Жарық нұрдың сәулесі

Бабқожа ишан

Біздің айтайын деп отырғанымыз, көнекөз қарияларымыздың көзімен көргендері. Хорасан ата ұрпағы Бабажан әулие туралы. Ол кісі Сырдарияны қара жерше кешіп бара жатқанын қараша Абылай болыс көрген. Одан басқа Аллаға жалбарынып, бабаның басына түнеген кемтарларға рахымы түсіп жалбарынып бақ-байлық, денсаулық перзент сұрағандардың түсінде аян беріп отырған. Мысалы, қоңырат руынан Манбет қарияның балалары тұрмай, шетіней берген соң Хорасан ата бабаға барып, Аллаға жалбарынып Бабажанға сыйынып ниет еткен. Түсінде отыз балаға татитын жауырыны жерге тимейтін бір ұл бала береді. Сондай-ақ Сексенбай қария жасы 70-ке келгенше перзент көрмегенсін, баба басына түнеп түсінде бір ұл, бір қыз береді, ол ақиқатқа айналған.

Тілеубергенов Тастемірді, Ауанып Қожахметті тағы сондай бір нешеуінің айтайын деп отырған кісім сол – Бабажан әулиенің немересі Бабхожа туралы. Ол кісі (1890-1076 жж. өмір сүрген) Байғожин Ибадулланың әкесі.

Сонау ашаршылық жылдары ел азып-тозып әлдері келгендері Қытай, Моңғол, Өзбекстанға босып кеткенде туған жері Хорасан атадан қол үзбей жергілікті халықпен бірге әлі келгенше көмек көрсетіп, қарға-құзғындарға жемтік етпей, қолымен ақ жуып арайлап намазын шығарып жерлеп отырған. Сондықтан да Бабқожаны пір тұтып, сыйлап келген. Негізінде ол кісі де өзіне лайық әруақ қонған киелі жан еді. Әкесі Әбдімәлік Хорасан атаның ишаны болған, баласы Бабқожаны да жергілікті халық біліміне қарай Бабқожа ишан деп кеткен. Арабша оқып медреселер бітірген көптеген науқас кісілерді құраннан аят оқып, дем салу арқылы жазып отырған. Бұл кісінің киелілігі сонша, бір ұжым басқармасы ауылнаймен айтысып Бабқожаны куәге тартып, ауылнай қайын бикесін бергенде қалың мал алды деп айт деген. Әрине, Бабекең мен өтірік айтатын адамын емеспін деп көнбей қояды. Көнбегесін ұжым бастығы:

-Онда сенің көзіңді жоямын деп прокуратураға елде Бабқожа да ишан кеңес үкіметіне қарсы үгіт жасап жүр деп 1936-шы жылы соттатып жібереді. Оны сонау Белорусияның түрмесінен бір-ақ шығарады. Бабекеңнің әруағы алысқа жібермей бір жыл ішінде сол басқарманың әйелі, тоғыз ұл-қыз перзенті қырылып қалады. Басқарманың ағайын-туғандары және зиялы қариялар жиылып:

-Енді өзің өлейін демесең қожаны ақтап ал, – деп кеңес береді. Тәубаға келген бастық Белорусияда Минск қаласында түрмеде жатқан Бабекеңді ақтау қағаз апарып, босатып әкелген еді. Елге келгенсін зиялы қарияларды жинап, жаздым, жаңылдым деп ат-тон айыбын төлеп, Бабекеңнің ырзалығын алып өсіп-өніп кеткен еді.

Өткен әзіз әулиелер кітабынан. Құрастырған Шайдарбек қажы Әшімұлы, Қызылорда-2014 жыл

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button