Басқы бет / Сыр-сұхбат

Сыр-сұхбат

Қаңқасыз халық өмір сүре алмайды

 Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев:«Әрбір халықта, әрбір дұрыс тіршілікке бейім этноста қаңқа болады. Қаңқасыз халық өмір сүре алмайды. Құрып кетеді не ассимиляцияға ұшырайды. Қазақ халқының дәстүрлі этно-әлеуметтік қаңқасы өте мықты болған» деген ойы тамызық болып, тарихшы ағамыздан тарқата айтып беруін өтінген едік. «Кертолғауларда» өтпелі кезеңнің көрінісі бар – Өз …

Толығырақ оқу »

Кесененің қолды болған жәдігерлері жайында

Сәулет өнерінің дара үлгісі ретінде Түркістанда орналасқан  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұра» тізіміне алынды. Ғимараттың зәулім сұлбасы қалаға оншақты шақырым қашықтық алғанда-ақ көріне бастайды. Түркістанның бас ескерткішінің алып және аса көрікті пішіні зияратқа келген адамды да, туристі де тәнті етеді. Кесененің ғажап архитектурасымен қатар мұнда ХІV-ХV ғасырлардың шеберлері …

Толығырақ оқу »

Қыс айы

1969 жылдың қыс айы. Жерде алақат* етік басы үрлесін қар бар. Күн шыңылтыр аяз. Оқушылар үшін қысқы демалыс уақыты, қорада мал жайлап жүргенмін. Сәскелікте үйге төрт атты кісі келіп түсті. Сәлем беріп, қораның аузын ашып, аттарын күншуақ бетке, қаңтарып* қойдым. Аттарын қатты қинап келіпті. Тері бұрқырап тұр… Байқауымда; «қыстауға, елге …

Толығырақ оқу »

Шортанбайдың «Жиырма бес» әні

Қазақ әні мені қай жерге, қай қиырға апармады. Әлі де… әлі де  жол үстіндемін. Тағы бір үзік сырды айтқалы отырмын. Шыңжан қазақтарының атақты әншісі Хамит Ысқақұлы көп толғандыра беретін-ді. Ол Алматыға бір-екі рет келді. Сол күндерде көп шырқаған әннің бірі беймәлім «Жиырма бес» әні еді. Ал бір күні Алматыда бір …

Толығырақ оқу »

Шаяндағы Қосым ишан мешіт-медресесінің беймәлім тарихы

Жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әдіһам Шілтерхановтың қирап жатқан Аппақ ишан медресесінің қалай мәдени мұра ретінде мемлекет қарауына алынғаны жөнінде айтып бергені Е.Ә. – Көке, мен жуырда сіздің кенже балаңыз Мұраттан кезінде Шаяндағы Аппақ ишанның медресесін қалайша сақтап қалғандарыңыз жөнінде бір әңгіме естіп едім, сол жөнінде өз аузыңыздан есіткім келеді, баяндап берсеңіз. …

Толығырақ оқу »

Шортанбайдың шын аты кім?

Биыл 200 жылдығын атап өткелі отырған Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы туралы академик Ісмет Кеңесбаев: «Абай орыстың Пушкинін көрсе, Шортанбай патшаның пушкасын көрді» деген сөзі жыраудың шығармашылығының дәл бағасын береді. Жақында халқының бола­шағына қайғырып, заманның зарын жеткізген ақынның қолтаңбасы қолымызға тигенін айтқымыз келеді. Қастерлі тұмар-дұғаны сақ­тап келген Астана қаласының тұрғыны, бел­гілі қоғам …

Толығырақ оқу »

Мергеннің он бесі және Сақыпжамал

Мерген атаның келіні 76 жастағы Күлән Сейілова: Қазіргі күнде бірге туғандардың арасында бауырмалдық азайып барады. Осыларға ой салайын деп, ашаршылық кезінде аталарымның балалар үйінен 15 баланы асырап алып, Сақыпжамалдай апамды екі баласымен бауырына басқаны жайында айтып берейін. -Мен келін болып түскенде енем Ұлбала осы жайды айтып отырушы еді. Детдомнан 15 …

Толығырақ оқу »

Қарт Қаратаудың қазынасын әлі ашқанымыз жоқ

Халқымыздың жыраулық дәстүрін сөз ете қалғанда көкіректен құйылған жырдың екпінін көмеймен, таңдаймен түрлендіріп төгетін орындаушыларымыз еске түседі. Дәстүрлі орындаушылардың көшін Сыр бойының жыршы-термешілері бастаса, Батыс, Жетісу жыраулық дәстүрін домбыраның алғашқы қағысынан жазбай танимыз. Біздің кейіпкеріміздің «Қаратау өлкесінің қазынасын әлі ашқанымыз жоқ» дейтініндей бар. Өйткені Қаратаудың арғы жағындағы  Алатау, бір жағы …

Толығырақ оқу »

Дін саулығы, тіл тазалығы, діл беріктігі керек

Мұрат аға, биылғы жыл атаулы оқиғаларға толы болды. Алаштың 100 жыл­дығына байланысты іс-шаралар арасында заңғар жазушы­мыз Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығы да ескеріліп, алаштың ардақты ұлдарына құрметіміз арта түсті. Осы орайда Сіздің ойыңызды білгіміз келіп еді. – Алаш тарихына оралып, оны зерделеуде бірқатар шаралар өтіп жатыр. Ортасында өзіміз де жүрміз. Дегенмен, …

Толығырақ оқу »

Ежелгі тарихтың тамыршысы

 Шығыстанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Момынов шығармашылығының ауқымы кең және жан-жақты. Ол – жалпы және отандық тарих, тарихнама және деректеметану, араб әлемі һәм Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі ислам тарихы, оның қазіргі дамуы бойынша жұмыстардың авторы және редакторы. Ғалымның кейбір жұмыстары шет тілдеріне аударылған. Әсіресе, исламтану мәселелерімен айналысушы …

Толығырақ оқу »