Ғақлиат

Сабыр мен байсалдылық

Пайғамбарымыздан қысқа да нұсқа жауаптар

Бұл хадис Халид б.Уалидтен риуаят етілуде. Ол Хазреті Пайғамбарға  (с.а.с.) бір бәдәуидің қойған сұрақтары мен оған берілген жауаптарды былайша жеткізеді:

-Уа, Расулұллаһ, Адамдардың ішіндегі ең ғалымы болғым келеді. Не істейін? Пайғамбарымыз (с.а.с.):

-Алладан қорық. Оның  әмірлерін орында, тиғандарынан тиыл,-деді.

-Уа, Расулұллаһ, Адамдардың  ішіндегі ең байы болғым келеді. Не істейін?

-Қанағатшыл бол. Аллаһтың саған берген үлесіне  разылық көрсет,-деді.

-Уа, Расулұллаһ, Адамдардың ең жақсысы болғым келеді. Не істейін?

-Ең жақсы адам  – өзгелерге көп пайдасы тиген тиген адам,-деді.

-Уа, Расулұллаһ, Адамдардың ең әділеттісі болғым келеді. Не істейін?

-Өзің үшін қалаған нәрсеңді, өзгелер үшін де қала,-деді.

– Уа, Расулұллаһ, Аллаһқа ең жақын құлдардан болғым келеді. Не істейін?

-Уа, Расулұллаһ, Аллаһты көп зікір етсең (есіңе алсаң), сонда оған жақындайсың.

-Уа, Расулұллаһ,  Мухсиндерден болғым келеді. Не істейін?

-Ғибадаттарың мен іс-әрекеттеріңде Аллаһтың сені көріп тұрғанын ұмытпа. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрады,-деді.

– Уа, Расулұллаһ, Иманымды толықтыру үшін не істейін?

-Ахлағыңды дұрыста,-деді.

– Уа, Расулұллаһ,  Бойсұнушылардан (құлшылық етушілерден) болғым келеді. Не істейін?

-Аллаһтың әмір еткен парыздарын орында,-деді.

– Уа, Расулұллаһ,  Аллаһқа таза болып жақындағым келеді Не істейін?

-Ғұсыл, дәретіңе көңіл бөл.  Кемшіліксіз толық орында,-деді.

-Уа, Расулұллаһ! Қиямет күні нұр ішінде болғым келеді. Не істейін?

-Дүниеде ешкімге зұлымдық, әділетсіздік жасама,-деді.

-Уа, Расулұллаһ! Раббымның маған мейірім түскенін қалаймын. Не істейін?

-Өзіңе және бүкіл жаратылысқа (жанды-жансыз) мейіріммен қара. Сонда Аллаһ та саған аяушылық білдіреді.

-Уа, Расулұллаһ! Күнәларымның азаюын қалаймын. Не істейін?

-Тәубе етуді және истиғфарды (жарылқау тілеу) ешқашан тастама. Күнәларың азайады.

-Уа, Расулұллаһ! Ең қадірлі, (құрметті, беделді) адам болғым келеді. Не істейін?

-Аллаһтың жаратқандарына Аллаһ жайында шағымданда, -деді.

– Уа, Расулұллаһ! Ең күшті адам болғым келеді. Не істейін?

-Аллаһқа тәуекел ет. Одан ажырама,-деді.

– Уа, Расулұллаһ! Аллаһ пен Елшісінің жақсы көретін адамдарынан болғым келеді. Не істейін?

-Аллаһ пен Елшісінің жақсы көрген нәрселерін жақсы көр. Жек көрген нәрселерін де жек көр,-деді.

Уа, Расулұллаһ! Аллаһтың ашуынан аман қалғым келеді. Не істейін?

-Ешкімге ашуланба, сонда ашудан аман қаласың,-деді.

-Уа, Расулұллаһ! Дұғамның қабыл болуы үшін не істейін?

-Харамнан аулақ бол, халал жолмен мал тап, сонда дұғаң қабыл болады,-деді.

-Уа, Расулұллаһ! Аллаһ мені адамдардың арасында масқара етуін қаламаймын. Не істейін?

-Сен әурет жеріңді жап. Сонда Аллаһ та сенің кемшіліктеріңді көрсетіп масқара етпейді,-деді.

-Уа, Расулұллаһ! Аллаһ менің айыптарымды жасырғанын қалаймын, не істейін?

-Сен бауырыңның айыптарын жасыр. Сонда Аллаһ та сенің айыптарыңды жасырады,-деді.

-Уа, Расулұллаһ! Менің күнәларымды қандай нәрсе жоя алады?

-Көз жасы, ынтамен оқылған намаз және басыңа келген бәлеге сабыр ету,-деді.

Уа, Расулұллаһ! Ең ауыр күнә қайсысы?

-Жаман мінез және сараңдық,-деді. Бәдәуидің ең соңында:

– Уа, Расулұллаһ! Тозақ отын не сөндіреді?-деген сұрағына Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп жауап берді:

-Сабыр мен байсалдылық.

(Али әл-Муттақи, кәнзул Уммал)

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз

Жабу