Жарық нұрдың сәулесі

Садір ата және Бәдр аталар

Занки ата хазіретінің үшінші, төртінші халпелері еді. Аты-жөндері Садриддин Мұхаммед және Бадриддин Мұхаммед. Садір ата және Бадр ата Бұхарада құжырада да, сабақта да бірге болатын. Занки ата сұхбатына жеткен Садриддиннің жағдайы күннен-күнге көтеріле бастады да, Мәулана Бадридиннің жағдайы төмендеп ақыр шегіне жетті.

Жоғарыда айтылғандай, Сайд ата Анбар ананы араға салып Занки ата хазіретінің қамқорлығына бөленбекші болды. Мен ана хазіретіне барып оның емханасынан дертіме бір шипа сұрайын, – деп жылап Анбар ана құзырына келді. Ол өз хәлін айтып, атаның алдында өзіне араша түсуін сұрап: «ата хазіреті көңілді шағында менің жайымды білдіріңіз. Бадриддин мен Мәулана Садриддин екеуіміз де құзырыңызда бірміз. Бірақ оның үшін қамқорлығының артықтығының бір сыры бар. Егер менен бір кемшілік болса ескертсін. Мен де оны жетік білуге әрекет етіп тырысамын, дегенді жеткізіңіз», – деді. Занки ата хазіреті ол күні шөлден келгенде көңілі көтеріңкі еді. Анбар ана Мәулана Бадриддин жайын атаға айтып, өтініш жасады. Ата хазіреті: «Бадриддиннің көздеген мақсатына жете алмауының сыры менімен кездескен шақта ішінен бұл дәу ерінде, көріксіз неме шегінен артық өзіне бір мансап беріп тұр, – деп ойлаған болатын. Сен араша түсіп отыр екенсің мен оны кештім» деп, Бадриддинді құзырына шақырып, бір ілтипат көрсетті де сол сәттен мұның хәлі жақсарып, дәрежесі Садриддинге жетті.  Осыдан кейін ешқашан Мәулана Садриддин ешбір жағдайда тариқатта одан үстін келмеді.

Айман баба, Садір атаның халпесі еді. Одан соң оның нұсқауымен шәкірттеріне уағыз-насихат етті. Шейх Айман бабаның халпесі болып, одан кейін орнына отырып, қызметін атқарды. Маудуд шейх, шейх Әлидің халпесі, одан кейін шәкірттерінің тәрбиесімен айналысты. Камал шейх, шейх Маудудтың досы, әрі жақын адамы болып, Шаш өлкесінде тұратын. Қожа Ғұбайдулла хазіреті– Камал шейх Маудуд шейхтың мүриді және қызметкері, тариқаттағы бауыры еді, – дейді.

Сол кезде біз Хорасаннан қайтып, Ташкентте тұратын едік. Камал шейх бізге көп келетін, «Рашахат» авторы шейх Сафи хазіреті, Ғұбайдулла хазіретінің жақын адамдарынан еді. Кітаптің жазылуына да себеп болған оның көркем зікірлері еді. Қадірлі ғалымдардың кейбірінің нақыл етулері бойынша бір күні Камал шейх қожа хазіретіне келіп, Камал шейхқа: біз үшін ара зікірін етіңізші, – деді. Ара зікірі түрік шейхтарының құзырында болған зікірдің бір түрі. Адам зікір еткен кезінде тамағынан ара дауысы секілді бір дауыс шығады. Камал шейх  бұйрығына бойсұнып жеті және сегіз рет толық күшімен зікір етті. Қожа хазіреті тақсырды кейбір достары риуаят етіп ол сәуле аршыдан жерге дейін жетті, – дейді. Одан соң бір сәт ойланып, егер біреу бұл дұрыс зікір емес десе не жауап бересің, – деді. Ол мына бәйітті оқыды, бәйіт: Барша пенде өз ділдерінше ертелі-кеш Сені зікір етер. Хадим Шейх, шейх Маудуд шәкірттерінен еді. Қожа Ғұбайдулла хазіретінің алғашқы шыққанында Мауереннаһр және Шаш өлкесінің мүршиді еді. Ол көп кісілерге жол бастаушы болды. Қожа хазіретімен байланыста болған еді.

 

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған