Жарық нұрдың сәулесі

Ұзын Хасан ата

Занки Атаның бірінші халпесі былай әңгімелейді: Кәміл мүршид іздеп Ташкент өлкесіне келгенде шөлде бір қалың ерінді қара малшы бір топ сиыр бағып жүр еді. Бұл хазіреті Занки ата еді. Айтуларынша Занки ата бастапқыда өзін елге танытпай, бала-шағасын асырау үшін Ташкент халқының сиырын бағып табыс табатын. Ата хазіреті шөлде мал бағып жүріп намаз оқығаннан кейін дауыстап зікір ету әдеті бар еді. Ол кісі зікір ете бастағанда малдар жайылмай оны қоршап алатын. Ата хазіреті дауыстап зікір етуін тоқтатпайынша мал жайылмай тұратын.

Бұл төртеуі ата хазіретінің жанына барды. Ол жалаң аяқ аяғына бір шоқ тікенді байлап алыпты, бұлармен үйіне бара жатқанда олар әлгі тікеннің аяғына мүлдем батпайтынын көреді. Ол кісінің аяғына ыстық та, суық та әсер етпейді екен. Жігіттер атаға сәлем берді. Ата бұлардың сәлемін алып, сіздер бұл жаққа қайдан келдіңіздер, кімсіздер? – деп сұрады. Олар біз ілім жолындағы шәкірттерміз. Бұхарада тәлім алып, Хақ жолына шақыру үшін ол өлкені тәрк етіп кәміл мүршид іздеп жүрміз, – деп жауап берді. Сондай тұлғаны іздеп әлем аралауға жолға шықтық, – деді. Ата хазіреті тұра тұрыңдар, мен төрт құбыланы бір иіскеп көрейін. Егер бір жақтан кәміл мүршид иісі келсе айтамын, – деп төрт тарапқа мұрнын тосып иіскей бастады. Содан кейін: «Барлық әлемді бақылап көрдім. Сіздерді кәмілдік мәртебеге жеткізуде өзімнен артық ешкімді таппадым», – деді. Атаның бұл сөзін естіген Сайд ата мен Бадр ата бұған иланбады. Сайд ата ішінен мен Сайд ғалым бола тұрып мына бір қара шопанға қалайша ілесемін, – деді. Бәдр ата да ішінен осылайша ойлап, бұл екеуі оның көріксіздігін мін санады. Ұзын Хасан ата мен Садір ата Занки атаның сөзіне құлақ асты. Бұлар ішінен: «Хақ Тағала бұл қараның бойына бір нұрлы аманат қойған болуы керек»; – деп ойлады. Занки ата бұлардың әрқайсысының ішіне үңіліп өзіне тартты. Занки атаға алғаш болып көңіл қойып, ден бұрған ұзын Хасан ата еді. Ол кәмілдік дәрежесіне де алғаш болып жетті.

«Рашахат айн әл-Хаят – Тіршілік көзінің сыр тамшылары» кітабынан.
Дайындаған Нұрлан Берденұлы

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button