Ясауи мұрасы

Кесененің қолды болған жәдігерлері жайында

Сәулет өнерінің дара үлгісі ретінде Түркістанда орналасқан  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұра» тізіміне алынды. Ғимараттың зәулім сұлбасы қалаға оншақты шақырым қашықтық алғанда-ақ көріне бастайды. Түркістанның бас ескерткішінің алып және аса көрікті пішіні зияратқа келген адамды да, туристі де тәнті етеді.

Кесененің ғажап архитектурасымен қатар мұнда ХІV-ХV ғасырлардың шеберлері жасаған көркем дүниелер тобы: алып тайқазан, қола шырағдандар, қола лаухасы бар ту, қабіржапқыш, өрнекті  есіктері сақталған.

Кесененің бетіндегі және кесенеге тиесілі заттар (инвентарь) бетіндегі жазбалар құнды дерек болып табылады. ХХ ғасырда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталып келген көне бұйымдар талан-таражға түсті. 1906 жылы 11 ақпан түні ұрылардың әулие қабірханасынан шырағданның үстіңгі бөлігін жымқыруы жергілікті баспасөзде талқыға түсті.

Кеңестер тұсында шырағдандардың екеуі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен алынып 1935 жылы Петербордағы Мемлекеттік Эрмитажға (Государственный Эрмитаж) берілді. Шырағданның бір бөлігі Францияның Париж қаласындағы Лувр мұражайында (Louvre Museum) сақтаулы. Қабірхана есігіндегі қола пластина бетіндегі тоқылдақшалар 1959 жылы ұрланды. Тоқылдақшалардағы жазулар Санкт-Петербор қаласындағы Мемлекеттік Эрмитажда архитектор А. Гуржиенко 1905 жылы жасаған суреттерде сақталып қалған.

Ахмет Ясауи кесенесіне байланысты 1000 дана құжат Алматы қаласында сақталды. Бұл құжаттар кешені туралы баспасөз де қысқа мәліметтер ғана жарияланды. Алайда табылған құжаттардың құрамын толық сипаттау, оларды зерттеу жұмыстары жалғастырылмады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін бұл құжаттар зерттеушілер назарынан шығып қалды.

Алматы кешеніндегі құжаттардың бір бөлігі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде XIX ғасырда сақталып тұрған деген мәлімет расталды. Алматы кешеніндегі мен А.Л.Кун архивындағы сақталған бір қатар құжаттар бір-біріне сай келеді.

Ташкент қаласындағы Шығыс қолжабалары орталығы мен Орталық Мемлекеттік архивте Ясауи кесенесіне байланысты болған төрт құжат анықталып отыр.

Сонымен қатар Түркістан қаласындағы Әзрет-Сұлтан қорық музейінде 10-нан астам құжаттар бар деген мәліметтер бар. Бірінші рет осы тарихи құжаттарды ғылыми айналымға енгізу мақсатында 2015-2017 жылдарда археографиялық экспедиция мен сапарлар атқарылды. Экспедициялар кезінде Петербордан 77 құжаттан, Ташкенттен 4 құжаттан, Алматыдағы 417 құжаттан сандық нұсқалар алынды. Құжаттардың бұл мекендерге келуі туралы мәліметтер жиналды.

Қазірде жиналған мәліметтерді өндеу, құжаттардың сыни мәтіндерін жасау, қазақ, ағылшын және орыс тіліне аудару сияқты жұмыстар атқарылып жатыр. Мұндай жоспарлар Қазақстан тарихын терең зерттеу, өзгешілігін, автохтондық негіздерінің маңызын және ықпалдарын, әлемдік мәдениетте алатын орнын анықтау үшін маңызды. Бұл мәліметтер рухани-мәдени орталықтардың жұмыс істеуі, ресми билік пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасын құру мәселелері сияқты түйінді сұрақтар шешіміндегі маңызды дерек ретінде жүреді. Археологиялық, эпиграфикалық және басқа материалдар мен документальды құжаттарды тұтас пайдалану қазақ халқының рухани дамуы мен әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық мазмұнын терең түсінуге көмектеседі. Документальды ескерткіштер қазақ халқының тарихи-мәдени және рухани мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті,тарихи-мәдени дәстүрлерді зерттеу мен насихаттауда маңызды. Ескерткіштердің бір бөлігін тарихи-өлкетанулық білімді мұражай мен көрмелерді ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Бұл құжаттар кешені жоғалу қаупіне ұшырап отыр, сол себепті оларды копиялау, каталогизация жасау, әлемдік мәдени мұра ретінде сақтау маңыздылыққа ие болып отыр.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжаттары (хандардың жарлықтары, генеалогиялық құжаттар, уақф-нама, ʻинайат-нама, фатуалар, ресми жазбалар т.б.) қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің негізгі формаларының бірі ретінде жинақталып, кешенді зерттеліп, ғылыми айналымға енгізіліп жатыр. Құжаттарды кешенді зерттеуде Қазақстан тарихы мен мәдениеті бағытында түпнұсқа, документалды дереккөздерді зерттеуші жеке топ қалыптастыру қажеттілігі бар. Топтың міндеті жаңадан ашылған ескерткіштердің әлемдік жазба мәденитетінің бөлшегіне айналдыру деп табылады.

Шырағдандар

Ұлы қолбасшы Әмір Темір Көреген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сыйлаған қола шырағдандар XIV ғасырдан сақталып келе жатқан құнды жәдігерлер. Олар кесенені жарықпен қамтамасыз ету мақсатында  тұғыр ретінде қойылған. Шырағдандарды исфахандық шебер ‘Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин қола, күміс, алтын сияқты жеті түрлі метал қоспаларынан құйған. Шырағдандардың беті өсімдік тектес ою-өрнектермен безендірілген, белдеулерінде сулус қолтаңбасымен жазылған сөздер бар. Шырағдандардың бірнешеуі ғимарат мемлекет қарауына өтпестен бұрын ұрланып шетелдерге асырылған.Оның екеуі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 1935 жылы әкетіліп, Санкт-Петербордағы Мемлекеттік Эрмитажға (Государственный Эрмитаж) түскен. Ол шырағданның биіктігі 84,5 см, тіркелінген нөмірі Икв № СА–15931 және СА–15932 [11, б. 69-70]. Және бірінің фрагменті Францияның Париж қаласындағы Лувр мұражайында (Louvre Museum) сақтаулы [12, б. 59]. Бұл шырағдандардың ол елдерге қалай апарылғаны белгісіз.

 

Есіктегі тоқылдақшалар

Қабірхана есігіндегі қола пластина бетіндегі тоқылдақшадағы жазулардың көшірмесі Санкт-Петербор қаласындағы Мемлекеттік Эрмитажда архитектор А. Гуржиенко 1905 жылы жасаған суреттерде сақталып қалған. Өкінішке орай осы екі тоқылдақша 1959 жылы кесенеден ұрланған.Қола пластина бетіндегі тоқылдақшадағы жазулар үш бөліктен тұрады:

«Біздің мақсат артта өрнек қалдырмақ,
Жаратылыстың баяны жоқ аңғарсақ.
Жүрегі бар асыл адам кез болса,
Дұға етсін біз бейшара сұраншақ. Жеті жүз тоқсан тоғызыншы/1396-1397 жылы, Құдайдан ғана үмітті, міскін ‘Изз ад-динибн Тадж ад-дин ал-Исаги жасады. Бұл есік қуаныш үшін, әрқашан құтты болсын; достарға ашық және дұшпанға жабық болсын»

Тарихи құжаттар тағдыры

Кесененің араб жазуындағы құжаттары әлі күнге дейін танымал әлемдік каталогтармен қолжазба деректер анықтамаларына енбей отыр. Бұл кешеннен – «Түркістандағы Әзіреті Ясауи мешітіне Темірдің берген қамқорлық қағазы» («Жалованная грамота») атты жалғыз-ақ құжат зерттелініп отыр. Ұзақ заманнан бері көптеген зерттеулерде осы жалғыз құжат пен онша маңызды емес басқа мәліметтер негізінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты маңызды рухани орталықты басқару әдісі мен тарихын түсінуге әрекет жасалынды. Кейінірек «Қамқорлық қағазы»-ның зерттеу нәтижелері көрінбейтін тығырыққа тіреді. Ахмет Ясауи кесенесі құжаттарымен байланысты 1974-1975 жылдары Түркістан қаласымен Атабай/Қарнақ қыстағында табылған жаңа мәліметтер маңызды жаңалық болып табылады. 1000 дана шамасында болған бұл құжаттар жинағы Алматы қаласына жеткізіліп сақталған және осы құжаттар кешені туралы тек қысқа мәліметтер ғана жарияланды. Алайда табылған құжаттардың құрамын толық сипаттау, оны оқу жалғастырылмады. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұл құжаттар зерттеушілер назарынан тыс қалды. Шамасы олар кесенеге қайтарылды немесе басқа орындарға тапсырылды деген болжам бар. Кейін Алматыға апарылған құжаттардың бір бөлігі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде XIX ғасырда сақталып тұрған деген мәлімет расталды. Түркістан уездінің бастығы А.Г.Реймерс 1872 жылы кесенеге байланысты 77 құжаттың тарихи нұсқаларын жасатқан. Ол жұмыс шендік қызметкер А.Л. Кун (1840-1888) өтініші бойынша орындалды. Осыкүндерде сол араб жазуында жасалынған құжаттардың көшірмелері Санкт-Петерборда «Шығыс қолжазбалары институтында» сақтаулы. Алматы кешеніндегі мен А.Л.Кун архивындағы сақталған біртоп құжаттар бір-біріне сай келеді.Ташкент қаласындағы Шығыс қолжабалары орталығы мен Орталық Мемлекеттік архивте Ясауи кесенесіне байланысты болған төрт құжат анықталып отыр.Сонымен қатар Түркістан қаласындағы Әзрет-Сұлтан қорық музейінде 10-нан астам құ-жаттар сақтаулы деген мәліметтер бар.Бірінші рет осы тарихи құжаттарды ғылыми айналымға енгізу мақсатында 2015-2017жылдарда археографиялық экспедиция мен сапарлар атқарылды. Экспедициялар кезінде Петербордан 77 құжаттан, Ташкенттен 4 құжаттан, Алматыда 417 құжаттан сандықнұсқалар алынды. Құжаттардың бұл мекендерге келуы туралы мәліметтер жиналды.Кәзірде жиналған мәліметтерді өндеу, құжаттардың сыни мәтіндерін жасау, қазақ, ағылшын және орыс тіліне аудару сияқты жұмыстар атқарылып жатыр. Мұндай жоспарлар Қазақстан тарихын терең зерттеу, өзгешілігін, автохтондық негіздерің маңызын және ықпалдарын, әлемдік мәдениетте алатын орнын анықтау үшін маңызды. Бұл мәліметтер рухани-мәдени орталықтардың жұмыс істеуі, ресми билік пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасын құру мәселелері сияқты түйінді сұрақтарға жауап іздегенде маңызды дерек көзі болып табылады. Археологиялық, эпиграфикалық және басқа материалдар мен деректі құжаттарды тұтас пайдалану қазақ халқының рухани дамуы мен әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық мазмұнын терең түсінуге көмектеседі. Деректі жәді-герлер қазақ халқының тарихи-мәдени және рухани мұрасының құрамдас бөлігі болыптабылады. Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, тарихи-мәдени дәстүрлерді зерттеу мен насихаттауда, Қазақстан тарихы мен өлкетанулық оқу құралын жазуда жоспарланып отырған «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі құжаттарының каталогы», «Ясауи кесенесі құжаттарының қоры: түпнұсқалардың факсимильді мәтіндері», «Ясауи кесенесі құжаттары және олардың Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-рухани тарихын оқудағы маңызы» атты кітаптарды шығару аса өзекті мәселелердің бірі. Ескерткіштердің бір бөлігін тарихи-өлкетанушылық мақсатта мұражай мен көрмелер ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Аталған құжаттар кешені бөлшектеніп, жоғалып кете жаздады. Сол себепті олардың көшірмелерін жасау, каталогын шығару, әлемдік мәдени мұра ретінде сақтау аса маңызды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжаттары (хандардың жарлықтары, генеалогиялық құжаттар, уақф-нама, ʻинайат-нама, фатуалар, ресми жазбалар т.б.) қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің негізгі формаларының бірі ретінде жинақталып, кешенді зерттеліп, ғылыми айналымға енгізіліп жатыр. Құжаттарды кешенді зерттеуде Қазақстан тарихы мен мәдениеті бағытында түпнұсқа, құжатты дереккөздерді зерттеуші жеке топ қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Топтың міндеті жаңадан ашылған ескерт-кіштердің әлемдік жазба мәденитетінің құрамдас бөлігіне айналдыру болып табылады.

Әшірбек МҮМИНОВ, тарих ғылымдарының докторы,

Қожа Мұхтар БАХАДЫРҰЛЫ тарих ғылымдарының докторы

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған