Жарық нұрдың сәулесі

Ысмайл ата. Ысқақ қожа

Ысмайл ата

Сайд ата хазіретінің үлкен халпелерінен еді. Қожа Ғұбайдулла әңгімелейді: алғашқы кездерде халық Ысмайл атаға қарсылық білдірді. Ата «мен оларды танымаймын бұларға асын беремін, жағдайын жасаймын, бұларға жаным құрбан болсын»,- дейтін. Ата хазіреті осы кезде Хузиян жақта еді. Бұл Сайрам мен Ташкент ортасындағы бір жер еді. Ол өлкенің әкімі ата хазіретіне әрқашан қарсылық етіп, өсек-ғибат пен мазақ ететін. Ата хазіреті «молдалар біздің сабынымыз. Олар болмаса біз немен жуынамыз», – деп айтатын. Қожа Ғұбайдулла хазіреттің бұл сөздерін ол өте қатты бағалайтын. Ата хазіретінің ерекше жан болғандығы: «аштықтан қиналған халыққа нан секілді бол», – дейтін. Қожа Ғұбайдулла хазіреті атаның бұл сөзі жалпыға айтылған сөз, – деп айтқан. Хазіреті Ысмайл ата бір шәкіртке білім беріп болған соң, Ей, дәруіш, саған тариқатта бауыр болдық, бізден бір насихат қабыл ет. Бұл дүниені бір күндік деп ойла, Хақтан басқа ешкім жоқ деп біл, зікіріңде таухидті басым айт. Сонда сенде өзге кетіп тек Жаратқан Ие қалады, – деді. Қожа хазіреті атаның бұл сөзінен қияли танымның иісі келеді, – деп айтқан.

Қожа хазіреті өзі жайлы қожа Ибраһимнен мынаны естіген: мырза Куркани: Ей, бала шейх! Ысмайл ата мүридтерінен сәждеде жатқанда қош иіс келеді, – дейтін.

 Ысқақ қожа

Ысмайл атаның ұлдарының бірі. Ол Исфиджаб тарапынан еді. Исфиджаб Ташкент пен Сайрам арасындағы мекен. Жолдастарының бірі Абдулла Хажанди, қожа Баһауиддин хазіретінің шарапатты сұхбаттарына келмей тұрып бірнеше жыл бұрын қатты бір ынтық-талабы бар еді. Содан қожа Мұхаммед Әли Хәкім Термузи мазарына бардым. Одан сенің мақсатың он екі жылдан соң Бұхарада жүзеге асады деген бір сүйінші хабар естідім. Ол орында қожа Баһауиддин Нақшыбанди шығуына бұл сүйіншіден кейін көңілім орнына түсті. Хожанд жаққа қайттым. Бір күні базардан өтіп бара жатып бір мешіт есігінің алдында екі түрікті көрдім, ол түріктер бір-бірімен сұхбаттасып, жылап отыр еді. Сөздеріне құлақ салсам тариқат жайлы әңгімелесіп отыр екен. Оларға жақындап біраз жеміс және тағам әкеліп, сұхбаттарына кірдім. Бір-біріне бұл дәруіш шәкірт көрінеді, – деді. Бұны сұлтанымыз Ысқақ қожа қызметіне жіберген жөн, – деді. Олардан бұл сөзді есітіп қуат алып, талабым арта түсті де Ысқақ қожа қайда деп іздей бастадым. Ол Исфиджабта екен. Мен оның сұхбатына бардым. Оған өз ниетімді білдірдім, бірақ Термузда болған оқиғаны бұл кісіге айтпадым. Бірнеше күн оның қызметінде болдым. Көп сый-сияпат көрсетті. Қожа хазіретінің бір ұлы бар еді. Оның жүзінен кәмілдік нышаны көрініп тұратын. Бір күні әкесіне менің жайымды баян етіп; «бұл дәруіш мүсәпір сіздің қызметіңізде болып, шарапатты қабылдауыңызға лайық болды, – деді. Ысқақ қожа: Ей, перзентім, бұл дәруіш қожа Баһауиддин Нақшыбанди мүриді болса керек, біздің бұны иеленуге мүмкіндігіміз жоқ, – деп жауап берді. Одан бұл сөзді есітіп, хазіреті қожаға деген сенімім тағы да артты. Ысқақ қожадан рұқсат сұрап Хожандқа келдім. Сөйтіп Бұхарада оның  қызметінде болдым.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button