Басқы бет / Бір суреттің сыры / АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жүйелі жұмыстар бабадан қалған мұраны түгендеп, оны келер ұрпақ үшін баға жетпес қазынаға айналдыруға жол ашты. Өткеннің жәдігерлері жылдар өтсе де бағалы қасиетін жоғалтпайды. Қайта бұрынғы мен бүгінгіні таразылау арқылы санамызды жаңғыртуға сеп болады. Жуырда Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейін аралап жүріп, қарапайым дүниеге көзім түсті. Кәдуілгі шкафтың ғасырдан аса тарихы бар дегенде таңырқай қарағанымыз рас. Сөйтсек, оны ұлттық ақыл-ойдың шыңына шыққан Абай Құнанбаев тұтынған екен. Музей қорына бұл шкафты А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ахметбек Іскендіров тапсырыпты. Бағалы жәдігерді Сыр еліне ХІХ ғасырдың бас кезінде Құнанбайдың туысы Тұрған деген кісі төркіндеп барғанда Абай тұтынған осы кітап шкафты сыйласа керек. Дүниеге келген қыз баласына Тұрған Абайдың әжесі Зеренің есімін қояды. Зере есімді бойжеткен заманында Асқар ауылына келін болып түскенде осы шкаф қыз дүниесі болып келеді. Аталмыш дүниені ақырында Зеренің қызы Ахметбек ақсақалдың анасына тапсырған. Бүгінге жеткен, сақталған жәдігерді облыс тұрғындары Тереңөзектегі мұражайдан көріп, тарихына қаныға алады.

Нұрәли САҒАТ, Қызылорда облысы

Толығырақ: https://aikyn.kz/2018/07/23/61572.html

Сондай-ақ, оқыңыз

Жанқұтты бидің еттабағы

Жазушы Кәмел Жүністегінің үйінің төрінде тұрған ет табақ туралы былай деп әңгімелеп берді: «Ескінің көзіне …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған