Бір суреттің сыры

Тарихи құжат

ДІН МЕН ЖЕР

Баспасөз тарихын зерттеумен айналыса жүріп басқа да еліміздің тарихы үшін маңызды құжаттарға кезігеміз. Соның бірі – 1905 жылы Орал және Торғай облысының Петербургқа депутат болып барған ізгі ишандарының Һәм билерінің дін тұрғысындағы Һәм жер тұрғысындағы әр министрлерге жазған хаты. Біз кездейсоқ  дегенмен, бәрін  реттеуші  күш Алматы қаласына газет тігінділерінің электронды көшірмесін жасауға жіберген маманымыз Ақылбек Есеналинге осы хаттың да көшірмесін ала келуді бұйырды.

Бұл жәй хат емес, сол кезеңдегі саяси ахуалды жан-жақты талдап, мәселені оң шешуге тырысқан ұмтылыс. Дінді сақтау арқылы жерді сақтауға, жерді сақтау арқылы отаршылдыққа тойтарыс беруге талпыныс екендігі анық байқалады. Бұл хатты ғалымдар бұрын да көріп, түрлі еңбектеріне қолданып жүр. Бірақ араб әліпбиінде жазылған хат толық аударылып, арнайы жинақ етіп шығарылған жоқ еді. Дін мәселесі бүгінде өзекті боп тұрғанда, ұрпақ кәдесіне жарайтын ата-бабамыздың жеке бастың емес, елдің тағдырына орай жазған хатын арнайы жинақ етіп шығарып отырмыз. Шынайы тарихымызды жазушыларға маңызды дереккөз болмақ.

Бұл – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандарды нақты іспен қолдауымыз. Алдағы уақытта ел тарихы үшін маңызды кітаптарымызды «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» сериясымен шығармақпыз. Іске сәт!

Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры

Д 91 Дін үшін. Жер үшін. Тарихи танымдық құжат. Орал: «Жайық Пресс» баспасы, 2017. – 102 бет.

«Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» сериясы бойынша жарық көрген алғашқы жинақ

 Жоба авторы Жантас Набиоллаұлы, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры

 Аударған және түсініктемелерін жазған Сайпулла Моллақанағатұлы

 Редакторы Қазбек Құттымұратұлы

 

Назарларыңызға ұсынылған тарихи құжатта 1905 жылы Орал облысының және Торғай облысының Петербургқа депутат болып барған ізгі ишандарының һәм билерінің дін тұрғысындағы һәм жер тұрғысындағы әр министрлерге ұсынған сөздері орын алған.

Кітапта қазақтың діни таным-түсінігінің тарихы тереңде екендігі, діни жоралғылардың орындалуының ерекшеліктерінің үлгісі бар екендігі және жасалған қысымның себебінен бағынбаушылық орын алып жатқандығы, проблемалардың бейбіт түрде шешілуін, сауаттылықтың арттырылуын қалап, өз басына діни басқарма болуы керектігі айтылады.

«Болашақ дүниеге жарық сәуле түсіруші» рақымды мырзамыз Граф Алексей Павлович!

Семиречия тағы Семипалатинский, Ақмолинский, Торғайский, Оралский, Сырдариянский облыстардағы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің қазақтары көнеден ислам дінімен амал қылады һәм қазақтың нақылынан білінеді: даңқты Өзбек ханның патша болуынан көп бұрын қазақ халқы мұсылман екен. Қазақтың мұсылман екендігі соңғы уақыттардағы тарихтарда жазылып, документпен дәлелденеді. Қазақ халқының ұлы ханы Әбілқайыр өзіне қараған Кіші жүздің барша қазақтарымен һәм Орта жүздің бүгінде Торғай үйезінде һәм Қостанай үйезінде болған кейбір қазақтармен 1731 жылы Ресей патшасының қарамағында болуға шариғат бойынша Құранмен ант етті. Ханым патша Екінші Екатеринаның патша болып тұрған заманында көшпелі қазақ халқын отырықшы қылу үшін және Ресей патшасының қарауынан кетпес үшін әкімдер мешіт, медресе һәм мектеп салуларына себеп болды һәм бұл мектеп- медреседе татар  моллалары  қазаққа дін исламды үйретті. Бұдан  соң  1788- ші жылы қазақтың дін тұрғысындағы істері 1868 жылы 21 ақрапта (тамыз) шыққан уақытша  положенияға  дейін сол уақыттағы Орынбургский духовный собранияның қарауында болған екен. Бірақ бұл уақытша положения бойынша қазақтың дін тұрғысындағы істері үйезной началниктердің, далалық облысттардағы уоянный губернаторлардың, һәм народный судтардың, далалық облыстардағы қарауында болған әкімдердің бұл айтылған істері 1869 жылғы қазақтың арланып бөлінуіне көп себептердің бірі болды. Һәм бұ заманға шейін бұрынғы замандағы дін тұрғысында болған ережені жоқтауы- на толық себеп болды. Дін тұрғысында бұрынғы ережеде болу үшін қазақ халқы 1888 жылы ишан Досжан Қашақұлы уәкіл қылып, өткен министр внутренных дел граф Толостовтан өтініш жасады қазақтың дін тұрғысындағы істерін бұрынғыша Орынбургский духовный собранияның қарауында қылмаққа, болмаса қазақ халқы үшін өз алдына бөлек духовный собрания жасамаққа, бұл өтінішті әкімдер қабыл қылмады. Һәм сұраушы ишан Досжан Қашақұлын әкімдер сенімсіз адам деп поднадзор баланса қылды. Бұлай болмағанменен 1868-ші жылғы уақытша положенияның қазақтың дін тұрғысындағы ережесін дұрыс 1891-ші жылы 25-ші амалда (қаңтар) степной положения шықса да Орал облысының қазақтарының өкілдері Ахметжан Баймұхаммедұлы һәм басқалары бұл кезде сау-саламат патша болып тұрған государ император Николай Александрович хазіретіне наследник Царевич уақытында Орал облысында болғанында және арыз ұсынды. Қазақтың діні тұрғысында істерін  Орынбургский духовный собранияның қарамағында қылу үшін бұл өтініш һәм қабылданбады. Енді бұл заманда қазаққа дін жөнінен болған қысым және кемшіліктер шектен асты. Яғни қазақ балаларының мұсылманша оқып жүрген мектеп-медреселерін әкімдер жапты. Жамағат болып намаз оқитұғын мешіт пен ғибадатханаларды жапты. Һәм неке, туған балалар, өлген кісілер және талақтар туралы және метрике жазудан моллаларды тыйды. Һәм шариғаттың басқа да істерінен моллаларды тыйды. Осындай кемшілік себебінен патша хазіреттің 1904 жылғы 12 жедідегі (қазан) указының пунктіне әр кім түсініп, қазақ халқы қуанышты һәм үмітті болды. Бұл указда бұйырылған орыстың ескі дінінде болған адамдар хақындағы, христианның басқа мәзһаптарынан болған адамдар хақындағы, һәм христиан емес діндегі адамдар хақындағы закондер жаңадан қайта қаралсын деп, һәм бұл ретті ұстанбайынша бұ айтылған адамдардың діні хақындағы законде айтылмаған қысым және кемшіліктердің жоқ болуына әзір тиісті шара қолданылсын деп патша хазіретінің 1904- ші жылғы 12-ші жедідегі (қазан) указының бұйрығын әкімдер әзірде қазақ халқына іске асырған жоқ. 1905 жылда 29 дәлуде қазақ халқынан сұлтан Бақытжан Бейісалыұлы  Қаратаев,  Өтеш  Дүйсембайұлы, Балмұхаммед Естайұлы, Шабазкерей Күсіп-қалиұлы, Ысқақ Мұқашұлы, һәм Жүсіп Молдабайұлы комитет министровтан өтініш жасап, қазақ халқының өз алдына духовный собранияның ережесі бойынша түзелсін деп һәм қазақ халқының дін істері обласной әкімдердің қарауынан шығарылсын деп айтылған. Өтініш комитет министровтың председателінің атына телеграмм арқылы жасалып еді. Патша хазіреті бұл өтінішті қабыл етті, 1905-ші жылы 17-ші сәуірде комитет министровтың палажениесінде белгіледі һәм ешқандай министрлерді араластырмай, өз алдына мәжіліс совещания жасады. Мәжілістің председателі дүниеге жарық сәуле түсіруші хазіретіңіз болдыңыз. Бұл мәжіліске тапсырылды. Комитет министровтың журналын түсіндірілген рет бойынша төменде баян етілген істерді тексеріп, еш бір министрлер менен ақылдаспайынша кешікпей дінге лайықты деген закондерді қолайлы қылып государственный совет мәжілісіне көрсетуге аталмыш істер мыналар: намаз оқитын ғибадатхана және мешіттері  қай  ережемен  іске  қосылады, мұсылман моллалардың ұлы дәрежелісі және кіші дәрежелісі қандай ретпенен қаланады, Һәм қандай ретпенен тағайындалады. Дін амалын оқитұғын мекемелері яғни мектеп медреселері қандай ретпен істеледі. Ақмолинский, Семипалатинский, Оралский, һәм Торғайский областардағы қазақ үшін һәм сондай кавказдың теріс түстік жағындағы мұсылмандар үшін Ставоропольский губернадағы, Түркістанский крайдағы, һәм Закаспиский облысындағы мұсылмандар үшін өз алдына духовный собрания жасалмақ дүр. Һәм бұ жасалынатұғын духовный собраниялар қай ретпенен болуға тиісті осы, себепті қазақ дінін билеп тұрған әзіргі закондерден аударыңқырап, ақтара төңкеріп іздейтін уақыт болды. Ақмолаский, Семипалатинский, Оралский, һәм Торғаиский, Семиречинский облыстарының қазақтарын басқару үшін 1891-ші жылы 25-ші амалда патша белгілеген законның он алтыншы бабына сай айтылған облыстардағы моллалар неке, талақ, һәм мұра хақында шариғатпен пәтуа берсе, о положения  атказаниях  деген  законның 289-шы статиясы бойынша жазаға тартылады, яғни төрт айдан сегіз айға дейін қараңғы үйде отырады. Немесе 50 теңгеден арттырмай штраф салады және степной положенияның 116 статиясы бойынша моллалар неке, талақ, мұралар хақында ақсақалдармен шариғат бойынша пәтуа бере алмайды. Сол үшін бұ істер ақсақал бітімімен бітіспесін деп тыйым салынған. Степной положенияның 211 ста- тиясының 2 пунктіне сай бұл істер народный судяға қарайды. Степной положениядағы закондар некені һәм талақты молланың шариғат күшімен бекітуіне тыйым салды. Бірақ  шариғат  күшімен  бекітілмеген неке шариғат  бойынша  дұрыс  неке деп есептелмейді. Һәм неке шариғат бойынша неке деп есептелмегендігі үшін еркек әйел арасынан туған балалар зинадан туған бала деп есептеледі. Дегенмен  степной  положенияның  97- ші һәм 98-ші статияларына сай қазақ халқына болыс басына сайлау менен һәм үйезной губернатырдың тағайындауымен бір молла болысына рұхсатпен  тұрса да    бұ    моллалары    дін    тұрғысында ықтияр хат және рұхсат берілмеді. Һәм дін жағынан еш бір нәрсе міндет қылынбады. Степной положенияның 16 бабының қаһары және жазасымен моллаларды қорқытып қойды. Осы ретке қарап неке, талақ, туған бала, өлген кісі хақында мұра жазу шариғат бойынша моллалардың міндеті болса да оларды жазуға закон қоспаған соң һәм далалық облыстарда мұра түгіл һалал некені, һәм һалал некеден туған һалал балаларды жазатұғын актлер гражданской косатцияниетіптіболмағансоңалтымилион мөлшеріндей қазақ халқын қазіргі халында империяның законының қарауынан да, һәм мұсылманның шариғатының қарауынан да некесіз туғызған әкелердің некесіз туған балалар демекке ықтимал дүр. Бұл ретте қазаққа жәбір болар еді. Бірақ амалда істері бұл емес дегенмен айтылмыш закондерге хилаф және қарсы болса да моллалар құпия неке оқиды. Һәм некені дін күшімен бекітеді. Туған балаларға ат қояды. Өлген кісілерге жаназа  оқиды,  неке,  талақ һәм мұра бөлу істерін жасырын шариғат бойынша пәтуа береді. Сондықтан қа зақтың дін тұрғысындағы амалдар степной положениядағы  закондарға  қарсы келіп, бір-біріне жанаспайды. 2 степной положенияның 99-шы статиясына сай далалық облыстарда мешіттер салуға рұқсат береді. Степной генерал губернатор һәм министр внутренных дел әр қайсысы өзіне бағынатын облыстарда бірақ әкім амалда болыс басына бірден артық мешітке рұхсат бермейді. Сол үшін әкімдер ойлайды законда болыс басына бір молла болған соң мешіт те болыс басына біреу болуға тиіс деп. Министр внутренных делдің бұл туралы шіркеулердің тәртібі 10-шы үтте 6500-ші нөмірде болды. Егер ойлап қарасақ, бір болыстың қарамағындағы болған қазақтар әр қайсысы әр жерді мекен етіп, бір біріне жүз шақырымнан артығырақ отырады. Бұлай болған соң жамағат намазын мешітте жиналып оқудың ауырлығы һәм қиындығы ешкімнен сұрамай-ақ белгілі. Болыс басына бір мешіттен артық мешіт салалмайтұғын болған соң қазақ халқы амалсыздан даланы я бір үйді уақытша мешіт қылып, бес уақыт намазын, құрбан айт намазын, ораза айт намазын оқиды. Тағы да қазақтар күнбе күн әкімдерден рұқсат сұрамай-ақ тіпті кейбір уақыттарда әкімдердің тыйғанына қарамай-ақ мешіттер һәм ғибадатханалар салады. Бірақ бұларды салған адамды әкімдер біле қалса уголовный істер істеген кісілердің қатарына жатқызып,  жазаға  тартады.  Дегенмен министр внутренных дел степной облыстардағы үйезной губернатырларға қайта қайта 1891-ші жылда 28-ші үтте 1038- ші нөмерлі, 183-ші әсетте 331-ші нөмірлі, һәм 1896-шы жылы 9 үтте 9416-шы нөмірлі шіркеулер елден бір болыста бір мешіттен артық мешіт болмасын деп һәм құпия салған мешіт пен намазханалар болса жабылсын деп тәртіп айтса да, мешіттердің және намазханалардың есебі азаймастан жылдан жылға көбейіп кетті. Бұдан көрінетіні, мешіт пен намазханаларды байқау мен қарау закон бойынша әкімдерге міндет болса да, әкімдердің бұл мақсұтқа жетпегені. 3-ші статия бойынша мешіттер һәм мешіттер құзырындағы школдар обшестволардыңрасхотыментәрбиеленеді. Егер обществалар расхот бермесе, оларды расход бер деп күштеуге рұқсат жоқ. Бұл статиядан түсінбек керек, қазақ халқына медреселерді ашып, балаларына дін исламды үйретуден тоқтату һәм тыию жоқ. Бұлай болғанменен әкімдер амалда мектеп медреселерді ашуға рұхсат береді. Ішінде орысша оқуды міндеттеп, русский класс үшін шартыменен болмаса ауылной школ ашушартыменен мұнда школдарда исламды үйренуге еш мүмкін емес болған соң қазақ халқы 36-шы жылдан бері дін исламды Бұхарада, Хиуада, Орынбұрх губернасында, Қарғалы шаһарында, Ыстамболда һәм басқа мұсылман шаһарларында үйренеді. Сондай-ақ далалық облысттарда құпия мектеп-медреселер ашып, балаларына дін исламды үйретеді. Бұ күндерде әкімдердің қаһарлы тәртіптеріне қарамай-ақ медресе- мектептер де көбейді. Бұлай болған соң мектеп-медреселерге қарсы класс болсын деп ашылған ауылной школалардың бұ күнде еш пайдасы болмады. Мұнан басқа да хазіргі ауылной школалардың оқыту реті кем һәм жаман болған соң орысша өнер үйренуге ыхласты қазақтарға өздері білдіре алмайды. Ауылной школда үш жыл оқыған қазақ баласы орысша тіл жазу және оқу еш білмейді. Осы себептен ауылной школаларға  шығарған  расхот  ақшалар пайдасыз орынға кетеді. Һәм ауылной школалардың өздерінің арнаулы мақсұттары да болмайды. Сондықтан медресе қасында школа болмаса екен. 4-ші степной положенияның дін исламды қазақ ішінен қуып жоқ қылуды мақсұт қылған пастанавлениларынан басқа да 11-ші 26-шы статияларда баян етілген татарлар хақында ислам дінімен амал қылушы нәсілі қазақ емес мұсылмандар хақында пастанавлениелер да бар-дүр. Бұл статиялар бойынша біздің  нәсілі қазақ емес дін бауырларымызға степной облысттарда үй  жер  сатып  алу  яки болмаса арендаға алу тиылып дүр. Нәсілі қазақ емес мұсылмандар биігіректе татарларский, Уфимский, Орынбургский һәм басқа губерналарда отырып бүгүнге шейін жә Ресей патшалығына жә Ресей халқына еш бір зарар келтірмеді. Олай болған соң Азиятский Ресейде сауда және кәсіп жолымен келген азғана азғана татарлардан бірер зарар күтіп болмаса керек. Бұ күнге шейін татар мұсылмандары Азиятский Ресейдегі мұсылмандарды бұзғаны яки зарарлы әсер көрсеткені тіпті   жоқ,   ешқандай   күман   да   жоқ.

Татар мұсылмандары қазақ халқын мұсылман қылып дін исламды қазақ ішіне қуаттандырып жібереді деген қауыппен степной положениясының айтылмыш пастанавлениелері елде татарларды сахарада болмаса деген мақсұтпен дүние жүзіне шығып-дүр. Бірақ қазақ халқы татарлар жоқ және келмеген уақыттарда мұсылман болып еді һәм әзірде татарсыз да мұсылман еді. Сол себептен татарлар қазақ мұсылмандарынан қорғамақ мақсатында қылып жібереді деген қауіп бек орынсыз. Сондай-ақ әкімдердің қазақ халқын татар мұсылмандарынан қорғамақ мақсатымен шығарып жатқан ережелері әрі орынсыз, әрі лайықсыз. Арбанский облыстарда жүрген қазақ халқының дін істерін басқару турғысындағы степной палажение пастанавлениелерін байқап қарағанда бұл пастанавлениелар империяның аснавной законлеріне яғни 45 ші статиясына тұтас қарсы және теріс түсетіндігі аснавной законда айтылған жалғыз христиан діні түгіл яһудилер және мұсылмандар және ғайры бұлардан басқа жаһилия амалда болған халықтарға да дін тұрғысында кеңшілік-дүр. Ешбір қысым жоқ дүр деп һәм Ресей патшалығына байланысты халықтар әр қайсысы өздерінің әр түрлі тілдерімен ата бабаданқолданыпкележатқандіндеріжәне шариғаттары бойынша ол Ұлық Жалғыз Алланы мақтап және әркімге белгілісі россиский ұлық патшаларымызға һәм оның мұрагерлеріне ізгі тілек пен дұға қылып, һәм барша он сегіз мың ғаламды жаратушы Аллаға жалбарынып, һәм империенің рахатының көбеюі және күшінің берік болуын тілеп дұға мен мақтаулар айтып тұрса деп. Осылай болған соң степной палажениенің аталған пастанавлениелері аснавной законге түгелдей қарсы және теріс болып ықтиярына қоймады. Өйткені ислам діні хақында баршаларға да рахат беретін аснавной  законның  қадырын бек кетіріп және күш қуатын жоқ қылып түгелдей бұ законды жоқ қылып жіберді. Степной палажениенің пастанавлениелері амалда қазақ халқының дініне қысым және кемшіліктер келтіріп, һәм ұят уайымына ықтияр және кемшілік бермей тіпті бағзы облыстарда қазақ халқына дін қақпасын ойланып, түгелдей дүниені талақ таста деп  шығарды.  Және  бағзы  облыстарда қазақ халқын дінсіз қалып келтіре жаздады нағузу биллаһ. Бірақ әкімдердің қазақ халқы орыс дініне кірсе екен деген мақсаты орнына келе алмады һәм келуге ықтималы да жоқ. Дүние жағдайлары мен өткен заманы қадымнан мағлұмат беретін тауарих іліміне қарасақ ол білдіреді адам баласының діні табиғи дүр әкімдердің тәртібінен қорықпайды деп. Дегенмен бұл ережелер қанша қиын және қаһарлы бола тұрса да адам баласының дінін өзгерте алмайды деп. Бұ сөз негізінде степной палажениенің қазақ халқының дініне берген кемшілік пен қысым хақындағы пастанавлениелері еш те мақсұтына жете алмайды. Әлбетте айтылған пастанавлениесінің мақсаты қазақ халқының нәсілін және дінін орыс қылып жібермек еді. Бірақ іс жүзінде бұ мақсұт қабыл болуға дін ислам қазақ арасында бек қуаттанып кетті. Сол үшін қазақ ішінен мешіттер мен намазханалар және мектеп медреселер уа ғайры шариғатқа сай мекемелер күннен күнге көбейіп барады. Һәм бұл жай қазақ халқының дін исламға һәм шариғатқа шын ыхласты екенін баяндайды. Сол себепті патша ағзам хазіретінің 1904 ші жылғы 12 жедіегі (қазан) 1905 ші жылғы 18 ші үттегі (желтоқсан) указдарына сай һәм ұшбу 1905 ші жылғы 17 сәуірдегі (ақпан) патша ағзам хазіреті белгілеген комитет министровтың палажениелерінің 8-ші 10-шы баптарына сай төменде қол қойған Орал облысының һәм Торғай облысының депутаттары ол рақымды дүниеге жарық түсіруші дәрежелі құзырыңыздан көз жастарымен өтініш жасайды. 1-ші осы жылы 19-шы жаузада (наурыз) патша ағзам хазретінің ережесі бойынша дүниеге жарық сәуле түсіруші дәрежелі әфәндіміз председателге тапсырып, ешбір ғайры министрлерді ешқандай араластырмай жасалған мәжілісте 1891-ші жылғы 25 амалдағы (қаңтар) шыққан степной палажение 16 бабы 97-ші бабы 98-ші бабы 99-шы бабы 116-шы бабы 110-шы бабы 126-шы бабы һәм 136-шы статиялары һәм статияларға сай шыққан әкімдердің шіркеулердің тәртіптері бұзылса екен. 2 патша ағзам хазіретінің ұшбу 1895 ші жылғы 17 сәуірде (ақпан) белгілеген комитет министровтың палажениесінің 10 бабына арнайы қазақ халқының дін істерін басқару турасында мекемелері төменде баян етілген айрықша түзеліп қабылданса екен деп: 1 – қазақ халқының дін басшысы өз алдына мүфти һәм оның кандидаты, 2 – өз алдына не духовный сабраниенің шіленлері һәм һәр облыстардан бөлінежақ қазилар және де бұлардың кандидаты, 3 – округной ахун һәм оның кандидаты, 4 – имам хатиптар мәжілісі һәм оның председателі округной ахун, 5 – ауылной имамдар мәжілісінің председателі имам хатип, 6 – имам муғаййан, 7 – ұлысной медресе, 8 – ұлысной муаззин және оның кандидаты, 9 – ауылной имам һәм оның кандидаты, 10 – ауылной медресе, 11 – муғалым сыбиан, 12 – ауылной муаззин һәм оның кандидаты, 13 – мухтасиб, қазақский мұсылманский духовный собранияға қарасты мекемелердің һәм моллалардың жайы һәм істейтін істерінің түрі һәм әкімшіліктің қуаты және қалауы мен міндетті болған нәрселер енді осы төменде баяндалған кемшіліктер және тәртіппен болса екен деп қазақ халқы тілейді. Қазақ халқының мүфтиі азиятский областардағы қазақтардың дін басшысы-дүр. Һәм қазақский мұсылманский духовный собраниенің предсадателі-дүр. Қазақский мұсылманский духовный сабраниеде қазилар шілендер болады. Һәм бұл һәр облыстан біреу болады. Һәм бұл духовный собрания қазақ халқының дін істері тұрғысында ұлық мекеме болады. Духовный сабрание құзырында канцеллерие болады. Һәм мүфти бұ канцеллериенің әкімі болады. Және бұ канцеллериенің секратарын һәм перауатшігін һәм ғайры шенеуніктерін сайлаушы һәм тағайындаушы мүфти дүр. Бұлар қазнадан жалувания алады. Штат бойынша духовный сабраниенің мөрі болады. Патшалық гербпен бұ мөрдің жазу мынадай болса керек (қазақский мұсылманский духовный собранияның мөрі деп) бұ мөрдегі жазу қазақша да һәм орыс тілінде болса керек. Духовный собранияда тіркеліп қалынажақ істердің кезегін яғни очретін көрсетуші мүфти дүр. Духовный сабраниенің пәтуалары қазақ тілінде һәм орыс тілінде жазылсын. Бұ пәтуаларды дұрыстайтұғын һәм бекіте- тін шариғат бойынша дәлелдері жазылсын. Қазақский мұсылманский  духовный сабраниенің ықтиары мынау: 1) ші моллалардың үстінен берген арыздарды тіркеу және  бұл  арыз  бойынша шешім салу һәм тәртіптер жасау. 2) Моллалардың амалын тексеріп байқап жүру. 3) ші моллалар мысалы қылмыс істесе бұлардың қылмысы қандай қылмыс екендігін біліп жаза салу уақытша босату яки тұтас лауазымынан алып тастау тіпті моллалардың тобынан шығарып егер бұл моллалар дүниелік бір бұзық амалдар істесе империяның дүнияуи закондары бойынша тіркеледі. Қазақски мұсылманский духовный сабраниенің қарауындағы нәрселер осы 1 – барша мешіттер, мектеп, медреселер, 2 – мешіт һәм медреселерге қарасты уақыптар, 3 – барша қазақ халқының моллалары және ишан хазреттерімен, 4 – арыздар бойынша духовный сабраниеге түскен істер һәм жоғарғы моллалардың және төменгі моллалардың үстінен қарап жүргенде тапқан кемшіліктері тұрғысындағы биринскийлер яғни дазданиялар, 5 – барша мешіттердің мектеп медреселердің һәм моллалардың және шәкірттердің есебі жазылған кітап, 6 – духовный собранияға қарасты халқының неке және талақтар туған және өлген адамдар жазылған кітап.  Және духовный  собранияның қамқоршылық жағынан міндеті мынау дүр: – намазды шариғат қосқан ережемен тізіп оқу турасында, 2 – мешіттер және мектеп медреселердің тәрбиесі жақсы болмағы турасында, 3 – медреселердің муғалым сыбиандардың һәм шәкірттердің мінезі жақсы болу турасында, 4 – мешіт салуға рұхсат беру мәгәр халық яғни обшествалар переговор жасап, мешіттің қарызын расхот пен қажеттілігін өз міндетіне ада қылуға келіссе, 5-ші ұлыс қол астында старшиналар қол астында және басқа орындарда мектеп медресе ашуға рұхсат береді 6-шы моллалық лауазымын талап етуші моллаларды емтиханнан өткізіп, шариғат істерін білетін яки білмейтінін сынап қарайды және қазақ халқы көшпелі ел болған соң мешіт, мектеп, медреселері киіз үй және шатыр және жолмайданда болады, бұларға тіпті тиым салынбасын, Алла тағала барша жағдайлар белгілі. Қазақски мұсылманский духавни собранияның тіркеуге һәм шешім шығаруға ықтияры бар істер осылар: 1 – намаз оқу турасында һәм шариғат бойынша намаз ретінен яки қайтыс болғандар хақында һәм   міндетті   үкіметімізге   дұға   қылу, өлім төсегінде жатқанда құран оқу, жаназа намазын оқып, мәйіттердің хақын ада қылып, жерлеуде кемшілік болса, 2 – неке және талақ істері хақында, 3 – өсиет және мұра бөлісу турасында, дәуірлер хақында, 4 – балалар ата-анасының ті- лін алмай тыңдамастық еткендігі туралы, 5 – ерлі-зайыпты кісілер бір-біріне қарсы келіп, қиянат еткендігі хақында, 6 – барша неке жағынан һәм туысқандық жағынан болажақ даулар хақында; балалар ата- анасына тыңдамастық етіп, қарсылық еткен жағдайда, һәм ерлі зайыпты кісілер бір-біріне қиянат еткен күйде моллалар осы істі істейді: 1 – үгіттейді, 2 – тәубеге келтіреді, 3 – шариғаттың жолына салады. Бірақ моллалар мұндай тұрғыда дүняуи жаза салуды мақұл көрсе, өздерінің пәтуасын округной судтың прокурорына жібереді. Пракурор империяның законы бойынша айтылмыш істерді амалға асырады, ауылной адамдар қожалық айтады, неке оқуға ауылной мешітте намаз оқуға, һәм намаз және дұға оқушы керек болған кісілерге некелер хақында  талақ  хақында  туған және қайтыс болған адамдар хақында метрике жазуға ауылной мешіт құзырында муаззин мектеп медреселер болады һәм ауылной медресе-и муғаллим, уссыбиан мухтасип болады, мәгәр ауылной үйде жоқ болса, байса ауру болса, болмаса өліп қалса, орнына кандидаты имам болады, председателі имам хатип болған ауылной имамдар мәжілісінде шариғатқа сай пәтуа беріледі. Яғни үкім салынады. Талақ, өсиет жөнінде болған даулар хақында метрике хақында ата анасына балалар көнбестік танытқандығы хақында ерлі-зайыпты адамдар бір-біріне  қиянат еткендігі хақында һәм неке хақында туысқан реттен бөлежек істер хақында. Бұ ауылной имамдардың мәжілісінде болған пәтуаға риза болмаған тарапты бұ пәтуа мағлум болған күннен есептеп бір ай сөректің ішінде имам хатиптар мәжілісіне арыз береді. Имам хатип яғни ұлысной молла ұлысной сабрание мешіті болады һәм ауылной обшествадағы моллаларды басқарып тұрады және ұлысной мешіт құзырында имам тағайындалады. Егер имам хатип үйде жоқ болса немесе ауру болса яки өліп қалса  тағайындалған имам оның қызметін атқарады. Ұлысной мүдаррис ұлысной медреседе мұсылманша оқытады һәм ұлысной муаззин һәм оның кандидаты ұлысной мешітте болады председателі округной  ахун  болған имам хатиплар мәжілісінде қаралынады һәм пәтуа қылынады ауылной имамдар мәжілісінің пәтуасына разы болмаған арыз түссе, бұ имам хатптар мәжілісінің пәтуасына разы болмаған тарапына арыз беруге және бір ай сөрек-дүр. Бұ пәтуа мағлум болған күннен есептеп округной ахунның яғни үйезной молланың қарауына бір үйездің қол астындағы барша моллалар қарасты болады. Бұ округной ахунның өзі духовный собранияға қарасты болады. Имам хатиптар мәжілісінің пәтуасына разы болмай арыз берілсе һәм бұ мәжілісте өздеріне бұйырылғаннан тиіс үкім салып болмаса өзіне өзіне қарасты емес іске үкім салса қазақски мұсылманский духовный сабраниенің жоғарғы осындай істерді тіркеуші мекеме болады һәм бұндай ескертпелермен салынған пәтуаларды бұзып,  имам хатип  мәжілісіне  жібереді,   жаңадан үкім салмақ үшін духовный сабраниенің мәжілісі һәм оның пәтуасы  дұрыс болады, мәгәр мәжілісте председател болған мүфтидан басқа үш қазы болса егер үкім саларда талас болса, көп жағының пәтуасы дұрыс болады. Егер екі жағы бірдей болып екіге бөлінсе, председател болған мүфти ауған жақтың пәтуасы дұрыс болады. Осы рет бойынша үкім салынады ауылной имамдар мәжілісінде имам хатиптар мәжілісінде ауылной имамдар мәжілісінің аканчателный емес үкімі және имам хатиптар мәжілісінің аканчательный үкімі де орнына келтірілмесін. Егер екі тараптың бірісі сөрекіне арыз берсе бұ екі мәжілісте болған имамдардың міндеті дүр дауласқан адамдардың екі тарапын татуластырып бітіру егер татуласпаған халде үкім салу егер айтылған мәжілістерде дауласқан адамдарды татуластырмай бірден айтыстырып үкім салса ол уақытта салған үкімдері бұзылуға тиіс. Һәм қайтадан тіркеуге тиіс мүфти болашақ кандидаттарды қалауменен халық сайлайды. Һәм патша хазреті именной указымен мүфтиді тағайындайды министр внутренных делдің қалауы жағдайын көрсету бойынша духовный сабраниенің шілендері болашақ қазыларды әр облыстың халқы бір біреуден қалайды, министр  внутренных дел бекітеді округной ахундарды һәр үйезге бір біреуден болған соң һәр үйездің халқы қалайды һәм министр внутренных дел белгілейді.

Мүфтидің көрсетуі бойынша осы тәртіппен округной ахунның кандидаты да сайланады. Имам хатиптарды имам муғаййан ұлысной муаззин оның кандидаты һәм ұлысной мүдарристерді ұлыс қол астындағы халық қалайды. Һәм округной ахунның көрсетуі бойынша мүфти тағайындайды ауылной имам һәм оның кандидаты муғаллим сыбиан мухтасип ауылной медресе һәм ауылной муаззин оның кандидаты старшина қол астындағы халықтың қалауыменен сайланады. Имам хатиптің көрсетуі бойынша округной ахун белгілейді, қазақский мұсылманский духавни собранияға қарасты болған духовный адамдарды қалау шариғатқа сай қалау менен болсын мүфти қазилар һәм округной ахундар қазынадан штат бойынша жалувание алады басқа моллалар жалувания алмайды қазақ халқының ұлық моллалары яғни мүфти қази округной ахундар лауазымын алғаннан кейін имам хатип, имам муғайиан, ұлысной медресе, ұлысной муаззин, ауылной имам, муғаллим сыбиан,   ауылной   мударрис,   ауылной муаззин, духавной сабраниеде мүфти құзырында ант етеді, моллалық лауазымын алатұғын  моллалардың жасы жиырма бестен кем болмасын, қазақ халқының духовный адамдары судтың үкімі бойынша һәр ықтиярдан мүфти бағынушыларынан  тығыздық және кемшілік тапқан адамдардан болмасын, духовный адамдарға орыс тілін білу шарт болмаса екен, мектеп- медреселерде дін исламды үйрету қазақ тіліменен болса екен, орыс тілі еш міндет болмаса екен, мәгәр орыс тілін һәм ғайры тілдерді үйренуді қалағандар болса оларға еш тоқтау жоқ, ұлты қазақ емес мұсылмандарға да ықтияр, медресе һәм мұғалым сыбиан болуға тиым салынбасын уақыпқа рұхсат берілсін құран шәріпті синзора қылмақ дүнияуи синзурадан алынып, мүфти хазіреттің қарауына берілсін, дүнияуи школдарда яғни гимназияда реальный училищде ұлысной школда одна класты һәм два класный училишилерде һәм ғайры мекемелерде оқитын қазақ балаларына молла сайланып, дін ислам үйретілсін, ораза ұстап, намаз оқысын, һәм тағам мұсылман сойған мұсылман әзірлеген тағам болсын осы сөзменен тамам болды

Орал облыстының һәм Торғай облыстының қазақтарының дін басқарушы мекемелерінің турасындағы һәм мектеп медреселер турасындағы тілектері. Бұ тілектерді рақымды патша ағзам хазіреті сұрауға рұхсат етіп еді, 1904-ші жылғы 12-ші жедідегі (қазан) өзінің указына сай 1905-ші  жылғы  17- ші сәуірдегі (ақпан) өзінің белгілеген Комитет Министровтың положениясына сай осы ескертпелер менен біздің дінімізге кеңшілік берілсе бұдан орыстың  дініне еш кемшілік жоқ һәм кеңшілік беруі және бала қылып алған Ресей халқы менен мәңгілік құсақтап жақын қылар еді, егерде бұ тілегіміз қабыл болса, патша ағзамның ізгілігі менен ақлының зорлығына таң ғажайып қалып, бұрынғыдан да артық ыхласты құрметіміз көбейер еді. Қол қоюшы (Орал  М.С.) облысының  Ілбішін үйезінің Өлеңті ұлысының 1-ші ауылынан:

Мұхаммед Сары ишан Төлепберген ұлы

2) Қызылжар ұлысының 2-ші ауылының молла Қажығали Молла Мәулімберді ұлы

Шалқар ұлысының 2-ші ауылдан молла Ахметжан Молла Баймұхаммед ұлы

Қурайлы ұлысының 4-ші ауылынан Өтеш Дүйсембай ұлы

Темір үйезінің Темір-Орғаш ұлысының 1-ші ауылынан Ерден Наурызғали Қожабай ұлы

Қожа Ахмед Меңдіғали ұлы

Қалмақ қырған ұлысының 2-ші ауылынан Абдолла Досжан ұлы

Қайыңды ұлысының 10-шы ауылынан молла Қара Қожа Алман ұлы

Аққуат Доңызтау ұлысы 9-шы ауылдан молла Жұмағали Ербатыр ұлы

Жиделі Сағыз ұлысы 8-ші ауылынан молла Мұхаммед жан Молла Жаналы ұлы

Гуриев үйезінің Қызылқоға ұлысының 8 ауылынан

Молла Хасан Молла Нұрмұхаммед ұлы

Торғайский облысты Ақтөбениский үйезде

Бөрте ұлысының 11-ші ауылынан Сұлтан Бақытжан Бейісалы Қаратайыф

Екінші Бөрте ұлысының 1-ші ауылынан Сабыржан Байеділ ұлы

1 ші Бөрте ұлысының 2-ші ауылынан Мырзағұл Қойайдар ұлы

Аралтөбе ұлысының 1-ші ауылынан Рақымды Бөкебай ұлы

Бестамақ ұлысының 1-ші ауылынан ишан Мұхаммедғазы Меңдіқұл ұлы

Сортөбе ұлысының 8-ші ауылынан ишан Убайдулла Ешмұхаммед ұлы

Тұзтөбе ұлысының 10-шы ауылынан ишан Жұмағұл Мұса ұлы

Елек ұлысының 2-ші ауылынан Ақжігіт Бөке ұлы

Елек ұлысының 3 ауылынан ишан Иман-ғали Сапарғали ұлы

Қостанай үйезінің

Жылқора ұлысы 6-шы ауылынан Зайза Сарыбел ұлы

Жетіқара ұлысының 4-ші ауылынан Сансызбай Мырзабек ұлы

Орал облысының Торғай облысының қазақ халқының адамдарының берген заказной запискасы, оның биік абзалдысы жер орнастырушы главный управлениенің құрметті бас әкіміне: ресейдің Азия тарапындағы облыстларда күн көріп жүрген қазақ халқының өмірінде тіршілігінде тауарихында жазылып баян етілген, һәм ертегі секілді болмай, анық болған ұлық документ қағаз, ханым патша Анна Ивановнаның 19-шы үттегі (желтоқсан) 1731-ші жылдағы жалувонный грамотасы дүр. Бұл жалувания грамотасы бойынша қазақ халқының ұлық ханы Әбілқайыр һәм бұл ханға қарасты барша қазақ халқы Ресей патшасының қол астына кірді. Бұл акт қағаз рус деп һәм қазақ деп аталмыш екі халықтарды мәңгі уақыттарға «тартып үзе алмайтын созып жырта алмайтын» жақыншылыққа қосты. Һәм екі халықтарды бір патшалық жұрт қылып мақсұтын беріктіріп және бұл акт қағаз қазақ халқының Ресей патшаларының көлеңкесінде тыныштық және татулық пен дәулет көбейтіп өнерлер алуына себеп болды. Қазақ халқының ақылы танып көңілі түсініп бұл акт қағаз қадырлы уа құрметті деп. Сол үшін бұл актдан көрінді Ресей қарамағындағы қазақ халқы қан төкпей өз ықтиярымен ақиқат пайдалы  екенін іші біліп, ешқандай күш уа қорлықтан тарылмай қараған екен. Ғайры орыс емес халықтар Ресей қарамағына осындай ретпенен қарадық деп еркін айталмайдылар. Сол үшін олар Ресей империясына соғысып жеңілген соң қосылды. Яғни оларды Ресей империясына қорқытып жеңіп алды, басын қосып. Тәртіпті патшалық жұрт болған елдердің көзімен қарағанда бұл жағдайлар үлкен жағдай һәм қазақ халқына қуат және ықтияр береді. Ханым патша Анна Ивановнаның берген жалованныие грамотасына сай тілеген төменде баян етілген өтінішін зор ілтипат және құрметпен тыңдап қабыл етіп, ынтымаққа жалованныие грамотада жазылған ханым патшамыздың  әмрі осы қазақ халқының ханы Әбілқайыр һәм барша қазақ халқы Ресей қол астына қабыл етіп алынды. Барша өздеріне қараған мүлкімен яғни бала дүниесімен деп Башқұрт халқының Ресей патшаларына дұрыс қызмет көрсетіп жасақ-түлігін ретін уәде һәм шарт қылып еді, һәм Ресей патшасына қарайтын халықтар қазақ халқына жәбір және зарарлық етпесін деп шарт қылған еш күман жоқ, мүлік яғни бала дүние демектің мағынасы Әбілқайыр ханға қарайтын қазақ халқының күн кешіп  отырған нәсіл нәсапқа тиісті еш халықтың ортағы жоқ жері мен суы демек дүр Башқұрт халқының Ресей патшаларына дұрыс қызмет көрсетіп жасақ-түлігін ретін уәде һәм шарт қылмақ мағынасы айтылған жері және суы қазақ халқының ұрпаққа мәңгі уақытта Башқұрт халқына берген ретше тастап берген-дүр. Осы себепті қазақ халқы осы күнге шейін өзінің мекен етіп күнелтіп келе жатқан жерін мәңгіге ұрпаққа өзімнің ешкімнің ортағы жоқ жерім деп есептейді. Қазақ халқының осы көңліне сай өткен заманда әкімдері патшалық мұқтаждығы үшін қазақ халқының жерінен жер алса тек халықтың разылығымен обшестволардың приговоры бойынша алушы еді, амма зорлық етіп обшествоның приговоры етілген разылық болмаса жер алмаушы еді, әкімдердің бұл амалы қазақ халқының жері мәңгілік еш ортақсыз өзімдікі деген көңілін законге сай жіберіп еді, соңғы жылдарда әкімдер қазақтың жерінен жер алғысы келсе, обшестволардың разылығын және рұқсатын сұрамай ала бастады, тұщы сулы өзен һәм көл-дер атрапындағы жақсы егіндік және пішенді жерлерді көп мөлшерде есептеп, обшество-лардан рұқсат және разылық сұрамайынша переселенческий участок жасап алды, һәм бұл участоктарды орыс алып, көп қалалар салып алды, осындай участоктар қазақ жерінде әзір де алынып жатыр һәм келешекте алынады, қазақтың разы екендігіне қарамайынша Орал облыстының Орал үйезінің һәм Темір үйезінің теріс түстік жағында, Торғай облыстының Ақтөбе үйезінде һәм Қостанай үйезінде шамалы ғана мал жаюға оты бар бозлы һәм ағаш орманы бар шамалы жері бар еді, бұл жер онша көп жер емес еді, осы жерден переселенческий участоктар ашып, орысқа жер беріп жатыр, бұл жерде отырған қазақтардың шаруалығы тығыздық және кемшілік тапты, переселенческий участокке қазақтың жайлауынан жер кетіп жатыр, һәм өзендер, көлдер жағасынан салған қыстаулар да кетіп жатыр, көп шығын шығарып, уақыт оздырып, еңбек сіңіріп салдырған үйлері, қора азбалары, озабас пішендері бар-дүр, һәм бұл қазақтар көшуді қойып, отырықшы болған еді, бұған қарамай әкімдер қыста жерлерін участокке алды, амалсыз жаңа ауысқан жерден салған қораларды көшірежек болғанда қазақтардың біреулері жайлау жерлерді мекен   етті,   өз   білгендерімен   қоныс етіп алып, қыстау салып алды, һәм жайлау жерінде отырықшы болып алды, біреулері өздерінің тастап кеткен һәм ұмытып кеткен көшпелі ретіне кіріп, көшушілікті дахи амал қылып, соның менен жайлауды бір жағынан орыс алған соң, бір жағынан қыстау мекендері переселенический участокке алынған қазақтар өз білігімен қыстау қылып алған соң, жайлаудың ауданы азайды, һәм жер турасында жанжал және сол сияқты айқайлар шығып, төбелестер болды, кісі өліп, бірінің дүниесін бірі қастап, өртеп, түрлі тартыс- даулар шықты, һәм бұ тартыстарды шешу және бітіретін болып кетті, сондай Орал облысы мен Торғай облысындағы айтылған төрт үйездегі жайлаудың ауданы азайғалы Закаспий облыстының Маңғышлау үйезінің һәм Краснаводский үйезінің Орал облыстының Гуриев үйезінің һәм Темір үйезінің, Торғай облыстының Торғай үйезінің һәм Ырғыз үйезінің һәм тағы Сырдария облыстының көшпелі қазақтарының шаруасы кеміп, бұзылажақ болды, һәм малдан айырылар болды, бұ көшпелі қазақтар қадимнан бері бір жылы жазғы тұры болғанда жаз жайлап малына оттату үшін айтылған үйездердің жерлеріндегі жайлауға көшіп келіп жүреді, оларға еш мүмкіні жоқ жаз күні өз ұлыстарында, өз үйездерінде һәм облысттарында мал оттатып, күн көруге, оның үшін олардың қоныстары сусыз дала болды, үстүрт секілді жерлерінің топырағы Қарақұм, Қызылқұм, Борсық секілді һәм ғайры қолайсыз жерлер секілді жерлердің топырағы құм болады, һәм сортаң ащы топырақтары болады, сол себепті тек жусан, көкпек, бұйырғын, бұйырғыз секілді шөптер шығады, бұл шөптерді жазды күні мал жеп күн көре алмайды, бірақ қысты күні қар жауғанда бұл шөптер жұмсайды, тазарады, былқылдақ болып, мал жеуге ұнамды болады, бұл көшпелі қазақтар һәр дайым қысқа қарсы өз ұлыстарына, өз үйездеріне, һәм облысттарына, тіпті Хиуа қарамағына көшіп кетеді, олардың кәсібі және шаруасы тек жалғыз мал бағып асырап күн көру-дүр, олар көшіп жүрмесе тек мал асырап өсіру үшін көшеді, сол үшін олардың жақсы жері жоқ болғасын отырықшы болып астық шашып егін кәсібін етіп еш мүмкіні жоқ, және бір жерде отырып мал асырауға да лайықты жері жоқ-дүр, олардың сусыз далалығының мал шаруасына қолайсыздығының дәлелі сол – бұ күнге шейін әкімдер мужик орыстар үшін Үстірт, Қарақұм, Қызылқұм, Борсық, Кулабник, Қаражидек, Жүніс, Аралбай, Майлысай, Ақтассай, Шаған, Ман, Қандыр, Текел, Жейіс, Оймат, Желтау, Қарақол, Сарық, Сақатөбе, Мойын, Шаби, Жыланбас, Ақтөс һәм ғайрылары секілді сусыз жерлерден переселенческий участок ашпады һәм ашарға көңлінде жоқ, сол үшін қара шекпен орыс айтылмыш жерлерге бармас еді, һәм қала салмас еді, тіпті жер өлшеп алып жүрген шериненің землемерлері бунт көтеріп, ол жерлерге барып өлшемейміз деп алмастық етер еді, һәм қазақтан артық жер аламыз деп талап қылмаймыз дер еді, бірақ оларды әкімдер тек жұмсамай тұр, бұл сусыз далалықтар және жаз күні адамда һәм хайуанда күн көріп тіршілік ете алмайды, сол себепті айтылмыш көшпелі қазақтар Орал облыстының Орал   үйезінің,   Темір   үйезінің   теріс түстік жағындағы Торғай облыстының Ақтөбе үйезіндегі һәм Қостанай үйезіндегі жайлау жерлерге көшіп келіп жүрмесе тіршілік етіп күн көруі мүмкін емес дүр, егер жайлау жерлерден қала салынып егістік етсе көшпелі қазақтар малдан айырылып белгілі жарлы болып аштан қыруы қалады. Сол себепті әкімдер Орал облысы мен Торғай облысындағы төрт үйездің жерлерін орысқа шаттықпен өлшеп алып беріп жатқан соң қазақ халқының тынышы кетті, жаны қиналды, бірақ қазақ халқы белгілі малдан айрылып жарлы болса екен деген болса, қазақ халқын туған ата бабасының жерінен топты қуып жіберейінше деген әкімдерде мақсұт бар деп көңілге келмейді, алайда болса тауарих кітаптарынан көрінеді башқұрт халқы көбірегі өткен уақыттарда әкімдерге қарсылық қылып, ұлы бунт көтерген-дүр, бірақ бунт басылған соң Башқұрттардың жер-сулары өздеріне мәңгі уақытқа ұрпаққа тиісті болып қалған- дүр, ешкімнің олардың жерлеріне ортағы болмайды, сол сияқты Кафказ уалаяттары биігіректе Таушеркестер көп арланып, бунттар көтерді, оларды көндірмек үшін әкімдер көп расхот шығын шығарып, әскердің қаны төгілді, алайда болса бунт басылған соң олардың жерлері өздеріне мәңгі болып, ұрпаққа тиісті болып қалды, ешкімнің ортағы жоқ болды, олай болғанда шынымен-ақ Ресей патшалығына тыныштық және татушылықпен күнелтіп ізгі ниетімен және ізгі ыхыласы қазақ халқының дұрыстығы һәм жақыншылығы патша ханым императорица Анна Ивановнаның мақұл тауып мәңгіге ұрпақ күнелтсін деген жерінен айрылуына себеп бола ма, шынымен-ақ әкімдер императорица Анна Ивановнаның қазақ халқы не Россияға қарасты елдің бірі жәбір және зарар бермесін деген ұлы өсиетін еш дәлелсіз қабыл тастайды ма, бірақ қазақ халқының көңлі ортамыздағы жерімізден қала салып алған орыстар көшіп кетсін деген емес- дүр, һәм жаңа мекенде тыныштықпен һәм татушылықпенорыскүнелтпесіндегенемес- дүр, қазақ халқының іздегені һәм өтініші тек тыныштық дүр бұл тыныштық табылмайды егер әкімдер жақсы жерлерін егіндік және шабындықтарын орыстарына тартып алып бере берсе һәм мәңгілік ұрпаққа тиісті жерлерін қазына жері деп қазақ халқының пайдасынан шығарса, тыныштықты үміт етіп болмайды, оның үшін жерді ала береді еш бітетін түрі жоқ. Шындығы әкімдер қазақ пайдасынан орыстарға жер алып жүргенде степной положенияның 119-136-шы статиялары бойынша амал қылады, бұл статияларда айтылған қазақ халқының күнелтіп отырған жерлері һәм жер астынан табылажақ нәрселері һәм ормандары қазыналықтың мүлкі-дүр деп, бұл статиялардағы сөздер 1868-ші 21-ші ақрапта (тамыз) патша ағзам белгілеп шығарған уақытша положениясынан алған  сөз  дүр,  һәм императорица Анна Ивановнаның  1731-ші жылғы 19 үттегі (желтоқсан) жалованныие грамотасындағы қазақ халқына берген рақымынақарсыболадыханымпатшаның рақымы сол еді – қазақ халқының жер мен суы өзіне башқұрт секілді мәңгіге ұрпақтың    пайдасына    қалсын    деген еді, олай болғанда уақытша положения һәм степной положения патша ханымның рақымын жоқ қылып, қадырын кетіре алмаса керек еді, қазақ халқының мұсылмандығына қарсы келіп, Орынбургский духовный собраниядан айырған һәм қазақ халқының жерін қазыналық деп алты милиион қазақты жерден айырған закон 1868-ші жылғы 21- ші ақраптағы (тамыз) шыққан уақытша положения дүр, одан бұрын ислам діні де һәм жері де қазақтың өзінде еді, бұл законнан соң қазақ қара қазан, сары баланыңкүнінашаржағдайдақалды, қазақ халқы әуелі уақытша положения жақсы деп қуанды, сол үшін надан болғасын бұл законның аслына түсінбеді, бірақ бұл законның зарары бар екенін біліп, арланып біреулері өлді, бунт көтергендері де бар, олар қылмысты болып, біреулері зынданда күнін өткізді, бұл күнде кердері Ахметжан халфе Баймұхаммедұлының граф    Алексей    Павлович    Игнатовқа «қазақтың бүгінде бауыры балшық, сырты су болып, көзінен аққан жасы таусылып, қан ағады» деген сөзі-дүр, осы себепті 1905-ші жылы 12 жедіде (қазан) правительствующий  сенат  арқылы жарияланған патша ағзамның указына сай қазақ халқы өтініш етеді (1) қазақ жерінде бұ күнге дейін қала салып алып күн кешіріп жатқан орыстар отыра берсін, һәм алған жерге талабымыз жоқ-дүр, бірақ қалған жерімізді қазақ  халқының өз пайдасына мәңгі қылып нәсіл сәсәпқа деп ешкімді ортақ қылмай берілсін, һәм бұ жерді қазақ халқы ыхтиярлы тығыздық көрмей пайдалансын, императорица Анна Ивановнаның жалованныие грамотасына сай (2) бұдан былай орыс кристияндарына қазақ жерінен жер берілмесін  һәм қазақ жерінен переселенческий участок мұнан былай ашылмасын (3), степной положенияның 119-136-ші статия барлығы он жеті статия бұзылсын һәм жоқ болсын (4), қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзініңкі деген документ қағаз берілсін.

Торғай облысының Ақтөбе үйезінің Бөрте болысының 11-ші ауылынан императорский петербурхский университетінде юридитский факультетінде  курс бітірген Сұлтан Бақытжан Бейісалы ұлы Қаратайев

Аралтөбе Болысының 1-ші ауылынан патомственный гражданин Дербісалы Беркінбай ұлы

2-ші Бөрте болысының 2-ші ауылынан патомственный граждан Қайыржан Байеділ ұлы

1-ші Бөрте болысының 2-ші ауылының народный судясы Мырзағұл Бекайдар ұлы

Бестамақ болысының 3-ші ауылынан ишан Мұхаммедғазы Меңдіқұл ұлы

Тұзтөбе болысының 4-ші ауылынан ишан Убайдолла Жұмағұл Мұса ұлы

Тұзтөбе болысының 8-ші ауылынан ишан Убайдолла Ешмұхаммед ұлы

Елек болысының 2-ші ауылынан қажы Ақжігіт Бөке ұлы

Елек болысының 3-ші ауылынан ишан Иманғали Тоқбай ұлы

Қостанай үйезінен

Желқуар болысының 6-шы ауылынан Найза Сарбел ұлы

Жетіқара болысының 6-шы ауылынан Сансызбай Мырзабек ұлы

Орал облысының Ілбішін үйезінен

Өлеңті болысының 1-ші ауылынан ишан Мұхаммед сары Төлепберген ұлы

Шалқар болысының 3-ші ауылынан молла Ахметжан Баймұхаммед ұлы

Қурайлы болысының 4-ші ауылынан молла Өтеш Дүйсембай ұлы

Қызылжар болысының 4-ші ауылынан молла Қажығали Мәулімберді ұлы ишан Темір үйезінен

Қалмақ қырған болысының 8-ші ауылынан ишан Абдолла Досжан ұлы

Темір Орқаш болысының 8-ші ауылынан молла Қожа Ахмет Меңдіғали ұлы

Байдалы Сағыз болысының 8-ші ауылынан молла Мұхаммеджан Жаналы ұлы

Доңызтау Аққолтық болысының 9-шы ауылынан молла Жұмағали Ербатыр ұлы

Темір Орқаш болысының 1-ші ауылынан Наурызғали Қожабай ұлы

Қайыңды болысының 10-шы ауылынан молла Қарақожа Алман ұлы

Гуриев үйезінен

Қызылқоға болысының 8-ші ауылынан молла Хасан Нұрмұхаммед ұлы

 

Түсіндірме сөздік

Ақырап (ар.) – 1. хижри шәмси күнтізбесінің 8-айы. Миләди күнтізбесінің 10-айы, Қазан. 2. Ақырап – жазбаларда атау ретінде «тамыз» айы.

Амал (ар.) – 1. хижри шәмси күнтізбесінің 1-айы. Миләди күнтізбесінің 3-айы, Наурыз. 2. Амал – жазбаларда атау ретінде «Қаңтар» айы.

Ауылной (ор.) имам – ауылдық имам.

Ауылной (ор.) медресе – ауыл медресесі.

Ауылной (ор.) муаззин (ар.) – ауылдық азаншы. Ауылной (ор.) мүдәррис – ауылдық сабақ беретін ұстаз. Главный управление (ор.) – бас басқарма

Государ император (ор.) – Император ағзам, патша ағзам Государственный совет (ор.) – Мемлекеттік кеңес Ғайры (ар.) – және басқа

Ғибадатханалар – құлшылық жасалатын үйлер.

Дәлу (ар.) – 1. хижри шәмси күнтізбесінің 11-айы. Миләди күнтізбесінің 1-айы, Қаңтар. 2. Дәлу – жазбаларда атау ретінде

«қараша» айы.

Жалования, жаловонная грамота (ор.) – Патша жария- лайтын құрмет грамотасы

Жамағат (ар.) – жиналған топ, халық, жұрт.

Жаназа (ар.) – мұсылман адам қайтыс болғанда оқылатын намазымен арулап жерлеу рәсімі.

Жауза (ор.) 1. хижри шәмси күнтізбесінің 3 – айы. Миләди күнтізбесінің 5 – айы, Мамыр. 2. Жауза – жазбаларда атау ретінде «наурыз» айы.

Жаһилия (ор.) – надандық, қараңғылық, білімсіздік.

Жеді (ар.) – 1. хижри шәмси күнтізбесінің 10-айы. Миләди күнтізбесінің 12-айы, Желтоқсан. 2. Жеді – жазбаларда атау ретінде «қазан» айы.

Заказной записка (ор.) – тапсырыс жазба

Закон (ор.) – заң

Зарар (ар.) – зиян, кесір.

Зина (ар.) – заңсыз, некесіз жыныстық қарым-қатынас.

Имам муғайиан (ар.) – тағайындалған имам.

Имам хатип (ар.) – уағыз айтып, мешітті басқаратын имам.

Ишан (ар.) – діни-рухани тұлға. Әулие.

Канцеллария (ор.) – кеңсе

Комитет Министров (ор.) – Министрлер Кабинеті

Қазақский мұсылманский духовный собрания (ор.) – Қазақ мұсылман діни ұйымы (Ресей патшасы тарапынан қолдау таппаған, қазақтардың ұсынған жобасы)

Қази (ар.) – мұсылман құқық білгірі. Мүфти. Сот.

Мағлұмат (ар.) – мәлімет.

Мақсұт (ар.) – мақсат, тілек, арман.

Мәзһап (ар.) – жүретін жол.

Медресе (ар.) – мұсылманша діни білім беретін мекеме.

Метрике (ор.) – жүйеленген тіркеу кітабы (метрическая книга).

Мешіт (ар.) – Алланың үйі. Мұсылмандардың құлшылық жасайтын орны.

Министр внутренных дел (ор.) – Ішкі істер министрі

Молла (ар.) – дін қызметкері, молда.

Муғалым сыбиан (ар.) – арнайы балаларға сабақ беретін ұстаз, мұғалім, тәрбиеші.

Мухтасиб (ар.) – мешітті басқаратын арнайы өкіл, жауап- ты.

Мұра (ар.) – тереке, мирас, артта қалған байлықты шариғат бойынша тиесілі жақын туыстарға бөліп беру.

Мұсылман (ар.) – Аллаға бағынған құл, адам, пенде.

Мүфти (ар.) – жоғары лауазымды діни қызметкер, қази, пәтуа беруші.

Нағузу биллаһ (ар.) – Алла сақтасын

Намаз (ар.) – мұсылманның бес парызының бірі, құлшылық түрі.

Намазханалар (ар.) – намаз оқылатын үй-жайлар.

Народный суд (ор.) – халық соты

Наследник Царевич (ор.) – тақ мұрагері, патшазада

Неке (ар.) – шариғат бойынша отбасын құру, некелесу, неке қидыру.

О положения аказаниях (ор.) – бас тарту туралы ереже бойынша

Общество (ор.) – қоғам

Окончателный (ор.) – ақырғы, соңғы

Округной (ор.) ахун (ар.) – округтік имам, молда, ахун.

Діни қызметкер.

Ораза айт (ар.) – Рамазан айынан кейін шаууал айының бірінші күні, идул-фитр, айт күні.

Орынбургский  духовный  собрания  (ор.)  –  Орынбор діни басқармасы.

Основной закон (ор.) – негізгі заң

Очередь (ор.) – кезек

Өсиет (ар.) – мұсылман адам әр қашан өсиет хатын дайын- дап жүреді. Аяқ астынан қайтыс болған жағдайда ол адамның алажағы, бережегі т.б. есеп-қисабы сол өсиет хаттан табыла- ды.

Пәтуа (ар.) – үкім, жол, жөн, шешім. Туындаған мәселеге шариғат бойынша шешім шығару.

Перауатшік (переводчик – ор.) – тілмәш, аудармашы

Переговор (ор.) – келіссөз

Переселенческий  участок  (ор.)  –  көшіп  келушілерге арналған жер телімі

Поднадзор баланса (ор.) – бақылауда ұстау

Постанавление (ор.) – қаулы

Правительствующий сенат (ор.) – басқарушы сенат

Председатель (ор.) – төраға

Приговор (ор.) – үкім

Расход (ор.) – шығын, қаржы, бөлінген ақша

Русский класс (ор.) – орыс сыныбы

Сәуір (ар.) – 1. хижри шәмси күнтізбесінің 2 – айы. Миләди күнтізбесінің 4 – айы, Сәуір. 2. Сәуір – жазбаларда атау ретінде

«қаңтар» айы.

Секретарь (ор.) – хатшы Совещание (ор.) – кеңес, жиналыс Сөрек (срок – ор.) – мерзім

Статья (ор.) – бап

Степной облыстар (ор.) – далалық облыстар

Степной положения (ор.) – Ресей империясы 1891 жылы Қазақ даласына енгізген құжат атауы.

Талақ (ар.) – шариғат бойынша ажырасу, босату.

Тауарих (ар.) – тарихтар, тарих кітаптары.

Туркестанский край (ор.) – Түркістан өлкесі

Уақытша (Временное) положения – 1867 жылы 11 шілдеде бекітілген «Орынбор және Батыс Сібір генерал- губернаторлықтарында далалық облыстарды басқару жөнінде Уақытжа Ереже»

Уәкіл (ар.) – өкіл, тағайындалған адам

Указының пунктіне (ор.) – Жарлығының тармағына

Уоянный губернатор (ор.) – әскери губернатор. Ұлысной медресе – ұлыстардағы медреселер Ұлысной мешіт – ұлыстардағы мешіттер Ұлысной муаззин – ұлыстардағы азаншылар

Ұлысной мүдаррис – ұлыстардағы сабақ беретін ұстаздар

Үйезной молла – үйездік молда

Үйезной началник (ор.) – үйез бастығы

Үт (ар.) – 1. хижри шәмси күнтізбесінің 12-айы. Миләди күнтізбесінің 2-айы, ақпан. 2. Ақырап – жазбаларда атау ретінде «желтоқсан» айы.

Хазірет (ар.) – құрметті, қадірлі.

Хилаф (ар.) – қайшы, теріс.

Һалал (ар.) – адал, таза, жарамды. Шариғаттың тазалық талаптарына сәйкес келетін барлық зат, іс-әрекет.

Һәм – және, әм.

Школа (ор.) – мектеп Штраф (ор.) – айыппұл Шілен (член – ор.) – мүше Ықтимал (ар.) – мүмкін. Яһуди – еврей халқы

 

Есімдер көрсеткіші

Алексей Павлович Игнатов Анна Ивановна

Әбілқайыр хан Балмұхаммед Естайұлы Дербісалы Беркінбайұлы Екатерина

Ерден Наурызғали Қожабайұлы Жүсіп Молдабайұлы

Зайза Сарыбелұлы

Ишан Абдолла Досжанұлы Ишан Досжан Қашақұлы Ишан Жұмағұл Мұсаұлы

Ишан Иманғали Сапарғалиұлы Ишан Иманғали Тоқбайұлы

Ишан Мұхаммедғазы Меңдіқұлұлы Ишан Мұхаммед Сары Төлепбергенұлы Ишан Убайдолла Ешмұхаммедұлы Ишан Убайдолла Жұмағұл Мұсаұлы Қажы Ақжігіт Бөкеұлы

Қайыржан Байеділұлы Қожа Ахмед Меңдіғалиұлы

Молла Ахметжан молла Баймұхаммедұлы Молла Жұмағали Ербатырұлы

Молла Қажығали Мәулімбердіұлы Молла Қарақожа Алманұлы Молла Қожа Ахмет Меңдіғалиұлы

Молла Мұхаммеджан молла Жаналыұлы Молла Өтеш Дүйсембайұлы

Молла Хасан молла Нұрмұхаммедұлы Мұхаммед Сары ишан Төлепбергенұлы Мырзағұл Бекайдарұлы

Мырзағұл Қойайдарұлы Найза Сарбелұлы Николай Александрович Өзбек хан

Рақымды Бөкебайұлы

Сабыржан Байеділұлы Сансызбай Мырзабекұлы Толостов (Толстов) Шабазкерей Күсіпқалиұлы Ысқақ Мұқашұлы

 

Жер су атаулары

Оймат Азия

Аққуат Доңызтау ұлысы Ақмола

Ақтассай Ақтөбе үйезі Аралбай

Аралтөбе болысы Аралтөбе ұлысы Арбанский облыс Байдалы Сағыз болысы Бестамақ ұлысы Борсық

Бөрте болысы Бөрте ұлысы Бұхара

Гуриев үйезі

Доңызтау Аққолтық болысы Екінші Бөрте ұлысы

Елек болысы Елек ұлысы Жейіс

Желқуар болысы Желтау

Жетіқара ұлысы Жиделі Сағыз ұлысы Жыланбас

Жүніс

Жылқора ұлысы Закаспиский облысы Кавказ

Кулабник Қайыңды болысы Қайыңды ұлысы

Қалмақ қырған болысы Қалмақ қырған ұлысы

Қандыр Қаражидек Қарақол Қарақұм

Қарғалы шаһары Қостанай Қостанай үйезі Қурайлы болысы Қурайлы ұлысы

Қызылжар болысы Қызылжар ұлысы Қызылқоға болысы Қызылқоға ұлысы Қызылқұм Орынбург

Орынбург губернасы Майлысай

Ман Текел

Темір Орқаш болысы Темір үйезі

Темір-Орғаш ұлысы Мойын

Орал облысы Өлеңті болысы Өлеңті ұлысы Ресей Сақатөбе Сарық

Семипалатинский Семиречия Сортөбе ұлысы

Ставоропольский губернасы Сырдария

Торғай

Торғай облысы Тұзтөбе болысы Тұзтөбе ұлысы

Түркістанский край Уфимский

Хиуа Шаби Шаған

Шалқар болысы Шалқар ұлысы Ыстамбол Ілбішін үйезі

 

Жайық пресс медиа холдинг сайтынан алынды

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button