Бір суреттің сыры

Соғысқа барып келген Құран

Әулелі Ақкөл-Жайылма мекен еткен Исабек ишанның ұрпағы Жандарбек қожаның әулетінде атаның өз қолымен көшіріліп жазылған Құран кітабы бар. Бұл қолжазбаны Жандарбек ата соғысқа өзімен бірге алып кеткен. Сол қырғында қойыннан түспеген, шапағаты тиіп, аман-есен оралуына себеп болған қасиетті жазба. Бір қызығы, Жандарбек атамыз зейнетке шығып, оның ақысын халықаралық Бейбітшілік қорына аударып отырған екен. Төменде, баласы Ахметолла Қожахметовтің бір үзік естелігін ұсынамыз.

«Жәкең-қожаның өз аузынан естідім деп шешем Мүгілсім Біләлқызы айтып отыратын: Жандарбек қожа да соғысқа қатысқан адам, соғыстың, қызып тұрған шағы. Сталинград майданында болуы керек

– Түс көрдім – депті Жәкең. – түсімде ақ киімді, аса таяғы бар атам кірді. «Жандарбек, сен елге қайтасың» деп аян берді. Оянсам жанымда солдаттардан басқа ешкім жоқ, аң-таңмын. Соғыс қызып тұрған шақта мені елге кім жібере қояр дейсің, түсім ғой деп ойладым. Бір кезде бұйрық болып, солдаттарды сапқа тұрғызып, «Сталиннің бұйрығы бойынша механизатор мамандығы бар адамдар соғыстан елге қайтасыңдар» деп тегімді атап, «Қожахметов» деп мені де саптап шығарады. Майданға нан керек болғандықтан, бір топ әскерлерді егін оруға жібергені екен».

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button