Бір суреттің сыры

Қош бол, ардақты аға

Ардақты ағамыз Сейілбек Шаухаманов дүниеден озды.
1939 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1962ж.) және Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген (1982ж.).1962-1965 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Қазауылшаруатехникасы» бірлестігінде механик, инженер жетекшісі болып қызмет еткен. Қатардағы инженерден облыстың бірінші басшысына дейін өскен. 1965-1991 жылдары Совет Одағының коммунистік партиясының бір мүшесі болған. Қазақстандық Лениндік коммунистік жастар одағында Қызылорда облысының Сырдария, Тереңөзек аудандарының алғаш секретарі ретінде қызмет еткен. 1975-1980 жылдары аралығында Жалағаш ауданының екінші секретарі болып жұмыс істеген. Сейілбек Шаухаманов Тәуелсіз Қазақстан Республикасы көк байрақ көтерген тарихи кезенде Қызылорда облыс әкімшілігінің бірінші басшысы, бірінші облыс әкімі (1992-1995ж.ж), бірінші сенатор болды(1998-1999ж.ж). Өмірінің соңына дейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Қызылорда облысының жəне Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы. Егемендігіміз бен елдігіміздің алғаш қалыптасу барысындағы тар жол – тайғақ кешуде саяси – экономикалық реформаларды тұңғыш ұйымдастырушылардың, мемлекеттімізді нығайтуға белсенді ұйытқы болған тұлғалардың бірі.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button