Бір суреттің сыры

Еліне қамқор, асыл аға еді…

Бисмиллаһи рахмани рахим!

Асыл ағамыз Бақсайыс қожа Әшімов Молдахмет Әшімұлы пәниден бақиға аттанғанына да бір жұмадан асты. Молдахмет ағамен алғаш 2014 жылы Бақсайыс бабаның басында таныстым   Бірақ, ол жолы асығыс болып, жақсы таныса алмағанбыз. Кешікпей Молдахмет ағамыз Бақсайыс қожалардың ұйымдастырушысы ретінде танылып, бабамыздың кесенесін көркейтуде орасан зор жұмыс жасады.  Ағамыз 2016 жылы Ысқақ бабтың басында ас беру науқанын тікелей ұйымдастырды.  Әлемнің түкпір түкірінен Ысқақ бабтың ұрпақтарын іздеп тауып, асқа шақырып, қамқорлық көрсетті. т  Осы аста асыл ағамызбен кеңінен танысып, артынан өте жақын аға бауыр болып кетіп едік. Үнемі хабарласып амандық саулық сұрап, ақылын айтып тұрушы еді. Ағамен бірігіп біраз жұмыстар атқаруға уағдаласып едік. Ол арманымызды бірігіп орындауға мүмкін болмады. Бірақ, артында қалған ағайын туыс, ұрпақтарымен бірігіп атқаратынымызға сенімдімін. Амал не Алланың жазуы осылай болыпты. Туу сүнет, өлу парыз. Қалғанымызға сабыр берсін Алла! Артында қалған отбасына, ұрпақтарына, ет жақын туыстарына, екі дүние сардары, ақырзаман  пайғамбары  Мұхаммед / с.ғ.с / барлық аһли байттеріне, бақсайыс қожаларға қайғырып көңіл айтамын! Жаратушы Алла алдынан жарылқап , жұмақтың төрінен орын нәсіп етсін деп, дұға етемін!.

Асыл ағамен бірге болған сәттерден қалған фото бейнелерді қожалар сайтының жан ашырларына естелік болсын деймін.

Дахан Шөкшірұлы Жәмші

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button