Сайд ата

Занки атаның екінші халпесі. Сайд атаның толық есімі – Сайд Ахмет. Ол Сайд ата деп танылған. Риуаят бойынша Сайд ата Занки ата хазіретінің қызметінде қаншалықты еңбек етсе де көздеген мақсатына жете алмады, ділі еш ашылмай қояды. Ақыры Анбар анаға сіздің сөзіңізді ата хазіреті кері қақпайды, сіз халықтың жайына араша еткеніңіздей мен үшін бірер арашалық етуіңізді үміттенемін, – деді. Анбар ана Сайд атаның сөзін қабыл етіп, сен бұл түні қараңғы шақта атаның жолында таңсәріде дәрет алуға шыққанында осында тұр. Сені осы жағдайда көріп мейірімі келер, – деді. Зәнки атаға Анбар ана кешке төсекте Ахмет кедей жігіт, мырза да, ғалым, осы шаққа дейін сіздің қызметіңізде, бірақ осыған дейін қамқорлығыңызға бөленбеді, – деп кішіпейілділікпен айтты. Ата хазіреті күліп: Оның жолын білімі мен мырзалығы тосты, – деді. Сол кездескен күні мен оған құшақ жайған едім, ол ішінен мен мырзамын, ғалыммын, мына сиыр баққан қараға ілеспеймін, – деген. Бірақ сен араша түсіп отыр екенсің мен оның қателігін кешірдім, – деді.

Ол таңсәріде тысқа шыққанда жолының бойында бір қара нәрсе жатыр еді. Тоқтап қараса Сайд ата екен. Занки ата оның жүзіне қарағанда Сайд ата Занки ата хазіретінің аяқтарын сүйіп, бетін аяғына қойды.

Ата хазіреті оған  кішіпейілділікпен кімсің, – деді.

Ол:

– Ахмет, – деп жауап берді.

Ата оған:

– Орныңнан тұр, бұл хәлің сені дұрыс жолға салды, – деп Сайдке ілтипат көрсетті. Осыдан кейін нені мақсат етсе жолы ашыла берді. Осылайша аз уақыт ішінде кәмілдік мәртебеге жетіп, көптеген кемшіліктері жойылды.

Сайд ата Ғазизан лақабымен танылған ұлы қожалардан болған қожа Әли Рамитини хазіретімен замандас болған. Бұл кісі жайлы төменде айтылады. Олар замандастар еді. Олардың араларында кейбір жағдайлар болған, біршамасы қожа Ғазизан өмірбаянында баяндалуы керек. Қожа Баһауиддин Нақшыбанди мақамында қожа хазіретінің әңгімелеуінше: Бір күні бір егінші тары егеді. Сайд хазіреті егіншінің жанына көшіп келеді. Одан «не істеп жатырсың, не егіп жатырсың?» – деп  сұрайды. Егінші «тары ектім, бірақ бұл жерден жақсы өнім алынбас», – дейді. Сайд ата жерге:  «Ей, жер!  жақсы өнім бер!», – деп тіл қатады. Бұдан соң қанша жылдар бойы  ол жерге тұқым егілсе болды, жақсы тары өсіп шыға беретіні риуаят етіледі.

 «Рашахат айн әл-Хаят – Тіршілік көзінің сыр тамшылары» кітабынан. Дайындаған Нұрлан Берденұлы

Сондай-ақ, оқыңыз

Он екі имам

ИМАМ ХАСАН ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан кейін төрт Халифа таққа отырды. Оның төртіншісі Хазірет …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған