Бір суреттің сырыШортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Шортанбай Қанайұлының суреті

«Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман» деп жырлаған Шортанбай Қанайұлының жыр-толғаулары мен айтыстарынан басқа, зерттеуші-ғалымдардың жырау мұрасына арналған сын-зерттеулері жинақталған «Қай заман?» кітабы 2011жылы Астана қаласында  Фолиант баспасынан жарық көріпті.

Бізді елең еткізген нәрсе Шортанбай жыраудың отбасымен бірге түскен суреті еді. Сұрастыра келе суреттің ізі Омбыдағы казачьи архивынан шықты.

Ол туралы белгілі ғалым-зерттеуші Марат Әбсеметовтен мынадай жауап келді: «Шортанбайдың суреті Омбыдағы казачьий архивтен алынды. Оны мен «Астана мыңжылдық тарихы бар қала» атты кітабыма кіргізген едім.

«Қай заман?» жинағының түсініктемесінде осы томдықты тірнектеп құрастырған жазушы Кәмел Жүністегі еңбегін  ерекше атапты. Аталған суретті жазушы «Астана мыңжылдық тарихы бар қала» кітабынан алады. Оны «Қазақтың асыл азамат ағамыз  Кәмел Жүністегіне зор құрметпен» деп бір ауыз сөзін жазып Марат Әбсеметов  ұсынған екен.

Шортанбайдың нақыл сөздері

Жоққа шыдамсыз – ғұмыры оңбайды,
Барға қанағатсызға  ырыс қонбайды.

***

Жарлы кезінде жағынып көрмеген
Байыса тәкаппар болмайды.

***

Тек пайданы ойлағанның басына пәле қонады.

***

Мансап үшін қамықпа,
Игі іс атқара алмадым деп жабық.

***

Азаматқа байсалдылық жарасады,
Күйгелек бос нәрсеге таласады.

***

Өз мініңді түзеуге әлің жетсе,
Жұртыңа сөзің өтеді.

***

Алланың жолын ұстаған әміршінің
Билігі де баянды.

***

Елден астым деп кердең болма,
Данамен таласып тасып болма,
Иманды ұмытып кәпір болма.

***

Өз ырзығын шашқан пендеден,
Дән сүйреткен құмырсқа артық.

***

Алланың бергеніне ризашылық етпеген,
Тағдырдың талқысына түспей кетпейді.
Шортанбай Қанайұлы, «Қай заман?» жинағынан

Ұқсас мақалалар

Бір пікір

  1. Бісімілләһ,-деп бастайын әуелі сөз басында,
    Шортанбай Қожа-Бабаның жәдігерін қолға алып
    Түскен екен шамамен Төңкерістің алдында,
    Қатын-бала,мүридтермен айналасына жиналып!

    Айтып кеткен сөздері тасқа басқан таңбадайын,
    Ғасыр бұрын айтса да дәл бүгіндей таңданамын.
    Жүректері сыздаған тыс қалмай Халық зарына,
    Бір тамшы»Текті Қаны»-жатқызбад-ау Әз Жанның!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button