Бір суреттің сыры

Италияда қарындасымыз тұрады

Қазбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,  Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры

«Сыр бойы» газетінің 2016 жылғы 24 желтоқсандағы №195-196 санында қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Жолдасбек Нұрымов пен тұңғыш биші Шара Жиенқұлова жайлы «Тоғысқан тұңғыштар тағдыры» деген мақалам жарық көрді

Жолдасбек аға туралы қызы Лаура: «Сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді, – десе, нағашы атасы жөнінде Зарима Төребекқызы:Жігіттің төpeci дейтін ажарлы азамат еді. Содан болар, әйел баласына келгенде аузы салымды болды», – деп еске алады. Осы артықшылығы оның қысқа өмірін айналып өтпепті. Касиетті Құран Кәрімде ер азамат оның қағидаларын орындаған жағдайда төрт әйелге дейін некелі жары етуге құқылы екені келтірілген. 54 жыл мәнді де сәнді мағыналы өмip сүрген Жолдасбек аға осы шартқа тоқтаған.

Жолдасбек ағаның тұңғыш әйелі Гүлсім апа – Қазақстан Орталық Комитетінің бipінші хатшысы Ж.Шаяхметовтың әйелінің апасы. Өзi сұңғақ бойлы, көздері аспан түстес аса ажарлы кici еді. Олардан Рита (Риорита), Зарема және Лаура eciмді үш қыз өмipre келді. Рита жастай өмірден озды, Зарема (1937 жылы туған) бipaз жыл Қонаевтың арнайы ұшағында стю­ардесса болды. Лаура – дене тәрбиесі және спорт маманы. Eкeyi де Алматыда тұрады. Екінші жары Шара Жиенққұлова жайлы әлгі мақалада толығырақ жазылды. Сегіз жыл отасқан тұңғыштардан перзент болмады. Yшіншi жары Ғалима ana екеуінің Нұрия мен Нұрзия (егіз) және Нұрсулу eciмдi үш қызы бар.

Зарима Төребекқызы: «Ағамыз көп үйленді, олардың iшінде басқа ұлт өкілдері де болды», – дейді бip естелігінде. Соған қарағанда, Жолдасбек ағаның төртінші әйелін жақындары да, Ғалима апа да білген сияқты. Ол – Юлия Ивановна Киселева. Оның бipінші күйеyi теміржол инженері қызметін атқарып жүріп, «монархиялық мекемелермен байланысы бар» деген жаламен 1930 жылы атылып кеткен. «Халық жауының» әйеліне қосылған Жолдасбек ағаны да осы 6ip саясаттың салқыны шарпыса керек (толығырақ «Отан сақшысы» немесе «Часовой Родины» газетінің 2013 жылғы 12 қыркүйегіндегі №39 санында).

Юлия Киселевадан 1949 жылы дүниеге келген Жол­дасбек ағаның қызы Новикова Ирина Жолдасбековна КазГУ-дың журналистика факультетін тәмамдап, 23 жасында әскери азаматқа тұрмысқа шыққан. Қызмет бабымен Моңғолияда, кейін Ленинградта тұрған. Қaзip Италияның солтүстігіндегі Мессина қаласында тіршілік етуде. Италияға дейін Санкт-Петербургте муниципиалды кеңестің құрамында жүріп, 2003 жылдан шыға бастаған «Вести стрельны» газетінің құрылтайшысы болған. Деректерге қарағанда, Ирина қарындасымыз – муниципалды басқаруды қалыптастыру мен дамыту мәселелеріне қомақты үлес қосқан журналист. Италиядан жолдаған хатында биыл жазда Алматы мен Шымкентке барып, әкелері біp Зарема, Лаура, Нурзия апаларымен жүздесіп, әкесінің бейітіне тәу eткici келетінін жазыпты.

«Орнында бар оңалар» деген. Шымкентте Жолдас­бек аға тұрған үйге ескерткіш тақта қойылып, атына көше берілді. Азаматтық авиация академиясының оқу орталығында (Алматы) марқұмның eciмімен аталатын арнайы ұшак қойылған. Әке eciмін Санкт-Петербург, Италияға жария етіп жүрген Иринадай қызы тұрғанда біздің қарап отырғанымыз жарамайды. Облыстык қорғаныс басқармасы бұған бейжай қарамай, қазақтың тұңғыш ұшқышы Жолдасбек Нұрымовтың есімін ұрпақтың ұлықтап өтуіне үлес қосады деген сенімдеміз.

//Сыр бойы.-2017.-28 қаңтар.-6б.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған