Майлықожа

Дүниеде арам тағам ішкен пенде

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Құдай-ау, падишасың барға қорған,

Ынтаны, ықтиярды алма қолдан.

Жат етіп тәуекелді көңіліме

Әр жерде өзің сақта қисық жолдан.

 

Жаратты барша халықты бір Құдайым,

Жалғыз жанын қылады жұрт уәйім.

Адам қылған ғимарат демде тозар,

Алланың бұзылмайды мүлкі дәйім.

 

Жаратты құдіретімен жер мен аспан,

Асы, жапы пендеміз күнәсі асқан.

Күні біткен күнінде кете берер,

Аралас уақыты біткен кәрі-жастан.

 

Жаратты құдіретімен күн мен айды,

Мекен қып бар мақұлыққа жаһан-жайды.

Тажыдар, ғаламдағы не патшалар

Алладан үкім болса тақтан тайды.

 

Аққан су тау басынан дариялары-ай,

Сайдан аққан бұлақ суы майдалары-ай.

Ысырапыл ысыратқа тартқан уағында,

Құдай-ау, бір өзіңсің қайырылары-ай.

 

Сол уақта саған Құдай кәрәм етіп,

Асылықпен далада өмірі өтіп,

Патшасың, рахым қыл, құлдарыңа,

Тұрғанда ықтияры қолдан кетіп.

 

Көзімен періштелер сабалар-ай,

Сол жайға бар мақұлықат жиналар-ай.

Дүниеде арам тағам ішкен пенде,

Азапта кіріптар боп қиналар-ай.

 

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Жабу