Жарық нұрдың сәулесі

Сұлтанқожа Саяқыпұлы

Бақсайыс

 

Саяқып бабамыздан тарайтын балаларының бірі – Сұлтанқожа. Сұлтанқожаның Андақұл мен Жүрсін есімі ұлдары болыпты. Жүрсіннен Жүрінби, Мұқатай, Мұрынбай және Иманбай деген ұлдар туған екен. Жүрінби аса күшті балуан болыпты. Өз заманында ол талай мықтылармен белдесіп жеңіске жетіп атағы осы маңайға тарапты. Бұл туралы ел аузындағы бір белдесуі туралы айта кетейін. 1928 жылы осы Аягөзде бір той болып әр жерден мықты деген балуандардың басы қосылып күрескен екен. Бұл тойға Тарбағатай, Ақсуат аймағының сол кездегі атақты балуаны Боранқұл да келіпті. Сонымен, екі мықты Жүрінби мен Боранқұл белдескен екен. Екі мықты талай ырғасып, әртүрлі әдіс-айлаға салып күресіп ақырында Жүрінби жығыпты. Боранқұлдың жасы Жүрінбиден үлкенірек болса керек. Боранқұл: «Әй Жүрінби! Жасың кіші ғой басымнан аттама» – депті дейді. Бұл күрестің тарихын Мыңбұлақ ауылының байырғы тұрғыны марқұм Динажұманов Омаш (руы Жангөбек) сонымен бірге Төтекбаев Доланбай ағаларымыз баптап, бабына келтіре айтушы еді.

Осы Жүрінби атамыздан екі қыз Орынтай мен Сырғатай әкелірінің ізіндей болып артында қалды. Өкінішке қарай, бұл атамыздың түтіні өшіп қалды, артында ұл баласы болмады.

Жүрсіннің Жүнірбиден басқа Мұқатай, Мұрынбай, Иманбай деген ұлдарынан да ататегін жалғайтын ұлдары болмады. Тағдырдың жазуына не шара бар? Тек Иманбай ағадан Нәткен есімді жалғыз қызы қалып әкесінің шаңырағында отыр.

Бағдат Оралбайұлы, «Тегімізді білуге талпыныс» Алматы – 2015 жыл

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған