Басқы бет / Жарық нұрдың сәулесі / Ілгеріде өткен жақсылар / Ғазиз қажы Әмірхановтың өмірі мен қоғамдық қызметі

Ғазиз қажы Әмірхановтың өмірі мен қоғамдық қызметі

Ғазиз қажы Әмірханов  киелі Торғай жерінде жас ұрпаққа біліммен тәрбие беруде және Ислам дінін ел өміріне қайта енгізуде, әдебиетпен өнерді, мәдениетті дамытуда, мұражайлармен мешіт- медресе жұмыстарын жаңа заман талабына сай жүргізуде ересен еңбек сіңірді.

 

Ғазиз Әмірханов 23 ақпан 1927 жылы қазіргі Қызбел ауылының Теке өзенінің бойында мешіт қоныс орнында,  «Аруақ қонып, нар шөккен» қасиетті де бабалы қара шаңырақта, талай ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болған Оспан қожа әулиенің құтханасында дүниеге келген. Ол кісі іңгәләған жас сәбиді маңдайынан  иіскеп, есімін өзі Ғабділ-Ғазиз деп, азан шақырып қойып: «Аллаһтың адал құлы бол, халықтың адал ұлы бол, тәнірің өміріңді ұзақ та бақытты ете көрсін», -деп батасын беріпті. Келінін оңаша шақырып алып: «Қалқам, балаңа адал сүт еміз, сенің аналық үлкен парызың осы, қалғанын Аллаһ тағала қатарымен көрсете жатар», -депті. Ғазекеңнің жеті айлығында оны алдына алдырып,кеудесінен үш қайтара иіскеп, маңдайынан үш қайтара сипап тұрып: «Ендігі үміт осы саршамда. Өздерің білесіңдер, біздің аруағымыз секіріп қонатын еді ғой, балаларыма емес, осы саршама қонар аруағым. Мұны қатарынан кем қылмай өсіріңдер. Осы саршама  сақалы сапсиған шал болғанда дінді құрметтейтін заман туар, оны сендердің ілуде біреуің болмаса, көбің көрмессің. Алдымызда адамзатқа зобалаң әкелер заман тұр. Құдайдың көрсеткені рас болса, мен бір аптадан соң дүниеден өтемін. Сол сұрқай заманның түрмесіне де, тепкісіне де түспеспін. Бірлікте болыңдар. Өте ауыр күндер келе жатыр»,-депті әулие.

1934 жылда

н мектепке барып, 1941 жылы Көкалат ауылындағы 7 жылдық мектепті бітіріп, 1942 жылы Торғайдан ашылған 3 айлық мұғалімдік курсты тәмамдап, 1942-1944 жылдарда өзінің туған ауылында Қазалы мектебінде ұстаз болып қызмет атқарады. 1944-1950 жылдарда Албарбөгет ауылындағы Қарақоға бастауыш  мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 1951 жылы қайтадан өз ауылы Қазалы мектебінде мұғалім болады. 1951-1955 жылдардан Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтын бітіреді. 1955-1959 жылдарда Қаратүбек орта мектебінде  директор болып қызмет атқарады. Сол кездегі білім берген шәкірттері қазіргі таңдағы қоғам қайраткерлері, ғалымдарымыз, ел мақтаныштары, Торғай перзенттері, бұрынғы Су шаруашылығы Министрі, қоғам қайраткері Нариман Қыпшақбаев, академик физика математика ғылымының докторы, профессор Фазылхан Бәйімбетов,  ағайынд

ы ғалымдар, экономика ғылымының докторы, профессор, академик Сайлау және Сәбит Байзаковтар, жазушы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың  иегері, ғалым, ұстаз Қойшығара Салғарин, жазушы «Қазақ» газетінің бас редакторы Қоғабай Сәрсекеевтер болды. 1959-1964 жылдарда Қарасу ауданында орта 8 жылдық мектептерде директор болып істейді. 1964-1969 жылдарда Торғай қазақ орта мектебінің директоры болып ұстаздық еткен тұстағы шәкірттері танымал ғалымдарымыз-химик Жақсынтай Қайырбеков, физик-математик Төлеухан Қайырбеков, физик-математик  Күләш Қайырбекова, химик Бәтж

 

ан Жұмағалиева, медицина ғылымының докторы профессор Дүйсен Бейсенов, дәрігер, қоғам кайраткері Асқар Байжұмановтар. 1969-1987 жылдарда аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеп, ауданның білімі мен экономикасын әлеуметтік жағдайының өркендеуіне үлесін  қосты, жас ұстаздардың білімін жетілдіріп ұштастыруына көп қызмет жасаған, бірнеше мәрте аудандық кеңесінің депутаты болып  халықтын ықыласына бөленген жан. 18 жыл білім бөлімінің меңгерушісі болған тұста аудан орталығындағы үш қабатты Ыбырай Алтынсарин мектебі бой көтерді. Екі қабатты Шоқан Уәлиханов мектебі жаңадан салынып іске қосылды.

1987 жылы 15 тамызда Құрметті зейнеткерлікке шығады. 1987-1992 жылдарда  Торғай мұражайлар кешенінің бас директоры болып қызмет атқарады. Ә.Жангелдин мұражайында жетекші  бола жүріп, Торғай тарихына өзіндік үлес қосқан, ел басқарған, шаруашылықтарға жетекшілік еткен жандарды ұмытылыстан үзіп алып, елеп- екшеп мұражай төрінен орын берді. 1988 жылы көпшіліктің демеуі – асармен салынған Ыбырай Алтынсариннің Торғайдағы педагогикалық – мемориалды мұражайы 1991 жылы қайыра жаңғыртылып, бүгінгі қалпына келтірілді. Бұл күрделі жұмысты ұйымдастырып, жәдігерлер жинақтауда тағыда Ғазиз аға бел шеше кірісті. Оқу – ағарту жұмысы мұражай директорының білетін, көзі қанық жұмысы болатын. Ғазиз Әмірхановтың жігерлі еңбегі нәтижесінде Ыбырай Алтынсарин мұражайы қаланың  тарихы, көз тартарлық кө

рікті, тәлімді орынға айналды. Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың есімдерінің ақталуына орай Торғай қаласы тұрғындары өз қаржыларымен мұражай ашу керек деген тұста Ғазиз Әмірханов Ахаң – Жақаң қы

зметтері жайлы құжаттар, естеліктер, жәдігерлер іздестіріп жинастыруда ұрпақтарымен кездесіп, тұтынған заттарын сұрастыруға өзіндік үлесін қосып,сол жылы Ақкөлдегі Ерден қарттан Ахмет Байтұрсыновтың 1909 жылғы «Қырық мысалы», 1911 жылғы «Маса» кітаптары алынды. Торғайлық ғылым,өнер қайраткерлеріне хаттар жазылды, олардың фотосуреттері, кітаптары, өмір-баяндары жинақталды. Ахаң-Жақаң ескерткіші жасалып, мұражай қарсысына орнатылды. Мүсінші Кәкімжан Наурызбаевпен байланыста Ғазиз ағаның өзі жүрді. Ұрпақтар мен ізбасарлар тарихын жалғастырып Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов әдеби мұражайы 1991 жылы ашып, халық пайдалануына берді.

1991-1992 жылдарда Торғай мешітін салдыруға үлкен үлес қосты. Торғай мешіті 1992 жылдың 20 тамыз күні сәтті аяқталып, 21 тамызда мешіттің салтанатты ашылуы болды. Оған Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының алғашқы  Бас мүфтиі Ратбек қажы мен бүкіл  Түркі әлемінің ғұлама ғалымы Халифа Алтай және Төлен Әбдіков, Әбіш Кекілбаев, Дулат Исабеков, Әшірбек Сығай секілді қоғам қайраткерлері мен сол кезегі Торғай облысының әкімі Сергей Кулагин бастаған Қазақстан жұртщылығы өкілдері қатысты. Көп өтпей, мешітті республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтің өзі арнайы келіп көріп, құрылысшылар мен облыс, аудан басшыларына ризашылығын білдіріп, ел алдында рахмет айтты. Ғазиз қажы Нұрсұлтан Әбішұлына Торғай халқы атынан ақ бата берді. Алғашқы жылы-ақ мешітте Торғай-Қост

анай өңіріне имамдар мен діни қызметкерлер даярлайтын медресе ашылды. Онда осы аймақтардан талай балалар келіп оқыды. Оларға  Ғазиз қажы мен оның баласы Шоқан қажы дәріс берді.

1993 жылы Қажылыққа барған. 4 ұл, 4 қызы бар. Жолдасы ұстаз, балалары да ұстаздық етеді. Ғазиз Әмірханов өмірінің соңғы кездеріне шейін халыққа еңбек етіп, жас ұрпаққа тұлға орта буынға аға ұстаз бола білді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, ағартушы Ғазиз Әмірханов 2005 жылы 7 тамызында қайтыс болған. 1967 жылы «Қазақ Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен. 1978 жылы «Қазақстанға еңбек сіңірген мұғалім», Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен, марапатталған және 3 медалі бар.

 

Қырмызы Фазылханқызы Таңатқан,
Н.Құлжанова атындағы  Торғай гуманитарлық колледжінің мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту  тобының 3 курс студенті

oqu-zaman.kz  сайтынан алынды. 20.10.2017

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Құттықожаұлы Әбсаттар

Бәйменқожа ұрпағы Құттықожаұлы Әбсаттардың  өзінің басынан  өткендерін былайша еске алады: «Бір күні ішкілікке салынған  Сейсен …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған