Бір суреттің сыры

Шаһ Бүзүрік әулетінің шежіресі

Шежіре ҚР Ғылым академиясының сирек қолжазбалар қорында (№1691) сақтаулы тұр.  Мен шежірені  қысқартып Хазреті Али мен Шаһ Бүзүрік әулеті арасын ғана алдым.

ҚР Ғылым академиясының сирек қолжазбалар қорында 1691-ші санмен тұрған шежіреге шолу. (Шежіренің бас жағы сақталмаған. Алғашқы сөз Адам Ата мен Хауа Ана туралы болуы керек).

Басталуы-дүр, олардан бір рауаятта бес қыз, бес ұл депті және бір рауаятта қырық еркек, қырық қыз депті және бір қаулыда сексен ұл, сексен қыз туыпты деп айтар. Хазіреті Адам ғ.с. бір ұлдарының аттары Хазіреті Шис ғ.с.-дүр. Оның ұлы Ануш, оның ұлы Қайнан, оның ұлы Маһлайил, оның ұлы Ғабияр (Аяр), оның ұлы (Марда, оның ұлы Идрис Паян аралы, Тур тауы), Ахнух қасы аталары хазіреті Идрис ғ.с. ұлы (Махдар), Шаһад оның ұлы… Минат… олардың ұлдары хазіреті Нұх ғ.с.с. төрт ұлы бар-дүр – Сам, Хам, Яфис және Канфан.

Канфан балдары көп адамдармен топанда ғарық болып кетіпті. Бұл дүниеде болған кәзіргі адамдардың барлығы хазіреті Нұх ғ.с.с. үш перзентінен-дүр. «Кан маған Нұх ғ.с.с. фи асфинат ар бағунралануа рабфуан амрат фалла харжуман олардың ұлдары Сам, Хам, Яфис, камакал саад тағала уа жағална зуриятм бақиян фатуад уа ахрати кашир уа афағлап уа Аррадам уа фарип каһариман,аулад Сам уа тиш уа снад…» бұ сөздер «бустан ал киш шахирханда дүр», бірақ хазіреті Нұх ғ.с.с. ұғылдары Арфахшад (оның ұлы Сам оның ұлы Ануш бин Ғамр) оның ұлы Нах, оның ұлы Ғабр, оның ұлы Фалых, оның ұлы Ғу, оның ұлы Сабух, оның ұлы Нахур, (Нахурдан екі бала, Азар, Ибраһим.  Азардан Буғам). (Ибраһим мен Нұхтың арасы тоғыз ата). Азардың ұлы хазіреті Ибраһим ғ.с.с. оның бір қаулыда төрт ұлы бар-дүр және бір қаулыда  алты ұлы және бір қаулыда он екі ұлы бар-дүр. Бірақ, төрт ұлының аттары – хазіреті Исмағул, Исхақ, Мадин және Мадаин-дүр. Бірақ, (Ибрахимнің бір ұлының аты) хазіреті Смағул ғ.с.с.-дүр. Оның ұлының аты Қиздар, оның ұлының аты Ахмил, оның ұлы Сабит, оның ұлы Саламан, оның ұлы Масбах, оның ұлы Уадада, оның ұлы Удда, оның ұлы Һаднан, оның ұлы Махадда, оның ұлы Назар, оның ұлы Маср, оның ұлы Иляс, (Иляс пен Ибрахимнің арасы тоғыз ата) оның ұлы Мудрика, оның ұлы Хазия, оның ұлы Кнана, оның ұлы Назр, оның ұлы Малк, оның ұлы Фиһр, оның ұлы Ғалып, оның ұлы Нуй, оның ұлы Каһб, оның ұлы Мурра, оның ұлы Калб,оның ұлы Қази, оның ұлы Абдул Маннап, оның ұлы Хашим (Хашим мен Илястың арасы 13ата), оның ұлы Абдул-Мутталиб, оның он ұлы, алты қыздары болды.  Ұлдарының аттары бұлар: Харис, Абу Талиб, Абу Лаһаб, Зубайр, Мухум, Зарар, Абдалфази, Аббас, Хамза, Абдулла. Абдулланың ұлы хазіреті Мұхаммад Мұстафа (С.А.У.) пайғамбарымыз. Сол Акрамның төрт ұл, төрт қыздары болып-дүр. Ұлдары Қасым, Таийб, Таһир атты ұлдары биби Хадишаий Кабирден туылыпты. Ибраһим деген ұлы биби Мария хатуннан (Урдудың патшасы әдия қылған) туыпты. Ал, төрт қыздары – аттары Зейнеп, Рухия, Үммугулсум, Биби Фатима, бұлар да Биби Хадишадан туылыптылар. Абдмуталыптың бір ұлы Абу Тәліп-дүр. Оның ұлы Карам Аллаоһу уа Жиһи-дүр. Хазіреті Алидің он сегіз ұлы болып-дүр. Хазіреті имам Хасан мен хазіреті имам Хусейн, Мұхаммад Ханафия, Ғаббас, Масур деген бес ұлдарынан насыл қалып-дүр. Пайғабарымыз Мұхаммад Мустафа (С.А.У.) биби Фатима (р.а.а.) деген қыздарын Хазіреті Али карам Аллоһу Жиһиге беріп-дүр. Одан биби Фатимадан имам Хасан, имам Хусейн деген екі ұл туып-дүр.

Бұл насх «Хуласат ал-хайиа» руиин-дүр. Ал, имам Хусайнның ұлы имам Зейн ул-Абидин, оның ұлы имам Мұхаммад Бакр, оның ұлы имам Жағпар ас-Садық, оның ұлы имам ???, оның ұлы Муса Казим, оның ұлы Муса али Риза, оның ұлы Сайид Талиб, оның ұлы Сайид Абдулла Фазыл, оның ұлы Сайид Абдулла, оның ұлы Сайид Ахмад, оның ұлы Сайид шах Хусайн, оның ұлы Сайид Жалолиддин, оның ұлы Сайид Камалоддин, (Хазіреті Алиден Жалолиддин, Сайид Камолиддинге дейін он бір ата) оның ұлы Сайид Бұрхониддин-Қылыш, Сайид Камолиддин Мадина мунауарадан шығып Қоқан тарапына келіпті. Қоқан шахарының патшасы «Сұлтан Илек Мази ғалбы рахым» деген екен. Бір қызын Сайид Камалиддинге беріп-дүр. Ол қыздан Сайид Бұрханиддин қылыш туылып-дүр. Ал, «Сұлтан Илек Мази ғалбы рахым» өлгенен соң жыға Сайид Бұрханиддинге қалып, патша болып-дүр. Бұл тарихи Сайид әулетінің наслы оннан қалып-дүр. Бұл шежіре «ал-Махамад» деген кітаптан болар. Ал, Сайид Бұрханиддин Қылыштыңұлы Әмір Диуана, оның ұлы Сайид Бұрханқожа,оның ұлы Сайид Бұрханиддин, оның ұлы Сайид Жалолиддин, оның ұлы маулана Ахмад – лақап аты Мақтум Ағзам (Сайид Талибтен хазіреті Аппақ қожаға дейін бес ата) Махмудқожа, Шаһқожа, Ахмададдинқожа, Асхадахмадқожа, Аликрамқожа, Алисхақ қожа, Яхияқожа, Шахибқожа, Муллоқожа) бұл сөздер көлденең жазылған.

Махбара шарифы (Қабыр) Самархандқа жақын Дагбет деген жерде-дүр. Хазіреті Мақтум Ағзамның ұлы Қожа Исхақ Уәли оның ұлы Шадықожа, оның ұлы Абдуллақожа, оның ұлы Шағипқожа, оның ұлы Шаһ Бүзүрік қожа. Хазіреті Шаһ Бүзүрікқожаның бес ұлы бар болыпты. Тұрсынқожа, Шәмшіқожа, Қалдарқожа, Уланқожа, Жиенқожа. Тұрсынқожаның ұлы Шарипқожа, оның ұлы Хабиқожа, оның ұлы Сабырқожа, оның ұлы Қарабасқожа, оның ұлы Тіллақожа ешан, оның ұлы Искандарқожа, оның ұлы Хасайнқожа, оның ұлы Нұрқайыпқожа (Сайид), бір ұлы Хуалықожа-дүр, оның ұлы Хабдулла-дүр, бір ұлы Махдумқожа және бір ұлы Каттақожа-дүр, — оның ұлы Сарықожа-дүр. Ал, Тіллақожаның төрт ұлы бар-дүр. Ұлық ұлы Искандер қожа, онан кейін Ғалиқожа, оннан кейін Мәнқожа, онан кейін Қалқожа. Искандерқожаның төрт ұлы бар – Ұлық ұлы Хусайнқожа, оннан кейін Жүсіпқожа, онан кейін Мұхаммад қожа, оннан кейін Нұр Сайидқожа (Жанқожа), Аманқожадан ұл жоқ-дүр, қыз перзенті бар. Ал, Қалқожаның төрт ұлы бар – үлкен ұлы Сарықожа, онан кейін Мұсақожа, онан кейін Ыдырысқожа, Сарсеқожа. Ал, Ғалиқожадан бір ұл Нұхуб-дүр. Оның шап Алла дүр. Нажат-н-кардушы-иу.отыз үш дүр. Камал айтып дүр.

Исхақ Қожа Уали – деген жердің шетіндегі ақ жолаққа Құтып ад дин – деп жазылған. Осы қатарға көлденеңінен – және осы қатарға көлденеңінен Шариф қожа ұлы Аппаққожа ұлы Исхаққожа.  Беделқожа ұлы Мұхаммад қожаның бес ұлы болған – Сайид Ахмадқожа, Сайид Мұхаммадқожа, Құрбанқожа, Рахмадқожа, Камалқожа, Жайқожа. Ал, Мұхамадқожа, Сайид Мұхамадқожа ешан. Мақсум ұлы Қалмұхаммад, Аппаққожа) – деп жазылған.

Осы беттің қарсы бетіндегі ақ жолаққа – Хазіреті Аппаққожа – оның ұлы қожа Исхақ. Тілла қожаның бес ұлы бар-дүр, Искандерқожа. Тіллақожа атамыздан Шаһбүзүрікке дейін бес ата. Хазіреті Аппаққожадан Шаһбүзірікке дейін жеті ата – деп жазылған. Шежіренің өн бойындағы жақша ішіндегі сөздер қосымша жазылған басқа біреулердің пікірі.

СейітОмар Саттарұлы

Шежіре екі түрлі жазумен жазылған, бастауындағы сөздер өте ірі, сауатты адам жазған. Соңындағы нұсқаны жазған адам «хуш хат, араб граматикасын меңгерген. Бірақ басында болмаса аяғында  шежіре қай аймақтың халқына арналғаны, кім жазғаны белгісіз, жазылмаған. Шежіренің соңында екі жерге мөр басылған, жазулары көмескі, біреуінде – «(халфа» деген сөз оқылады, екіншісінде – көмескі болып «Мұхаммад қули және Сайид Хамид қожа» жазулардың сұлбасы шығады. Сызықша қойылған жерлерді оқып-түсіне алмадым.

Жақында Шах Бүзірік баба әулеті қырғы Өзгентте Бабаға ас берді. Шараны ұйымдастыруға ат салысқан мына азаматтарға, Абибуллаев Ибрагим , Қыдырбек бауырымыз бен Мәдіқожаев  Жолдасбек пен Әбсейіт қожа, Шайхназаров Талғатқа ағайындар атынан алғыс білдіреміз.

Ұқсас мақалалар

2 пікір

  1. Сәлеметсізбе. Мен Шахбүзірік бабаның Жиенқожадан тараған ұрпағымын. Қолымыздағы шежіре кітап үлкен атамыз Пайыздан тоқтапты. Шежірені әрі қарай жалғастыру үшін кіммен және қайда хабарласу керек? Рахмет.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button