Майлықожа

Халыққа раушан боп жүр жүзім жарқын

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Сөйлесем медет бергін, я, Зұлжалал!

Бермесең өзің медет менде жоқ хал.

Қолдай көр, құдіретіңмен Жаппар кәрім,

Тікенге гүл беріп ең, зәһәрге – бал.

 

Тілеймін сенен медет сол себептен,

Халық қылдың қанша адамды құдіретпен.

Құдірет, жәрдем берсең тіл-жағыма,

Әзізді баяндайын ілгері өткен.

 

Жараттың әртүрлі ғып әр адамды,

Асырадың ризық беріп барша жанды.

Ерте-кеш әр не тәбет көңіліне алса,

Жеткізер құдіретімен Жаппар ғана.

 

Хайуан қылмай, адам ғып  бердің сана,

Жараттың тау-тас, дария, жапан дала.

Құданың құдіреті сонша күшті,

Осы жерді ойламаймыз ақыл шала.

 

Әжеп пе қара тасты етсең алтын,

Суықты – жылы, ыстықты – етсең салқын.

Өнермен өзің берген қадірім артып,

Халыққа раушан боп жүр жүзім жарқын.

 

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Жабу