Құл Қожа Ахмед Иасауи

Ясауи және Түркі жұрты

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРДЫҢ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ АХМЕД ЯССАУИДІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ОРНЫ

Дүние жүзінің мәдениетіне үлкен үлес қосқан түркі әлем ХХІ ғасырда да улкен рухани-жылжу босағасында. Осы оңды өзгерістер түркі халыітардың бірлік-ынтымағын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлем интеллектуал-ағарту саласында да жетекші орындарды иелегеніне шүбә жоқ. Ол үшін табиғи түрде өзара ынтымақ, рухани серіктестік тіпті тамыры бір туыстық қарым-қатынастарды нығайтуға үлес қосу және осындай байланыстардың уйымдастырушысы ретінде қызмет көрсетуі тиіс.

Түркі халықтары әлем өркениетінің дамуына үлкен үлес қосып, жалпыадамилық даму, мәдени және рухани факторлардың дамуын да қамтамасыз етіп келгені тарихтан жақсы белгілі. Түркілер шын мәнінде өз дара тұлғаларын мақтан етіп, олардың аттарын тарихи идеологияда сақтап келумен бірге олардың қызметін мақтан ету сезіміне бөленгені де қуанарлық жайт.

Белгілі болғанындай, халық үшін өмір не өлім мәселесі тұрған тарихи кезеңдерде ұлы тұлғалар басты жауапкершілікті өз міндетіне алып, жол көрсететін жұлдыз сынды халықты өз арттарынан ертіп келген. Тұлға тарихи-психологиялық  феномен ретінде стратегиялық қабілет, халық сеніміне кіріп оны ақтай алу сияқты қасиеттерді қамтыған. Тұлғалар өз ақыл-парасаты, жеке ерлігі арқасында халыққа жолбасшы болып, тарихтың машақатты сынақтарынан елді аман сақтап қалып, елдің азаттығын қамтамасыз еткен.

ХХ ғасырдың соңында түркі халықтары ұлттық тәуелсіздікке жетіп, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа насихаттап, тарихи идеологияларды сақтап келген, сонымен қатар кейбір жазба деректерде көрініс тапқан тұлғалар, сондай-ақ олардың ел бірлігін, татулық пен бауырмалдықты сақтау — елдің өздігін абайлап сақтаумен тең екені, идеялардың жас ұрпақ арасында насихаттау мүмкіндігіне ие болды. Тарихи идеология адамның ақыл-парасатын шарықтаумен бірге өз еліне махаббат, Отанға адалдық, тұлғаларға қатысты ізет -құрмет сезімін қалыптастырады. Жалпы алғанда халықты жинап, оған бас болу және сыртқы қауіптерден оларды қорғау жауапкершілігін біздің ата-бабаларымыз  жақсы түсінген. Тұлғалар халық қалауы ретінде әрбір әлеуметтік-тарихи кезеңде ұлықталып, атымен қоса оларға тән сипаттар да қосып қолданылған.

Өйткені тұлға, әулие сынды сипаттаушы түсініктер тұлғалардың халық жүрегінде терең із қалдырғанын дәлелдейді. Сонымен қатар бұл сипаттар елдің мақтаныш сезімінің артуында да маңызды фактор болды. Тарихи ескерткіштер және елде ұрпақтан ұрпаққа жетіп келген тарихи ой-сана осы тұлғалардың ерліктері, ел татулығын қамтамасыз ету жолындағы қызметі ел бирлигин сақтау жолындағы іс-әрекеттері берік орын алғанынан дерек береді.

Ежелгі деректердеа мынадай жазулар бар: “Жоғарыда көк аспан, төменде қоңыр жер жаратылғанда, екеуінің арасында адам балалары пайда болған. Адам балаларына бабаларымыз Бомын хақан, Истами хақан хан болып отырған. Олар таққа отырып түркі халқының мемлекетін, тәртіп-ережелерін сақтаған”. [1, 27 б]. Күлтегіннің жоғарыдағы жазуынан көрініп тұрғандай, ел идеологиясын жоғарылату үшін де тұлғалар Бомын мен Истами хақандардың көп жылдық билігі құрметпен тілге алынған. Сонымен қатар Күлтегін былай деп жазады: “Түркі халқын жинап мемлекет құруды мына жерге ойып жаздым” [2, 20 б,].  Жалпы түркі халықтары идеологиясында ел мүддесі жолында жұмыс жүргізген тұлғаларды ұлықтау, олардың қызметін әлеуметтік-тарихи құндылық ретінде ұрпақтардың жүрегіне сіңдіру қасиеті басым болады. Әлеуметтік-тарихи аренада түркі халықтарының жетістігі — халыққа тән болған әскери дәстүрлердің мұрагерлік негізінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп беру қабілетімен белгіленеді.

Түркі тілді халықтар — қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз және ноғай ұлттарын бірлестіруде Қожа Ахмет Яссауи факторы елдің қалыптасуында басты тұлғалар ретінде тілге алынады.

Өзбектермен бір қатарда қазақтар да Қожа Ахмет Яссауиді өз ата-бабалары ретінде мойындап, осы елдің рухани дамуын тегі Қожа Ахмет Яссауи әулиенің қызметімен белгіленеді.

Жалпы алғанда, өзбек пен қазақ өздерінің рухани қалыптасу үдерісін тікелей Қожа Ахмет Яссауи әулиенің қызметтерімен байланыстырады. Қожа Ахмет Яссауидің ҳикметтері екі елдің тұтас этникалық бірлік ретінде түркі ұлттар, мысалы өзбек, қазақ, қарақалпақ, ноғай мен қырғыз ұлттарының рухани қалыптасуында да маңызды рөл ойнағанын білдіреді. Сол тұрғыдан алып қарағанда:

  1. Қожа Ахмет Яссауи бабамиз түркі халықтарынің жалпы ата-бабасы ретінде түркі тілді халықтардың этноәлеуметтік-мәдени ғана емес, саяси бірлігін қамтамасыз етуде де маңызды рөл ойнаған тұлға ретінде маңызды саналады.
  2. Қожа Ахмет Яссауидің бейнесінде түркі елдің рухани қалыптасуының алғашқы жолын басып өткенін тағы да дәлелдейді. Бүгінгі түркі елдердің мәдени және рухани тұрғыдан қамтамасыз етуде да Қожа Ахмет Яссауи әулиенің қызметімен тығыз байланысты екенін білдіреді.
  3. Түркі суперэтнос құрамындағы ұлттар — қазақ, өзбек, қарақалпақ, ноғай, қырғыздардың мәдени өмірінде Яссауи хикметтері салмақты орын иелеп, түркі елін қамтамасыз етіп келе жатқан, осы сипат та түркі ұлттарының өзара туыстарын, Қожа Ахмет Яссауи мысалында бір атадан қалыптасып, этникалық даму аренасына шыққанын білдіреді.
  4. Әлеуметтік-саяси факторлар ықпалында тұтас Яссауи хикметтері тілі айналадағы түркі тілдер әсерінен мәдени трансформациялануынан, әрбір түркі ұлттар тілінде орфоэпикалық бойынша ерекшеленетіні байқалса да, олардың әлеуметтік-тарихи қалыптасу үдерістерінің тұтастығынан, қайсы ұлттың тілінде айтылуынан тыс өзара туысқандық байланыстарын бірлік ретінде мойындау қажет.
  5. Көптеген түркі халықтар құрамындағы ұлттар тұтас қалыптасу үдерісіне ие екен, яғни олар бір атадан (Түркі ата) тарқағандықтан, олардың арасында туысқандық байланыстар бар екен, Яссауиді рухани тұрғыдан өзінің пірі деп білген, бұл факторды түркі халықтары бірлігін қамтамасыз ету жолында да пайдалану керек. Мұнда барша ұлт құрамындағы елдер — этникалық тұтастықты қамтитын берік сақина ретінде назар аудару қажет.
  6. Орта түркі тілін жарату бойынша түркі әлемінде түрлі көзқарастар қалыптасып жатқан қазіргі таңда, барша түркі ұлттарда оқылатын Яссауи хикметтерінің тарихи тиілінде болған сөздерге назар аударып, олардан орта түркі тілі негіздерін жаратуда дұрыс пайдалану қажет.
  7. Түркі халықтар идеологиясында үнемі өзара бірлік, татулық, жалпылық пен тұтастық идеясы үстем маңызға ие екеніне шүбә жоқ. Бұл мәселеде Қожа Ахмет Яссауи әулие бейнесінде де этноәлеуметтік және мәдени тұтастығын қамтамасыз ететін фактор ретінде пайдалануға тиіс. Бұл сипат түркі суперэтностың идеологиялық иммунитетін нығайтуда да маңызды орын иелеп, жалпы қалыптасу үдерісі тұтас болған түркі елдерінің достығын одан сайын арттырып, болашақтың өркендеуін де қамтамасыз ететін фактор ретінде маңызды.
  8. Қожа Ахмет Яссауидің әдеби мұрасы тек түркі әлем ғана емес мұсылман әлемінде әлеуметтік өмірді ағарту-діни құндылықтар негізінде жолға қойып, жастарымызда мейір-шапатғат, Отанға адалдық, шынайылық сипаттарды жоғарылатуда маңызды болмақ.
  9. Ең маңыздысы, Қожа Яхмет Яссауидың өмірі мен әдеби мұрасы – түркі тілді ұлттардың ата-бабасы ретінде оларды біріктіріп, тарихи қалыптасуы ортақ болған бұл халықтарды біріктіруде де басты фактор болады, яғни түркі суперэтнос біртұтастығынан мүдделі болған ұлттық зиялыларымыз міне осы факторды пайдаланулары тиіс.

РЕЗЮМЕ

Бұл мақалада түркі халықтары идеологиясында тарихи дарғалардың орны маңызды екені туралы идеясы Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармашылық бейнесінде зерттелген. Белгілі болғанындай, Яссауидің өмір жолы және оның хикметтері түркі халықтары — қазақ, өзбек, қарақалпақ, ноғай және қырғыз ұлттарының рухани қалыптасуы мен дамуында басты рөл ойнағаны туралы идея алға тартылған. Сондықтан олардың қалыптасу үдерісі тұтас екенін насихаттау, түркі  ұлттарының да өзара бірлігін қамтамасыз етуде, достық пен туысқандық байланыстарды нығайтуда маңызды орын иелеуі айтылады. Сонымен қатар түркі халықтары идеологиясындағы өзара бірлік-татулық, тарихи тұлғаларға құрмет пен назар аудару сезімін насихаттау да ұлттық идеяға баса назар аударылғаны бүгінде маңызды.

Назаров Насриддин Атакулович,

Саяси ғылымдарының докторы,

Камалиддин Бехзад атындағы бейнелеу және дизайн институтының профессоры,

Ташкент, Өзбекстан.

nasrid@mail.ru

″ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ″  халықаралық

ғылыми-практикалық конференция жинағынан алынды

Сондай-ақ, оқыңыз

«Дордойдың» Түркістанға тартуы

Түркістан қаласы – Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып жариялануына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған