Бір суреттің сыры

Қос тұлғаға арналды

«Түрік халықтарының рухани жаңғыруы: Тұлғалар тағылымы. Шыңғыс Айтматов пен Қалтай Мұхамметжанов»

Заманымыздың заңғар жазушы — Шыңғыс Айтматов пен аса көрнекті жазушы, драматруг – Қалтай Мұхамметжановтың 90 жылдық мерейтойларына орай Халықаралық Форум өткізілді. Айтулы шараны Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Түрік халықтарының рухани жаңғыруы: Тұлғалар тағылымы. Шыңғыс Айтматов пен Қалтай Мұхамметжанов» деген атпен ұйымдастырып жоғары деңгейде дәріптеді. Шараға Қырғызстан, Татарстан, Өзбекстан, Түркия Республикаларынан ғалымдар қатысып, тағылымы мол шараның мән-маңызын айшықтай түсті. Ең алдымен Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамметжановтың өмірі мен шығармашылығына арналған өнер және кітап көрмесі көрсетілді. Және де «Миғұла терісі үстіндегі сот» атты театрлық қойылым мен Қ.Мұхамметжанов шығармасынан ұсынылған үзінді монолог көпшілікке терең ой салды. Осылайша әсерлі өрбіген жиын пленарлық мәжіліске ұласты.

Жиында ХҚТУ президенті Б.Абдрасилов құттықтау сөз сөйлеп,әдебиет әлеміндегі қос бірдей шынардың мерейтойларының түбі бір түркі жұртының астанасы Түркістан қаласында өтуінің өзі ерекше мәнге ие екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ ХҚТУ Ректор өкілі Женгиз Томар, Қырғызстан Республикасының ҰҒА-ның Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының «Манас» фольклор және ақындар поэзия бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор — М.Колбаева, Ә.Науаи атындағы Ташкент өзбек тілі мен әдебиеті Мемлекеттік университеті, оқу істер бойынша проректор — Н.Жоракозиев, Қазақ сатирасының классигі, жазушы, ҚР Президенті сыйлығының иегері — К.Әмірбек және де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің профессоры, «Қалтайтану» мұрасының жетекшісі – Қ.Құдайбергеновтер сөз сөйлеп, тағылымы мол форум жұмысына сәттіліктер тіледі. Сонымен қатар Қырғызстан Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының профессоры М.Колбаева оқу ордамыздың кітапханасына Ш.Айтматов жайында жазылған он томдық кітапты сыйға тартты.


Жиын барысында Түркі тілдес мемлекеттерден келген жазушы, ғалымдар заманында тізе қосып шығармашылық жасаған қос саңлақ жайында тебіреністі ойларын ортаға салды. Айтулы шара концерттік бағдарламаға жалғасты.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button