Сыр-сұхбат

Әділет пен батырлығын ақындықпен қайраған

«Арғы атам Мәделі мен Майлықожа

Ғылым мен өнері асқан сайлы қожа» деп ақын Кенжеқожа Құлмырзаев (1898-1945)  жырлағандай ақындығымен де батырлығымен де ел есінде жүрген тұлғаларымыздың бірі – Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының мерейлі жылына арналған тағы бір думанды  жиын өтті.

Алқалы жиынның тойбастары ретінде орындалған Мәделіқожа батырдың әйгілі «Мырзаби деген бек шықты» өлеңі, Ұлт-аспаптары оркестрінің өнері де  жиналған жұртты бір сергітіп, келелі кеңестің қазақ өнерінің де  салтанаты екенін  білдіргендей болды.

МЫРЗАБИ  ДЕГЕН  БЕК  ШЫҚТЫ

Қараағашты Тәшкеннен

Мырзаби деген бек шықты,

Екi иiнiн жеп шықты,

«Қатын менен қызыңнан

Зекет бергiн» деп шықты,

Ордабасы басында,

Қотырбұлақ қасында

Жер астынан жiк шықты,

Қаһарын шашып халыққа

Екi құлағы тiк шықты,

Оның қылған iсiне

Ел денесi түршiктi,

Желкеге шашын түйгiзiп,

Еркекше киім кигізіп,

Жасырып қыз бен әйелiн

Көшкелi беттеп жұрт шықты,

Көштiң бетiн қайырып,

Ақ бiлек ару қыздарды

Ата-анадан айырып

Көзiнен жасын ыршытты,

Қанадан асып кеткен соң,

Зұлымдығы өткен соң,

Ел намысын қорғайтын

Қазақтан да ұл шықты,

 Қыран құстай түйiлiп,

  Жеңсiз сауыт киiнiп,

   Әруағына сыйынып,

 Мәделi батыр сайланып

 Қожа iшiнен бұл шықты,

  Халықтың қамын ойланып,

    Белiне жарақ байланып,

 Орта жүзде қоңыраттан

Мұсабек деген ер шықты,

Мiнген аты арқырап

Аққан судай сарқырап,

Алтынды тоны жалтырап,

Ұлы жүздiң данасы

Ер Шонайдың баласы

Ырысқұлбек келдi жарқырап,

Ақбұлақтың басында,

Қарабастау қасында

Үш елдiң ерi бас қосып

Үкiмiн айтқан халық ұнап,

Қоқанның бейбас бектерi

Жәбек бидiң үйiнде

Қымызға тойып балқып ап,

Қазы менен қарта жеп

Отырған шақта шалқып-ақ

«Асқанға тосқан осы!» деп

Бектердiң басын кескенбiз

Шариғаттың шарты ұнап.

Бұл дәстүрлі орындаушы Маржан Исаеваның толғаулап жырлаған ақын Мәделінің төл шығармаларының ішінде алғаш рет мақамға салынып сахнадан шырқалған сәті болатын.

Бұдан соң сах5-halyq-aspaptar-ansambliнаға ақын Әбдіхалық Әбдірайымов шығып өзі арнайы шығарған арнауын домбырамен сүйемелдеп орындады. Осы кішігірім көріністен кейін конференцияның модераторы филос.ғылымдарының докторы Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Әміреқұл Әбуов өз ісіне кірісіп, жиынға арнайы ат басын бұрып келген белгілі ғалымдарға кезігімен сөз беруге кірісті. Алғашқы болып Астана қаласынан жеткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, атақты жырау Алмас Алматов сөз алды. Ол Мәделіқожаның шығармаларының көбісі жыраулық сарында жазылғанын алға тартып, ақынның өмірін зерттеген, оның басқа әйгілі замандастарын қазақ әдебиеті тарихынан өздернен тиесілі орындарын алуға ғұмырын арнаған белгілі ғалым, марқұм Әсілхан Оспанұлының атқарған қызметтерін ерекше атап кетті. Болашақ облыс әкімшілігі, зиялы қауым осы ғалымның атында арнайы Оқу күндерін талдайтын республикалық конференция өткізілсе деген ұсыныс жасады.

12-qazybaj-qudajbergenuly

Келесі баяндамашы алматылық ғалым, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің оқытушысы Сманов  Бақтияр Өрісбайұлы,   Мәделқожа мен тәуелсіздік жайлы сыр шертті.

Бұдан кейін мінбеге филолгия ғылымының кандидаты, доцент, Алматы қаласындағы М.О.Әуезов атындағы  Әдебиет  және  Өнер институтының жетекші қызметкері Серікбай Қосан шығып Мәделіқожа өлеңдеріндегі тарихи көріністер туралы баяндама жасады.

Келесі болып Қызылорда қаласынан келген Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің  профессоры, экономика тарихының ғалымы Қазыбай Құдайбергенұлы сөз алып ғалым Әсілхан Оспанұлының өмірі мен атқарған істері туралы баяндама жасады. Әсілхан Оспанұлының кеңес заманының қысымына қарамастан ерекше ұлтжанды азамат болғанына, қайыспас қайсарлығына тәнті болып, терең білімділігіне де арнайы тоқалып өтіп, оңтүстік өлкесінің тарихына қосқан үлесінің өлшеусіз екендігін жиналған халыққа жайды.

16-almas-almatov-suqbat-berude

Бұл азаматтан кейін мінбеге Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і Түркология ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Бақыт Әбжет, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті, ХҚТУ академиялық профессоры, ф.ғ.к. Алмасбек Белботаевтар шығып баяндамаларын оқыды.

Конференция барысында терме-күйлер орындалып, халқымыздың аяулы өнерпаз жыршылары Бауыржан Бегахмет пен Жәкен Омаровтар ел ішіне кеңінен тарап кеткен Майлықожа ақынның термелерін, басқа да сырлы жырларын төкті. Жиналған қонақтарға алдына дастархан жайылып, түрлі тамақтар қойылды. Қариялар алдарына тартылған басқа бата беріп, Мәделіқожа, Құлыншақ, Майлықожа, Арынқожа ақындардың, Асқар, Сапақ датқалар, Мұсабек, Рысқұлбек батырлардың  құрметіне, олардың әруақтарына бағыштап құран оқылды.

 

15-zal-korinisi-2

Үлкен тойға келген әрбір қонаққа Мәделіқожаның 200-жылдық мерейтойына арнайы шығарылған кітап сыйға тапсырылып, ақын әрі батыр бабамыз туралы сөз қозғаған мақалалар басылған республикалық «Ақиқат» журналы, «Қазақ үні» мен «Түркістан» газеттері, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің сандары ұсынылды. Айта кету керек, Мәделіқожа мен оның туған жиені Майлықожа ақындарға қатысты материалдарды жинақтаған 9 стенд орантылды. Онда қос ақынның тұтынған заттары, шығармалары шыққан кітаптары мен мәңгілік мекенінің фотолары,  олардың өнері мен өмірін зерттеген азаматтар туралы түрлі мағлұматтар кеңінен қамтылған екен.

11-serikbaj-qosan

13-baqyt-abzhet-hqtu

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button