Ясауи мұрасы

Шәкірттерге дүрр гәуһар шаштым, достар (Хикметтер)

47-хикмет

Хикаятта былай деп сыр шертіледі:

Бабамашын сұлтанды елге келтіреді,

Хорасанда тұрып 400 жасқа келіп,

Заманалар өтіп жатса да, – ол тірі еді.

 

Есіткен Бабамашын ол заманда:

Ахмет деген шейх бар деп Түркістанда,

Сұхбат қып ол қыз-қырқынмен жүрген онда,

Көрмек болып Түркістанға келген, достар.

 

Келді де ол, көрді Ахмет машайықты,

-”Сен шайхы ма ең, аздырған ел-халайықты?!’

-”Сол-айтқан күмрәңмін лайықты”,-

деп-Хазірет оған жауап берді, достар.

 

..Әмір етті Хақімқожа Сүлейманға,

Жіберді ол Мұхаммади Данышпанға,

“Байлап ұр!-деп-500 қамшы ол наданға!”

… Тастай қылып пұтқа байлап қойды, достар.

 

Жүз кісіге әл бермес жай уақтары,

Екі-ақ кісі ұстап алып байлап салды,

500 қамшы арқасында ойнақтады!

Құшырланып ұрғандарын көрсең, достар!?

 

500 қамшы ұрса да, ол күліп тұрды,

500-деп бір қамшыны артық ұрды,

Соңғы қамшы тиген замат үні шықты.

Қожа Ахмет естімеген болды, достар.

 

Сол бір сәтте мүридтері сұрақ берді:

«500 қамшы ұрғанда, түк етпеді,

Соңғы қамшы тигенде, ол безектеді.

Неге олай?» – деп сауалды қойды, достар.

Ахмет айтты: «Арқасында дию пері,

Соғылды 500 қамшы соған деді,

Перілер арқасынан көшкен еді»,

Бір қамшы оған тиіп қалды, достар.

Бабамашын: – «Өлдім – деді-уа, Ахметім!

Келмей қалсам халық қарсы, қара бетім!

Мен соларға еремін деп, таяқ жедім!»

Зар-зар жылап сорлағанын айтты, достар.

 

Қожаның ер екенін сонда білді,

Құлдық ұрып, онымен бірге жүрді,

Қожамен үш мәртәбә қылует кірді,

«Мұрадың пірден болар» – депті, достар.

 

Мұрсат боп әркім мұрат таба бермес,

Қызмет қылмай Хаққа әркім жаға бермес.

Шын жыламай көзден жас та аға бермес.

Зар қақпаған Хақтың жүзін көрмес, достар.

 

Еске алдым Құл Қожа Ахмет әулиені,

Шәкірті Бабамашын мен ол сұлтанды,

Қолдағайсың сорлы Жүсіп Бәдауиді!

Назым ғып айттым осы хикаяны.

 

48-хикмет

Қызыр бабам салды мені осы-ау жолға,

Содан кейін дария болып тастым, достар.

Шариғаттың базарында сайран құрдым,

Мағрифаттың гүлзарында серуен кылдым,

 

Тарихаттың төрін жайлап жайраңдадым,

Хақиқаттың дарбазасын аштым, достар.

 

Әуел шәрбәт пірім маған тоя берді,

Іше бердім мұғдарымша, құя берді,

Құл Қожа Ахмет, іші-сыртың күйе берді,

Шәкірттерге дүрр гәуһар шаштым, достар

 

49-хикмет

Адам қалай ел халқына мәлім болса,

Әлем халқы ондай құлды сүйер, достар.

Хақты айтып, бауыры езіліп, жаны күйсе,

Уһ, дегенде оттан ұшқын ұшар, достар!

 

Түсі, көңілі, жан сырымен зәкір болып,

360 тамырларын қаны керіп,

Жазы-қысы бұлбұлдайын әуре болып,

Сарғаюмен шаршап шаққа қонар, достар.

 

Бұ көңілдің гүлзары дүр, бұл гүлістан,

Ішінде оның сайрап жатыр азардастан.

Байқалады әрбір шағың айнымастан,

Иығметіңнің піскендігін көрер, достар.

 

Удай астың “тәтті” екенін ғафыл білмес.

Тән кеселін таба алмаған көріп білмес,

Көр наданның көзі басыр қарап көрмес.

Басыр көзі ашылғанда көрер, достар.

 

Басыр көзің ашылғанда барлық перде,

Жоғалар, қалмай одан көңіл кір де,

Көкірек көзде оянар осы кезде,

Иман нұры арқылы көрер, достар.

 

Құл Қожа Ахмет Яссауидің үшбу сөзі,

Таңғажайып карасаң сырдың көзі,

Фаналықтың мақамында өзін-өзі,

Фаналық етіп қарап көрер, достар!

 

50-хикмет

Хош көңілмен жетісті, бір жұмаға дәруштер,

Жүрегінде зікірі, сыры жұмбақ дәруштер.

Тынбай жолдар жүреді, тұрса тәкбір айтады,

Жиі сұхбат құрады, хош махаббат дәруштер.

Лыпасы кір қожалақ, көңілінде бір Алла,

Қызмет қылар әр сабақ, тыным таппай дәруштер,

Иығыңда кір шапан, көңілінде мың арман,

Үшбу дүния бипаян, көзге ілмес дәруштер.

Иығында шапаны, қолға ұстаған асаны,

Азаттығы басында Алла дейді дәруштер,

Асылы пақыр білсе егер, қиял шәһәрын кезер,

Хақ сарайы нұр себер, сағадаттық дәруштер!

Машайықтар сыр бүгер, қызметінде бол түгел,

Пайғамбарға жәдігер, қалған осы дәруштер.

Құл Қожа Ахмет міскін бол, міскіндерде мағына мол.

Дәруштікті кадірле, көңіл қошы дәруштер!

 

51-хикмет

Жол үстінде отырып, жол сұраған дәруштер,

Ғайыптан хабар есітіп, жолға түскен дәруштер.

Асалары қолында, жол дорбасы белінде,

Хақтың аты тілінде, Аллалаған дәруштер!

Бар лыпасы кір шапан, көңілінде мың аян,

Еліріп екі жәһәнді, көзге ілмеген дәруштер.

Дәруш Хақтың мәнзүрі, зікірі көңіл гүлзары,

Хақтың аты арманы, безілдеген дәруштер.

 

Жаныменен сырласып, көңілімен мұңласып,

Ғашықтыкпен жан кешіп, сар тап болған дәруштер.

Ит нәпсіні өлтірген, қызыл жүзін солдырған,

Қожа Ахмет Құл гүрған, төгіп жасын дәруштер!

52-хикмет

Он сегіз мың ғаламға, аң-таң болған ғашықтар,

Таппай ынтық шырағын, жаутаңдаған ғашықтар.

Әр сәт басын жерге ұрып, көкке көзі телміріп,

Уһілеумен еліріп, сарсаң болған ғашықтар.

Күйіп-жанып күл болған, бұлбұлдайын үн болған,

Кімді көрсе құл болып, мардан болған ғашықтар.

Жол үстінде шаң болған, көкірегінде мұң болған,

Зікірін айтып зарлаған, нала болған ғашықтар.

 

Жол дорбасын байлаған, содан жүрек жалғаған,

Құлдық ұрып жалбарған, бойра болған ғашықтар.

Кейде жүзі сарғайып, кейде жолда ол ғаріп,

Айтатыны: “Иә Хабиб”, сорлы болған ғашықтар!

 

Ахмет сен де ғашық бол, адалдыққа ашық бол,

Дәргәһіңа лайық бол, жанан болған ғашықтар!

 

53-хикмет

Мүсәпірлік күйін кешкен ғаріптер,

Сол ғаріптің халін білген ғаріптер,

Себеппенен сапар шегіп алысқа,

Туыстықтың қадірін білген ғаріптер.

Сусағанда суға мұқтаж күн кешіп,

Тірлігінде зар боп өлген ғаріптер,

Кісі білмес ғаріптердің хал-жайын,

Киері жоқ ғаріп болған ғаріптер.

 

Ғаріптердің жолы ауыр ей, ғазизым!

Қадірсіз кім?- Олар міскін ғаріптер!

Кел, Ахмади өзіңе де бір қара,

Ғаріпсің сен! Ғаріп міскін ғаріптер!

54-хикмет

Хақ құлдары дәруштер, хақиқатты білмекші,

Хаққа ышқы кеткендер, Хақ жолымен жүрмекші.

Хақ жолына кіргендер, Алла-деумен жүргендер,

Жарандар ізін бетке алып, уәләяттан кетпекші.

 

Әлем пақыры Мұстафа, сондай еді мархаба!

Мағраж түні айтыпты, пақырдың пақыры болсам деп,

Көңіл бөлмей мал-жанға, арам болмай оңсам деп,

Хақты айтып ғашықтар, халайықтан безбекші.

 

Дүния мендік дегендер, жәһан малын жегендер,

Құзғын құстай арамға, белшесінен батпақшы.

Молда, мүфти болғандар, жалған дұға қылғандар.

Ақ-қараны бұрғандар, жәһәннамға кетпекші.

 

Қази, имам болғандар, жалған үкім қылғандар,

Ол балшыққа иленіп, аяқ асты қалмақшы.

Арам жеген әкімдер, пара жеген “Кәпірлер»

Өз бармағын шайналап, қорқып тұрып қалмақшы.

 

Жылы-жұмсақ жегендер, үлде-бүлде кигендер,

Алтын таққа мінгендер, жер астында қалмақшы.

Мүһмін құлдар, адалдар, ар-иманды адамдар,

Дүние-малын сарп етіп, Хор қыздарын кұшпақшы!

 

Құл Қожа Ахмет білерсің, Хақ жолында жүрерсің,

Хақ жолына кіргендер, Хақ дидарын көрмекші!

 

55-хикмет

Зікір алқа құрылды, ей, дәруштер, келіңдер!

Ақ дастархан жайылды, үлесті одан алыңдар.

 

Сөз ғылымын діттеген, өмірге әлі жетпеген,

Кіріптарлық бүктеген, бар байлықтан алыңдар.

 

Жыртып шафхат пердесін, тілеп дидар уәдесін,

Ашып көңіл зердесін, көзді куә қылыңдар!

 

Хақ “Семсерін” алыңыз, нәпсі басын шабыңыз,

Күні-түні тәлибтер, жанды құрбан қылыңдар!

 

Ғашық отқа күйгендер, алқа-қотан “һу” деңдер,

Жан-тәніңмен, тәлибтер, тәкбір бастап айтыңдар.

 

Аллалап бір аңыраңдар, «Хақ» демекте мағына бар,

Дидар көрсең, не арман бар! Рахматынан алыңдар!

 

Құл Қожа Ахмет кұл болған, жол үстінде күл болған

Тәлибтерге жол болған, одан ғибрат алыңдар!

 

56-хикмет /қаз қалпында жазылды/

Қад ғаләмна әнет фи кәл амур,

Әнат кәфи, әнат ғафи я ғафур.

Кәфи фи әлгиб пу мән фи әлхазур,

Әнат кәфи, әнат ғафи, я ғафур!

Мұстафа дүр халат назығ айырған.

Бір үммәтім ғаси ол деп қайғырған.

Үммәтім-ай, Үммәтім! – деп аһ ұрған!

Әнат кәфи, әнат ғафи я ғафур!

Бізді сүйді, өзгелерді сүймеді,

Атасы мен анасы үшін күймеді,

“Жарылқадым”-дегеніңше қоймады,

Әнат кәфи, әнат ғафи, я ғафур!

Хақтан әмір жеделдетіп келді оған:

“Үммәт ісін баян қыл,-деп сенді оған.

Барлығын да бағыштадым мен саған”.

Әнат кәфи, әнат ғафи, я ғафур!

Айтты ол да: “Менен соңғы үммәттыкқа жеткендер,

Парыз, сүннет орындамай пасықтықпен өткендер.

Ақ үммәттан ар мен ұяты кеткендер”.

Әнат кәфи, әнат ғафи, я ғафур!

“Үммәтім-ау, іштерінде Сафи дүр,

Не әйлайын, көбісі ғаси, жәфи дүр,

Кадирімде өз уағдасына уәфи дүр”,

Әнат кәфи, әнат ғафи, я ғафур!

Мүскін Ахмет, сен бұ жаза зәһәрдан,

Құтыласың, ішсең қалып қатардан,

Күнәм көп қой, корқам Хақтай қаһардан,

Онат кәфи, әнат гафи, я ғафур!

57-хикмет

Мұхаммедтің асыл заты арап дүр,

Тарихаттың жолы күллі әдеп дүр.

 

Хақиқатты білмеген жан күмрә дүр.

Түбі шикі оның да бір, дүбәрә дүр.

 

Өтірікпенен шындығың, пышақпенен қындай дүр,

Аты-заты шүбәсіз бір шындай дүр.

 

Қаһарланса жер мен жексен қылады!

Зілзала жер астан-кестен болады.

 

Берер болса таусылмайтын ниғмат бар,

Рахым қылса құлына да Рахмат бар.

 

Мұхаммедті сипаттасам, әрине,

Анасының аты болған Әмине.

 

Мұхаммедті бабасы үлкен сақтаған,

Тыр-жалаңаш аш-арықты жақтаған.

 

Атасы оның Абдулла екен, Расулдан

Тумай тұрып, бұрын өлген асылдан.

 

Бабасының аты Ғабдулмүтәллап,

Сақтағайсың көңіліңе мұны арнап.

 

Атасы оның Бәни һашім, Бәһәдүр,

Еске түссе көзден жасың ағадүр.

 

Төртінші ата Ғабдулманап ғажап жан,

Көрген жанның көңілі тынған азардан.

 

Расулдың төрт атасын білсеңдер,

Қияметте жәннәт жайлап жүрсеңдер.

 

Ұлы бабасы жеті жаста өліпті,

Расулды баласына беріпті.

 

Атасы екен Әбутәліп Ғалидың,

Ағасы екен бүкіл арап жамиғдың.

 

Әбутәліп жүрсе істің басында,

Мұхаммед те үлгі алған қасында.

 

Бұл Мұхаммед он жетіге толғанда,

Хадишаны көреді көз шолғанда.

 

Мұхаммедтің бейне сұңқар бітімі,

Хадишанын іңкәр көңілін бітірді.

Хадишаңыз шын көңілмен сүйеді,

Мұхаммедті көргенде іші күйеді.

 

Күндіз-түні тілеп оны Жаппардан,

Мұратына жетіп арман ақталған.

 

Тәңір өзі жолын тауып ақырын,

Түйе баққан Мұхаммедтей пақырың,

 

Осы жаймен Тәңір жазған тосыннан,

Хадишаңыз Расулға қосылған.

 

Хадишаның Құдай бағын ашыпты,

Расулдың басына дүр шашыпты.

 

Расул да қырық жасқа жетіпті,

АЛЛАМ да өзі, пайғамбары етіпті.

 

Содан кейін Расул боп атанад,

АЛЛА жар боп төгіледі шапағат!

 

Мұхаммедтің ісін АЛЛА оңдады,

Барша халқы Иман тауып қолдады,

 

Расулдың мейірім төкті сәлдесі,

Отыз үш мың сахаба боп жолдасы.

 

Барша жандар Расулды пір қылды,

Әдеппенен ізет жасап ұмтылды.

Расулға жетім бала келіпті,

“Мүсәпір ем” – деп сәлемін беріпті

 

Рахым қылып Расул оның жолына.

Тілегенін беріпті оның қолына.

 

Расул айтты оган: “Мен һәм жетіммін,

Жетімдікте, ғаріптікте жетілдім.

 

Мазақ етіп жетімді ығыр етпеңдер,

Қайыр бермей, қайырылмай кетпеңдер.”

 

Тағы да айтты: “Әркімдер де жетім дүр,

Шын үмметке жатса жақсы жетіп нұр.”

 

Жетімдік бұл жалғанда қор деген сөз,

Ғаріптерге жасалған сор деген сөз.

 

Ғаріптердің жүзі дәйім үйме шер,

Тірі де емес, өлі де емес, күй кешер.

 

Ғаріп жайын біледі тек бір Аллам,

Бәріне де назар салып жүр АЛЛАМ!

 

Сипаттасам, Әли шері құданы,

Ол “семсер” ғой кәпірлерді қырады.

 

Кәпірлерге иман болар насихат,

Исламға берер заман күш қуат…

 

Мүһмін болған жандарды алып келеді,

Көнбегеннің сыбағасын береді.

 

Ол семсерін қолға алып, қонса атқа,

Кәпірлерің болар замат қансоқта.

 

Қолындағы Зулфұқары тұрып тез,

Сілтегенге ұзарады 40-кез.

 

Ғалидың бар он сегіз дүр ұлдары,

Қаһар шашқан мүмкін емес қыңбағы…

 

Ислам үшін ғали әркез ұтатын,

Ислам туын әмән бекем тұтатын.

 

Қожа Ахмет ғаріп жайын сен де ойла,

Пайғамбардың сөзіне сен ден қойда…

 

58 – ХИКМЕТ

Көрген замат иланған, Әбубәкір Сыздық дүр,

Сүйеу болып қиналған, – Әбубәкір Сыздық дүр.

 

Мұңдасқанда егілген, құлдығына жегілген,

Іші-бауыры езілген, – Әбубәкір Сыздық дүр.

 

Алған беттен қайтпаған, сырын көпке айтпаған,

Ғафыл болып жатпаған, – Әбубәкір Сыздық дүр.

 

Жан-жаһанға хош ұрған, қызын қолдан ұсынған,

Қол қусырып бас ұрған, – Әбубәкір Сыздық дүр

 

Серт сөзіне тез жеткен, нәпсі тиып, тәрк еткен.

Хақ Расулымен бір кеткен, – Әбубәкір Сыздық дүр.

 

Мұхаммедке қайын ата, сөзінде жоқ еш қата,

Бұршақ салған мойнына, – Әбубәкір Сыздық дүр.

 

Құл Қожа Ахмег, айтшы сөздің расын,

Көңілде арман қалмасын,

Расулдың жан жолдасы,

Шадиарлардың жол басы,

Әбубәкір Сыздық дүр!

 

59-хикмет

Екіншісі жар болған, Әділетшіл Омар дүр.

Мүһміндікке зор болған, Әділетшіл Омар дүр.

 

Білалға азан айттырған, шариғат жолын шарт қылған,

Дін сөздерін ұқтырған, Әділетшіл Омар дүр.

 

Қағба есігін жұлдырған, пұт кұдайды сындырған,

Расул көңілін тындырған, Әділетшіл Омар дүр.

 

Шариғатты дос тұтқан, тарихатты рас тұтқан,

Хақиқатты қош тұтқан, Әділетшіл Омар дүр.

 

Ұлын зорлап келтірген, дүре соғып өлтірген,

Әділдікке жол тілген, Әділетшіл Омар дүр.

 

Шырақ болып жайнаған, дін жолынан таймаған,

Нақақ іске бармаған, Әділетшіл Омар дүр.

 

Міскін, ғаріп, құл, шәріп, жазаларыңды әйла жад;

Адал болып айтқан дад, Әділетшіл Омар дүр.

 

Міскін Ахмет қылғыл жад, әліңді біліп айтқын дад,

Шәйді рухы кылғай шат, Әділетшіл Омар дүр.

 

60-хикмет

Үшінші бір шәдиар, Осман бақия дүр.

Әр кезеңде жар болған, іздегенде бар болған,

Осман бақия дүр

 

Хақ расулдың күйеуі, дініміздің тіреуі,

Бәндәлардың сүйеуі, Осман бакия дүр.

 

Аят, хадис жаттаған, діннің жолын ақтаған,

Мінбер шығып мақтаған, Осман бақия дүр.

 

Жұртты аузына қаратқан, барша малын таратқан,

Ақыретке жаратқан, Осман бақия дүр.

 

…Қоймаған соң шаһзада, бәрі түсіп соңына,

Шәһит кылды оны да; Осман бақия дүр.

 

Мінәжатта таза нұр, алған жары екі нұр,

Лебізінің бәрі нұр, – Осман бақия дүр.

 

Меккеде бар Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет,

Жарылқағай уа құдірет,- Осман бақия дүр.

 

Міскін, ғаріп, құл, шәріп, зарлайды хаққа жалбарып,

АЛЛА қабыл қылғай – деп, Осман бақия дүр.

 

Қожа Ахмет міскін, Османды, күмәнсіз ерді дос-жарды,

Шәһәриар деп еске алды, – Осман бақия дүр!

 

 

61-хикмет

Төртінші бір жар болған, Шери Құда Ғали дүр,

Әм Мағражда бір болған, Шери Құда Ғали дүр.

 

Көрсең жүзі нұр әні! Кәпірлердің қыраны,

Айтқан сөзі рахманы, Шери Құда Ғали дүр.

 

Бес қаруы белінде, АЛЛА жады тілінде,

Зұлфұқары қолында, Шери Құда Ғали дүр.

 

Мініп шықса дүлдүлге, зілзала болар бір күнде,

Кәпірлерге бір бәле… Шери Құда Ғали дүр.

 

Дұшпандардың тажалы, кәпірлердің ажалы,

Опат қылған Батталды, Шери Құда Ғали дүр.

 

Рахман қылғай жалғыз Жар, әр не қылсаң еркің бар,

Қожа Ахметке мүддәгәр, Шери Құда Ғали дүр.

 

62-хикмет

Ғажайыппен, Ол ғайыптан бар еткізді,

18-мың барша ғалам қайран қалар.

“Қалу бәла”- деген құлдар үлес алды,

Білмей жүрген құлдар діні ойран болар.

 

Хақ тағала иман сыйлап берді бізге,

Ал, Мұстафа расул Алла айтты сізге,

Мадақ айтсақ қуат берер дінімізге,

Ол болмаса өзгелері жалған болар.

 

Ол: “Әласту бираббикум” дейді Құда,

“Қалу бәла” деген рухтар болды таза,

Жылап келдік есігіңе Хақ тағала,

Рахым етсең 100-мың ғаси сайран құрар.

 

Тәубә қылсам кешер ме екен Қадір Алла,

Кешпесе егер болмаймын ба жүзіқара.

Махшар барсам, аяқ-қолдың бәрі куә,

Хақ қасында барша істер айқындалар.

 

Жылауменен өтті ғұмыр ая шаһім,

Қараңғылық қаптан кетті тумаса айым.

Сенен басқа панам да жоқ, ей, Құдайым!

Ертелі-кеш тілегенім Иман болар.

 

Үммәті үшін Расул дәйім қайғы жеген,

“Үммәтімнің бар күнәсін алдым”-деген.

Ертелі-кеш дамылсызын Тәңірім білген,

Тіл мен ділде, – демесе үммәт жаман болар.

 

Үммәт болсаң Мұстафаға пенде болғыл,

Айтқандарын жан-тәніңмен сенде қылғыл

Ертелі-кеш жатпай-тұрмай кенде болғыл,

Шын үммәттар сарғаюмен сабан болар.

 

Сүннеттерін бекем ұстап, үммәт болғыл,

Ертелі-кеш мадақ айтып үлфәт болғыл,

Нәпсің өліп, михнат шексең рахат білгіл,

Ол ғашықтың екі көзі жайнаң қағар.

 

Құл Қожа Ахмет нәпсің тыйып, таза болғын,

Күйіп-жанып, дертпен бірге ада болғын.

Күндіз-түні тынбай жылап нала болғын,

Дертің тартсаң Иең саған риза болар!

Хикметті  бізге жеткізген Әбибулла Мұхамеджанұлы

 

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған