Рабғұзи

Пайғамбар ғ.с.-нің Медине Мінәуәрәда болған ахуалы

Ислам дінінің таралу тарихы хүжрәттен, яғни пайғамбардың көшуінен бастау керек. Ал жыл басын санау мүхәрәм айынан басталады.

Пайғамбар ғ.с. Мединеге келгеннен кейін, Бәни Нажир руынан екі жетімнің жұртын сатып алды. Сол орынға мешіт әрі үй салдыруға бұйырды.

Асхаб-Кәрәм мешіт тұрғызуға кірісті. Пайғамбар ғ.с. өзі һәм басқа сақабалар кірпіш тасып, қызмет қылған еді. Пайғамбар ғ.с.-нің мешіті мен үйі 7 ай дегенде дайын болды. Пайғамбар ғ.с. өз үйінде бір ай тұрғаннан кейін Айшаны алды. Некесі Мекке Мүкәрәмәдә қиылды.

Хазреті Айша бұл кезде 9 жаста еді. Хүжрәттің екінші жылында пайғамбар ғ.с.-ға өмір келіп: «Соғыс қыл», – деп бұйырды.

Пайғамбар ғ.с. Алла тағала үкімін сақабаларға айтты. Меккеден келген керуендерге соғыс ашу басталды. Хүжрәттің 2-ші жылында Сапарүлхайыр айында пайғамбар ғ.с. хазреті Пәтимәні хазреті Ғалиге некелікке берді.

Пайғамбар ғ.с. осы жылдың Сапарүлхайыр айында Медине маңынан өткен керуенге соғыс ашпақ болып, 70 адаммен кетті.

Екінші жылы ережеп айында Ғабдолла бин Жахышұлы 10 адаммен Құрайыштардың халін тексеру үшін кетіп, Батаннахла деген орында мәшрүктер керуенімен кез келіп, соғысып, керуеншілер бастығы Ғамару бин Хазрмиді өлтірді.

Ислам дінінде Ғанимат (ғанимөт – соғыста түскен олжа малы) малының алғашқысы осы болды.

Шағбан айында Исламның қыбыласы Бәйтел-Мұқадестен Қағбаға ауысты.

Рамазан айында ораза тұтып, пітір-садақаның берілуі хужрәттың 2-ші жылында парыз болды. Рамазаннан соң айт намазы болды һәм оқылды.

Дін исламның күшіне себеп болған Бәдүр соғысы. Бұл соғыс осы жылы болған еді. Құрайыштардың керуені Шамнан Меккеге қайтатын кезі белгілі болатын. Бұл керуеннің басшысы Әбусафиан һәм Ғамару еді. Бұлардан басқа және 40 кісі бар еді. Пайғамбар ғ.с. осы керуенге қарсы шығып, малдарын ғанимәт етпек үшін сақабаларға кеңес айтты. Барша сақабаларын әзірлеп, керуен келер жолға қарсы рамазан айынын 13-інде сенбі күні Мединеден шықты. Пайғамбар ғ.с.-нің ескері 313 еді. 83 мүһәжр (яғни Мединеге көшіп келген сақабалар), қалғаны аңсарлар (яғни мединеліктер) еді.

Пайғамбар ғ.с. керуен халін тексеру үшін Талха бин Ғабдолла мен Сағат бин Зәйтті Шам шаһарына жіберді.

Расулүлланың әскерінде бәрі мөлшерлі Ғамару мен Зәбір бин Ғауам есімді адамдар еді. Басқалары 70 түйеге артылып, 3-4 кісі бір түйеге мінгесті. Пайғамбар ғ.с. хазреті Ғали һәм Зәйт бин Харса мен үшеуі бір түйеге мінгесті.

Керуен басшысы Әбусафианға Пайғамбар ғ.с.-нің Мединеден шығуы белгілі болып, Земзәм есімді кісіні тездетіп Меккеге жіберіп: «Құрайыш руы бізге қарсы Бәдүр тарапынан шықсын. Әйтпесе, бізді Мұхаммед кісілері әлек етеді», – деген.

Сол арада аталас тума қыз қандасы Ғатке түс көрді. Түсінде түйеге мінген бір кісі Меккеге келіп: «Әй, Адамдар! Үш күннен соң соғысқа өзір болындар», – деп дауыстады. Сол кісі Хабис тауына шығып, бір тас алып, Меккеге атты. Тас жерге түсіп, Меккенің әрбір үйіне кесегі тиеді. Ғаткенің бұл түсі Меккеге аян болды.

Құрайыштар мен мәшрүктер соғысқа дайындалды. Пайғамбар ғ.с. аңсарларға қарап: «Сіздер не айтасыздар?» – деді. Ибн Мағаз сөз бастап: «Біз сенің жолында жанымызды пида қылуға разымыз. Алла тағала не бұйырса, соны көреміз», – деді.

Алла тағаланың өмірімен періштелер келіп, бізге күш берер деп, 313 кісі 950 кісіге қарсы соғысқа аттанып, Бәдүрге жақын орынға келді.

Рамазан айының 17-ші күнінде екі жақтың әскері сап ұстап, бір-біріне қарсы тұрды. Пайғамбар ғ.с. мүбәрәк таяғымен ишарат қылып, саптарын түзетті. «Мен рұқсат бермей еш қайсыларың соғыс бастамаңыз», – деп ескертті.

Мәшрүктер тарапынан Ғатба бин Рабиға қандасы Шәйбәні һәм ұлы Уәлитті алып екі әскери саптың ортасына шығып: «Қарсы келер қайсысыңыз бар?» – деп пұт құдайларының атына сүйініп жеке-жеке шақырды.

Пайғамбар ғ.с. аңсардан Ғафа есімді қатынның ұлдары Ғауф пен Мағазды, Ғазрж руынан Ғабдолла ибн Рауаханы жіберді. Бұлар қарсы шыққаннан кейін Ғатба: «Сіздер кімсіздер?» – деді. Бұлар: «Біз аңсарлар боламыз», – деді. Сонда: «Біз сізбен соғысуға қорланамыз. Құрайыштан біреу шығарыңыз», – деді. Расулүлла бұл сөзді естіп, құрайыш руынан мүһәжрлердің үлкені Ғұбәйдә бин Харс бин Ғабділмүтәлибке һәм хазреті Ғалиға шығуға бұйырды.

Бұлар жекпе-жекте күш сынаспаған адамдар еді. Хазреті Хамза Алланың арыстаны еді. Ғұбәйдә Ғатбаға, Шәйбаға, хазреті Ғали Уәлитке қарсы шықты.

Хазреті Хамза Шәйбәні бір мәртебе қылышпен періп, пара-парасын шығарып, жанын жөһәннәмға жіберді.

Хазреті Ғали Уәлитті өлтірді. Хазреті Ғұбәйлә мен Ғатба бір-біріне беріспеді.

Хазреті Хамза мен хазреті Ғали Ғатбаны өлтірді. Ғұбәйдәнің аяғы жарақаттанып, жылағаннан соң, Расулалланың шатырының жанына әкелінді. Аяғынан аққан қан көл болды.

Мәшрүктер мұсылмандарға қастасып, соғысқа тағы әзірленді. Жебірейіл ғ.с. періштелермен келгендіктен, Ислам дініндегілер жеңіп, мәшрүктер жеңіле бастады. Мұсылмандар: «Бізге Әбужәһилді көрсет!» – деді. Ол кезде Әбужәһил араб жігіттерін соғысқа дайындап жатқан. Бин Ғауп: «Әбужәһил анау» деп көрсетті. Дереу екі жігіт Әбужәһилді пара-пара етіп, атынан түсірді. Ол мединеліктерді жек көруші еді, енді бұлардың қолынан өлуге арланды. Мағаз қылышпен соққанда Әбужәһил айғайлап: «Онан да мен құрайыш руынан біреу өлтірсін», – деді. Сол арада Расулүлла Әбужәһилден бір хабар келтір деп Ғабдолла хазретті жіберді.

Ғабдолла Әбужәһилдің жығылған орнына келіп, Әбужәһилдің сақалынан ұстап, көкірегінен басып: «Әй, Алланың дұшпаны! Басыңды кесемін!» – деп жанын жәһәннәмға жіберді. Бәдүр соғысында жеңілген мәшрүктер өлген кісілерін бір ай бойы жоқтап, қасырет шекті. Әбу-ләһип-Хасис бұл оқиғадан соң қапа болып, бір апта ауырып, жан тапсырды.

XІІІ ғасырдың аяғы мен XІV ғасырдың басында көне түркі тілінде ірі туындылар әкелген Насируддин Бұрһануддин Рабғұзидің «Қисса-сүл-әнбийя-и» еңбегін татаршадан аударған Роза Мұқанова

Суретті түсірген  Сұлтан Сейіт

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button