Аппақ ишан

Аппақ ишан – Шаһбүзірік бабамыздың жетінші ұрпағы. 1930 жылы ГПУ-дің қолына түседі. Алғашқы түрмеге қамалған күннің ертеңінде күзетшіге:– Қараңғы үйдің ауасы тар, шошқа қорадан жаман лас, есікті ашып қойыңдар, – деп өтініш білдіреді. Ишанның сөзін тыңдаған ешкім болмайды. Сонан түн ортасында есік өздігінен шалқасынан ашылып қалады. Құлып орнында, кілт күзетшінің қалтасында. Бұған сенбеген түрме бастықтары келесі түнде өздері күзетеді. Түн ортасы ауа бере есіктің құлпы сықырлап, темір есіктің айқара ашылғанын өз көздерімен көреді.

1930 жылдың 18 тамызында «үштіктің» шешімімен Аппақ ишан Павлодарға жер аударуға кесіледі. Алматыға пойызбен жөнелтілген ишанның келе жатқанын естіп, жолай халық берген тамақты сонау Ресейден сотталған, аштықтан бұратылған басқа дін өкілдеріне беріп, ажалдан сақтап қалады. Пойыз Алматыға тоқтағанда сол діндарлар Аппақ ишанның аяғын жерге тигізбей түрмеге дейін көтеріп апарады.

Түрме бастығы Н.А. Граф деген әскери шенді адам бірде ишан жатқан камераға келеді. Оның бетіне қарап түрып Аппақ ишан:

– Ренжімесең бір жағдайды айтайын, – деп келісімін алады. – Сенің ауру анаң бар екен, аға-жеңгең оған қараспайды. Анаң қолына қараған қарындасың азықтан тарығып отыр. Анаңның арманы сені бір көру екен. Ал, сенің баруға қалтаң жұқа. Осы рас па? – дейді. Түрме бастығы мойындаған соң, Аппақ ишан:

– Бәрімізді Құдай жаратқан, мына қаражатты ал да, анаңа барып қайт! – дейді.

Біраз күннен соң үйіне барып қайтқан Граф мырза Аппақ ишанға келіп:

– Сіз әулие екенсіз. Мен барған соң бір күннен кейін шешем дүниеден өтті, – депті.

Қамауда бірге жатқан баласына:

– Сен түрмеден қаш, саған «жол ашылайын» деп тұр. Теміржолға жетіп батысқа қарап жүре берсең маялаған шөп кездеседі. Сонда аз уақыт тынығып, демал. Сол жерде саған көмекші де жетер, – дейді. Баласы Бахибулла түрменің бұрышынан тесік тауып қашып шығып, әкесі айтқан шөмеледе демалып жатқанында:

– Оу, қайдасың? – деп біреу келеді. Ол – Дулат Ырысты деген жігіт екен. Өзінің отбасына Аппақ ишанның жасаған жақсылығын, балалары бірінен соң бірі шетінеп тұрмағаннан кейін ишанға қаралып, үйінде жылан болып аруақ отырғанын, соған құрбандық шалу керектігін айтып, сол істі ишанның өзі атқарып, босағаға жасырынған жыланды дұғамен шығарып жібергенін айтады. Бүгін түсіне ишан кіріп: – «Бір шөмеле шөптің ішінде демалып жатыр. Соған бар» деген соң атыма мініп тұра шаптым, – деп әңгімесін аяқтайды.

Аппақ ишан 1933 жылы көктемде 70-ке қараған шағында Павлодар қаласының түрмесінде дүниеден озды.

 

«Ұлы Пайғамбар және ұрпақтары»шежіре-кітап. «Фолиант» баспасы 2014 жыл

Сондай-ақ, оқыңыз

Етжемес ишан деректері

Баладан балаға жеткен әңгімелердің талайын біз де естідік.  Етжемес ишан ата туралы сол заманда жазба …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған