынада түсініп, ұрлықтың өте үлкен күнә екенін мойындамай, тіпті ұрлықты бір батырлыққа санайтын замандастарымыз да баршылық. Алдымен, періште-пенделер сияқты ішпейді, жемейді, кимейді, жыныстық қатынаспен көбейіп, әдемілік бұйымдарды пайдаланбайды. Сондықтан да біз сияқты күнәһәр пенделерге ұқсап, олар киімге, асыл тастарға қызықпайды. Олай болса, неге ол өзіне керексіз затқа бола, тура жолдан тайып, Жалғыздың алдында кінәлі болады?  Жаратушы иеміз өзінің құлдарына уақыты келгенде өзіне ғана тән құдыреті мен аяттарының және әрбір сөзінің мәнмағнасын білдіретін сияқты. Алла пендесін жаратқанда оған қандайда бір қуанышқа не қайғыға кездескенде денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайды өзіне өзі жасайтын қабілетті қоса жаратқандай. Адам тосын жағдайға кезіккенде сабыр сақтаса, кеудеге сыймай, сартылдап соққан жүректің алабұртуынан, кейбір денсаулығы төмендердің жазылмайтын сырқатқа ұшырауынан ағзамыздағы Жаратушының жаратқан тәндегі қорғағыш зат көмектеседі, ол үшін тек қана аздаған сабырлылық қажет. Олай деуге себеп; біріншіден Алла Тағала аяттарымен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерімен сабырлылыққа үндеуі десек, екіншіден, жақында А. Қ. Ш.  ғалымдарының адамның басына қуаныш пен қиыншылық түскен жағдайда сабыр сақтаса, оның миы өздігінен жағымсыз сезімді жуасытатын «табиғи тыныштандырушы», жүйкені жайландырып, көңілді жұбататын зат шығаратындығы туралы ашқан жаңалығы. Бұны ғалымдар «опиоид» деп атаған. Ғалымдар сабырлы, орта дәрежелі сабырлы және сабырсыз пенделердің, бастарына аса қуанышты, не қайғылы жағдай түскенде олардың миы қандай жағдайда болатынын қадағалаған. Мінезі салмақты, өмірдің қызығы мен шыжығы «Жақсылық та, жаманшылық та бір Алладан»-деп түсініп, сабырлылық танытқандардың миы жағымсыз сезімнен туындайтын, ағзаға теріс әсерді залалсыздандыратын «опиоид», яғни «табиғитыныштандырушыны» көп мөлшерде, ал орта дәрежедегі сабырлының миы «тыныштандырушыны» аздау, ал сабырсыздың миы бұл сұйықтықты бөлмейтіндігін анықтаған. Ғалымның себебімен Алланың білдірген   жаңалықтарының негізінде біз бүгінгі күні неге Алла мен оның елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) пендесінің назарын сабырлылыққа  аударуының мағынасын түсінгендейміз. Осы орайда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Ғылым дамыған сайын Құран жасара береді»,  «Ал кімде кім сабырлы болуға тырысса, Аллаһ оған түгесілмес сабыр береді. Ешбір жанға сабырлылықтан да үлкен әрі қайырлы сый нәсіп етілмеген».-деген хадисінің мағынасына қанығып, Қасиетті Құран Кәрімнің қияметке дейінгі ақырғы кітап екендігіне және оның таусылмас ғылыми жинақ екендігіне жүрегімізді орнықтырамыз. Қадірлі мұсылман бауырлар, Аллаһ баршаңызға қуанышта да, реніште де сабырлылықты, Алланың шынайы құлдары болуды нәсіп етіп,   шаңырақтарыңызға шаттық берсін. Әмин!

 Ауданбай қажы Ахметжан ұлы.

Сондай-ақ, оқыңыз

Түркістанда ғаріп болды Кұл Қожа Ахмет

77-хикмет Аяу, достар, ғашық, ышқы болмайынша, Уахаданият дариясына сүңгіп болмас. Ол дарияның гәуһары дүр Хақ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған