Ғақлиат

«Бисмиллаһ»

«Бисмиллаһ» – Бисмиллаһ «Бисмилләһир – рахманир – рахим» – сөзінің қысқа нұсқасы.  Қасиетті Құран Кәрімнің сүрелері  «Бисмилләһир – рахманир- рахим» сөзімен басталған. Қазақша мағынасы  «Аса мейрімді Аллаһтың атымен» деген   мағына береді.  «Бисмиллаһ – Құран Кәрімнің кілті».  Қазақша «бисмиллә» деп айтқан жөн. Әр жақсы істі  бастарда бисмиллә деу керек. Сонда ісіңіз берекелі, өнімді болады.  Қасиетті Ләхул –махфузда жазылған, алғашқы сөз «Бисмиллаһ». Адам пайғамбардың  алғашқы сөзі: «Бисмиллаһ». Бисмилләні көп айтумен жұмақтан үміттенесіз, сырат көпірінен сүрінбей өтуге сеніміңіз артады. Бисмилләны көп, айтсаңыз, таразыда жақсы амалыңыз басым боларына, сеніңіз. Хадисте:- «Амал дәптерінде 700 бисмилласы бар адамды  Аллаһу Тағала жаһаннамнан шығарады» деген. Хадис шәрифтерде келтірілген «Бисмиллаһ» сөзін үнемі айту арқылы, жақсы амал жасаудың бір нешеуін атап өтейін.  –  «Бисмиллаһпен желінген тамақ берекелі болады. ( С.Әбәдийә)

«Ұстазы балаға бисмиллаһ оқып, бала оны айтқанда, Аллаһу Тағала баланың, анасының, әкесінің және ұстазының жаһаннамға кірмеуі үшін құжат жаздырады» (С.Әбәдийә).

«Бисмиллаһ жазылған бір қағазды жерден көтерген адам сыдықтар қатарына жазылады». (Тәғриб- ус – салат).

«Тамақ жегенде, демалғанда және түнде жатарда шайтаннан қорғану үшін бисмиллаһ айтыңдар». ( Табарани).

«Қиыншылыққа душар болған адам «Бисмиллаһир – рахманир- рахим уә хаулә уә лә хууата иллә билләһи ғалийл ғазыим» десе, түрлі қиыншылықтардан құтылады.» (Дәйләми.)

«Су ішерде бисмиллаһ айт, біткенде әлхамдулиллаһ де және суды үш жұтыммен ішіңдер». (Ибн Сүнни)

«Үйге кірерде бисмиллаһ айтылса шайтан «Бұл үйге кіруіме жол жоқ» – деп, қайтып кетеді. Негізі әр адам үйден шығарда бисмиллаһ десе, далада тосып тұрған шайтан, қашады. Үйге кірерде айтса, кіре алмай қалады. Бисмиллаһ айтылған, жерде сайтанға орын жоқ. Бисмиллаһ сөзін жастайымнан айтырып үйретті. Кешке жатарда, таңертең қасыма келіп, бисмилланы айттың ба деуші еді, марқұм анам. Тіпті алыста оқуда жүргенде, телефонмен сөйлескенде, алғашқы сөзі,бисмилланы айтып жүрсің бемен басталатын. Өзге дінділердің ортасында өскендіктен, бисмилла деген,  дін екен деп, жүрдік. Кейін білдік қой, «Бисмллаһ» ислам дінінің басы ғана екенін…

Сөз соңында «Бисмиллә» шәрифті көп айту арқылы Алла Тағалаға жалбарынып, жарылқау тілеу жайлы қысқа  баяндап өтейін.   «Бисмиллә» сөзі тек мұыслмандарға тиесілі. Дұға тілек – ішіп жегені, тапқан табысы халал, құдайға құлшылығы дұрыс болғанда ғана орындалатынын ескерген жөн. Ал, мұсылман адамның сипаты, басқа діндегілерден өзгеше екені белгілі.  Сондықтан, қысқаша жазған, дұғалардың түсінігіне, мұсылман атауын  қайталай бермедік.

 

«Бисмиллә» сөзі саған қәуіп төнсе аман сақтайтын  қорғаушың, үміт күтіп, тілек тілесең, жетістікке жеткізетін қолдаушың, басыңа береке, деніңе саулық тілесең сақтайтын сақтаушың, қиналғанда жаныңа қуат бететін, құдіретті күш деп, білген жөн. Осы мақаланы жазу барысында «Бисмлләмен басталмаған іс баянды болмайтыны» жайлы да оқыдым.  Бұл хадистің байыбына барып, әр мұсылманмын көкейінде ұстаса, Алла Тағала  өзі жаратқан пендесіне кешірім етіп, мейріммен қарауы хақ. Өйтсе Аса мейрімді Жаратушы Алладан үмітімізді үзбей, құлшылығымызды қамдап, мәңгі мекен – ахиретті естен шығармау, әр мұсылманның ардақты борышы.

                                               дайындаған  Дахан Шөкшир, Көкшетау қаласы

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз

Жабу