Жарық нұрдың сәулесі

СӘЛМЕН ҚАЖЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Сәлмен қажы Павлодар облысы, Ертіс ауданы Қара қудық деген жерде туып өскен.

Арғынның Қанжығалы руының ішіне Шыңғыстаудан бала оқытуға жастай келген.                    

Шын аты Қалмұхамед. Қожалардың Бақшайыш атасынан. Қолды аяқта тұрмайтын әбжілдігі мен алып ұшқан елгезектігіне тәнті болған ағайын өз атын атамай Сұңқар атандырған.

Ел арасында Қалмұхамедті Шыңғыстаудан Боқты баба алып келген.Сұңқар келгенше Боқтының әйелі көтермей жүрген екен, осы сол үйге келген соң Боқтының әйелі екі қабат болып ұл туады. Ауыл шежересінде Сұңқар (Қалмұхамед) Боқтының бір баласы болып жазылған. Боқты дүниеден қайтқанда мұраға ортақ болған деген сөз бар.

Қалмұхамед Қанжығалы ішінде өсіп өнген, әулеті әліде сонда тұрады. Бул әулеттен Сәлмен қажы атты бір қасиетті атамыз өткен. Бүгін сол қасиетті атамыз бен қажының ұлы Зейнеш  жайлы Мүбарак Жаманбалинов жазған «Әйгілі аудан Ертісім» атты кітаптан үзінді жариялап отырмыз.

 СӘЛМЕН ҚАЖЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Бүгінгі көзі тірі қариялардың, моллалардың айтуынша қазіргі Қараөткел аталатын ауылдың зиратында бес қажы, жеті әулие жерленген екен. Мұнда жерленген әулиелердің есімдері ұмыт болған. Ал, қажылардың есімдері белгілі. Олардың ішінде атағы ел ішіне көбірек тарағаны Бейсенбай қажы мен оның баласы Сәлмен қажы. Сәлмен қажы Мекке мен Мединаға екі рет барып қайтқан деседі. Бірақ, қай жылдары барғанын ауылдастары біле қоймайтын еді. Оны облыс мешітінің жанынан шығарылатын «Руханият» газеті анықтап берді. Биылғы көктемде осы газетте өткен ғасырдың бас кезінде Павлодар облысынан Меккеге барып қайтқан қажылардың тізімі жарияланды. Осы тізімде Бейсенбайұлы Сәлменнің қажыға 1908-1909 жылдары барып қайтқандығы көрсетілген. Ел аузында Сәлмен қажы, аузы дуалы, көріпкелдігі де, емшілік қасиеті де бар, керемет иесі болған. 2007 жылы Қараөткелдіктер зират басында аруақтар құрметіне ас беріп, құран бағыштау рәсімін өткізгенде ақсақалдар Сәлмен қажының қасиеттері жөнінде де әңгіме қозғады. «Менің 11-12 жасар кезім еді» – деді Қамышкенов Сабыржан ақсақал. Бұл 1939-1940 жылдардың шамасы болатын. Қонысымыз қазіргі Ынтымақ ауылы еді. Сәлмен қажының үйі біздің үйдің қасында болатын. Бір күні Қажы атамның (біз ол кісіні солай атайтынбыз) үйінің алдына пар ат жеккен арба тоқтай қалды. Үстінде алты жігіт отыр. Жетіншісі арбада байлаулы жатыр. Жігіттер арбадан түсіп, есігінің алдында тұрған қажы атама сәлем берді. Біз ойнап жүрген балалар, бұл көріністі қызық көріп жақындап келіп, қарап тұрмыз.

– Жігіттер, жол болсын! – деді қажы атам жігіттерге қабақ түйе қарап.

– Алдыңызға ауру адамды алып келіп едік – деп міңгірледі бір жігіт.

– Ауруларың мына байлаулы жатқан ба?

– Иә.

– Ауру байғұсты мұнша қорлап, қинағандарың қалай?

– Есі ауысқан. Қашып кете ме деп.

– Оттамай, босатыңдар байғұсты – деп ақырды қажы.

– Ойбай қашып кетеді, айрылып қаламыз – деп безектеді жігіттің бірі.

– Босат дедім ғой – деп ақырды қажы ата да.

– сонда мен осылай байлаулы жатқанда емдеуім керек пе? Босатыңдар да, бір аптадан кейін хабарласыңдар, үйлеріңе қайтыңдар. Жігіттер ауру адамның байлауын шешті. Қажы оған жылы сөзбен:

– Енді, қарағым, арбадан түсе ғой, үйге барайық. Біздің үйге бір аптадай қонақ бол. Байлауы шешілген жігіт арбадан түсті де қажының соңынан еріп үйге кірді. Қажы атам оны қалай емдегенін қайдан білейік. Әйтеуір ол адам ауруынан айықты деп есіттік. Бір аптадан кейін туыстары келіп алып кетті.

Қараөткелде Жандай ақсақал Сәлмен қажымен ауылдас болған екен. «Бір күні қажы атамның үйіне бір сырқаттанған келіншекті ақсақалды адам шанамен әкелді. Біз балалар сол маңда ойнап жүр едік. Шанаға жақындап келіп қарап тұрдық. Шанадағы әйел айқайлап жұлқынып-жұлқынып қалды. Біз таңырқап одан сайын жақындай түстік. Ақсақал, әйелді шанадан демеп жерге түсірді. Әйелдің көзі алайып, аузы көпіріп кетіпті. Ақсақал әйелге «айналайын, үйге кірейік, бұл қажының үйі, қасиетті үй» деп түсіндіріп жатыр. Әйел жан-жағына алақтап қарап алды да, ақсақалға еріп үйге кірді. Кейін естідім, ақсақал әкесі, ал әйел оның есі ауысып кеткен қызы екен. Қажы атамның алдына жүздеген, мүмкін мыңдаған адам келіп емделген шығар солардың бәріне бірдей шарапаты тиді ғой» деп сөзін аяқтады Жандай ақсақал.

ҚАЖЫ АТАМЫЗДЫҢ БІР ОРЫСТЫ ЕМДЕУІ

Қырқыншы жылдардың аяқ кезінде өзінің Қараөткел ауылын қоныстап отырған Сәлмен қажының үйіне аудандық бас мал дәрігері И. Жеребцов деген орысты алып келеді. Сырқат екен.

– Аға, сізге үшкіртуге әкелдік – дейді Жеребцовтың қасындағы қазақ азаматы. Ол да бір аудан орталығындағы басшы қызметкерлердің бірі болатын. Жеребцовтың досы болса керек.

– Бұған не болған? – деп сұрапты қажы.

– Аңшы еді. Аңшылықта жүргенде біреулермен төбелескен бе? Өзін есінен тандыра сабаған ба? Мылтық кезеп қорқытқан ба? Әйтеуір аңшылықтан тіл-аузы байланып, есі ауысып оралыпты, дәрігерлер емдей алмапты. Олар сізді біледі екен. Сізге үшкіртсін депті.

Әдетте, қажы қазақтарды, яғни, мұсылмандарды ғана емдейтін. Бұл жолы орыс келіп тұр. Аудандағы белгілі маман. Ал, оны әкеліп тұрған қазақ жігіті. Ол да беделді адам болатын. Қажы Жеребцовты емдейді, үшкіреді. Жеребцов алғашқы үшкіргеннен-ақ бері қарай бастайды. Ақыры сырқатынан айыққан Жеребцов қажыға алғысын айтып, бір қараға балайтын қосауыз мылтығын ұсынады.

– Қолыңыздың ақтығы осы болсын!

– Жоқ – дейді Сәлмен қажы, бұндай қымбат сыйды алмаймын, мен адамдарды дүние үшін емес, Құдай үшін емдеймін. Ауылда қажының орысты емдегенін ұнатпағандар да табылыпты. «Орыс – кәпір емес пе? Кәпірге құранның сөзін қор қылғаны жарасып тұрған жоқ. Бұнысы қателік болды» десіпті олар. Ал, Қажы оларға: Бәрің де намаз оқып жүрген жоқсыңдар. Ал, Құдайға ол да (Жеребцовта) сенеді. Сенбесе, менің алдыма келмес еді. Құдайға сенгенді кәпір деуге болмайды. Рас, ол орысша сөйлейді. Ол үшін оны жазғырмайық – депті.

1949 жылы қажының сырқаты меңдеп, төсек тартып жатып қалады. Оның көңілін сұрауға Жеребцов та келеді де туыстарына егер олай-сұлай бола қалса, маған да хабар беріңдер! – деп айтады. Қажы атамыз дүние салды оның жаназасына мұсылмандар Ертіс өңірінің түпкір-түпкіренен жиналады. Жеребцовтың өтінішін ешкім ескермепті. Мүмкін, ол орыс болған соң шақыруды қажет деп таппаған да шығар, бірнеше күн өткеннен кейін қажының шаңырағына Жеребцов келеді. Арбасына бір қой салып ала келіпті. Ол үйге кіргеннен кейін моллаға құран бағыштатып, садақа салады, «Мынау менің батам» – деп қойды қалдырып кетеді. Осыдан кейін баяғы «орысты емдеді» деп қажы атамды өсектеген ауылдастарының өзі Қажы атам нағыз әулие екен ғой, міне, осындай орысты қалай кәпір дерсің, нағыз мұсылманшылықтың жолын жасаған жоқ па? – десіпті.

 

ТӨЛЕГЕН АҚСАҚАЛДЫҢ ӘҢГІМЕСІНЕН

¥мытпасам 1947 жылдың жазы болуы керек. Менің 12-13 жасар кезім. Көшеде балалармен ойнап жүр едім. Қүлағыма бір шыңғырған дауыс келді.

– Сіздің үйден шыққан дауыс, – деді балалардың бірі.

Әуесқой кезіміз. Жүгіріп келсем, ауыз үйде бір әйел байлаулы тұр.

Жұлқынып – жұлқынып қояды.

– Босатыңдар, шешіңдер арқанды дейді.

Әйелдің қасындағы екі жігіт әйелді әкелген адамдар болуы керек.

– Байлауды шешіңдер! – деп ақырды оларға Сәлмен ата (мен оны ата дейтінмін).

– Қарағым үйге кіре ғой, – деп жылы шырай көрсетті оған қажы атам.

Тұяқ үш күнге дейін сіздің үйде болсын, – деді Зейніш аға мағ

 

Қажы атам әйелдің басына тап болған сырқат жайлы сұрады. Босанғаннан кейін үш күннөн соң есі ауысып кеткен екен.

Дастархан жасалды. Шәй іштік. Бір мезетте тып-тыныш отырған әйел орнынан тұрып сыртқа шыға жөнелді.

– Алып келіңдер – дөді қажы атам әйөлдің туыстарына. Олармен бірге мен дө шықтым. Әйел өзенге қарай жугіріп барады екен. Жігіттер қуа жөнелді. Жігіттер қуып жеткенде, әйел тоқтай қалды да.

– Ә, атам шақырып жатыр ма? Онда барайын, – дөп үйге қайтып келді. Шәй ішілді. Бір мезетте әйел тағы да қаша жөнелді.

– Енді қумаңдар! – деді атам, өзі келеді.

Сөйтті де қолына қамшысын алып, сырмақ үстіне тартып-тартып жіберді. Біраздан соң әйел үйге өзі кіріп келді де, атама сәлем берді.

Атам дем салды. Сәлден соң әйел қалғи бастады да, ақыры ұйқыға кетті. Оянғаннан кейін оны қайтадан атамның алдына әкеп отырғызды.

– Балам, бір нәрсеге алаңдаулы, реніштісің ғой, -деді атам оның жүзіне қарап.

– Мүмкін нәрестесі есіне түскен болар, – деді оны алып келген жігіттердің бірі.

– Нәрестең қайда еді?

– Көрші ауылда, бір ағайынның үйіне қалдырып кетіп едік.

– Олай болса алып келіңдер, – деді атам, – нәресте, анасының қасында болсын!

Бір екі күннен кейін әйел есін жыйды. Көңілденді, нәрестесін емізіп рахаттанды. Балалар біздермен де әңгімелесетін болды. Осы үйге қалай келгенін, өзінің қандай мінез көрсеткенін – бәрін-бәрін бізден сұрап алды. Басынан не істеп, не қойғаны есінде жоқ екен.

Әйел бір апта емделді. Ақыры ауруынан құлан-таза айықты. Туыстары кейін атама рахметін айтып, алып кетті.

Кейін білдік. Бұл әйел әулиелі Ақкөл ауылынан екен. Әуелі оны Исабек ишанның немересі Сұлтан қажы үшкірген. Атасының басына да апарған. Атасының аруағы бұл әйелді Сәлмен қажы үшкірсін деген белгі берген екен.

Бұл Исабек ишанның ұрпақтары қуғынға ұшырап жүрген кез болатын. Бәлкім аруақ өз ұрпағын қуғыннан арашалау үшін осы жолды таңдаған шығар. Кім білсін?

 ТАУСЫЛМАЙТЫН ТАБАН БАЛЫҚ

Ауыл мұғалімі көшеде келе жатып, көршілес әйелге жолығады.

– Қайдан келе жатырсыз?

– Қажы атамның үйінен, – дейді әйел. Жұртқа балық таратып жатыр екен, маған да бір кесегін тауып берді.

– Таратып жатқаны қалай?

– Астауында алақандай ғана бір табан балық  жатыр. Содан кесектеп шауып беріп жатыр. Барсаңыз сізге де береді.

Мұғалім ойға қалады. Айналасы алақандай ғана табан балық екен. Содан бірнеше адамға шауып беріпті. Таусылмайтыны қалай?

Дегенмен мен де барып көрейінші. Осы оймен мұғалім Сәлмен қажының үйіне келеді. Сәлмен қажы мүғалімді жылы шыраймен қарсы алады.

– Қарағым жоғары шық! Саған да балық керек шығар. Бір кесек шауып берейін.

Бұл отызыншы жылдардағы ашаршылықтың тұсы болатын.Бір кесек балық еті ол кезде үлкен олжа сияқты.

Астауда алақандай ғана табан балықтың жартысы жатыр екен. Содан мұғалімге де бір уыстай ет шауып береді. Бір ғажабы, балықтың жарты еті баяғы қалпында қалыпты. Қажы одан кейін де бірнеше адамға кесек-кесек шауып беріпті. Ал балық еті баяғы қалпында.

– Мұнда не ғәп бар. Балықтан қанша адамға шауып бердіңіз. Ал балықтың жарты еті сол қалпында, – деп сұрайды мұғалім.

– Е, шырағым, бұл ашыққан бейбактарға Алланың жіберген несібесі ғой – дейді қажы, жай ғана – Алла жіберген несібе сарқыла ма?

Сәлмен қажы балықшы емес. Табан балықтың қайдан келгені де белгісіз.Әйтеуір елдің білетіні сол табан балық сол кездегі отыз шақты ауылдың адамдарының бәріне де ауыз тиюге жетіпті.

Осы бірғажайып оқиға жайлы ауылдың қариялары, содан бері 75 жыл өтсе де, әлі күнге дейін оқта-текте ауызға алып әңгімелеп келеді-

Көшербай қарттың әңгімесі

Бұл менің он бес жасымда болған жәйт. Мен көрші ауылдағы мектепте, 8-сыныпта оқып жүрген болатынмын. Мен пәтерде тұрған үйге Зейніш жездем келе қалды. Зейніш – менің апамды алып отырған жезде, ал Сәлмен қажы бізге құда еді.

Зейніш жездем төрде өзі құралпы үлкендермен әңгімелесіп отыр. Әңгімелеріне мен де құлақ түрдім. Бір мезетте орнымнан тұрып, сыртқа беттей беріп едім, Зейніш жездемнің даусы шықты.

-Әй, бала.токтай тұршы, үйіңде бір әйел сырқат екен, анаңа осыны айта бар. Түбі қайыр, ештеме ете қоймас. Мен таң қалдым, үйімізде сырқат адам жоқ болатын. Пионермін. Бізге дінге, болжам-нанымдарға сенбеңдер, деп құлаққа сіңіретін мұғалімдеріміз.

Зейніш жездемді де, көріпкелі бар, деп сендіретін ел. – Осы жолы бір байқайыншы, деп ойладым ішімнен. Үйге келдім. Болған жайды анама айтып едім.

Рас, – деді анам, ағаңның жуырда үйленген жұбайы, – жеңгең сырқат екен. Басынан ауырады. Кейде есінен де танып қалады. Емдетпесек болмайды. Ақыры ол Зейніш жездемнің үшкіргенінен жазылып кетті.

Содан былай мен көріпкелі бар адамдарға сенетін болдым.

 ӨМІРІНІҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ

«…Байларды, молданы қойдай қу қамшымен» – деп ұрандатқан отызыншы жылдардың ойранында Сәлмен қажы да ауылдағы туған-туыстарымен қоштасып, өзінің жанүясымен бірге Сібір жаққа бой тасалап, қоныс аударады. Әйгілі отыз жетінің аласапыраны сәл саябырлап, ел іші тыныштала бастағанда, қажы өзіне амандыққа барған туыстарының бірінен ауыл басшыларына сәлем айтып жібереді.

– Ауылға көшіп келуге болар ма екен?

Бұл кезде Қараөткел ауылы, көршілес Ынтымақ ауылындағы ауылдық кеңесіне қарайды. Ал кеңес төрағасы Шәмкен Симанбаев қажыға аталас жақын адам. Ауыл мұғалімі Нығман Алшыновда қажыны сыйлайтын адам. Екеуі ақылдасады.Бірден оң шешім қабылдай алмайды.

– Қажы бұл сөзді тегін айтқан жоқ, – дейді оған барып келген туысы.

– Қажының айтуынша «енді елге баруыңа болады» деп оған аруақтар түсінде аян берген көрінеді.

Ә, онда сөз басқа-дейді Шәмкен Симанбаев олай болса,қалайда өзіміз-ақ көшіріп әкетеміз.

Бұл шешімді бүкіл ауыл қоштайды. Сәлмен қажының жанұясы Ынтымақ ауылына көшіріліп әкелінеді де, оған ауылдастары жабыла үй тұрғызып береді. Осы үйде қажы он жыл қоныстаған екен. 1948 жылы Сәлмен қажының денсаулығы сыр бере бастайды.

– Енді менің Қараөткел ауылына, өзімнің әке-шешем жатқан зиратқа жақындау қоныстанғаным жөн. Қараөткел ауылына көшкім келеді, дейді ағайындарына. Ағайындары, бүкіл ауыл жұртшылығы Сәлмен қажыны Қараөткел ауылына көшіріп әкеп, арнайы баспана тұрғызып береді.

Осы үйде бір жылға таяу қоныстап, көз жұмыпты. Ол кісі Қараөткел зиратында жерленді.

Мүбарак Жаманбалинов. «Әйгілі аудан Ертісім» 179-194-беттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған