Басқы бет / Ғибадат

Ғибадат

Қарнақта бабалар рухына ас беріліп, алқалы жиын өтеді

Түркіс­тан қаласының сол­түс­тік-батысына қарай 25 шақырым жерде, Қаратау бөктерінде Қарнақ аталатын көне қалашық ор­налас­қан. Зерттеушілердің пікірінше бұл мекен  ежелден оқу-ағарту орталығы, ислам мәдениетінің қастерлі ошағы болып есептелінген. Осында кеңес заманына дейін ірі төрт медресе жұмыс істеп тұрған.      Жақында жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Қарнақтай,  қасиетті мекенде өткен ілімді алымдардың рухын …

Толығырақ оқу »

Манап Өтебаев – жетімді жебеген жан

2018 жылы 14 көкек күні Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы, белгілі қоғам қайраткері, марқұм Манап Өтебаевтың туғанына 80 жыл толуына орай Шымкент қаласында, өзі 29 жыл бойы басшылық еткен Шымкент гидромелиоративтік-құрылыс техникумында (қазіргі Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі) оны еске алу шаралары өткізілді. Көптеген қала тұрғындары мен арнайы шақырылған жиын Манап ағаның …

Толығырақ оқу »

Сайрамның әулиелі жерлері

Ортағасырлық Сайрам қаласының қалдықтары қазіргі  Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан шығысқа қарай 10 шақырым жердегі осы аттас ауылдың аумағында  жатыр. Ертедегі дерек көздерінде Сайрамның басқа аты – Испиджаб жиі кездеседі. Махмуд Қашқари 1047 жылы құрастырған өзінің атақты «Түркі тілдерінің лұғатында» былай деп жазады: «Сайрам – Испиджаб деп аталатын Ақ …

Толығырақ оқу »

Әзірет Сұлтан кесенесі : зиярат тәртібі

Әулиенің күмбезінің оңтүстік есігінен қазан тұрған күмбезге кірген соң, құбыла жағы шетінде Жолбарыс ханға (Сағд әулиеге) зиярат қылады. Онда мүйізді бастар қойылған, үстіне жолбарыс терісі жабылған. Бұдан кейін намаз үкімі орындалатын орынға кіріп, бәріне бас иіп, екі бас намаз оқып, сауабын әзіздердің рухтарына бағыштап, Бағдизан (Азизан) Ақ топырақ Әулие тұрған сарайға кіріп, көңілге алған  паруардигарларға шын ниетімен …

Толығырақ оқу »

Қасиетті кесенелер

ИБРАҺИМ АТА Хәкім ата деген атпен белгілі Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз–1186 ж.) өзінің «Ақырзаман» кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны,Машайықтар ұлығыШайқым Қожа Ахмет Ясауи, – деп жырлаған екен. Өзі шәкірті болған Қожа Ахмет Ясауидің әкесі – Шайқы Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Олардың кесенелері Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, …

Толығырақ оқу »

Әулиелер Сұлтанының асыл сүйегі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде  бүкіл құрылыстың  мағыналық кіндігі – жамағатхананың төрінде орналасқан әулиелердің Сұлтанының асыл сүйегін арулап қойған қабірхана бөлмесі болып табылады. Қабірхананың қабырғаларының ұзындығы 7,15 метрлік шаршы бөлме. Қабырғаларында сталактиттермен көмкерілген тайыздау ойықтар бар.  Қабірхананың дәл ортасында Әмір Темірдің  әмірімен Үндістаннан әкелінген шымқай жасыл нефрит тектес тастан әулиенің құлпытасы …

Толығырақ оқу »

Лаухалы Ту

Әзірет Сұлтан мұражайы қорындағы ортағасырлық тарихи құнды мұрағаттың бірі Әмір Темір дәуірінен сақталған  лаухалы ту. Тудың сабы ағаштан жасалынып, жасыл түсті бояумен боялған, оның ұзындығы 8 метрге жуық, лаухасы, яғни, ұшы қоладан құйылған, биіктігі – 98 см, салмағы 5 кг. «Лауха» сөзі –жазу жазылған тақташа мағынасын береді. Лауханың құйылуы мен …

Толығырақ оқу »

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жәдігерлері. Есік

Бұл кең есік әрқашан достарға – құтты һәм ашық, жауға – тар әрі жабық болсын. Жамағатхана бөлмесінің Қақпа-есігі (өлшемі–3,7+2,1м) екі жаққа ашылатын – ғимараттың оңтүсітк порталының терңінен орын алған негізгі есік.  Ол екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен әрленген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы …

Толығырақ оқу »

Тайқазан

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жәдігерлері Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Көреген Әмір Темір  заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі қазандық бөлмесінде тұрған  қасиетті Тайқазан.  Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20 шаууал), Түркістан қаласының батысында,  27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек  кездесетін жеті түрлі асыл металдың …

Толығырақ оқу »

Әулие үңгір

Баянауылдағы Қоңыр әулие ғажайып үңгірі еліміздің жалпыұлттық қасиетті орындары ретінде ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері қатарына енгізілді. Қоңыр әулие үңгірі Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі аумағындағы Жамбақы жотасынан солтүстік-батысына қарай Жасыбай көлінен үш шақырымдай жерде орналасқан. Үңгірдің ұзындығы – 30 метр, ені 1,8-2,5 метрдей, биіктігі 5-7 метр келген ені тар қуыс. …

Толығырақ оқу »