Басқы бет / Ғақлиат / Түркістанда ғаріп болды Кұл Қожа Ахмет

Түркістанда ғаріп болды Кұл Қожа Ахмет

77-хикмет

Аяу, достар, ғашық, ышқы болмайынша,

Уахаданият дариясына сүңгіп болмас.

Ол дарияның гәуһары дүр Хақ асылы,

Жаннан кешіп бармайынша алып болмас.

 

Иман қорын жан беліне бекем бумай,

Махаббаттың мәйегінің дәмін алмай,

Көз жасыңды сауға беріп, зарың қылмай,

Жол азабын жолаушыдан біліп болмас.

 

“Иухиббуһум” шарабынан ішпегенше,

“Уиухиббуунәһу” лыпасынан кимегенше,

Құлшылыктың тас бұршағын ілмегенше,

Хақ жамалын калауыңша көріп болмас.

 

“Лимағаллаһи” мақамына салмағанша,

“Ән тәмутуа” сарайына бармағанша,

“Фана фи Алла” дариясына шомбағанша,

“Бихамділлаһи” гәуһарынан алып болмас.

 

Шариғаттың ақ сауытын кимегенше,

Тарихаттың пырағына мінбегенше,

“Жазибжунун” ғаламына бармағанша,

Хакиқаттың майданына кіріп болмас.

 

Сақилардың мұраты дүр Хақ дидары,

Хақ дидары керек болса бол бидары,

Құл Қожа Ахметтің сәһәр уақта кылған зары,

Бидар болмай, Хақ дидарын көріп болмас!

 

78-хикмет

Ей, талибтер, жапа шегіп жолға жинал,

Зарын тартпай, жолға түссең, опа болмас.

Жапа шегіп, ақыретке шаршап-қинал,

Қиналсаң сен, көздің жасы зая болмас.

 

Кімді көрсең құлы болып кызмет қылғыл,

Рахым етіп ғаріптерге шафхат қылғыл,

Ғалым келсе, түрегеліп іззет қылғыл,

Арамзада зәрредей де опа болмас.

 

Ғаріптерге опа қылмақ Расул ісі,

Мүсәпірді көрген жерде ағар жасы,

Ғаріптерге күйер дәйім қайран басы,

Ғаріптердің дұғасындай дұға болмас.

 

Мәдинаға Расул барып, болды ғаріп,

Ғаріп болып Хаққа ақыр болды кәріп.

Рахман Ием дидарына қылды нәсіп,

Шын дерттіге ғаріптіктей дауа болмас!

 

Үммәт болсаң, Расулға бағын болғыл,

Аты аталса іззет етіп тағзым қылғыл,

Кәріп болып, ғаріптерден ғибрат алғыл,

Ғаріп болғыл, ғаріптердей ғада болмас.

 

Ғаріптерді көрген жерде ығыр етпе,

Ғаріптерге ашуланып зығыр екпе,

Зағип қой деп тас лақтырып зәбір етпе,

Бұ дүнияда ғаріптердей бәле болмас.

 

Шамға түсіп ғаріп болды Хакім Ата,

Жылай-жылай әлден кетіп болды қапа,

Риза қылғай барша құлды иман ғата,

Шын Ғашықтың көңілі әсте қапа болмас.

 

Түркістанда ғаріп болды Кұл Қожа Ахмет,

Соның үшін Хақ расулға болды үммет.

Ішпей-жемей бар тапқаны қайғы-қасірет,

Тән парсаттан Хақ тағала риза болмас.

 

79-хикмет

Хаққа іңкәр болған ғашық сар тап болар,

Бүл пәнидің ақыретінен өлсе болмас.

Әлі кетіп, бауыры езіліп, шаршап солар,

Қиғаш кетіп бет пердесін, түрсе болмас.

 

Бұл пәнидің кызығынан қашқан кісі,

Бой-бой болып тынбай ағар көзден жасы,

Өкінумен өксіп тұрар қысы, жазы,

Мүсәпірдей елден шығып, жүрсе болмас

 

Ертелі – кеш көздің жасын бұлақ қылған,

Зарлауменен сәһәрларда жылап тұрған,

Көкірегін карсы айырып құлап тұрған,

Мұндай ердің дәргәһінан кетсе болмас.

 

Ерте тұрып, кешке дейін қақсағандар,

Ғашық отына жан жүрегін қақтағандар,

Рәсуә боп ғашық сырын сақтағандар.

Халық ішінде қадірсіз боп, жүрсе болмас.

 

Алла жадын айтып жүріп зарын төккен,

Көздерінен жас аралас қанын төккен,

Сарсаң болып, сандалумен маңып кеткен,

Ондай ерден күдер үзіп, жүрсе болмас.

 

Ғашықтардай момақансып Хақты іздеген,

Ағзаларын зәһәр жайлап, көкті сүзген,

Тәлибтерге аят, хадис жайын тізген,

Надандарға сыр мағынасын, айтса болмас.

 

Ғашық дүкен кайда болса, сонда жүрген,

Ләйлі – Мәжнүн, бұл пәниде дәурен сүрген.

Шейх Мансұр ‘Әнслхак” деп дарда өлген.

Сол ғашықтың тағы бірі: Башар Хафи

Ол да ер ед уағда ұстаған болса уәфи,

Опа қылған жарандардан, қашса болмас.

Сырдан мағына түймегендер биғана дүр,

Ол ғашықтар мекендері ойрана дүр,

Қайда барса бас панасы айдала дүр,

Түндер қатпай ғашықпын деп жүрсе болмас.

Сүңги білмес гәуһар үшін дария шомбас,

Жаннан кешпей сүңгігенмен гәуһар алмас,

Бір тамшыға қанбай қалса, ол дүрр болмас.

Қанып алмай бал шәрбәттан ішсе болмас.

 

Құл Қожа Ахмет, Ләһуәт ара мақам тұтпай,

“Фана фи Алла” мақамынан иіліп өтпей,

Кәміл пірдің тамшысының дәмін татпай,

“Ли мәгаллаһ” мақамына жетсе болмас.

 

80-хикмет

Мағрифаттың мінберіне мінбегенше,

Шариғаттың мән-мағынасын біліп болмас.

Шариғаттың мән-мағынасын ада қылмай,

Тарихаттың майданына кіріп болмас.

 

Тарихатта түрлі әдеп білмейінше,

Нәпсіңменен араңды ашып жүрмейінше,

Ғашықтыққа өзін лайық көрмейінше.

Хакиқаттың сырын ашып, біліп болмас.

 

Шариғатта, мұрат ол дүр, жолға кірмек,

Тарихатта, мұрат ол дұр, нәпсіден жеңбек,

Хақиқатта ғазиз жанды пида етпек,

Жаннан кешпей ғашық шәрбәт, ішсе болмас.

Жасын төкпей шейхпын деп “аңыз” айтқан,

Өзі білмей ел ішінде уағыз айтқан,

Сөзі жалған дүние үшін жанын сатқан,

Дүние қуған ғылым халді біліп болмас.

 

Ер-ерендер үшбу жолға қадам ұрды,

Ақылменен ойластырып амал қылды,

Мәгәска тек, тән арқылы хабар қылды,

Мұндай болмай, дәргәһіна, жетіп болмас.

 

Бұл қай амал? Еренмін деп жария кылмақ?

Түрін бояп, мың кұбылтып халықты алдап…

Өзі білмей дін жолына қадам ұрмақ.

Жүзе білмей дүрр гәуһарды, алып болмас.

 

Уахданиат кемесінің сырын білмей,

Іңкәрліктің кұпиясының бірін білмей,

Паркын, наркын, әр нәрсенің түрін білмей.

Ол Таухидтың миуасынан, татып болмас.

Кұл Қожа Ахмет, тәжрид-тафрид үміт қылғыл,

Мұстафанын сөздеріне кұлақ түргіл,

Тәубә деумен түндер тұрып зар еңірегіл!

Зар жыламай Хақ дидарын көріп болмас!

81-хикмет

Махаббатгың дариясына шомбағанша,

Ей, достарым, ғашық гәуһарын алып болмас,

Таң атқанша жағың тынбай, зар еңіремей,

Әуре болып ғашық дертін біліп болмас.

 

Ғашық дертін тартқан кісі елден безер,

Ерендердің ізін қуып, артына ерер,

Махаббаттың өрті үдесе жасын себер,

Жасын сеппей, құлшылықта жүріп болмас,

Хаққа ғашық дәруштарың күн-түн әлек,

Жер жәһәнға жаны сыймай көкті әуелеп,

Нәпсісі өлген, көңілі тірі, ойы кермек,

Мұндай болмай сырдан бәһра алып болмас.

 

Жаннан кешіп, бас байламай халас болмас,

Өліп – өшпей жаның, ділің тазаланбас,

Ал, Хақиқат құрбандықсыз риза болмас,

Халас болмай, ол жакқа жол салып болмас.

 

Ықылас керек аяу, талиб, Ғашық болсаң!

Жаннан кешіп, михнат тартып садық болсаң,

Содан кейін дәргәһіна лайық болсаң,

Лайық болмай Хак дидарын көріп болмас.

Ғашықтарға дерт аралас апат керек,

Хақтан безер, тән сақтарға рахат керек,

Кінәласып қорласа да тақат керек.

Тақат кылмай Хаққа Ғашық болып болмас.

Ышқысызды көрдім достар сайраңдаған,

Мүһмінмін деп имандарын ойрандаған,

Махшар күні дидар көрмей соры қайнаған!

Кәміл пірі назар салмай, көріп болмас.

 

Шын ғашықтар михнат шегіп, жаннан безер,

Руза, намаз, тасбихтары: Пәруәрдігар.

Күйіп-жанып, тағаттары: Сен! Хақ! Дидар!

Хақты таппай бәндәмін деп жүріп болмас.

 

Тарихаттың запа-зауқы, күймек жанбақ!

Хақтан безген дінсіздерден қажып-талмак,

100-мың түрлі жапа көрсе мойынсұнбақ,

Мойынсұнбай ғашық дүкен құрып болмас.

 

Надан кім? – деп сұраса айткын, бейхабарлар.

Хақтан қорықпай дінсіздікті қалап алар,

Аят-хадис жайын айтсаң, беттен алар,

Жолдас болып надандармен жүріп болмас.

 

Өмір бойы қашық жүргіл надандардан,

Хақтың жадын айтса әркім шаһмардан.

Жанды жанға жарастырса, осы Иман,

Сөксе, ұрса да, ол ғазизден безіп болмас.

“Тәбәрік” деп ол ғазизден үлес алғын,

Ястами мен астананың жөнін сұрғын,

Жол көрсетсе, жан-діліңді солай бұрғын,

Бетті бұрмай Хақ жолына кіріп болмас.

Ғашықтардың ел ішінде сыры жұмбақ,

Аһ ұрғаны көкке жетер жүзі қурап,

Көз қарайып, бауыры езіліп, жайы қирап…

Мұндай болмай Хақтың жолын біліп болмас.

 

Құл Қожа Ахмет, тақуа емес, Ғашық болғыл,

Бұ жолдарда таза жүріп, садық болғыл,

Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын, Уамық болғыл.

Ғашық болмай Хак дидарын көріп болмас!

 

82-хикмет

Достарыма аштым өзім гәуһар көзін,

Оңайлыкпен ол гауһардан беріп болмас,

Жапа шекпей, жан қиналып қызмет қылмай,

Кәміл пірдің сарайына еніп болмас.

 

Ғашық құлдар сәлде орап, пырақ мінер,

Хор қыздары оң-солында періштелер,

Ол пыраққа мінген құлға ерік берер.

Ғашық болмай ол пыраққа мініп болмас.

 

Рахман Ием рахым етіп түсір жолға,

Рахматыңнан сыбаға бер ғаси кұлға,

Жолдан азған кұлдарыңды салғыл жолға,

Қалауыңсыз осы жолға түсіп болмас.

 

Ғашықтардың сұхбатының дәмін татқыл,

Ынтызарлық базарында басың сатқыл,

Махаббаттың дариясына шомып батқыл.

Өзін сатпай Хақ Рахматын алып болмас.

Жарандардың ізін іздеп жолға кірсең,

Безгіл пәни дүниесінен, ақылға ерсең,

Қалауыңсыз осы жолға түсем десең.

Жолды іздеп таппағанша түсіп болмас.

Махаббаттың дариясында көзіңді ашқыл,

Тәубә қылып Хақ жолына кадам басқыл,

Махаббаттың дариясына тастай батқыл,

Тәубә қылмай бұ тірлікті жасап болмас.

 

Шариғаттың майданына өзін салмай,

Тарихаттың бостанында сайран құрмай,

Хақиқаттың дариясынан гәуһар алмай,

Мағрифаттың жол-жорасын біліп болмас.

 

Құл Қожа Ахмет Хақ жолында тұрғыл мәкәм,

Ғашықтарға дәрмен бергіл Ғалиалдуам,

Ғашықтардың арманы дүр Дәрәссалам,

Ғашық болмай Дәрәссалам кіріп болмас.

83-хикмет

«Күл мән ғалиһафан» аятында,

Бір Хұдадан басқа жандар өлер болар.

Исрафил сырнай тартып сарнатқанда,

Көрден бәрі тіріліп өрер болар.

 

50-мың жыл көр ішінде тұра алғандай,

Одан соң ғарасатта сұралғандай,

Жалаң бас, жалаң аяқ жүре де алмай,

Адамзат әл – дәрменсіз жандай болар.

Әуелгі есеп басталар тазарудан,

Екінші есеп сұралар намазыңнан,

Үшінші есеп сұрар адал-арамыңнан,

Тәкәббарлар аң-таң болып қалар болар.

 

Сұрақтан соң айдайды махшар сарай,

Барлығын тоғытады соған қарай,

Мағайна онда көргей дозақ нарай,

“Біттік!” – деп өкірісіп тұрар болар.

Барша үммәт 120-мың саф Пайғамбар,

Жан-жақтан періштелер қатар-қатар,

“Әйне әлмафар” тәубәсін жаттаттырар.

“Қашқан құтылып кетпес”-деп, жылар болар.

 

Сол уакытта ауаз келгей:-”Уә әлиум,”

Алдыңнан шығар сонда намаз, саум,

Ақыл-естен айрылып кұрып әлің,

Тіл байланып, тас жұтып қалар болар.

Барша үммәт, Адам-Ата сарай барар.

“Ей, Атамыз, өлдік!”-деп ойбай салар.-

«Пәрмен жоқ перзенттерім мен құтқарар».

“Ибраһімге баралық”-деп айтар болар.

 

Ибраһімге Адам-Ата барып айтқай:

-«Бізге жәрдем жаса дейді қарап жатпай»,

Ол да түрып бабасының сөзін құптай:

-«Мұса сарай баралық»,-деп айтар болар.

Мұса айтар: «Раббіме былай деп ем:

Айыбым көп алдында Жаппар ием”.

Мұхаммедке баралық беріп сәлем,

Бәрі де Хазрет сарай барар болар.

 

Мұса айтар: “Уа, Мұхаммед басқын қадам,

Үммәтің дозақ барар, түрі жаман”.

Мұхаммед, сұрасқан соң есен-аман.

Екеулеп Хақ алдына барар болар.

Сәлдесін ап, бұршақ салып ғарыш үстінде,

Қайғырып, жылап тұрды өшәл күнде,

“А Қадирім, я хафуз!”-дегенінде.

“Ия, Хабибім бас көтер”-деп айтар болар.

-”Алып кел, үммәтіңді дәргәһіме,

Барлығын табыстайын енді сізге,

Бағыттайын үммәттарды жәннәтіме”

Бұндай күн кұдай қалап келер болар!

 

«Тақуа құл, хас бәндә, ғұламаны,

Алып келгіл, беремін сұрағанын.

Ал, Мұхаммед, айтқын! Қайда күнәһарің?

Күнәһарға жәннат жоқ!”-деп айтар болар.

 

-«Күнәһарлар қолы емес рахматымның,

Есігін айқара ашам жәннәтімнің,

Көтерсең бар күнәсін үммәтіңнің”…

Расул: “Ризамын”-деп-айтар болар.

 

Құл Қожа Ахмет хабар беріп қияметтен,

Хикмет етіп жамиғатқа мәлім еткен,

Үлкен-кіші алынды бұл кітаптардан,

Ғұламалар насиғ етіп жазып кеткен.

Құранды дәме етем мен оқығаннан,

Әм, бабалар үшін де бұрынғы өткен.

84-хикмет

Шариғатқа мұқтаж болған ғашық құлдар,

Өзінің одан орнын алар болар,

Намазынан бас алмаған мүһмін құлдар,

Ұжмақ үйден үміт етіп тұрар болар.

Әзірейіл пәрмен етіп жанымды алса,

Туған-туыс бәрі жылап күйіп-жанса,

Жеті қадам басқаннан соң хабарланса,

Мүңкір-нәңкүр кіріп сауал сұрар болар.

 

Мүнкір-нәңкүр кіріп сауал сұрар болса,

Отқа оранған гүрзісімен ұрар болса,

Жасын ойнап, тәнім, жаным отқа жанса,

Жан қиналып тар ләхадта күйер болар!

Төрт жүз қырық төрт пайғамбар Мұрсал Нәби,

Қалмады олар бұл дүниеден өтті бәрі.

“Кілі нәфсін зәкатулмаут”-дейді тағы,

Ол құраннан мұндай хабар берер болар.

Шариғаттан, тарихаттан баян қылды,

Хақиқаттан құран сөзі аян болды,

Бұл жәһәнға Мұхаммедтің нұры толды,

Ол нұрменен екі жәһән раушан болар.

Хош дәулет дүр уәләяттың шаһы болса,

Әділ, таза бір мүһмінді қазы қойса.

Ошал қазы барша жұртты разы қылса,

Ризалыктан үжмак үйін алар болар.

 

Мүһмін құлдар намаз оқып, білсе парық,

Ол құлдардың мұнда болғай жүзі жарық,

Сол бетімен Хақ қасына болып лайық.

Хор қыздары қарсы шығып кұшар болар.

Жәһіл кісі намаз десе азаланар?

Әр намазда ар-иманы тазаланар.

Намаз десе надан басын томағалар.

Жәһіл кұлдар ғұмырын желге шашар болар.

85-хикмет

Тарихатқа, шариғатсыз кіргендердін,

Шайтан келіп ар-иманын алар болар.

Үшбу жолды пірсіз қолға алғандардың,

Сарсаң болып орта жолда қалар болар.

 

Тарихатқа тарландайын басшы керек,

Ол басшыға іждаһатты қосшы керек,

Қызмет қылар пірге нағыз досты керек.

Мұндай ғашық Хақтан үлес алар болар.

 

Пір ризасы, Хақ ризасы болар, достар,

Хақ тағала рахматынан алар, достар,

Құлшылықтың қыр-сырына қанар, достар,

Ондай құлдар Хаққа жуық жүрер, достар.

 

Ей, бірадар! Үшбу жолға пірсіз кірме,

Хақ жадынан әсте ғафыл болып жүрме,

Масайрауға ақылды алсаң көңіл бөлме,

Шайтан малғүн өз жолына салар болар.

 

Аяу, достар, таппай қалдым мен жолымды,

Туралыққа байламадым мен белімді,

Ғайбат сөзден тарта алмадым мен тілімді.

Надандығым мені рәсуә қылар болар.

 

Шариғатты, тарихатты білем деген,

Тарихатпен Хақиқатқа кірем деген,

Дариялардан дүрр гауһар терем деген,

Жаннан кешкен нағыз Ерлер солар болар.

 

Ғашық құлдар ертелі-кеш дәйім тынбас,

Еш уақытта Хақ жолынан мойын бұрмас,

Ондай құлды Сұбхан Ием құр қалдырмас.

Дұға қылса, жарылқауы келер болар.

 

Уа, дариға, кештім ғұмыр ғафлатпенен,

Сен, кешіргіл бар күнәмді рахматпенен,

Құл Қожа Ахмет Саған келді қасіретпенен,

Өз-өзінен өртке оранып күйер болар!

 

86-хикмет

 

Нағыз ғашық отша лаулап қиямет күн,

Жаратқанға бақас жауап қылар болар.

“Бұ ғаламның тартқандар жүр қорлығын”-деп,

Ақ жарылып Хақ алдына салар болар.

 

– “Бұ ғаламда қылдың мені Хаққа рәсуә,

Дидарыңды көрсетем деп қылдың, әуре,

Ғалам халқы дұшпан болып салды дауға”-

Деп Аллаға мұңын шағып қалар болар.

 

-«Дидарымды көрер болсаң – кеште жатпа,

Бұл пәнидің ләззәтінен тамшы татпа,

Хал сұраса надандарға сырыңды ашпа”.

Мұндай ерлер мейірім шафхат алар болар.

 

Дидарымды көрем десең көкке баққын,

Өзек өртер ғарышыңа отың жаққын,

Үммәт болсаң, Мұхаммедтің көңілін тапқын”.

Сұбхан Ием шын ғашықты сынар болар.

 

Тыңдап ғашық бойын билеп тағзым ұрғай,

Жеті қат көктен періштелер сапқа тұрғай,

Ғаршы-гүрсі, Лауқылкәләм сәлем қылғай.

Жер тебіреніп Хаққа зарлап жылар болар!

 

“Ей, жер мен көк, ғашықтарға құзыр қылғай!

Жалын атып, аһыласа әзір қылғай,

Көкке қарап күңіренсе мәзір кылғай,

Бір аһ ұрса, бүкіл ғалам тынар болар!”

 

Шын ғашықтар сипалақтап сәлем бергей,

Құдіретімен перде арқылы нұрын көргей,

“Дидар үшін келгендерім, кел-кел”-дегей.

Рахымын көріп шын ғашықтар тілер болар!

 

Асыл зада ғашықтарға уахи қылғай,

120-мың ғашық зада тазаланғай,

“Жәннәт кір деп, Іллаымнен хабар келгей”.

Жәннәт кірмей Хақ дидарын көрер болар.

 

Пәрмен кылғай періштеге “шынжыр сал” деп,

Шынжыр салып махшар жаққа алып бар,-деп,

“Дидар үшін күйгендерді анықта”,-деп,

Ғашықтары аң-таң болып жүрер болар.

 

Айтқандарын қылып ғашық дидар көргей,

Бойы балқып махшар жайда дәурен сүргей

Жалынынан жеті дозақ өртке күйгей,

Періште кеп оған тағзым қылар болар.

 

“Ғашықтардың айбатынан шайтан қашқай,

Қорқып барып, дозақ кіріп, оттар шашқай,

Қызғаныштан зәнәр, заққүм өле ішкей.

Құдіретіне қайран болып қалар болар.

 

Мәліктерден ғашықтар көп ей, бейхабар!

Бір аһ үрса ғалам жанып опырылар!

Тақуа құлдар тағатынан ғашық озар.

Сүйе алмаған орта жолда қалар болар.

 

Құл Қожа Ахмет, дидар іздеп гәда болғын,

Бала-шаға, ел-жүртыңнан жада болғын,

Алла Хақы болар деумен рәсуә болғын.

Жұрдай болған Хақ дидарын көрер болар!

 

87-хикмет

 

Ал, келіңдер, зәкір құлдар зікір айттық,

Шын зәкірлер өзін-өзі “сояр” болар.

Сүйе алмастың иманы жоқ ей, жарандар

Дозақ барып, жанын сонда қояр болар.

 

Сүйе білген ғашықтарын Құда сүйді,

Оның үшін дүние қамын жиып койды,

Жаннан кешіп, жасын төгіп ғашық болды.

Махшар күні Хақ дидарын көрер болар.

 

Ғашықтардың шын досына жаны құрбан,

От жүрекпен оңы іздеп қылар афган.

Ғашық дерті басқа түссе ханаң ойран.

Сергелдең боп Оны іздеп жүрер болар.

 

Ғашық болсаң ертелі-кеш тынбай жыла,

Пір қызметін атқаруға белді байла,

Күйіп-жанып, дертіңменен жүрек жалға,

Шерге төзген шыдамыңды көрер болар.

 

Хақты сүйген шын ғашықтар тапты мұрат,

Жалған ғашық болып жүрме, махшарда ұят,

Сен өтетін қыл көпірдің аты – Сырат,

Жалған тілек еткен өтней қалар болар.

Ғашық болсаң жалған тілек қылма нашар!

Жалған тілек қылғандардан Құдай қашар,

Қаһар Ием қатуланса қаһар шашар,

Қиямет күн қара бет боп тұрар болар.

Шын ғашықтар кеште жылап, сәһәр тұрар,

Сыр шәрбәтін ішкен ғашық сыр жасырар,

Ұрып-соғып, артқа тепсе, қол қусырар.

Ондай ерлер мейірім-шафхат алар болар.

 

Махаббаттан хабар алған жанды аямас,

Жанды аямай, таяры жоқ кетсе де бас,

Ғашық сөзі, жан азығы, тағам татпас.

Алас ұрып зікірін салып жүрер болар.

Ғашықтардың көзі жаста, бауыры дал-дал,

Намыстанып, қымсынбайды жүрер дел-сал,

Көкірек күпті, іші алау, жаны кем тар.

Жадын айтып, жанын қинап жүрер болар.

 

Тура жүрген ғашықтарға Алла разы,

Ғашықтықты міндет қылып қылма базы,

Жалғаншылар ғашықпын дер,- Алла қазы.

Имандарын олар пұлдап сатар болар.

 

Ғашықтардың бар арманы басын бермек,

Шаһ Мансұрдай басын беріп, дарда өлмек,

 

“Муту қабіла әнтәмуту” Хақтан болмақ.

Ғашық жандар өліп-өшіп жүрер болар.

Түспек болсаң ақыреттің «саудасына»,

Бас қатырма, бұл пәнидің шаруасына,

Есебін тап, жәннәт барғыл, пайда осында.

Жәннәт барған Хақ дидарын көрер болар.

 

Құл Қожа Ахмет, ғашық болсаң жаннан кешкіл,

Сосын барып, бал шәрбаттан тоя ішкіл,

Бар күнәңді жуып-шайып жәннәтқа ұшқыл,

Ғашық адам ұжмақ жайға ұшар болар.

88-хикмет

Лә іллаһа ілла Алла, – деген құлдың аузынан,

Бір жасыл қүс беймәлім үшар болар.

Қанаттары қарасаң дүрр гәуһардан,

Самғап көктен ғарышқа шырқар болар.

Ол қүсқа Қүдіретім мың тіл берігт,

Күлдарды бар тілдегі Хақ меңгеріп,

Жаппарға жалбарынып, қол көтеріп,

Күні-түні: “Жарылқа”-деп айтар болар.

Ей, достарым, ол қүстың аяндығын,

Тыңдаңдар мен бір айтыгі баяндайын,

Ол қүстың надан білмес пайымдарын.

Қолға үстап жәннәт жайға кірер болар.

Қүс айтар: – Тыным таппай мен бір заман,

Тіл бермей – ақ дарытты Тәңірім маған,

Қалмасын көңілдерде әсте күмән.

Содан соң түрақ тауып қонар болар.

Руза түтып, намаз оқып, тәубә қылған,

Сәһәр түрып, Алланы айтып қүлдық үрған,

Машайықтар кызметтерін тамам қылған.

Ондай кұлдар Хак дидарын көрер болар.

 

Бұ Яссауи міскін Ахмет қайран калып,

Лә іллаһи илла Алланы тілге алып,

Хақ зікірін жан – ділімен тынбай салып,

Сонау құсты Ләмәкәнда көрер болар!

 

89-ХИКМЕТ

Махаббаттан хабар алған ғашықтары,

Алла десе, тоғыз аспан күйер болар.

Ғарыш көкте кайғы шексе садықтары,

Періштелер ғазиз жаннан тояр болар.

 

Сен ғашық бол, нұрын салар ғашықгарға,

Перде ашылар ділі таза садықтарға,

Хақ дидарын бағыш етер лайыктарға.

Хақ тағала лайықтарды сүйер болар.

 

Ғашық болсаң сондай болғыл, берсін шарап,

Садық сипат халыққа етін етсін кәуәп,

“Алла”-десен, “Ләббәйға”-деп берсін жауап.

Ондай ғашық дүние қамын қояр болар.

 

Ғашықтыққа қадам ұрған өзін білмес,

Шейх Баязит тағзым қылса, қолын алмас,

Дүние мейлі. мың құлпырсын, көзін салмас,

Көз қанымен сақал-шашын шаяр болар.

 

Ғашықтарға бір Құдайдан өзге харам,

Рахматынан тамшы татса ісі тамам,

Ризых, несібе іздемейді болып алаң.

Хақ зікірін айта-айта тояр болар.

Ғашықтарың Хақтан қорқып болар бидар,

Ақиқатшыл ғашықтарға, арман дидар,

Бас бер десе, жан-иманы оған даяр,

Жаннан кешіп Хақ жолында өлер болар.

 

“Лә, Лә”-дегіл, ғалам сені кәпір десін,

“Кәпір” деген Мансүрдей ғып дарға ілсін,

Басың бергіл дидар үшін Алла білсін.

Басын берген Хақ дидарын көрер болар.

 

Дарбазаға асып қойса, бәрі көрсін,

Мұны көрген барша халық ғибрат алсын,

Үлкен-кіші, жүргінші өткен тас лақтырсын.

Әнелхақ -деп мазақ қылып күлер болар.

 

.. .Қожа, молда шах алдына жиылып барған,

Кәпір Мансұр өлмеді”-деп арзу қылған.

“Шариғатта не бұйрылса, соны қылған.”

Зәһирбандар шахқа тағзым қылар болар.

 

Шариғаттың дүмшелері бұйырыпты,

Кәпір Мансұр өлмеді”-деп күйдіріпті,

Отқа өртеп, күлін көкке суырыпты.

Тау да, тас та “Әнелхақ”-деп жылар болар.

Жалын жалап, от күйдіріп көкке атты,

Періштелер қызуынан Хаққа қашты,

Жәннәттағы хор қыздары бебеу қақты,

Диуаналар: “Иә Мансұр!”- деп күйер болар.

 

Өртегесін, күлін жинап дарияға атты,

Қас-қағымда дария тасып тулап жатты,

Шәһәр халқы абыржумен басы қатты,

Жаннан қорқып, жан айқайы шығар болар!

 

Шейх Зүлнұн шах Мансұрдың пірі еді,

Патша жылдам уәләятқа хабар берді,

Ол әулие бар ма екен?-деп зар иледі.

Шейх Зүлнұн жасырынып барар болар.

 

“Ғаріп Мансұр құлағыма сыбыр берді.

Қалған күлден бір шөкім ап маған бергін,

Дария тасса, “Иә Мансұр-деп салам”-деді.

Інша Алла, тасқан дария қайтар болар.

 

Патша айтты: “Қазір пірім бара көргін,

Қалған күлін дарияға сала көргін,

Ғаріб-ғасыр, жетімдерді ала барғын…

Патша, уәзір тағзым етіп тұрар болар.

Шейх Зүлнұн, “кұп болад”-деп тұрып кетті,

Патша, уәзір ықыласпен ізін өпті,

Шейх Зүлнүн дария жаққа барып жетті,

Қалған күлді суға апарып салар болар.

 

Қалған күлді “Иә Мансұр”-деп суға салды,

Құдіретімен дария қайтып, қайыр қалды,

Қожа, молда мұны көріп қайран қалды.

Ортаны ашып шейхқа тағзым кылар болар.

 

Патша айтты: “Шәһәріммен сізге барам,

Хазірет пірім, бір қызым бар шора қылам,

Елім-жұртым, қауымыммен сізге тұрам!”

Шейх Зүлнұн қабыл алмай тұрар болар.

 

“Бұ дүниядан суығанын”- естіп Патша,

Тән арқылы ой жоқ деді /зұлым Патша/,

Дүние қамын талақ етіп болды Әка!

Берген нәзір халқына әзір жария болар.

Ей, бейхабар! Хаққа ықылас қылмайсың ба?

Мұнда ықылас, онда халас болмайсың ба?

Жаратқушы Жаппарынды ойлайсың ба?

…Бейхабарды дозағына салар болар!

 

Ойсыз көздер хас уәлиді танымайды,

Одан 100-мың сырлар тартса ұнамайды,

Кімдер жақсы, кімдер жаман айыра алмайды,

Сол себептен орта жолда қалар болар.

 

Інжу-маржан Хикметтерім Сана дәптер.

Есіл сөзім надандарға кетті-ау бекер!

Бәһра алмай күн өткізген қара беттер!

Сөзінді ұқпай, өзіңді ит деп ұғар, достар!

Ләмәкәннан шығып рухым: Алла дейді,

Сұлтан Ахмет естіп мұны халыққа жайды.

Шәк келтірген мәңгүрттердің “көзін ойды.”

Пасықтардың Хақ жазасын берер болар.

 

Ғашықтардың сырын айттым жалғаны жоқ,

Жалған шәкірт бү жолдарға барғаны жоқ,

Жалғаншының Хақтан үлес алғаны жоқ,

Үлес алған «сыпайы тон» киер болар.

«Сыпайы тон» киген ғашық болар топырақ,

Зар жылаумен дидарына болар ортақ,

Періштелер ондайларды дейді, әппақ.

Ондай ғашық елден бөлек жүрер болар.

Насімидей Хақты тілде, тірі сойсын!

Қожа-молда, сабан тығып асып қойсын,

Көзің жүмғыл бұ дүнияға нәпсің тойсын.

Көрінбестен Хақ сөйлетіп қояр болар.

 

Құл Қожа Ахмет рухың айтты:“Қалу бәла”

Уағда қылып бір айтпадың хамду сана,

Азап қылса не істер едің Қадір құда?

Жалған бәндә уағдасынан таяр болар.

90-хикмет

Келгін достар, бірге тұрып жад айталық,

Жады бізді жарық жаққа тартар болар.

Жадыменен ғашық қылған ғашықтардың,

Зияпаты күннен-күнге артар болар.

 

Кімдер айтса Хақтың жадын ындын құрып,

Көз жасы мен жүзін жуып іштей тұнып,

Өз жағасын жаңылдым! – деп өзі жұлып,

Ондай ғашық сыр шәрбәтін татар болар.

 

Үшбу жолдың жан рахатын білмегендер,

Өз жағасын жұлып тәубә қылмағандар,

Бұ дүнияда ынсап қылып тоймағандар,

Хайуандарша бар бәлеге душар болар.

 

Ғашық дерті кімге түссе үйі ойран,

Ертелі-кеш дидар тілеп қалар қайран,

Көзі жаста, бауыры езіліп, ақылы айран.

Естен танып қаңғалақтап жүрер болар.

 

Аяу, достар, кенет басты қараңғылық,

Үмітім зор Жаратқаннан берер жарық,

Тарихаттың базары дүр қорыққандық.

Тілеген ққл кіріп мұңын айтар болар.

 

Құл Қожа Ахмет, ғибрат алғыл задалардан,

Үмітсіздер бәһра алмас ол базардан,

Фазылдықта шет қалады ол назардан.

Надан ғұмырын арзымасқа сатар болар.

 

91-хикмет

 

Құдіретімен пәрмән қылды Ием бізге,

“Жерде, көкте тірі жандар қалмайды”,-деп.

Мойындады Әзірейілді ғалам өзі,

Ғазиз жанды алмайынша қоймайды,-деп.

 

Жас кезімде қартаймастай болып жүрдім,

Бұйырғанды аз бердіге жорып жүрдім,

Алуан түрлі қияңкесті қылып жүрдім.

Енді білдім, мен айтқандай болмайды екен.

“Дүние менің мүлкім”,-деген сұлтандарға,

Ғалам малын үйіп-төгіп жиғандарға,

Зауық-запа, сауық-сайран құрғандарға,

Өлім келсе бірі де опа қылмайды екен.

Әуреленбе, ей,достарым, сауық құрып,

Ертелі-кеш бей-жай жүріп өсек теріп,

Жан алғышың жетеді екен бір күн келіп,

Мұндай жерде ғафыл жүріп болмайды екен.

 

Құл Қожа Ахмет өлеріңді біле көргін,

Ақыреттің қамын ерте қыла көргін,

Өлім жақын екендігін сезе білгін,

Әзірейіл келсе, саған пұрсат бермейді екен!

 

92-ХИКМЕТ

Алла өзі нұрын кімге бағыш қылса,

Нәпсі нәһән менмендіктен қашар болар.

Бәндә егер жалбарынып Алла десе,

Көңіліңнің қара бұлтын ашар болар.

 

“Фазакрун азакрүкүм” естіп нада,

Зікір айтып, өмірін тұтып жүрсең таза,

Көрге кіріп, қорлық көріп, тартса жаза.

Ғашық жандар сыр шәрбәтін ішер болар.

 

Ғашықтарға болып Хактың ғынаяты,

Ағзасынан байқалып бар кәрәматы,

Ділдеріне жауып жатса рахматы,

Шын беріліп, бойсалдықтан қашар болар.

 

Пейілі пәк, көкіректің көзі ашылса,

Кәміл ғашык пәни қамын әрі ысырса,

Нәпсі сұмның көзін ойып, тілін қырықса,

Безер болып, шайтан одан қашар болар.

 

Білгіл енді, Құл Қожа Ахмет ғашықты аңлап,

Жаннан кешкін, үшбу жолға белің байлап,

Есіл ғұмыр ессіз өтті-ау, жатам жылап,

Өкініштің ауазасы ұшар болар!

 

93-хикмет

 

Ғашық жандар түні бойы жатпаса екен,

Өлім мен дерт келсе аузын ашпаса екен.

Басын жарып, қанға бояп, қылса жазым,

Мені ұрды-деп, жаман сөздер айтпаса екен.

 

Дәруш болып ел ішінде уағыз айтып,

Софы болып жұртқа арын сатпаса екен.

Ол софылар жұрт көзінен қашық жүрмей,

Хақты ойлаған Халық сөзін жақтаса екен.

 

Құдай өзі үзір-мәзір жеткізеді,

Жайшылықта Хаққа жала жаппаса екен.

Софы болсаң тап-таза боп, иә Алла!-де.

“Софылығың” жалған болып жатпаса екен.

 

Аузында Алла, кылған ісі болса теріс,

Сол софылар руза-намаз тұтпаса екен.

Әр мүһмінді өз жолынан адастырып,

Диуананын сандырағын шатпаса екен.

 

Хақты тапқан өзгені әр кез танымайды,

«Алла»,-деген өз ісімен ақтаса екен.

Софы болған дау – дамайдан аулақ жүріп,

Ит нәпсі үшін кісі қанын шашпаса екен!

 

Ризық дедің, саған ризық берді Тәңірім,

Әзәзілдің сөзіне құлақ аспаса екен.

 

94-хикмет

 

Ғашықтықтың әуресіне түскен кісі,

Қуаныштан құр алақан қалғаны жоқ.

Ғашық гәуһарын түпсіз дария тұңғиықтан,

Жаннан кешпей, ол гәуһардан алғаны жоқ.

 

Гәуһар алар сүңги білген жаннан кешсе,

Шын беріліп ғашық шәрбәт әр дем ішсе.

Айлар, күндер ығыр болып азап шексе,

Ғашықтықтың гүлі ашылып, солғаны жоқ.

 

Ғашық болып табам десең Хақтың жолын,

Өсіргін сен гүлзарыңда тылсым гүлін,

Михнат пенен сыңар Алла сүйген құлын.

 

Шын ғашықтың одан көңілі қалғаны жоқ.

Ол михнаттың дариясына құлаш ұрған,

Өлмес үшін білімімен айла қылған,

Біреу батса, біреу одан аман қалған.

Аман құлдар қуаныштан алғаны көп.

Құл Қожа Ахмет қабыл қылды арманыңды,

Қабыл қылды, ғашық отына жанбағыңды,

Жаның беріп сатып алдың күймегіңді,

Шын сөзім дүр, әсте оның жалғаны жоқ!

95-хикмет

Ғашық сырын айтар болсам, тыңлар ғалам,

Бейхабарлар естій, құлақ қаққаны жоқ.

Хақтың жадын кімге айтайын бәрі надан,

Мүһмінмін деп бұл пәниден өткені жоқ.

 

Ишан, шейх, қожа – молда дүние құмар,

Сол себептен патшалардың артын жуар.

Аят, хадис сөзін қойып дүние қуар,

Хақ жолында әсте михнат тартқаны жоқ.

 

Тәрки дүния, Хақты сүйген тапты мұрат,

Зауқ шәрбәт ішсе ғашық кәйфі қуат,

Қиямет күн кәззәптарға қарау да үят!

Жалғаншылар Хақтың жадын айтқаны жоқ.

 

Ақырзаман шейхтарының ісі риа,

Махшар күні риалары болғай куә,

Тіршілігі толған күнә, толған бінә.

Алла үшін, әсте сауап еткені жоқ.

 

Ишанмын деп, қолға түссе ішіп-жеген,

Жақсыларды көзіне ілмей менменсіген.

Дүние – малын алып барса, елпеңдеген,

Өлла-біллә! Менмендікпен өткені жоқ!

 

Сәжде қылып еңкейгендер зәкір болсын,

Мұхаммедтей қарапайым пақыр болсын,

Қүлшылықта жүзі жарқын зәһір болсын,

Хақ Мұстафа елге қысым еткені жоқ.

 

Алқа құрып халайыққа уағыз айтты,

100-мың кәпір дінге кіріп беті қайтты,

Ақырында бүкіл ғалам нұрға батты,

Содан кейін Иман-Ислам кеткені жоқ.

 

Пенде болсаң, алқа құрып үммәт болғыл,

Содан кейін, діннің жолын қолға алғыл,

Сәһәр түрып, Хаққа ұйып зар жылағыл,

Алла сахи, ешкім де үмыт қалғаны жоқ.

 

Екі әлемге ие болған Шәһи Халық,

Халықтарға Хак Мұстафа берді жарық,

Хақ тағала аян берді: «Миммии Халық»

Надан адам аят оқып оңғаны жоқ.

 

«Мимми Халық»,- деген аят келді көктен,

Мұстафаға, үммәттарға содан жеткен

Барша үммәт қайтты райдан, алған беттен,

Жалғаншының Хақ шәрбәтін татқаны жоқ.

 

Майхана деп әсте қүлақ естімеген,

Жарандардың қызметінде істемеген,

Пір кәмәл мүкәлләмді түстемеген.

Жалғаншының Хақ шәрбәтін татқаны жоқ.

 

Жаннан кешкен шын ғашықтар ашпын демес,

Нәпсісі өліп, ас пен судың қамын жемес,

Бұл Пәниден пайда зиян тұрған елес,

Дүние сиқыр арбаса да ыққаны жоқ.

 

Шын берілген диуананың нысаны бар,

Жан-ділінде ғашық дерттің нышаны бар,

Дерті күшті кімнің оған күмәні бар?

Баязидтей әр күн өзін сатқаны жоқ.

 

Ғашық болсаң, бауырда жоқ көздің қаны,

Ей, неге жоқ, бетжүзінде ғашық нышаны?

Дертті болсам, пірім маған дәрің кәні?

Дертке ұрынбай дәріханаға барғаны жоқ.

 

Қу мылжыңдар ғашықпын деп көп лепірер,

Бейхабарлар басын қосып тобын дүзер,

Жалған сөйлеп бұл пәниде дәурен сүрер,

Еңбек етіп, табанынан сапқаны жоқ!

 

Хақтан ықпай менменсінген шахтар қайда?

Күн құрғатпай даурығатын мастар қайда?

Кешке жылап, сәһәр түрған достар қайда?

Ғибрат алып, қанын судай шашқаны жоқ!

 

Арамзалар Хақ ғашығын көзге де ілмес,

Жәннәт іздеп, Хақ дидарын тілге де алмас,

Ғашықтардың наласына құлақ салмас,

Бұ дүнияны талақ етіп жатқаны жоқ!

 

Құл Қожа Ахмет құлмын десе, құлым дегін,

Одан кейін, пәндәлікке пейіл болғын,

Махаббаттың майданында “сойыл” болғын,

Басты тікпей Хақ қасына жеткені жоқ!

 

96-хикмет

Ынтызар деп маған айтпа жалған ғашық!

Омырауына аққан оның көз жасы жоқ.

Махаббаттың өрті мененен жан бермесе,

Бекер өтер өмірі оның жалғаны жоқ.

 

Ғашық бағын михнат тартып көгертпесең

Қорлық тартып құлқыныңды өзгертпесең,

Иә, Алла, – деп ішті нұрмен кенелтпесең,

Олла-біллә! Сенде оның жұрнағы жоқ!

 

Хақ зікірін жан жүрекпен еңіретпесең,

360-тамырыңды кернетпесең,

444-сай сүйекті тебірентпесең,

Жалғаншының Хаққа ғашық болғаны жоқ.

 

Нәпсісі өліп, қанағатты қаде қылған,

Ұрса-соқса риза болып бой ұсынған,

Жақсыларға қызмет қылып алғыс алған.

Ол ғашықтың махшар күні арманы жоқ!

Рахатсыз жан қинауды қоштағандар,

Сәһәрларда жанын қинап жатпағандар,

Тәкәббарлық, менмендікті тастағандар,

Нағыз ғашық әсте оның жалғаны жоқ

 

Ғашық дертін армансызға айтып болмас,

Бұ жолдардың шатқалы көп өтіп болмас,

Ғашық-гәуһарын нәмәрттарға сатып болмас,

Бейхабардың ғашық қадірін білгені жоқ.

 

Ғашық болдың, отқа түстің, сүйіп өлдің!

Пәруәнадай жаннан кешіп күйіп өлдің.

Дертке толдың, тілме болдың, гүлдей солдың!

Ғашық дертін тартқандардың дәрмені жоқ!

 

Басың байлап бұ жолдарға әзір болғыл,

Ғашық жолда өлмес бұрын жаның бергіл,

Пір етегін бекем тұтып қызмет қылғыл.

Қызмет қылған, әсте жолда қалғаны жоқ!

 

Ғашық емес, жананына жан бермесе,

Дихан емес, кетпен шауып дән бермесе,

Мұнда жылап, ақыретке мән бермесе,

Жолда қалған жанды Құдай алғаны жоқ!

Ей, бейхабар, ғашық жайлы жөн сұрама,

Дертке дерт қос, ғашықтыққа ем сұрама,

Ғашық болсаң диуанадан дым сұрама,

Бұ жолдарда ғашық өлсе тауаны жоқ!

Кезбе болма, құл да болма, ғашық болғыл,

Михнат тартып осы жолда садық болғыл,

Нәпсіден безіп дәргәһіңа лайық болғыл,

Сүймегеннің әм жаны жоқ, иманы жоқ!

 

Ғашық зары кімге түссе рәсуә қылар,

Нұрын төгіп Хақ өзіне шәйдә қылар,

Мәжнүндейін ақылын алып Ләйлә қылар,

Жолға түскен жарандардың дәрмені жоқ.

 

Құл Қожа Ахмет, жаннан кешіп жолға кіргіл,

Одан кейін жарандардың жолын білгіл,

Алла деумен Хақ жолында жаннан түңіл,

Бұ жолдарда жан бермеудің імкәмі жоқ!

97-хикмет

Қажет емес ғашық дертіне ем іздемек,

Ойран етіп кеткен болар, дауасы жоқ.

Жанды қинап, жасың төгіп, әлің кетер,

Бір дерт екен, баска түссе бәлесі көп!

 

Әркім күйер өзі жақса ғашық отын,

Жаны өртеніп, ағзасынан шығар түтін.

Бауыры да тілім-тілім, емес бүтін.

Жұрттың ашық көзіне ұрар жарасы жоқ.

Жаннан безбей таппас ешкім жанананы,

Көріп үміт қылмақ керек пәруәнәні,

Кере тұра отқа ұрынды, өзі жанды,

Пайда-зиян бар ма бұдан, шаруасы жоқ!

 

Онда жүрдің, мұнда жүрдің ей, бейхабар!

Нәпсі шайтан кесірінен тартып азар,

Бізден бұрын талай керуен шеккен сапар.

Айтып кеткен: “Бұл дүнияның опасы жоқ.”

 

 

Айтып кеткен жарандардан жолды білгіл,

Сәһәрларда ерте тұрып, қаңғып жүргіл,

Зікір салған жерге өзің барып тұрғыл.

Жолға түскен жарандардың ауасы жоқ.

 

Құл Қожа Ахмет айтты, достар, тыңла мұны,

Қап тауынан тастар жауса шықпас үні,

Кімге жылап, кімге айтарсың ғашық мұңын,

Олла-біллә! Ғашық дерттің дауасы жоқ!

 

98-хикмет

 

Қош көңілмен жетісті, жақсы сөзім тәбәрік,

Ғашық болсаң ей, тәлиб, құлшылыққа белің бүк.

Күні-түні ұйықтамай, жас орнына қаның төк.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Арыслан бабам айтыпты: – Тәлибтерде жоқ ықылас

Пірің әзір тұрғанда, не керек Қызыр Илияс?

Пірге қолын берерде, ия демесін Гаус Әлғияс!

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Тәлибпін деп жүргенде, Олла-біллә! Иман жоқ.

Нәмахрумға бағады, көздерінде ылғал жоқ.

Кісі малын жесе де, жүрегінде ынсап жоқ.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік!

 

Пір қызметін қылдым деп, тәлибпін деп жүрер-ді,

Жиып арам-адалды, дорбасына ұрар-ды,

Көзін босқа сүрткіштеп, алқа ішіне кірер-ді.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Зәкірмін деп зарлайды, шықпас әсте көз жасы,

Ділдерінде діріл жоқ, ауырады құр басы,

Айла-шарғы қылса да, Хаққа мәлім ыласы.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Тәлибпін деп айтар-ау, көңілінде жоқ зәррә нүр,

Шын тәлибке қарасаң, іші-тысы гәуһар дүрр,

Хаққа аян сырлары, ойлары асыл таза нұр.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Түрі-түсі сопыдай, қияметтен қорықпас,

Пасық, надан асылы, күнәлардан үрікпес,

Тәспих салып мойынына, көзден жасын ірікпес,

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік

 

Маржан тәспих тізілген әп-әдемі көрсеңіз,

Хақ ризасы қашпайды, ғашыққа көңіл бөлсеңіз,

Ышқың кетіп махшарда, бойсал болып көнсеңіз,

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Нағыз ғашық үммәті, Хақ дидарын көреді,

Мұса сынды махшарда, Хақтан сауал сұрар-ды,

Бойсал болып өн бойы, зікір салып тұрар-ды,

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Інша Алла айтқаным, Хақтан тілеп алармын,

Қолдау етсе Мұстафа, күнәларын жабармын,

Әзәзілден айырып, Хақ жолына салармын.

Арыслан бабам сөздерін, тынлаңыздар тәбәрік.

 

Арыслан бабты білсеңіз, Пайғамбарға тілектес,

Сахабалар ұлығы, Алла оны құр етпес,

Жатқан жері елеусіз, бірақ оған дым етпес.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Сәрсенбі күн есітіп. Хазірет оған барған-ды,

Арыслан бабтың үйінде, сол күн мейман болған-ды.

Жатқан жері жайсыздау, көріп аң-таң қалған-ды.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Ал, Мұхаммед Мұстафа, тұрып дұға қылған-ды,

Сондай үммәт бердің деп. Хаққа шүкір қылған-ды.

Періштелер әумин деп, қолын жайын тұрған-ды.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Сақабалар айтқанда:‘‘Арыслан баба атыңыз,

Араптардың ұлығы, асылтаза затыңыз,

Тарап тәлім-тәрбие, сәуле шашып жатыңыз,

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Ақыр замаи үммәті, арам қылар ойларын,

Нәпсі нәһән қуанып, бұзар әр сәт бойларын.

Сән-салтанат бояма, әлеміштер жәйларын.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Ақыр заман үммәті, О дүнинені білмейді,

Кеткендерді көрсе де көздеріне ілмейді,

Қанша айтсаңда оларға бұл ғибрат сіңбеңді.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Тура жолдан адасып, қисық жолға ауысқан.

Шайтан сұмды пір тұтып, шалғайына жабысқан.

Әзәзілге беріліп, ертелі-кеш табысқан.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Жұрдай болып Иманнан, өлмейтіндей күледі.

Өшпеймін деп пәниден, Хаққа қарсы жүреді,

Надандықпен өмірі жел сөзбенен түледі.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Уақыты жетсе Әзірейіл, «аманатты» бер дейді

Шайтан малғұн «пірі» кеп, жанына оның ермейді

Ар-иманнан жұрдай ғып, қасына да келмейді.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Тәубә қылса тәубәсін, Құдай қабыл қылмайды.

Алла десе Қожасы, қол беріп, мойын бұрмайды,

Құты қашқан күнәһар, пірінде қоса шырмайды.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Арыслан бапқа Түркістан жеті жаста келгем-ді.

Басымды иіп жыласам, түріме қарап күлген-ді.

Мың бір зікір үйретіп, мейірбандық қылған-ды

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Аңғармай мен құрметін, тұрсам, қызық қылған-ды.

Әй, биәдеп бала’ -деп асасын алып сұрланды.

Қаймықпап ем қорықпай, жүзі сонда нұрланды.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

-Аузыңды ашқыл балақай, “аманатын” берейін,

Хұрма дәмі қалпында, балам саған не дейін?

Расул Хақтың өмірін, орындап енді көрейін.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Аузыма хұрма салғанда, дәмі ғажап қылды мас,

Екі әлемді көргендей, О, Алла! Шомдым нұрға рас!

Қожа-молда еңкілдеп, алып жүрді дәспә-дәс,

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Бабам айтты: -”Ей, балам, мезрет неге етпедің?

500-жылдай кемінде, сақтай алам деп пе едім?”

Жауап бердім: – Нәрін алып, сүйекпенен шектедің…-

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

Бабам айтты: – Ей, балам, қасымда тұр өлейін,

Жаназамды оқып көм, жан тәсілім берейін,

Медет кылса Мұстафа мәңгі жайға жөнейін!

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

Жылап айттым:-Ей, бабам, мен әлі оған жап-жаспын.

Қабіріңді қазармын, көтеріп сала алмаспын.

Хақ Мұстафа сүннетін, дұрыстап айта алмаспын,-

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

Бабам айтты:- Ей, балам, періштелер жиылар,

Жәбірейіл имам боп, өзгелері сиынар.

Мәкәйіл мсн Исрафіл, қабылда деп жерге бұйырар.-

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

Құл Қожа Ахмет сөзіңді, надандарға айтпағын.

Наданға айтып сөзіңді, арзымасқа сатпағын,

Аштан өлін қалсаң да нәмәртқа міндет артпағын.

Арыслан бабам сөздерін, тыңлаңыздар тәбәрік.

 

99-хикмет

 

Айтпақ үшін Тарихаттың талаптарын,

Әуел қадам шариғатқа қоймақ керек.

Шариғаттың шешімдерін тауысқан соң,

Содан кейін, сол шешімді қылмақ керек.

 

ІІІариғатсыз шешім болмас Тарихатта,

Тарихатсыз шешілмейді Хақиқатта,

Үшбу жолдар айқындалар Шариғатта.

Барлығын да шариғаттан білмек керек.

 

Содан кейін, бір Ер керек бұған сардар,

Шариғаттың шеберлікпен жолын талдар,

Ондай ердің ғажап білгір болғаны абзал,

Сондай ердің айтқанынан шықпас керек.

 

Жалған шейх бұ жолдардың бәрін білер.

Жамағатқа кереметтей «ақыл» берер,

Жан сауғалап, рухын былғап алдап жүрер.

Өзін ондай жалғандықтан сақтас керек

Мүршидтердің қабілеттері бірдей емес.

Тарихаттың жолын түгел біле бермес,

Дүбара ғой басшылыққа лайық емес,

Ондайлардан басыңды алып қашпақ керек.

 

Жол көрсетіп, жөн білмейтін елі-жұртқа.

Қайым болғыл күні-түні құлшылыққа.

Есеп қылып құлшылығын ғибадатқа,

Құлдығында белді байлап тұрмақ керек.

 

Содан кейін монтанылық тонын киіп,

Құлшылықтың бұршағын сап, жаның иіп,

Менмендіктен ада болып бойың жиып.

Рахаттан безіп қорлық алмақ керек.

 

Осылайша жарандардың қылғандарын,

Шәкірттердің қабылдайды тырбанғаны,

Шыны осылай, бұл сөздің жоқ жалғандары,

Жан тәніңмен мұны сізге білмек керек.

 

Ризалықпен әркім қабыл кылса мұны,

Ыждахатты болса бұган күні-түні,

Өмірбақи Алла болса ойлайтыны,

Жарандардың бұл ниетін қолдас керек.

 

Білмейінше үшбу жолға кірмейді олар,

Инабатсыз жолға қадам ұрмайды олар,

Қолдан келмес жарым ниет қылмайды олар.

Мүрид болған, осы сипат болмақ керек.

 

Әркім түссе осы жолға, белін байлап,

Құл Қожа Ахмет өзің де көр қадам әйлап,

Ақ ниетін болған дұрыс Аллаға айғақ.

Тағзымынды ғазиздерге қылмақ керек!

Хикметті  бізге жеткізген Әбибулла Мұхамеджанұлы

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Шабдалы

Қаладағы Жаңабазарға жақын, Қ.Баймағанбетов көшесінде, жер үйде тұрамыз. Шағын ғана, тұйық көше. Бірде, жұмыстан ертерек …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған