Жарық нұрдың сәулесі

Құлымбет қожаның хикаялары

Арқада

Құлымбет қожа Арқаға барғанда үлкен бір тойға тап болады. Онда  ұзақтан арып-ашып келген атамыз атын байлаулы тұрған көп аттың қасына байлап былай шыға бергенде, бір төре, сол ел немесе той басшыларының бірі болса керек, атама: атыңызды мына бәйге аттарының қасына байлапсыз, бәйгеге қосайын деп пе едіңіз? – деп сұрайды. Ол, әрине, бұл аттың бәйге шабатын аттардан емес екенін білгендіктен келіп тұр да. Атам: – Ия – деп жауап береді. Анау амалсыз көнеді, сол, төре менсінбеген ат бәйгеден бірінші келеді. Мұны көрген төре жігіт атамның аяғына жығылып, кешірім сұрайды. Бұл кісінің жай адам емес екенін біледі, әрине. Бұл оқиғадан хабардар болған той иесі, атама ерекше сый-сияпат көрсетіп, ат мінгізіп шығарып салады.

 Құдайы тамақта

 Ашаршылық жылдары болса керек, Құлымбет қожа бір құдайы тамақта көп қожа-молдалармен табақтас болады. Мұндай жерде қазақтар қожа-молдаларға бірдеңе береді, әрине. Әлгі молдалар алғандарын өзара бөлісіп жатады. Біздің атамызға да біраз нәрсе бұйырған болса керек. Бірақ біздің атам ешкіммен бөліспейді, алғанын бәрін қалтасына, немесе дорбасына сала береді. Біраздан кейін бір кісі шыдамай, атама:  Қожеке, басқа молдалар алғанын басқалармен бөлісіп жатыр, ал сіз болсаңыз бәрін қалтаңызға салып жатырсыз,- депті. Сонда атам тұрып, дастархандағы бір табақ бауырсақ, кәмпит-пішенилерді көпке шашып жіберіпті. Оны елдер жабылып теберік деп жинап алыпты. Сонда атам: «Мен үйден шыққанда – «Беретінің бермен қара, бермейтінің арман қара» – деген оймен шыққан едім дейді.

Бермеген себебі, ауылда бір топ ауылдастары атамнын келуін күтіп отыр еді.

Арын жәкеміз хақында

Отырар ауданының құрметті азаматы, елге танымал, сыйлы (қоңырат) Арын жәкеміз қатты науқастанып, 1-2 айдай төсек тартып жатып қалыпты. Оның шілиясын шығармаққа біраз қожа-молда жиналады. Ішінде Құлымбет қожа да бар. Бәрі бірігіп, бір айдай оқиды, Арын ағамыз дертінен құлан таза айығып, аяғынан тік тұрып кетеді. Ол кез бір қиындау, жоқтық басым кез болса керек. Халық мал ұстамақ түгілі ішіп-жемге зар болып отырған кез екен. Соған қарамай Арын ағамыз молдаларға бары да, нары да жалғыз атын береді. Аты жақсы ат, бәйге аты болса керек. Біраз уақыттан кейін атам Арынның алдына келіп: «Мына атты бізге бергенің рас па?» – деп сұрайды. «Рас» – дейді Арекең құранын қолына қстап тұрып. «Бергенің рас болса, онда бұл атты мен өзіңе сыйға тарттым» – деп, атам атты иесіне қалдырып кеткен екен. (Арада уақыттан кідіріс болғандығы, атамыздың әріптестерінің келісімін алып, оларды көндіргені болса керек).

Дайныдаған Құлымбет қожаның ұрпағы Шерәлі Біләл

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button