Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Шортанбайдың кесенесін көтерсе болар еді

Шортанбай жырау дүниеден өтер шағында ел жақсыларына «менің жатқан жеріме сұпы салмаңдар, елді аздырған заман келеді, елден безген, Құдайдан қорықпайтын кей есерсоқ басыма келіп, сүйегімді қорлауға тырысады. Жатқан жерімді көп ешкімнің білмегені дұрыс» деп ескерткен екен. Шортекеңнің мәңгілік орнын бізге көрсеткен жыраудың нағашы жұртының ұрпағы Есмағамбет ақсақал еді.
1980 ж. қаһарлы заманда, Шет ауданының бір топ азаматы Шортанбай жыраудың басына көктас қойдық. Көктасты жасатып әкелген Тілеуғабыл Есенбекұлы.
ХХ ғасырдың  80-жылдарында талай ақын жазушы жыраудың басына тәуәп етіп келуші еді. Солардың бірі ақын марқұм Жеңіс Қашқынов болған.
Заман түзелді. Ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы «Ұлы дарын қоғам қайраткері, ірі идеолог» деп баға берген Шортанбай жыраудың мүрдесі мына қарағандардың арасында. Келген жұрт «осы жерде екен ғой» деп кететіндей бір кішірек сұпы тұрғызып қойса болар еді. Ниеттінің қолы қысқа, қолы ұзынның ниеті қысқа.

Дегенмен, ел іші кең ғой, Биылғы жыраудың 200 жылдығы қарсаңында қасиетті  бабамыздың басын қарайтуға ниет еткендер болса мына телефонмен хабарласуына болады.

87017313568 Кәмел Жүністегі

 

Аса құрметті Кəмел аға!!!
Жеңіс əкемізді еске алып, бұрын көрмеген суретін жариялап жатқаныңыз көңілімізді шат қылды. Алла сізге разы болсын! Ғұмырлы болыңыз!!!
Баба əруағын ұлықтауға арналған бастамаңызға титімдей болсын үлес қосуға дайынбыз.
Жеңіс əкемнің Шортанбай бабамыз туралы өлеңін жариялауды жөн көрдім.

ШОРТАНБАЙ

Сиқырлап қазақтың кең сары белі,
Қаратаудан Сарыарқа барып еді.
Қасынан қоныс теуіп Жанғұтты би,
Баурады Бесата мен Сарым елі.

Ұнамаса не нәрсе қоштай ма адам,
Кете алмаған дінге де соқпай бабам.
Бірде өзі Құдайға құлшылық қып,
Бірде ақын аузымен от шайнаған.

Ұмытып кетіп тіптен ишандықты.
Жыр деген қалып алды – күй сандықты.
Отты өлең шарпығанда тұла бойын,
Үзілді дін шырмаған құрсау мықты.

Саржайлау ақ сәлдедей жайылды да,
Қазағы малын еркін қайырды ма?
Жырауы атанды да Сарыарқаның,
Мәңгілік қалды Ақсу-Аюлыда.

Діншіл болған десе де Шортанбайды,
Бабамыздан үркіп жұрт қорқа алмайды.
Жанымен елін сүйген ақынына,
Халқының махаббаты ортаймайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button