Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

«Ұлыларымызды ұлықтатпаған заман-ай!»

Сонау 70-жылдардың орта кезінде Шортанбай жыраудың мәңгілік орнын іздеп, Сырбай Мәуленов, Фариза Оңғарсынова, Ақселеу Сейдімбекұлы келген еді. КГБ-нің қылышы төніп тұрған заманда атын атауға тыйым салып тастаған Шортекеңді іздеп келу ерлікпен бірдей еді. Сол жерде Сырбай аға ұлы жыраудың мына бір өлеңін оқып басын шайқады.
Жандаралға сыйындың,
Майырды көрдің жездеңдей,
Кәпірді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің жездеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей
Абақты тұр қасыңда,
Қазулы қара көріңдей.
-деп басын шайқап,и «Япыр-ай, шындықты мұндай айта білу деген недеген ғажап! Қазіргінің қолының келмейтін дүние-ау» деді. Сол жерде Фариза жыраудың мына бір өлеңін оқыды:
Көрінуі орыстың
Текеметтің түріндей,
Ойлағаны жамандық,
Жарадан аққан іріңдей,
Ақселеу : «Ұлыларымызды ұлықтатпаған заман-ай!» деп күрсінді. Фариза «Дұға оқиық!»деп отыра қалды. Сырбай аға қоңыр дауыспен дұғаны келістіре оқыған еді.

Кәмел Жүністегі

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button