Басқы бет / Ғақлиат

Ғақлиат

ТАТУЛЫҚ

Алла тағала  жаратқан жанды жаратылыстарын  олар, суда ма, немесе құрлықта өмір сүрмесін, ақылды не ақылсыз болсын, түр-түрімен бірлесіп  қауымдасып бірге өмір сүруге бейімдеп  жаратқан. Жанды жаратылыстың осы ерекшелігін аңғарған даналарымыз: «Бірлік барда, тірлік бар» деп тірліктің   негізі бірлікте екеніне ұрпағының назарын аударған. Бірлік – отбасы, ошақ қасынан басталатын, ағайын-туыстардың, бір …

Толығырақ оқу »

Ұлтаралық татулық

Қазіргі жаһанданудың үрдіс алған шағында, бір ғана ұлттың  мемлекет құруы  іс жүзінде іске аспақ түгілі, миға да симайды. Жер жүзіндегі екі жүздің  үстіндегі үлкенді-кішілі мемлекеттер барлығы да әр уақытта, әртүрлі себептермен қоныс аударған, салт-дәстүрі бөлек, өмірге көзқарасы айтарлықтай ерекшеленетін, ұстанатын идеалы басқа-басқа ұлт өкілдерінен құралады. Міне, жалпы адам атымен біріккен, …

Толығырақ оқу »

Дінаралық татулық

Адамзаттың мамыражай тыныштықта бақытты өмір сүруіне дүние молшылығы, отбасындағы татулық және ұлтаралық жарастықпен бірге, дінаралық татулықтың да ықпалы ерекше.  Мемлекет тұрғындары бір  ұлттан ғана құралмайтындығындай бір дінді ұстанатындардан да құрылмайды. Демек, біз   қалаймыз ба, қаламаймыз ба, мемлекет аумағында, елді мекенде, бір қалада, тіпті бір шаңырақ астында (көп этажды үйде) бір …

Толығырақ оқу »

ХАРАМНАН ҚАШЫҚ БОЛАЙЫҚ

Бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим. «Мәйда» с. 3-а: «Бүгін діндеріңді және нығметімді толықтырдым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым», делінсе Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менімен менен бұрынғы пайғамбарлардың арасы, мысалы бір адам әдемі, көркем үй салып, бұрыштарының бірінде бір кірпіш қаланбай қалған сияқты. Адамдар сол үйді айналып, таң қалып: «Әттең-ай, бұған …

Толығырақ оқу »

НӘПСІ ТӘРБИЕСІ

Алланың жаратқандарының бәрі тірі. Бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим. Жаратушы жалғыз Раббымыз, Қасиетті Құран Кәрімнің «Ахзап» с.70-а: «Рас, біз аманатты (парыздарды, шариғат міндеттерін) көк пен жерге, тауларға ұсындық. Олар оны үддесіне алудан қорқып, бас тартты. Оны адам баласы үддесіне алды». Раббымыздың мақұлықтары – жаратқандарының бәрі Алланың алдында тірі. Оларды шартты түрде: Нәпсісіз, жансыз, ақылсыз; …

Толығырақ оқу »

Мешіттегі игі істер

Бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим. Жаңа кірген жылдың қаңтар айының бірінші жұмасы. Таң намазынан кейін жуынып-шайынып, жұма намазын мешітте жамағатпен бірге атқаруға мешітке келіп, намаздың басталуын тосып отырғанмын. Мешіттің төргі есігінен кірген Бас имамның қасында ұзын бойлы, дөңгелетіп сақал-мұрт қойған Еуропа халықтары тектес, орта жастан асқан азамат және қандастарымыз кіріп, жамағатқа қарап, қатар-қатар тұрды. …

Толығырақ оқу »

Намаз оқып үйренейік

Қазақстан Республикасы дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің оң қорытындысы 09.11.2017 №14-06-13/4-568 берілген. Дайындаған: Ауданбай Қажы Ахметжанұлы. Намаз оқып үйренейік «Мені еске алыңдар, мен де сендерді еске аламын» («Бақара» с. 152-а). «Мені еске алу үшін намаз оқы» («Таһа» с.14-а.). «Пайғамбардан кейін намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келеді. Олар адасқандары үшін сазайын тартады» («Мәриям» …

Толығырақ оқу »

АРАБ  ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ

Аллаһқа шүкіршілік, тәуелсіздік алғаннан бергі аз уақыттың ішінде елімізде бірнеше діни оқу орындары ашылып, олардан дін ілімін меңгерген білімді діндарлар дайындалып, халықтың ұстаздарға деген  сұранысы біршама қанағаттандырылды. Арнайы оқу орындарымен қоса Аллаға құлшылығын сауатты саналы түрде іске асыруға талпынған пенделерге  мешіттердің жанынан ашылған сауат ашу курстары ұйымдастырылып, дәріс береді. Бұл …

Толығырақ оқу »

Сабыр мен байсалдылық

Пайғамбарымыздан қысқа да нұсқа жауаптар Бұл хадис Халид б.Уалидтен риуаят етілуде. Ол Хазреті Пайғамбарға  (с.а.с.) бір бәдәуидің қойған сұрақтары мен оған берілген жауаптарды былайша жеткізеді: -Уа, Расулұллаһ, Адамдардың ішіндегі ең ғалымы болғым келеді. Не істейін? Пайғамбарымыз (с.а.с.): -Алладан қорық. Оның  әмірлерін орында, тиғандарынан тиыл,-деді. -Уа, Расулұллаһ, Адамдардың  ішіндегі ең байы …

Толығырақ оқу »

Менің хикметтерім, пәрмән – Сұбхан, Оқып түсінсең, мағынасы құран!

131-хикмет Хақ “құмырасы” ашылды, “Майханаға” кірсем мен, Тоя ішіп “шараптан”, бойым балқып жүрсем мен! Сол “шараптың”, кесірі іші-баурымды қан қылды, Бауыр қанымды ағызып, жан сарайға барсам мен!   Сахи ұсынды әр сәтте, кіфаяттың “шарабын”, Масаң болып осы кез, зарлап нала ұрсам мен! Әділеттің жағасын, шоқ атылып өртеді, Жалғыз жардың дариясын, …

Толығырақ оқу »