Білген Шайыр айтады

Жүсіпқожаұлы Мәделінің әулеті

(дастанның соңы)

Мәделінің ұлдары төртеу болған,

Ерлігімен атанған елге қорған:

Есімхан мен Қожабек, Бөріхан-ер,

Кенжесі Мырзахмет билік құрған.

 

Есімханды «есіл-хан» деген ел,

Орысқа бермей жерін егеленді.

Соңына аталы сөз көп қалдырған,

Заманында ел қамын жеген ерді.

 

«Ақырзаман болса халық пірін жейді,

Онан кейін біреуі бірін жейді»,

Деген сөз қариялар құйма құлақ,

Есімхан айтқан сөздің бірі дейді.

 

Есімханнан – Дәулет пен Әжібек-ті,

Дәулеттен әулет қалмай ертеде өтті.

Әжібектен – Әмірсейіт, Парманашы,

Байсейіттен дүниеге үш ұл кепті.

 

Әмірсейіт соңында бір қыз қалған,

Дүниеден өтіпті ұдайы етіп арман.

Байсейіттің баласы Әждерханы,

Өз алдына үй-жайлы отан болған.

 

Парманашы баласы-Нұрсейіт-ті,

Исабек – кенже, ортаншы – Ерсейіт-ті.

Нұрсейіттен – Жұмабек, Құрманбек,

Әріпхан, Исламбек пен Дүйсенбек-ті.

 

Ерсейіттен – Мақсұтхан, Мүсілімхан,

Үшінші ұлдың есімі қожа Омархан.

Исабектен туылған үшеу бала:

Қыдырбек, Әділқожа мен Бауыржан.

 

Қожабектен – Зәуірбек жалғыз ғана,

Жолшыбек пен Тұрғынбек одан бала.

Жолшыбектің артында қыздар қалып,

Тұрғанбекұлы Нышан өскен дара.

 

Нышанның Әмірхан мен Асаны бар,

Бағдат және Марат пен Досаны бар.

Бөріханы өтіпті ұл перзентсіз,

Осылар Байтерекке нағыз жиеншар.

 

Мәделінің Қалипа жұбайынан,

Бір Мырзахмет туылыпты орайымен.

Мырзахметтен – Сейіткәрім, Сейітжан, Шөкен,

Сейіткәрім перзентсіз көзін жұмған.

 

Сейітжаннан туылып Сейдіғани,

Киноинженер ұлы ойлы Жүсіпханы.

Жүсіпханның Мұхтар мен Қайраты бар,

Үйлі-жайлы отан боп кеткен бәрі.

 

Мырзахмет заманының биі болған,

Жоғары мен төменге сыйы болған.

Ауа райын дәл болжап айтатұғын,

Білімді есепшінің бірі болған.

 

Өзіне ылайықты күйі болған,

Үйінде жиын-думан жиі болған.

«Үш ала мысық»атты қисса жазған,

Назирашыл шайырлығы бірі болған.

 

Мырзахмет екінші ұлы Шөкенінен,

Екі ұл қалып ер Шөкен ерте үзілген.

Әмірі отан соғыста опат болып,

Қазыдан әулеттер бар өсіп-өнген.

 

Қазы ұлы – Сабыр, Ерсін, Пердеәлі,

Үйлі-жайлы перзентті болған бәрі.

Сабыр – облыстық құшқана мал дәрігері,

Іскерлер ұлы – Ерсайын, Сағындары.

 

Ерсіннің бар Ерғали, Нұрсұлтаны,

Пердеәлінің Керімхан, Нұрмаханы.

Жайласқан бірі қала, бірі ауылға,

Бәрінің бар үй мен жай отандары.

 

Осылар Мәделінің әулеттері,

Кем емес қатарынан дәулеттері.

От басы он сегіз үй есептегі,

Өз алдына отан боп ержеткені.

соңы

 

Сейітнама кітабынан алып дайындаған Сейт Омар Саттарұлы.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button