Білген Шайыр айтады

Қиуа Жорығы туралы жыр

 

 МӘДЕЛІҚОЖА ЖҮСІПҚОЖАҰЛЫ

Жазылды өлеңменен бұл бiр нұсқа,

Айта берсем бұл сөзiм емес қысқа,

Гүбiрнатiр Қиуаны алған жылы

Мәлiм болсын күнбатыстан күншығысқа.

 

Ерлiгi ол сапарда баршаға аян,

Даңқы асқан айтуым болды мейман,

Екi қолы қызыл қан қылыштасқан

Онда қылған ерлiгiн қылдым баян.

 

Дүниеде жақсылардың аты қалған,

Осындай жазылып хаты қалған,

Уаенный гүбiрнатiр Қиуа аттанды

Генерал-гүбiрнатiр фон Кауфманманан.

 

Әкiмдер атрядыға қылды жарлық,

Естiдi мемлекетте бiткен барлық,

Мың сегiз жүз жетпiс үш болған жылы

Қиуа менен түрiкпенге болды тарлық.

 

Жау шыдамас орыстың әскерiне,

Жақын келген қариялар қастарына,

Қиуаға қамданды орыс бармақ үшiн

Қара күндi салғалы бастарына.

 

Ол уақытта жауындар болды қатты,

Жүрген адам сағынды рақатты,

Қилы деген өзенде апта жатты

Бiрнеше күн жол жүрiп Жызақ барды.

 

Бұқардың падишасы қорқып қалып

Өтiндi Кауфманға қағаз салып,

Қилы деген өзенде елшiлерi

Алдына жетiп келдi тарту алып.

 

Жапырақтай тiтiредi Бұқар халқы,

Жұмсатқан қаттыларды шүкiр талқы,

Ылау түйе салды да аман барды,

Әуел қорқып, қуанып қалды арты.

 

Бұқардың падишасы мойнын салып

Елшiсiн гүбiрнатiр бiрге алып,

Апта жатып Қилыдан көштi-дағы,

Әскер қонды Нүрек барып.

 

Жалынғаны Бұқарға пайда болды,

Болмаса басына аман қайда едi,

Нүректен арман әскер қозғалды да,

Одан асып Үшбен деген жайға қонды.

 

Көшкен, қонған жерлерiн тастамалық,

Газет қылғай кiтапқа басқаланып,

Үшбеннен көшiп арман жүрдi дағы,

Ол күнi қонды дейдi Баршқа барып.

 

Тау келсе де кетуде орыс таптап,

Бас әкiмдер бұйырық қылды шындап,

Барштан арман қарап жүргеннен соң

Одан барып қонған жерi дейдi Сынтап.

 

Салдаттар мылтық атар ауық-ауық,

Басшылар бастап барар жолын тауып,

Ертеменен Сынтаптан аттанған соң

Ендi кешке қонған жерi Темiрқауық.

 

Барады жасылдай болып жанған оты,

Қайда барса өртейдi мұның бетi,

Одан ары қонған жерi Балта Саудыр

Қызылқұмның iшiнiң бергi шетi.

 

Айтамын қонғанда да, көшкенде де,

Бара жатыр баяғы Үшбендiге,

Одан арман әскерi қозғалған соң,

Онан соң, барып қонды Қосбелгiге.

 

Сусатты ылау түйе, мiнген атты,

Қызылқұмның iшiнiң жолы қатты,

Қосбелгiден қозғалып аттанған соң,

Қосынның қонған жерi Байментапты.

 

Шұбап көштi болған соң су тапшылық,

Ақыл тапты төрелер жайын бiлiп,

Байментапты дегеннен көшкеннен соң,

Онан соңғы қонған жерi Аяққұдық.

 

Және ылау алдырып жолдағы елге,

Барады су арттырып әскер шөлге,

Одан арман қозғалып жүргеннен соң,

Көшiп барып қонады Арыслан белге.

 

Қылатұғын дұшпан жоқ жанжал-дауға,

Кiм келсе де түседi құрған ауға,

Жердiң атын бiр қонған жеңiлiп мен

Барады Қарақ ата деген тауға.

 

Бiрi ойға жүредi, бiрi қырға,

Өткен жерде жолдар көп сiңген құмға,

Ол жерден арман қарап көшкеннен соң,

Ендi барып қонады Мыңшұқырға.

 

Тамдыға Қазалыдан атряд түстi,

Екi тау біріккендей болды күштi,

Ақ патшаның жиенi кiнәз келiп

Екi әскер бiр-бiрiне жолығысты.

 

Дабылын жер-жаһанға бiлдiрдi де,

Қазалыменен әскерлер бiр жүрдi де,

Қатарланған болаттай болып жүрiп

Ол күнi барып қонды Гүжiмдiге.

 

Қай әскер бұл секiлдi iс қылыпты,

Көрсетуге жауына күштiлiктi,

Гүжiмдiден қозғалып көшкеннен соң

Қоныпты арман барып Үшқұдыққа.

 

Барған жерiн майдалап күл қылды да,

Қиуаға бiр қатты күн қылды да,

Арман қарап әскер тағы көшiп

Барып ендi қоныпты Шеңгелдiге.

 

Жеңiлсем бұл сөзiмдi жарата ма-ай,

Айып етпегей, өлеңiм болса қалай,

Арман қарап көшкен соң және әскерi,

Одан соң жеттi дейдi Хал Атаға-ай.

 

Көз жетпейдi қараса Қызылқұмға,

Суы тапшы, жолы алыс ұзын құмға.

«Алдымызда жау бар ма, абайла» – деп,

Иуановты жiбердi қарауылға.

 

Әкiмiнiң айтқанын қылса дұрыс,

Баспа қылып тұр екен қиуалықтар,

Тосып тұрып алдынан қылды ұрыс.

 

Басшысы барып қалып байқамайды,

Қиуалық шыға келiп айқайлайды,

Иуанов сарт жiгiтпен жарадар болып,

Сойып кеттi пышақтап Молдабайды.

 

Бiр соғысып көрсеттi қараларын,

Айырылды алыс қылып араларын,

Хал Атаға қайтарды Иуановты,

Доқтырға түзетсiн деп жараларын.

 

Жаралы Хал Атаға бұрылғанда,

Жарасын мәлiмдетiп тұрылғанда,

Ол күнi ауыр әскер жүрiп барып

Қонды дейдi ендi Адам қырылғанға.

 

Құдық суы аз болып тақырланды,

Әкiмдер бiр-бiрiне ақыл салды,

Қосынды аз-аз болып жүрсiн дейдi.

Қайтарды ылау түйе, бiткен малды.

 

Апта жатып барғанда Алты құдық,

Оты шүйгiн ол жайдың, суы тұнық,

Мал күткен салдаттармен сахарада ұрысып

Күн шыққан соң әрi қарап қашты Сыздық.

 

Бiраз ұрысып жөнелдi Сыздық төре,

Қарасын оның орыс қалды көре,

Жөнiне, Қиуаға жөнелген соң

Орыс көштi артынан бiрге ере.

 

Көшiп барып бiр жерге қонып жатты,

Ұрысарға келмейдi жауы қатты,

Түнiменен Қиуа әскерлерi

Әр жерде тарсылдатып мылтық атты.

 

Орыс оны елемей жатып алды,

Қиналып Қиуаның аты қалды,

Ертеңiне көштi де, ендi әскер

Үшошақтың құмына жақын барды.

 

Орыстың әскерiндей бар ма мықты,

Қиуаны назарына iлмес тiптi,

Мұсылманның бiрталай қосыныменен

Жалау байлап алдынан үш ту шықты.

 

Жақын келмей алыстан ойнатты ат,

Атса оны өлтiрер жаяу салдат,

Бiреуi Сыздық төре, Мәтiнияз,

Үшеуiнiң бiреуi Мәтiмұрат.

 

Үш туды көрдi дағы, әскер қонды,

Түнде мылтық атылып қамсап келдi,

Таң атып, күн шыққан соң ол арадан

Тағы әскер қозғалып көштi ендi.

 

Қарғадай қамап жүрдi төңiректеп,

Жолай алмай қасына ебелектеп,

Орыс тағы жөн жолменен жүрiп кеттi,

Мың қарғаға бiр кесек не кiрет деп.

 

Жақын келмей, алыстан айбат қылды,

Ататұғын салдаттың сырын бiлдi,

Бұл iсiңнен не пайда көресiң деп

Уаенный гүбiрнатiр қарап күлдi.

 

Ол арада еш мылтық атылмады,

Айтқан сөз бiр-бiрiне қайта алмады,

Қиуалық шауқымды сала бердi

Сердабаның көлiне жақын барды.

 

Ендi орыс бастады қайрат, күштi,

Қиуаға көрсетейiн дедi iстi.

Салдаттар бара жатып бiр доп атты

Қосынның ортасына барып түстi.

 

Қиуалықтар алдынан бөлектендi,

Ханыменен ол арада әлек болды,

Жарадарын әрқайсысы сүйей-сүйей,

Дарияны жағалап жөней бердi.

 

Жалбырап қашып кетiп бара жатыр,

Тiгулi үйi менен қалды шатыр,

Қойып барып тамаша қылып қайтты

Бiраз атты казак-орыс пенен уаенный гүбiрнатiр.

 

Жаралы екi пенде, алты ат келдi,

Ол күнгi қылған iсi мұндай болды,

Қиуалықтың әскерiн қуалады,

Орнына көштi де, барып қонды.

 

Қашуға мұсылмандар кеткен көнiп,

Қарап тұрса қалады бiр демде өлiп.

Аққамысқа барады ауыр әскер,

Ол уақытта арада екi қонып.

 

Ар жақтағы кемеге көзi түстi,

Сол арада ойлайды және iстi,

Бергi жақтан кемеге үкiм қылып

Сол арада түйдесiп бiр ұрысты.

 

Бергi жақтан жұмсалды орыс тобы,

Арғы жақтан доп атты Қиуа қолы,

Бiр доп атып сарбаздар болғанша

Салдаттар шапшаң атты бес-он жолы.

 

Орыс добы ортадан айнымады,

Жаныменен сарбаздар қайғыланды,

Қардай доптар жауған соң қашып кеттi,

Арғы жақта иесiз қайығы қалды.

 

Атып шықты қайықтың иелерiн,

Көп қосынды көздейдi жөнелерiн,

Жел қайықпен салдаттар өтiп барып

Алып келдi байлаулы кемелерiн.

 

Бiраз салдат кемеменен ар жаққа өттi,

Хезар асып, қыстақты талан еттi,

Бiр сапарға жарамай атқан допқа

Мұсылманның әскерi қашып кеттi.

 

Ол жұрттың заманасы қараң қалып,

Салдат келдi қыстағын талап алып,

Кемесiменен байлаған қайта өтiп,

Ол жерде әскер қонды қарар алып.

 

Қиуа жүр құр сүлде денесiменен,

Қорыққаны кетер емес ендi есiнен,

Демiн алып көп әскер ар жаққа өттi

Тартып алған Қиуадан кемесiменен.

 

Бiлмеймiн ендi қонған жердiң атын,

Көргенiм жоқ сызылып жүрген хатын,

Хезар асып, қыстақтан екi қонып,

Қиуаның өзiне барды жақын.

 

Кеткен екен шаһарын тастап ханы,

Иесiз қалып Қиуаның малы-жаны,

Ата Мұрад енесi екi ат тартты

Жайын айтып орысқа бағынғалы.

 

Ата Мұрад ханның ол енесi едi,

Жайын сұрап хакiмлер бiлiседi,

Гүбiрнатiр келгенiн қабыл алып,

Хиуаға бастап олар жүрiседi.

 

Өлеңi қылдым Қиуаны алғанынан,

Бөтен сөз айтқаным жоқ жалғанынан,

Диуанбегi, жасауыл ханы келдi

«Аман бердi» деген сөз даңдарыманан.

 

Қашқан ханды қолына iлiндiрдi,

Жарлығын бәрiне айтып бiлiндiрдi,

Үш адамды қаһар ғып гүбiрнатiр

Ішкерiге барсын деп, Сiбiр қылды.

 

Қиуа жұрты тiтiреп қорықты қатты,

Iшкен асы бойына зорға батты,

Хан бауына онан соң шығып қонды,

Қиуаның iшiнде үш күн жатты.

 

Зорлығын мәлiм қылды бiткен жанға,

Қиуаны ендi бердi ескi ханға,

Хан бауында Кауфман бiр ай жатты

Қарайғанын үйретiп закүн-заңға.

 

Қаратып түрiкпендi алмақ үшiн,

Тәртiпке Қиуадай қылып салмақ үшiн,

Калауашов гүбiрнатiр өзi аттанды

Кауфманнан бөлiнiп бармақ үшiн.

 

Түрiкпен қарсылықты қылып жатыр,

О да сансыз әскерiн жиып жатыр,

Қияметтей майданды бiр қылсам деп,

Бұл әскердiң келуiн бiлiп жатыр.

 

Орыс әскерi үш күндей басты жолды,

Шандыр деген бiр жерге барып қонды,

Түрiкпеннiң қосыны түн iшiнде

Төңiрегiн айналып әбден толды.

 

Атақты ерлерiнiң бәрiн жиды,

Аянбай салысуға жанын қиды,

Таңға жақын уақта айқай салып

Орыстың әскерiне келiп тидi.

 

Екеу-екеу, бiрме-бiр құшақтасты,

Қылыш сiлтеп, қанжарменен пышақтасты,

Әскерiне қайтпа деп қайрат берiп

Уаенный гүбiрнатiр ерлiк ашты.

 

Жөнiн тауып онда мылтық атылмады,

Қараңғыда салдаттар қапыл қалды,

Сабаласып, салысып түрiкпен тұр,

Таң атарға саһар болып жақындады.

 

Жағаласқан бiр-бiрiн қырып жатыр,

Бiрi жығылып, бiреуi өлiп жатыр,

Айламенен әскерiн аман сақтап

Өзi ерлiк бастады гүбiрнатiр.

 

Еш уақытта болған жоқ мұндайын iс,

Түрiкпенге гүбiрнатiр көрсеттi күш,

Қараңғыда бiр түрiкпен қарсы келiп,

Оң жақтағы қолына тидi қылыш.

 

Ол қылыш тиген жерiн жаралады,

Қан ағып етек-жеңiн қаралады,

Ашуменен түрiкпендi қыра бердi,

Гүбiрнатiр жараға қарамады.

 

Ол түрiкпендi бiр салдат найзалады,

Өкпесiнен өткiзiп майдалады,

Қызметi гүбiрнатiрге мәлiм болып,

Шен тиiп ол салдатқа пайдалады.

 

Жараны гүбiрнатiр елемедi,

Қырылып түрiкпен дағы денеледi,

Гүбiрнатiр өзi ұрыс қылғаннан соң

Түрiкпен қашып ептеп жөнеледi.

 

Қыру қылды қан аққан қолыменен,

Қылыш сiлтеп оңына, солыменен,

Атты казак артыма айлан дейдi,

Салдатты қоя бер деп жолыменен.

 

Ал салдат мылтық атты сатырлатып,

Түрiкпендi қырып салды бытырлатып,

Ашып көздi жұмғанша талай түрiкпен

Ұйықтаған кiсiдей қалды жатып.

 

«Ат!» деп жарлық қылған соң салдатына,

Құмға түрiкпен түзеп жөнелген соң,

Атты казак әскерiн салды артына.

 

Түрiкпен құм-құмына енiп кеттi,

Жоғалып шыбын-шiркей болып кеттi,

Ендi әскер барады арман қарап,

Арада бiрнеше күн және өттi.

 

Бет алып өшiккен соң бара жатыр,

Бiр ұрысты қылған жерi Қызыл тақыр,

Үш адамы түнде өлiп түрiкпеннiң

Және ерлiкпенен қашырды гүбiрнатiр.

 

Ендi түрiкпен ептеуге көнiп қалды,

Жарадар болып талайы өлiп қалды,

Құмға кiрiп аттысы жоқ болып кеттi,

Шанбал белде мал иесiз болып қалды.

 

Жаман қаһар қылды түрiкпен елге,

Құм-құмменен қашып кеттi жоқ болып шөлге,

Арғы шетi барған соң Шанбал белге.

 

Иесiз жатқан мал-жанға ұшырады,

Түрiкпен қатты сасып қысылады,

Ылаж жоқ, амалы болмаған соң

Ақ патшаға мойынын ұсынады.

 

Түрiкпен көп өтiнiшiнiн айтып келдi,

Бас қойдым деп тартуын тартып келдi,

Барған iсiн ерлiкпенен бiтiрдi де,

Қиуаға Кауфманманан қайтып келдi.

 

Салық салып, ақшасын санап алды,

Бұрын малын шапса да, талап алды,

Бас әкiмменен қарсылық қыламын деп

Түрiкпен байғұс болып құрып қалды.

 

Сөз қылдым гүбiрнатiр ерлiк даңқын,

Қаратты барған жердiң бiткен жанын,

Қара судай тындырып қайтып келдi,

Қиуаның қызметке салып хатын.

 

Бақты әзер, жарасы тидi қолға,

Ерлiгi асқан барғанда Қиуа жолға,

Ақ патшаның алдынан мәртебе алып

Барып келдi мансұр болып Петiрборға.

 

Қарамай қылыш кескен қызыл қанға,

Ерлiк қылып өзi ұрысқан ұзын таңға,

Қиуаны алған ерлiгi мәлiм болған

Жетi ықылымда мемлекет бiткен жанға.

 

Уаенный гүбiрнатiр патшада көп,

Сұрасам ерлiк қылған қайсысы деп,

Ерлiкпенен жаралы болып Қиуаны алған

Бұл айтқан гүбiрнатiр Калауашов.

 

ҚИУА ЖОРЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖЫР

Дастан 1875 жылы Ташкентте қазақ тiлiнде шығып тұрған «Түркiстан уәлиатының газетi» ақпарат басылымында «Шымкент оязына қараған Мәделiқожа деген ақынның Сырдария облысының уәенный гүбiрнәтiрi Калауашовтың Қиуаға барғаны тақырыпта шығарған өлеңi» деген айдармен №17,18,19 сандарында жарық көрген.

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button