Басқы бет / Жарық нұрдың сәулесі / Рабғұзи / САҚАБАЛАРДЫҢ СИПАТЫ

САҚАБАЛАРДЫҢ СИПАТЫ

Сақабалар Алла тағала тілемеген істі қылмады. Барша сақабаның өнері дін жолында соғыс жасамақ еді.

Күндіз-түні шайтан лағнеттің азғыруынан сақтанып, Алла тағалаға ғибадат қылар еді. Істері Алла үкіміне ризалық етіп, сабыр ететін. Түндерде тұрып құран оқып, ыждаһат етуші еді. Тілектері дін жолында ғибрат қылып, сол жолда шәйіт болуға дайын еді.

Барша сақабада 3 фазилат бар. 1-ші: көңілдері күнәден пәк. 2-ші: ғарыптарға мархабат қылмақ. 3-ші: қазаға разы, бәлеге сабыр.

ӘБУБӘКІР СЫДЫҚ-РАЗИОЛЛАҺУ

Ғазифариолла айтты: бұл күні ертеңгілік намазын оқыдық. Расуллаға ұйып, намазды тәмәм қылғаннан кейін, Пайғамбар ғ.с. «Әбубәкір қайда?» – деді. Ол: «Әбубәкір дайын. Жаныңызда», – деп жауап берді. Сонда пайғамбар ғ.с. айтты: «Иә, Раcулүлла! Сенімен бірге келген едім, һәм бірінші сапта едім. Сол кезде, дәретім бұзылып, қайта дәрет алмақ болып мешіттен шыққанымда: «Әй, Әбубәкір!» деген дауыс естідім. Қарасам бір алтын ыдыс ішінде қардан ақ, шекерден тәтті су бар екен. Сол ыдыс үстінде; «Лә ілләһә ілла ллаһ Мұхамадү р-Расулүллаһ Әбубәкір Сыдық», – деп жазылған. Сол ыдыспен дәрет алдым. Дәстимәлмен жүзімді сүртіп, намазға кірдім», – дегенде, пайғамбар ғ.с: «Саған ол суды келтірген Жебірейіл, ал дәстимәл қойған Микәил еді. Сен шығып кеткеннен кейін, бірінші рәкәғаттың қира әтін тәмәм қылғаннан кейін Исраил ғ.с. тіземді ұстады». «Сен келгенге дейін рүкұғі (еңкейе алмадым) қыла алмадым», – деді. Мұнан соң пайғамбар ғ.с. «Әбубәкір менің үмбеттеріме шапағатын тигізді», – деді.

Әуелі исламда мал сарып қылған Сыдық еді. Пайғамбар ғ.с.-ға қызын берді. Мешітте ғибадат қылған Әбубәкір Садық еді. Хақтағала Әбубәкірді Жүсіп ғ.с. сияқты қылды. Жүсіп ғ.с.-ға «Сыдық! – десе. Әбубәкірге: «һәм Сыдық», – деді. Жүсіп ғ.с.-ді Риан патшалығына халифа қылса, Әбубәкірді Мұхаммед ғ.с.-нің халифасы етті. Екі жәһәттен Яһия пайғамбарға ұқсас етті. Әбубәкір Мұхаммед ғ.с.-ға көп ұқсас еді. Әбубәкірдің кереметі сондай, өлерінде өсиет қылып: «Мен өлгеннен кейін, кебіндеп, жаназа оқып, Руза и Мұстахарға (Меккедегі пайғамбарлар қабірі) барып: «Әссәламү ғалейкүм, уә Расулүлла! Әбубәкірді Руза иғе қоярға рұқсат бар ма?» – деп сұраңыз. Егер Расулүлла рұқсат етсе, Руза и Мұстахараға көміңіз», – деген.

Әбубәкір опат болғаннан кейін, өсиеті бойынша сәлем беріп, рұқсат сұрады. Сонда Руза и ашылып, мәйіті қабыл алынды.

Әбубәкір-Сыдықта 72 фазилат (ерекшелік) бар еді. Бұл қасиеттер Бәни Исраил жұртына берілмеді.

ҒҰМАР-ХАТАБ-РАЗИОЛЛАҺҮ-ҒАНҮҺҮ

Рәуәйәттә: Жебірейіл ғ.с. Пайғамбар ғ.с.-ға «Әй, Расулұлла! Ғұмар иманға келді. Ислам діні қуат табар», – деп сүйнші білдірді.

Хикаят: Пайғамбар ғ.с. заманында бір биші қатын бар еді. Сол әйел соғыстан қайтып келгенде пайғамбар ғ.с.-ға «Сен соғыстан аман қайтсаң бір би билеп беремін деп айтқан едім», – деді. Сонда пайғамбар ғ.с: «Мен соғыстан аман-есен қайттым, айтқаныңды жаса», – деді. Сол сәтте ол әйел қолына барабанын тұтып, жыр айтып бермекші болды. Ғұмар разиолла кіріп келгенде, қатын барабанын тастай салып, қаша жәнелді. Пайғамбар ғ.с. жымиып күліп: «Мынау шайтан жолын ұстаған залым екен ғой», – дейді. Ғұмар дін исламға тоғыз жүз мешіт тұрғызды. Бір күні Расуллүлла сақабаларға: «Мен Ғұмарды сүйемін. Сіздер де Ғұмарды сүйіңіздер. Ғұмарға дұшпандық еткендер Алланың һәм пайғамбардың дұшпаны болады», – деді.

Хакаят: Күндердің бір күнінде, Ғұмар Халифа болғаннан кейін Хасен, Хұсаин разиаллаһү ғанүһма Ғұмардың мәжілісіне барып кірді. Ғұмар разиаллаһү Хасен мен Хұсаинді құрмет етіп, жанына алып сүйді. Хасен, Хұсаин бұл Ғұмардың сүйгенін аталары Ғалиға айтып брады. Ол заманда хазреті Ғали жанында басқа да сақабалар бар еді. Хазреті Ғали: «Әлбетте, Ғұмар сізді сүйер. Мен пайғамбар ғ.с.-нен естідім, Ғұмар дүниеде дін-ислам нұры – жұмақ шырағы», – деді. Бұл сөзді Хасен мен Хұсаин Ғұмарға: «Әй, Халифа! Сіз ислам – нұры, жұмақ – шырағысыз», – деді. Сонда хазреті Ғұмар: «Әй, Расулұлла ұрпақтары! Бұл сөзді атаңыз Ғалидан, ол Расулұлладан естіген болатын», – деді.

Бірде Айша: «Бір күні көкке қараса, жұлдыздар бір-бірімен тұтасып, көкке толған екен. Ей, Расулұлла! Бір кісінің көктегі жұлдыздар санындай жақсылығы болар ма?» – деді. Сонда Расулұлла: «Әрине, бар! Ғұмардың жақсылығы сондай болар», – деді. «Ей, Расулұлла, мен ол жақсылықты атамнан үміт еткен едім», – деді. Расулұлла ғ.с: «Ғұмар өзі Әбубәкір жақсылығынан қалған бір жақсылық», – деді. Пайғамбар ғ.с. Жебірейіл ғ.с.-ға: «Әй, Жебірейіл! Ғұмардың Алла тағала сыйлаған ерекшелігін айт», – дейді. Сонда, Жебірейіл ғ.с: «Әй, Расулұлла! Нұһ пайғамбардың ғұмыры сияқты жасым болған күннің өзінде Ғұмардың жақсылығын айтып бітіруге жетпес еді», – дейді.

Пайғамбар ғ.с. айтты: «Үмбетімнен Әбубәкір мен Ғұмар жұлдыздарға қарағанда Күн мен Ай сияқты. Әр аурудың шипасы бар. Көңіл шипасы Алла тағаланы зікір қылмақ. Алла тағала зікірінің шипасы Әбәбәкір мен Ғұмарды сүймек. Сондықтан үмбетімнің: «Лә іләһа ілла ллаһ Мұхаммедүр Расулүллаһ», – деп айтуын тілеймін, яғни Әбубәкір мен Ғұмарды сүюлерін тілеймін», – деген.

ҒҰСМАН-ҒАФАН-РАЗИАЛЛА

Нәзһәтүлмүжәлис кітабында айтады: Ғұсман Тәбүк соғысында 950 түйе, 1000 ат Алланың разылығы үшін беріліп, сақабаларын соғысқа кіргізді. Ғұсман разиалла құранды күндіз бір мәртебе, кеште бір мәртебе қатым қылар еді.

Хазреті Ғали айтады: «Пайғамбар ғ.с.-нан сұрадым, Әй, Расулалла! Жұмақта жасын бар ма?» – дедім. Расулалла айтты: «Әрине, бар! Әрқашан Ғұсман жүрген жұмақта жаһүт ұқсас жасын отының жарықтығындай нұр жалтырар», – деді.

Ғұсман кәпірлер қастық қылғанда: «Әй, мәшрүктер! Алладан қорқыңыз, Расулалладан ұялыңыз. Мен Расулалланың 4 дос сақабасының бірі боламын. Мен еш зине қылмадым. Кішкене күнімнен бастап бәлиғатқа толғаннан бері қамыр (есірткі) ішпедім. Әсілі, жалған сөйлеген емеспін. Расулұлла жанында түкірмедім. Тәнімді қасымадым. Бір рәкәғат намазда құран аудардым. Қарилар үшін (қарилар құранды жатқа оқитын білімділер) құранды тәртіп қылып жидым. (Демек, құран көктен парақ-парақ болып түскенде, соны реттеп, жинап, кітап етіп түптеген). Әр аят құрметіне бір құл азат еттім. Сіз Алладан қорықпай, пайғамбардан ұялмай маған қастық қыласыз», – дейді.

ҒАЛИ-ӘБУТАЛИБ РАЗИАЛЛАҺҮ

Хикаятта: Бір күні Хамза разиалламен бірге Ғаббас разиалла сөзге келді. Хамза айтты: «Мен сенен гөрі жақсымын. Қағбаны ғимарат қылдым», – дейді. Сонда Ғаббас: «Мен сенен гөрі жақсымын. Қажыларға су ішкізген менмін», – деді. Екеуі «Мекке алдына шығайық. Кім кездессе содан екеуміздің қайсысымыздың жақсы екенімізді сұрайық», – деп далаға шықты. Сол кезде Ғали ұшырасты. Екеуі әңгімесін айтты. Сонда Ғали айтты: «Мен сіз екеуіңізден де жақсымын. Алланың бірлігіне, пайғамбардың шындығына сіздерден бұрын иман келтіргенмін», – дейді.

Пайғамбар ғ.с. айтты: «Әй, Ғали! Сені сүйген, сені дос көрген адам – мүмүн. Сені дұшпан көрген адам – мүнәфиқ (мүнәфиқ – мұсылманшылыққа іштей сенбей, сырт көз үшін мұсылман болушылар)», – деді. Иман Ағзамнан, Хазреті Ғалидың фазилетін сұрады. Иман Ағзам рахметаллаһү ғ.с. айтты: «Хақтағала, Хазреті Ғалиды арыстаным дейді. Сондықтан да көп халық хазреті Ғали қылышынан қорқып, дін исламға бой ұсынды».

Хикаятта: Хазреті Ғали айтады: «Қиямет күні туғанда Мұхаммед ғ.с.-нің кәусәр көңілінен халыққа су ішкіз деп қолыма нұрдан бір ыдыс берілер. Бір халық көп зорлық қылар. Сонда оларға мархабат қылып, су берермін. Бірақ ол суды іше алмас. Себебі, су улы болар. Сол сәтте ғарыштан әмір келіп: «Әй, Ғали! Ғұсманды дұшпан тұтқандардан безермін. Ол қауым, доңыз суретіне кірер», – деді.

Қиямет күні жұмақта бір нұр кез болар. Жұмақ иелері нұрға ынтызар болар. Сонда әмір келіп: «Әй, құлдарым! Бұл тәжі нұры емес, жүзіне қарап күлген Пәтимәнің нұры», – дейді.

Әй, Хауа ананың қыздары! Дүниеде жүргенде Пәтимә құсап ерлеріңізге бой ұсынып, әдепті болыңыздар. Сонда қиямет күні сіздерге, Пәтимәнің шапағатына бөленіп, жұмаққа кіресіздер.

Хикаят: Хазреті Ғұмар халифа уақытында бір қатын, хазреті Ғұмарға келіп: «Мынау еркек мені күштеп, зинә (зинә – зорлық жасау) қылды. Мәни суы мына киімімде, іш киімімде әлі күнге шейін бар, бірақ бұл іске куә жоқ», – дейді. Осы уақытта Ғали келіп қалады. Хазреті Ғұмар болған әңгімені хазреті Ғалиға айтты. Қатынның киіміндегі жұққан нәрсені хазреті Ғали отқа ұстады. Отқа тұтқанда ол жұмыртқа ағы болып шықты. Сонда хазреті Ғали: «Мәни суы болса киіміңе сіңер еді, демек жалған айтқансың», – деп ер кісіні босатып, қатынға 80 қамшы дүре соқтырады. Сонда хазреті Ғұмар: «Егер Ғали болмаса, мен ұятқа қалар едім», – депті.

XІІІ ғасырдың аяғы мен XІV ғасырдың басында көне түркі тілінде ірі туындылар әкелген Насируддин Бұрһануддин Рабғұзидің «Қисса-сүл-әнбийя-и» еңбегін татаршадан аударған Роза Мұқанова

Суретті түсірген  Сұлтан Сейіт

Сондай-ақ, оқыңыз

Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с.-нің Хадишамен некелесуі

Мұхаммед ғ.с. 18 жасқа жеткенде атасымен бірге туған қандасы Ғатке Әбутәлибке: «Ей, қандасым! Біздің Мұхаммед …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған